Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Декабря 2012 в 21:05, реферат
Қазақстанда жастар үшін әлеуметтік қызмет 1980 жылдары құрыла бастаған. Бірақ республикамызда оның қарқындап даму шыңы 1990 жылдардың орта кезіне ғана келіп жетті. Сонан соң бұл іс-шара тек 1990-шы жылдардың ортасынан бастап қолға алына бастады және де бүгінгі таңда қайта өрлеу кезеңін бастан кешіріп отырған жайы бар. Мәселен, егер 2005 жылы республикамыздың 14 облысында 72 әлеуметтік қызмет құрылымдық бөлімдері құрылса, 2010 жылы олар 168-ге жеткен.
Кіріспе...........................................................................................................................3
1.Қазақстандағы жастардың бүгінгі жай-күйі..........................................................4
2.Жастардың саяси-әлеуметтік және мәдени құндылықтарының өзгеру барысы7
3. Жастар саясаты жөніндегі кеңес
3.1 «Ауыл жастары» жобасы.....................................................................................9
3.2«Жастар тәжірибесі» жобасы туралы ақпарат ...................................................9
3.3 2010 жылы жастар саясаты саласын дамытуға
бағытталған іс-шаралар...................................................................................10
3.4 Жастардың халықаралық ынтымақтастықтары аясында өткен
іс-шаралар туралы ақпарат...............................................................................12
4.Қазақстандағы жастар саясатының қалыптасу ерекшеліктері мен әлеуметтік
мәселенің көріну деңгейі........................................................................................13
Пайдаланылған әдебиеттер.......................................................................................18
Өз кезегінде соңғы он төрт жылда
Қазақстан Республикасының
Бүгінгі жас буынның
бағыт-бағдары ертеңгі
Осы орайда Қазақстан
жастары жайында қазіргі
Осындай еліміздің баянды болашағы үшін өмірлік маңызы бар сұрақтар жоғары мемлекеттік деңгейде, ғылыми тұрғыдан кешенді түрде зерттелініп, жастарды нарықтық заманда қорғай алатын біртұтас бағдарламалар мен құқықтық нормалар қабылдаудың қажеттігі туындайды.
Әрине, бұл бағытта осы уақытқа дейін мемлекет тарапынан атқарылған істер аз емес. Айталық мемлекетімізде «Жастар туралы» заң қабылданып, «Қазақстан республикасының жастар саясаты туралы» концепциясы және тағы басқа да мемлекеттік құжаттар, бағдарламалар мен іс-шаралар жүзеге асырылуда.
Алайда, жастардың бүгінгі таңда қоғамымыздағы ең ірі әлеуметтік-демографиялық топ екендігін ескерсек, жоғарыда аталған шаралардың жеткіліксіз екендігін және де аталмыш проблеманың тиімді шешілуін қамтамасыз етуге жеткіліксіз екендігін көреміз.
Жастар әлеуметтік-
Демек, демократияның Қазақстандағы
ертеңгі күні бүгінгі жастардың,
ал олардың ертеңгі тағдыры
Оның үстіне мәселенің қиындығы белгілі бір бағдарламалар немесе жоспарлар жасаумен шешілмейді. Өйткені, қазіргі таңда кеңестік дәуірде өмір сүрген жастармен бүгінгі тәуелсіз Қазақстан жастары арасында рухани сабақтастық үзілген. Кеңестік жүйедегі қалыптасқан колликтивизмге негізделген мемлекеттік идеиология бір мезетте құрдымға кетіп, оның орнына «өз күніңді өзің көр», яғни индивидуализмге бет бұру біршама қиындықтар туғызды.
Демократиялық ашық қоғам құруға дайын болмаған қоғамда саяси мәдениет кенжелеп ауылдық жерлердегі мәдениет ошақтары, кино клубтар талан таражға түсіп, ұстағанның қолында кетті. Қалалық жерлерде үлкен завод, фабрикалардың жұмыс істеуі қиынға соғып, тоқтағаны тоқтап, өндіріс ошақтарды қаржыландыру тежеліп, әркім өз күнін көруге бет алғаны бар. Бұл жай өз кезегінде қоғамдағы жұмыссыздықтың көбеюі мен бос жүрген жастардың ішімдікке үйір болып, нашақорлыққа салыну тенденциясына әкеп соқты.
Әрине, осындай жағымсыз ішкі факторлардың өршіп тұрған шағында жастардың патриоттық, ұлтжандылық, отансүйгіштік туралы сөз қозғаудың өзі орынсыз еді. Өйткені, қиын-қыстау кезде патриоттық тәрбиеден гөрі, одан да «маңызды» экономикалық-саяси реформаларды іске қосу, жұмыссыздықты азайту проблемалары бірінші орнында болғаны рас.
«Ауыл жастары» жобасы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 29 мамырдағы №76 өкімімен ауыл жастарының дамуына жағдай жасау және қолдау мақсатында 2009-2011 жылдарға арналған «Ауыл жастары» жалпы ұлттық бастамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілген.
2009-2011 жылдарға арналған «Ауыл жастары» жалпы ұлттық бастамасының іске асуына бағытталған қаржының жалпы көлемі - 10 млрд. 738 млн. теңге, соның ішінде 2009 жылға – 2 млрд. 806 млн. теңге, 2010 жылға – 3 млрд. 379 млн. теңге, 2011 жылға – 4 млрд. 552 млн. теңге.
Ауылдық жерге жұмысқа келген жас мамандарға көтерме жәрдемақысын беру қарастырылған.
2009-2011 жылдарға арналған «Ауыл
жастары» жалпы ұлттық
Облыстарда, Астана және Алматы қалаларда «Ауыл жастары» жалпы ұлттық бастамасын іске-асыру мақсатымен үлкен жұмыс жасалады.
«Жастар тәжірибесі» жобасы туралы ақпарат
2009 жылдан бастап жыл
сайын оқу орындарының
Жастар тәжірибесінің мақсаты - түлектерді қосымша әлеуметтік қолдау, олардың бастапқы жұмыс тәжірибесін алуына жағдай жасау, жұмысқа орналасуына және еңбек нарығындағы бәсекелестігін арттыруға ықпал ету.
Жол картасын іске асыру аясында "Жастар тәжірибесі" бағдарламасын және әлеуметтік жұмыс орындарын құруды кеңейту есебінен халықтың мақсатты топтары үшін 52,7 мың уақытша жұмыс орнын ашу жоспарланып, бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 6285 млн. теңге бөлінді.
«Жастар Отанға» жобасы
Білім және ғылым министрлігінің
қолдауымен «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан»
жастар қанатымен мемлекеттік
Жобаның мақсаты – жастардың Отан игілігі үшін атқарған игі істерін іске асыру, атап айтқанда: жастардың өнегелік тәрбиесі, гуманизм идеяларын алға жылжыту мен қоғамға қызмет ету, үлкендерге құрмет көрсету (ардагерлерге, ата-аналарға), еңбек құндылығын көтеру.
«Жастар Отанға» жобасының құрылымы мазмұны бойынша нақты бағыттары бар концептерден тұрады. Осы концептерде келесі негізгі идеологиялық тақырыптар: патриотизм құндылықтарын насихаттау, жастар кәсіпкерліктерін қолдау, жас буын арасында еңбексүйгіштік сезімдерге тәрбиелеу, әлеуметтік жобаларды дамыту көрініс тапты.
2010 жылы жастар саясаты саласын дамытуға
бағытталған іс-шаралар
Жастар саясатын іске асырудың негізі міндеттерінің бірі жас адамдардың өнегелік және рухани дамуын қалыптастыру, оларды патриотизмге тәрбиелеу, ішкі саяси тұрақтылықты нығайту болып табылады. Аталған міндеттерді іске асыру үшін республика бойынша жастарды патриоттық тәрбиелеу іс-шаралары өтті.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасында Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының Саммитін өткізу жастар ұйымдарының белсенділігін арттыруға негіз болған елеулі оқиға болды.
Республика көлемінде патриоттық тәрбие беруге бағытталған 27, ал өңірлік жерлерде 450- ден аса іс-шаралар өткізілді.
«Еуропа Қауіпсіздігі және Ынтымақтастық Ұйымы мен Астананың имиджі» атты қала әкімінің кубогы үшін өткен пікірсайыс турнирі, электронды және баспалық БАҚ жас журналистері арасында өткен «ЕҚЫҰ-дағы Қазақстанның төрағалық еткен жылы» атты ең үздік шығармалар конкурсы, «Қазақстандағы көші-қон: Астанадағы шешімдері мен проблемалары» тақырыбындағы ғылыми-практикалық конференция жастар арасында үлкен қызығушылық пен табысқа ие болды.
2010 жылғы 2 сәуірде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес 2010 жылғы сәуір айынан бастап студенттердің шәкіртақысының көтерілуіне сәйкес облыстардағы және Астана мен Алматы қалаларындағы жоғары оқу орындарында арнайы іс-шаралар ұйымдастырылды.
Оның ішінде флэш-моб акциялар, дөңгелек үстелдер және бірқатар жоғары оқу орындарында Тәрбие ісі жөніндегі проректордың, Жастар ісі жөніндегі комитеттер төрағаларының, белсенді және грантпен оқитын студенттердің, жастар ұйымдары өкілдерінің қатысуымен жиындар өтті.
Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 65 жыл толуына арналған «Ерлік даңқы өшпейді» атты желілік кестеге сәйкес 33 іс-шара өткізілді.
«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының «Жас Отан» жастар қанаты «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» акциясын жүзеге асыру аясында «Әрбір студент – туған ауылына» атты акция өткізді. Акцияға 145 жоғары оқу орнының 30 500 студенті қатысты.
2010 жылы жастар саясаты саласындағы негізгі іс-шаралар Ұлы Отан соғысының жеңісіне 65 жыл толуына орайластырылып өткізілді.
Форум шеңберінде «Жыл патриоты» сыйлығын табыс ету рәсімі өтті. Форум жұмысына жұртшылықтың қалың жігін тарту азаматтарға қоғамдық маңызды қызметке қатысуда тәжірибе алуға, демократиялық құндылықтарды игеруге және азаматтылық пен әлеуметтік белсенділік рухында тәрбиеленуге мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының Білім
және ғылым министрлігінің әлеуметтік
маңызды жобаларының тапсырысы аясында
Іс-шараның мақсаты: республика аумағында жастардың пікірсайыс ойындарын дамыту және ойын ережелері мен өткізілу тәртібін бір жүйеге енгізу. Сонымен қатар, жастардың әлеуметтік-саяси белсенділігін, студент жастардың білімге деген құштарлығын арттыру, Елбасымыздың Жолдауын жастар арасында кеңінен талқылау және насихаттау болып табылады.
2010 жылғы қазан айында Түркістан қаласындағы Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің базасында «Түркі бастамасы» республикалық жастар слеті өтті.
Іс-шараға Парламенттің Мәжіліс және Сенат депутаттары, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің өкілдері және «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанаты, Қазақстанның халық Ассамблеясы кеңесінің мүшелері, көрнекті қоғам қайраткерлері мен үкіметтік емес ұйымдардың көшбасшылары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен түркі тілдес елдерден келген қонақтар, республикалық жастар ұйымдарының өкілдері, Алматы, Астана қалалары мен облыстан келген делегаттар, жоғары оқу орындарының Жастар ісі жөніндегі комитеттерінің төрағалары және Оңтүстік Қазақстан облысы мен Түркістан қаласының белсенді студент жастары қатысты.
2010 жылғы қазан айында Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының, Білім және ғылым вице-министрі М.Сарыбековтың, жоғары оқу орындарының ректорлары мен проректорларының, Қарағанды облысының колледждері, лицейлері мен орта білім беретін мектептері басшыларының қатысуымен «Жастардың патриоттық тәрбиесі: жағдайы және келешегі» тақырыбында республикалық семинар-кеңес өтті.
Бұл шарада Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының өзара тәжірибе алмасуы, сонымен қатар, өткізіліп жатқан патриоттық тәрбие беру мәселелері, жастардың бос уақытын тиімді өткізу барысы және салауатты өмір салты бойынша тәрбиелік шаралары талқыланды. Сондай-ақ, жоғары оқу орындарындағы тәрбие беру жұмысын бейнелейтін көрме ұйымдастырылды.
Аталған республикалық семинар-кеңес барысында жоғары оқу орындарындағы тәрбие жұмысын, әсіресе оның патриоттық бағытын тиімді және жоғары деңгейде ұйымдастыру, осы орайда Елбасының тұлғалық келбетін жастар арасында үлгі ретінде дәріптеудің әдістері талқыланды.
2010 жылғы қараша айында Ақмола облысы Көкшетау қаласында «Ана тілі аруы» және «Ана тілі сұлтаны» республикалық байқауы және «Мемлекеттік тіл және қазақстандық отансүйгіштік бәсекеге қабілетті мемлекет құру факторы ретінде» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Байқаудың мақсаты: мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, өскелең жас ұрпаққа ұлттық тіліміз бен мәдениетімізді, салт-дәстүрімізді кеңірек насихаттау. Ұлттық құндылықтарға деген жастар бойындағы сүйіспеншілік пен құрмет сезімдерін арттыру.
«Ана тілі» аруы» және «Ана тілі» сұлтаны» республикалық байқауы 7-ші жыл ұйымдастырылды. «Ана тілі аруы» байқауына республикалық жоғары оқу орындарынан 31 студент қыз және «Ана тілі сұлтаны» байқауына 37 студент жігіт қатысты.