Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Декабря 2012 в 21:05, реферат
Қазақстанда жастар үшін әлеуметтік қызмет 1980 жылдары құрыла бастаған. Бірақ республикамызда оның қарқындап даму шыңы 1990 жылдардың орта кезіне ғана келіп жетті. Сонан соң бұл іс-шара тек 1990-шы жылдардың ортасынан бастап қолға алына бастады және де бүгінгі таңда қайта өрлеу кезеңін бастан кешіріп отырған жайы бар. Мәселен, егер 2005 жылы республикамыздың 14 облысында 72 әлеуметтік қызмет құрылымдық бөлімдері құрылса, 2010 жылы олар 168-ге жеткен.
Кіріспе...........................................................................................................................3
1.Қазақстандағы жастардың бүгінгі жай-күйі..........................................................4
2.Жастардың саяси-әлеуметтік және мәдени құндылықтарының өзгеру барысы7
3. Жастар саясаты жөніндегі кеңес
3.1 «Ауыл жастары» жобасы.....................................................................................9
3.2«Жастар тәжірибесі» жобасы туралы ақпарат ...................................................9
3.3 2010 жылы жастар саясаты саласын дамытуға
бағытталған іс-шаралар...................................................................................10
3.4 Жастардың халықаралық ынтымақтастықтары аясында өткен
іс-шаралар туралы ақпарат...............................................................................12
4.Қазақстандағы жастар саясатының қалыптасу ерекшеліктері мен әлеуметтік
мәселенің көріну деңгейі........................................................................................13
Пайдаланылған әдебиеттер.......................................................................................18
Сонымен қатар,
жоғары оқу орындарында жастар саясаты
мен тәрбие жұмысын күшейту мақсатында,
Қазақстан Республикасында
Салауатты өмір салтын және жастардың денсаулығын нығайту мен сақтаудың сәйкес дағдыларын қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар.
Жастармен жұмыс жүргізудегі перспективалық бағыттардың бірі – Жастардың денсаулық орталықтарын (бұдан әрі-ЖДО) ашу.
ЖДО мектеп оқушыларына,
еріктілерге, студенттер мен жұмыс
істейтін жастарға семинарлар, тренингтер
мен пікірталастар өткізіп
Жастардың халықаралық
ынтымақтастықтары аясында
іс-шаралар туралы ақпарат
Халықаралық қатынас төрт бағыт бойынша жүзеге асырылады: ТМД-ға қатысушы мемлекеттер шеңберіндегі ынтымақтастық, Еуропа Кеңесінің шеңберіндегі жастар саясаты, шет мемлекеттермен екі жақтық қол қою жоспарлары мен қол қойылған келісімдер негізінде, халықаралық ұйымдармен бірлескен жобалар мен іс-шараларды жүзеге асыру.
Биыл Қазақстан Республикасы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдердің Жастар ісі жөніндегі кеңесіне төрағалық етті. Нақты шешім 2010 жылдың 4 шілдесінде Санкт-Петербург қаласында өткен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы кеңесінің кезекті отырысында қабылданды. Осыған орай, 2011 жылы жазда Қазақстанда Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдер жастарының саммитін өткізу жоспарлануда.
Бірлескен халықаралық байланыс жоспарларына сәйкес 2007 жылы 39 іс-шара, 2008 жылы 48, 2009 жылы 62, 2010 жылы 75 іс-шара өткізілді.
Шанхай Ынтымақтастық
Ұйымына мүше елдердің Жастар ісі
жөніндегі кеңес аясындағы
Жастардың халықаралық ынтымақтастығы шет елдің жастармен және жастар ұйымдарымен жұмыс істейтін мемлекеттік органдарымен халықараралық қатынастарды кеңейту есебінен дамып келеді.
Биыл Қазақстан Республикасы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдердің Жастар ісі жөніндегі кеңесіне төрағалық етті. Нақты шешім 2010 жылдың 4 шілдесінде Санкт-Петербург қаласында өткен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы кеңесінің кезекті отырысында қабылданды.
4 Қазақстандағы жастар саясатының қалыптасу ерекшеліктері мен әлеуметтік мәселенің көріну деңгейі
Жастар саясаты мемлекеттік
саясаттың негізгі бағыттарының
бірі ретінде жастардың өсіп-
Жалпы Қазақстан Республикасының жастар саясатындағы әлеуметтік жұмыс жүргізу мәселесін қарастырмас бұрын, жалпы жастар саясатының қалыптасу барысына талдау жасағанымыз жөн болады. Бұл жастар саясатының жалпы көрінісін, осы саладағы шешілмеген сұрақтар буынының сипаты мен көлемін анықтауға мүмкіндік береді.
Мемлекеттің көбінесе жастармен қарым-қатынасы басқа елдердегідей, жастар мәселесінің спецификалық шешімі қоғамның саяси-әлеуметтік құрылымдарымен ерекшеленетіні белгілі. Сондықтан да Қазақстандағы мемлекеттік жастар саясатының қалыптасу және іске асу ерекшеліктерін осы салаға ретроспективті талдау жасау арқылы көре аламыз.
1990 жылдарға дейін
жастармен жұмыс істеудегі
Жастармен жұмыс істеу барысында комсомол саяси-әлеуметтік жүйенің барлық саласында өте жоғары тәжірибе жинақтағанын атап өтуіміз қажет. Жасөспірімдерді патриотизмге, еңбекке, әдептілікке, дене даярлығына тәрбиелейтін кадрларды даярлау мен қайта даярлау жүйесі мүлтіксіз жұмыс істеді. Комсомолдың тарихи тәжірибесі мен нақты іс-әрекеті оның кеңестік қоғамдағы орны мен маңызын айқындап, жалпы алғанда жастардың рухани дамуын қанағаттандырды деп айтсақ қателеспейміз. Студенттік құрылыс отрядтарын, оқушылардың өндірістік бригадаларын, жоғары кластардың еңбек және демалыс лагерлерін; «Золотая шайба», «Кожанный мяч», «Белая ладья» спорттық клубтарын; «Студент және ғылыми-техникалық прогресс» конкурстарын; қоғамдық мамандықтар факультеттерін; жас жазушылардың, композиторлардың, кинематографтар мен басқалардың отырыстарын; мәдениет, ғылым, техника, өндіріс және өзге де салаларда еңбек ететін жастарға сыйақы тағайындау сияқты тиімді түрлерін комсомолдың пайдалы жұмысы деп атауға толық негіз бар.
Жоғарыда көрсетілгендердің
Жалпы комсомолдың жастар тәрибесіндегі орны мен маңызы туралы айтқанда, оның іс-әрекетінің біржақты болмағанын атап өтуіміз керек. Ол көбінесе мынадай факторлармен, яғни комсомолдың барлық іс-әрекетінің негізінде саясаттандыру және идеологизациялау жатқандығымен, жастарды демографиялық-әлеуметтік топ ретінде қатаң бақылауда ұстауымен ерекшеленді.
Сондықтан 1980 жылдардың аяғында комсомолда келесі қарама-қайшылықтар туындады:
-орталық бас ұйым және одақішілік басқарма арасындағы кейбір мәселелер бойынша келіспеушіліктің жиілеуі;
-Одақ мүшелерінің санының артуы, ұйымды басқару механизмдеріндегі олқылықтар;
-ұйымның ішкі құрылымындағы
бюрократиялық құбылыстың
-ұйым жұмысындағы
өз бетінше әрекет ету
Дегенмен, комсомолдың саясатындағы жағымсыз тұстар оның жалпы оңды іс-әрекетін өзгерте алмайды. Сондықтан да осыны мойындай отырып және де қазіргі Қазақстанның даму ерекшелігін ескере отырып, комсомол мен пионер ұйымдарының көптеген тиімді бағыттарын, түрлерін, әдіс-тәсілдерін, жұмыс істеу механизмін қайта құру қажет.
Бүгінгі таңда Елбасының қолдауымен мемлекеттік жастар саясаты концепциясы бекітіліп, барлық облыстарда жастар саясаты бағдарламасы қабылданып, үкіметте және жергілікті басқару органдарының ішінен жастар ісі бөлімі ашылып, жұмыс істеуде. Мәселен, осындай бағытта бекітілген «Қазақстан жастары –2009» бағдарламасы жеті бағытты қамтыған:
Бұл бағдарламаның мақсаты мемлекеттік жастар саясатын іске асыратын құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық механизмдерін ойластыру. Осы бағдарламаны қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттен, халықаралық ұйымдардың грандтарыннан бөлінуі тиіс.
Қазіргі таңда мемлекеттік грант пен кредиттің санын екі есеге дейін өсіру мен студенттік стипендияны ең аз жалақының деңгейіне көтеру ұсынысы өте өзекті де қажетті мәселе болып отыр. Сонымен бірге жастар арасындағы кәсіпкерлікті дамытуда кредиттік және салықтық жеңілдіктер беру күн тәртібіндегі мәселе екені рас.
Соңғы уақыттағы қабылданған «Жастар туралы» заң жастар ұйымдарының пікірінше қордаланған жастар мәселесін шешуге және олардың білім, медецина, еңбек нарығындағы қызығушылықтарын қорғауға ат салысады.
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ойынша «қазіргі таңда жаңа буын өкілдері жоғары интеллектуалды, энергияға толы күші мен талпынысын көрсетуде. Жастар еліміздегі реформалардың тірегі мен қозғаушы күшіне айналуда». Әрине республикамыздағы әр үшінші адам жастар қатарында болса, олардың қоғамда ықпалды топ екендігін аңғару қиын емес.
Сол себептен Қазақстан жастарының жалпы жай-күйі билік жанынан құрылған жастар ісі бойынша арнайы органдардың бақылауында болуы орынды. Қоғамның, мемлекеттік құрылымның, өкілеттік өкімет органдарының назарын жастар проблемасына аударуының бірден бір айғағы – Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлігі құрамынан арнайы Жастар саясаты департаментінің құрылуы болды.
Үкімет жанынан құрылған осы уәкілеттік органда қоғамымыздың көптеген әлеуметтік, бірінші кезекте өспірімдер мен жастардың мүддесі мен құқығын қорғауға қатысты проблемаларды шешуде балалар, жастар және басқа да үкіметтік емес ұйымдарды тарту бойынша мақсатты жұмыстар жүргізілуде. Мұндай жұмыстың бетке ұстары ретінде „Қазақстанның болашағы үшін” республикалық жастар қозғалысының жемісті еңбегін көсетуге болады.
Жастардың патриоттық сезімін, өз еліне деген сүйіспеншілігін арттыруда олардың әлеуметтік проблемаларын шешудің маңызы зор. Сондықтан, билік өкілдерінің жастарды әлеуметтік қорғау мәселесі бойынша атқаратын жұмыстары баршылық. Жастар мен билік арасындағы өзара әрекеттестіктің біріне - әлеуметтік саладағы әріптестік жатады. Қазіргі Қазақстан үшін жастар мәселесін шешуге бағытталған әлеуметтік қызметті құруда жастардың өз ынтасы мен жеке жауапкершілігінің айрықша мәнге ие екендігі айтпаса да белгілі.
Кезінде Қазақ ССР-де 1991 жылы 28 маусымда «Қазақ ССР-дегі мемлекеттік жастар саясаты туралы» №722-XII заңы жұмыс істегені белгілі.
Заңда жас жанұяларға үй алуға немесе салуға ұзақ мерзімді пайызсыз несие алу, мемлекеттік болып табылатын барлық транспорт түрлеріне жүретін 50 пайыздық жеңілдіктер беру, жылына екі рет еңбек демалысын беру, дүниеге сәби әкелген жағдайда жас жанұяларға ұзақ мерзімді пайызсыз қарыз беру, өндірістерде салық төлеу кезінде «ученическое», «студенческое», «молодежное» мәртебесімен жеңілдіктер жасау қарастырылған.
Оның үстіне, жұмыссыз жүрген жас азаматтарға: барлық мемлекеттік өндірістерге, өнеркәсіптерге, ұйымдарға жас азаматтарды жұмысқа қабылдауға квота тағайындау; мемлекеттік оқу орнын бітірушілерге, жас әскери қызметшілерге, үш жылдан астам еңбек стажы барларға жұмысқа орналасуға ұсыныс беру; жұмыс іздестіру кезінде қиыншылықтар көрген, сондай-ақ жұмыссыз ата-аналары немесе оларды ауыстыратын кісілері барлар, бас бостандығынан айырылғандар отыратын жерлерден келген азаматтар, зағип жандар, еріксіз келген мигранттарға еңбекке орналасуда әлеуметтік қорғауды талап ететін кепілдіктер берілген. Тіпті, жас азаматтарға Қазақ ССР-нің және өзге де одақтас республикалардың оқу орындарында коммерциялық негізде оқуға ақы төлеу үшін 10 жылға дейінгі мерзімде несие беру қарастырылған болатын.
Алайда, 1991 жылдан кейінгі уақытта бұл заңның көптеген баптары бүгінгі Конституция мен заңдың актілерге енбей, олардың осы бағыттағы әрекеттері тоқтатылды. Келесі кезекте тоқтатылған «Қазақ ССР-дегі мемлекеттік жастар саясаты туралы» заңның көптеген әлеуметтік баптарына сәйкес келетін өзгертулер мен қосымшалар болды.
Қазіргі кезеңде жастар саясатының жаңа нормативтік-құқықтық базасын құруда жоспарланған іс-шараларға сәйкес жұмыс атқарылуда. Бұл бағыттағы маңызды қадам ретінде республика азаматтарының, оның ішінде жастардың міндеттері мен құқықтарының негізі, қоғамдық қатынастардың барлық салаларындағы кепілдіктер бекітілген, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы жаңа Конституцияның қабылдануын атап өтуге болады.
1999 жылы 28 тамызда Қазақстан Республикасы Президентінің № 73 жарлығымен, қазіргі күнде республикалық жастар саясатының негізгі құжаты болып табылатын «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатының концепциясы» қабылданды. Концепция тәуелсіз мемлекеттік жастар саясатының жаңа приоритеті мен стратегиясын анықтап берді. Қазақстанның мемлекеттік жастар саясатының басты мақсаты - жас буынның өсіп-өркендеуі мен азаматтық қалыптасуы үшін құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық жағдайларды жасау және бекіту болды.
Жастар саясатының басты басымдылықтарын іске асыру үшін келесі мақсаттар бөлініп көрсетілді:
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Н.Тоқабаев. Вернуть престиж профессии рабочей// Казахстанская правда. 28 марта 2009г.
2. «Грядет ли светлое будущее?» /«Казахстанская правда», 2009, № 24.