Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерліктің жетілдірудің дамуы және проблемасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Октября 2015 в 08:58, курсовая работа

Описание работы

Тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде, жаңа басқару жүйесі әлеуметтік экономикалық қатынастарды жүргізуде бірқатар қиыншылықтарға кезекті осы жағдайларға ретке келтіре отырып, экономикада реформалар жүргізіле бастады. Зерттеу жұмысының жоспары кіріспе, көлемді екі бөлімнен тұрады
Зерттеу жұмысындағы тақырыпқа экономикалық стратегияның бағыттары және жаңа технологиялық әдістері, Республикада бәсекеге қабілетті өндіріс өнімдерімен, Ұлттық экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары, өндіріс және ғылыми-техникалық жүйесі қалыпты жағдайға қол жеткізген мәселелерді ашу мақсаты көзделген.

Содержание работы

1Кіріспe.................................................................................................................2-3
І Экономикадағы шағын кәсіпкерліктің рөлі………………………………. 4-5
1.1 Шағын кәсіпкерлік туралы түсінік………………………………………..5-6
1.2 Шағын кәсіпкерліктің дамуы және оның құқық негіздері……………… 6-8
1. 3 Шағын кәсіпкерлікті дамытудағы шетелдік тәжірибесі………………..8-16 ІІ Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерліктің жетілдірудің дамуы және проблемасы……………………………………………………………..16-26
2.1 Қазақстан Республикасындағы шағын, орта кәсіпкерліктегі проблемалар және шешу жолдары…………………………………………………………26-32
2.2 Қазақстанда шағын кәсіпкерліктің құрылуы мен даму тенденциялар.32-37
2.3 Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлік және оны қаржыландырудың заңдылық негіздерін талдау…………………………..37-40
Қорытынды…………………………………………………………………...41-42

Файлы: 1 файл

Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлік және оның дамуы.doc

— 414.50 Кб (Скачать файл)

Қазақстан экономикасында, басқа одақтас республикалардағы сияқты, нарықтық қатынастар орнай бастады, әр түрлi кооперативтер, жеке меншiк фирмалар мен шағын кәсiпорындар пайда болды. 80-жылдардың аяғына қарай орталықтың республиканы бақылауының әлсiреуi салдарынан, шет елдермен тiкелей экономика және сауда байланыстарын орнатуға мүмкiндiк туды. Қазақстан бұрын да өз өнiмдерiн шетке шығарып отырған, оның 97%-ы шикiзаттар, материалдар мен жартылай шикiзаттар болатын.

Экономикаға түбiрлi реформа жасау және меншiктiң көп түрлiлiгi негiзiнде нарықтық қатынастар орнату үшiн бiрқатар заңдар қабылдау керек болды. Орталыққа бағынған кезiнде Қазақстанда “Қазақ КСР-iндегi еркiн экономикалық аймақтар туралы”, “Қазақ КСР-iндегi шет ел инвестициялары туралы”, т.б. заңдар қабылданды. Республикада Сыртқы экономика министрлігі құрылды, Сыртқы экономика банкi ашылды. Әр түрлi экономикалық қауымдастықтардың, корпорациялардың дүниеге келуi өзара әрiптестiк сауданың дамуына жағдай туғызды, оның көлемі 1990 ж. 1,5 есе өстi. Жаңа құрылымдардың пайда болуымен бiрге адамдардың iскерлiк белсендiлiгi артты. Бiрлескен кәсiпорындар мен банктер ашыла бастады. 1990 ж. қарашада Сауд Арабиясымен бiрiккен “Әл-Барака банк Қазақстан” банкi құрылды, Оңтүстік  Кореяның “Самсунг” корпорациясымен iскерлiк байланыс орнатылды. Сеулдiк кәсiпкерлер Алматыдан мейрамхана ашты. Қазақстан — Қытай әуе жолы мен Жаркент — Құлжа (Инин) автожолы жұмыс iстедi. 1991 ж. Қазақстанда әлемнiң 25 елiнiң қатысуымен құрылған 35 бiрiккен кәсiпорын ресми түрде тiркелдi. Республикадағы тоқыраған экономиканы шет мемлекеттердiң экономикалық және технологияның көмегiнсiз қалпына келтiру қиын едi. Шет ел капиталын тарту үшiн республика жаңа заңдар қабылдап, инвесторларды 5 жыл бойы табыс салығын төлеуден босатты. [6]

Қайта құру идеяларын өмiрге енгiзу жеңiл болған жоқ. Басқарудың орталықтанған жүйесiнен бас тартпай, әкiмшiл-әмiршiл пиғылдан арылмай, түбегейлi құрылымдық өзгерiстер жасамай тұрып, реформаны одан әрi дамыту мүмкiн болмады. Қоғамды демократияландыру iсi орталығы мен республикалар арасындағы, одақтас республикалардың өз арасындағы қалыптасқан экономикалық қарым-қатынасты, сондай-ақ, бұл қарым-қатынастың мемлекеттік-құқықтық негiздерiн қайта қарауды қажет еттi. Қазақстанда Президенттiк басқарудың енгiзiлуi мемлекеттік билiк әлсiреп, экономикадағы дағдарыс тереңдей түскен жағдайда елдегi экономикалық және саяси ахуалды тұрақтандыруға бағытталған заңды құбылыс едi. Қазақстанның мемлекеттік егемендiгi туралы Декларацияның қабылдануы (25.10.1990) нәтижесiнде материалдық-техникалық, сыртқы экономикалық қатынастар, қаржы салаларында жаңа мүмкiндiктер туды. Орталық органдарды жанай өтiп, бұрынғы кеңiстiктегi республикалармен тiкелей экон. байланыстар орнай бастады. Шет мемлекеттермен байланыстарды жолға қоюға мүмкiндiк туды. ҚР Президентi одақтық бағыныстағы мемлекет кәсiпорындарды Қазақстан Үкiметiнiң құзырына алу, Қазақ КСР-iнiң алтын және күмiс қорын жасау туралы жарлықтар, сыртқы экономикалық қызмет пен мекемелердiң тәуелсiздiгiн қамтамасыз ететiн басқа да жарлықтар шығарды. Ендi бұрынғы одақтас республикалар өзара тiкелей дипломатиялық және экономикалық қарым-қатынас орната бастады. Қазақстан да 1990 — 91 ж. Беларусьпен, Әзербайжанмен, Қырғызиямен, Өзбекстанмен, Ресей Федерациясымен және Украинамен экономикалық шарт жасасып, достық пен ынтымақтастық туралы әр түрлi келiсiмдерге қол қойды. Қазақстан мен Ресей Федерациясының арасында да бiрсыпыра келiсiмдер жасалып, өзара мiндеттемелер қабылданды. Қазақстанның тәуелсiз мемлекет болып жариялануы (16.12.1991) нәтижесiнде осы уақытқа дейiн шикiзат аймағы және арзан жұмыс күшiнiң көзi саналып келген республика экономикаға меншiктiң көп түрлiлiгiне негiзделген нарықтық қатынастарды енгiзе отырып, дербес экономикалық өрлеу жолына түстi. [7]

Тәуелсiздiк алғаннан кейiн (1991) Қазақстанда экономиканы реформалаудың бiрнеше тәсiлi қолданылды. Мемлекеттік экономикалық саясаттың базалық бағыттары мыналар болды: 1) социологиялық  экономикадан кейiнгi қайта құру; 2) дағдарысқа қарсы бағдарлама; 3) макроэкономиканы  тұрақтандыру; 4) дүниежүзүзілік экономикалық дағдарысты еңсеру; 5) экономикалық өрлеудi қамтамасыз ету. Бiрiншi кезең (1991— 92) Қазақстанда соц. экономикадан кейiнгi экон. жағдайдың шиеленiсiп, құлдырауымен социологиялық атталады. Бұл 70-жылдардың аяғында КСРО экономикасы нақты секторының жаппай үдере қожырауы салдарынан туған едi, оның үстiне өзгерiске ұшыраған сыртқы және iшкi әлеуметтік –экономикалық , қоғамдық-саяси бағытта жүргiзiлген экономикалық  саясат өрiстеп кете алмады.

      90-жылдардың басында  ҚР-ның экономикалық саясаты социологиялық экономикалық жүйенi өзгертуге және ұлттық нарықтық экономиканы құруға бағытталды. Негiзгi бағыттар мыналар болды: экономиканы ырықтандыру: сыртқы реттеуiштердi енгiзу, әлеуметтік-экономикалық аяға мемлекеттiң қатысуын шектеп, қамқорлығын азайту, сыртқы экон. қызмет нысандарын кеңейту, сырттан инвестициялар тарту, валюталық тәртiптi тұрақтандыру; көп ұстынды экономиканың негiздерiн қалыптастыру: экономикада жекеше сектордың жұмыс iстеуi үшiн жағдай жасау, шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге нарықтық нышандар үлгiлерiн енгiзу, кәсiпкерлiктi, шағын және орташа бизнестi дамыту, толымды нарықтық бәсекенi өрiстету үшiн жағдай жасау.

  Република тәуелсіздік алғаннан  кейін , ел ішінде экономикалық  реформаларды жүзеге асыруда  үлкен қиыншылықтар да кездесті. Экономиканы бұрыңғы күштер арқылы басқарудан нарықтық жүйеге көшу қиын , әрі күрделі болды . Бұрыннан қалыптасқан шаруашылық баланыстардың үзілуі , келісім тәртібінің нашарлау салдарынан көптеген кәсіпорындар қиын жағдайларға тап болды , олардың тоқтап қалуы әдеттегі құбылысқа айналды. Тұтынушылық рыноктік мәселелер барынша шиеленісті , азық түлік , киім кешек , алып сатарлық пен әміршіл әкімшіл апараттың сатылғышттығы өсті. Қағаз ақшаны шамадан тыс көп шығару нәтижесінде оның құнсыздануы күшейді . Халықтың қолында 13 миллиард сомға жуық тауармен қамтамысыз етілмеген ақша шоғырланды . Халық дүкендердегі тауарлардың барлығын дерлік сатып алды . Осындай жағдайда өнеркәсіпте болсын , аграрлық салада болсын өнім өндірудің барлық түрлері төмендеді . Өндірістік қуаттарды , мектептерді тағы да болса әлеуметтік мәдени тұрмыстық объектілерді салу айтарлықтай төмендеді . Бұл салаға құрылыс материалдары өндірісінің қысқаруы , олардың бағасының артуы , маман жұмысшылардың құрылыс ұйымдарын тастап кетулері теріс әсер етті . Темір жол көлігімен тасымалдаудың көлемі азайды . өндірістік тұтыну тауларлары мен қызмет көрсету қысқартылды . Кейбір жағдайларда халық сұранымын қанағаттандыратын мемлекеттік өндіріс орындарының тоқталуы , сұраным секторлары бағаның күрт жоғарылауына әкелді . 1991 жылы қаңтар айындағы бағаны босату алғашқы сатысынды ақ 186,4 есеге өссе сәуір реформасынан кейін 554,5 есеге жетті .                                                 

  1992 жылы, Ресейдің бағаны босатып  жіберуі, жедел инфляцияға яғни ақшаның құнсыздануына әкеліп соқтырды. Дәл сол мезетте Қазақстанның жаңа валюта енгізу туралы құпия операциясы бас алды. Англиямен ұлттық валютаны жасау жөнінде өзара келісімге қол қолды. Осы жылы теңгенің 20% ы басып шығарылды.

  1993 ші жылдың жазында, Ресейде жаңа валюта айналымға енгізілді. Ресейдің орталық банкі, 1993 ші жылға дейінгі шығарылған рубль банкноттарының ендігіде заңсыз және қабылданбайтынын халыққа мәлімдеме жасады.

  Ресейде жаңа рубльдің қабылдануы  және Қазақстан мен орта Азияға кеңес үкіметінің рубльін айналымға салуы, Қазақстанда гиперинфляцияға әкелді.

  Бұл кезеңде үкiмет дағдарысқа  қарсы шаралар бағдарламасын  қабылдады, ол инфляция деңгейiн  азайтуға және өндiрiстiң құлдырауын  шектеуге бағытталды. Қаржы секторы  беретiн қарыздардың көлемiн шектеуге қосымша несиенiң “бағасын ұтымды ету” талабы, яғни жоғары пайыздық мөлшерлеме белгiлеу қарастырылды. Бұл шара жекеше жинақ ақшаның өсуiне септiгiн тигiзетiн, қарыз қорларына жұмсалатын шығынның өсуi себептi банк секторының қарыздарына жалпы сұранымды қысқартуға жәрдемдесетiн барынша тиiмдi шаралардың бiрi ретiнде қарастырылды. Мұндай жағдайда ҚР-ның Үкiметi басшылық нұсқамасымен “директивалық” несиелер беру есебiнен кәсiпорындарға талғамалы қолдау көрсетуге тырысты: 1994 ж. оның көлемі 14063,7 млн. теңге болды. Тұрақтандыру бағдарламасы шеңберiнде қолданылып жатқан шараларға қарамастан мемлекеттiң нысаналы несиелерi көбiнесе қайтарылмайтын несиелерге айналды. 1994 жылдың аяғына қарай шамамен 2300 млн. теңге (яғни бөлiнген несиенiң алтыдан бiр бөлiгi) қайтарылды. Бұл кезеңде жалпы iшкi өнiмнiң серпiнi өндiрiстiң шапшаң құлдырауымен сипатталды, ал 1995 жылдың басына қарай жалпы iшкi өнiмнiң көлемi 1990 жылғымен салыстырғанда 61,4% болды. Дағдарысқа қарсы бағдарламаның нәтижесiнде таза жинақ қаражат — өндiрiстi тұрақтандыратын әлеуеттi инвестициялар өсуге тиiс едi. Алайда, жинақ қаражат күткендегiдей өсе қоймады: халықтың салымы небәрi 606,9 млн. теңгеден (1.1. 1994) 1673,5 млн. теңгеге дейiн (1.7.1994) ғана көбейдi, ал банкiлердегi ағымдағы, есеп айырысу және депозиттiк шоттардың қалдықтары тиiсiнше 4154,1 млн. теңгеден 12472,0 млн. теңгеге көбейдi. Сөйтiп, экономиканың нақты секторында болған тұрақсыздану өндiрiстiң құлдырауын ушықтыра түстi. Тек 1994 ж. ғана Қазақстан өз өнеркәсiбiнiң ширегiнен астамынан айрылды. Дағдарысты шектеу қатаң экономикалық саясат жүргiзудi талап еттi, соның салдарынан әлеуметтік-экономикалық ахуал одан әрi нашарлады. Қазақстанның экономикалық саясатына түзету енгiзудiң нәтижесiнде экономика дәрменсiздiктен серпiлiп, макроэкономика тұрақтану үшiн жағдай жасауға мүмкiндiк туды. Бұл кезеңде Қазақстан Халықаралық валюта қорына кiрдi, ол елге дағдарысты еңсеру үшiн нысаналы несие бөлдi.

(1995 — 97) Макроэкономиканы тұрақтандыру  бағдарламасы қабылданды, ол қатаң шектеу арқылы инфляцияны төмендетудi көздедi. Тұрақтандыру бағдарламасы мынадай мақсаттарды алға қойды: нарықтық экон. ин-ттары мен инфрақұрылымды дамыту; халықаралық стандарттарға сәйкес екi деңгейлi банк жүйесiн жаңғырту, инвестициялық және сақтандыру компанияларын, биржалар мен аудиторлық фирмалар құру; қатаң ақша-несие және нысапты бюджет-салық саясатын жүргiзу; ұлттық валюта бағамының тұрақтылығына қол жеткiзу; атаулы жалақыны шектеу; берiлетiн несиелердi шектеу және ақша массасының қатаң көлемiн (11722 млн. теңгеден аспайтын) белгiлеу. Бұл кезеңде шет ел капиталы кеңiнен тартылды, рыноктер мен нарықтық құрылымдарды дамыту үшiн жағдай жасалды. Қолданылған шаралардың нәтижесiнде 1996 жылдың қарсаңында теңгенiң валюталық бағамы тұрақтанды (1994 ж. — 1 долл. үшiн 35,76 теңге, 1995 ж. — 60,93 теңге, 1996 ж. — 67,29 теңге), бюджет тапшылығы азайды, өнеркәсiптiң сыртқа шығаруға бағдарланған бiрқатар салаларында өндiрiс жанданды. Әлеуметтік аядағы қаржы-экономикалық қайта құрулар қаржы жүгiн республикалық бюджеттен жергiлiктi бюджетке беру, көрсетiлетiн әлеуметтік қызметтердiң сапасын арттыру, әлеуметтік  сала мекемелерiнiң қызметiне жаңа экономикалық бәсекелестiк қатынастарды енгiзiп, дамыту, қаржыландырудың бюджеттен тыс көздерi мен көлемдерiн ұлғайту бағытында жүзеге асырылды. Қаржы қорларын шектеу жағдайында негiзгi қаржы-экономикалық өзгертулер аралас қаржыландырудың жаңа үлгiсiне көшу негiзiнде қаржыландыру жүйесiн өзгертумен ұштастырыла жүргiзiлдi, мұнда бюджеттен қаржыландыру, сақтандыру жарналары мен жекеше инвестициялар негiзгi көздерге айналды. Жан басына шаққандағы жалпы iшкi өнiм 1994 жылмен салыстырғанда 1997 ж. 14,1 млрд. теңге деңгейiне дейiн көбейдi. 1997 жылдың бас кезiндегi экономиканың жай-күйiн мынадай факторлармен сипаттауға болады: iс жүзiнде барлық тауарлар мен қызметтердiң бағасы босатылды немесе ырықтандырылды, негiзгi заңдық актiлер өзгертiлдi, олар реформаларды жүргiзуге мүмкiндiк туғызды, сыртқы экон. қызмет ырықтандырылды, нарық талаптарына сай келетiн жаңа салық базасы жасалды, меншiктi қаржы рыногi құрылды, банк жүйесi жаңғыртылды, оның инфрақұрылымы дамытылды; мемлекеттік бағалы қағаздар рыногi құрылды, мемлекеттік меншiктi жекешелендiру қарымды қарқынмен жүргiзiлдi. Алайда, қатаң ақша-несие, бюджет-салық саясатының экономикалық тұрғыдан тиiмдi нәтижелерiне қарамастан бұл кезеңде халықтың әлеуметтік-демографиялық ахуалы күрт нашарлады: халықтың өсiп-өну деңгейi кемiдi; өмiрдiң ұзақтығы қысқарды; бiлiм деңгейi төмендедi; материалдық әл-ауқат құлдырап кеттi: қазақстандықтардың 31%-ға жуығы тұтыну қоржынының ең төмен деңгейiнде өздерiнiң күн-көрiс қажеттерiн қанағаттандыра алмады, жұмыссыздық деңгейi екi есеге жуық көбейдi. Бұл кезеңде бұрынғы әлеуметтік саясат қағидаларын өзгерту қажеттiгi туды: халықты әлеуметтік қорғаудан әлеуметтік көмек пен қолдауға көшу, сондай-ақ, әлеуметтік саладағы мемлекеттік  қамқорлықты қысқарту қажет болды. Бұл нарықтық реформалар кезеңiнiң басты жетiстiктерi: елде тұрақты әлеум.-экон. жағдай сақталды; ұлттық ақша бiрлiгi енгiзiлдi және дербес ұлттық ақша саясатын жүргiзу мүмкiндiгi туды; Қазақстан рыногi тұтыну тауарларымен молая түстi; республиканың тәуелсiздiгi мәртебесiн дүниежүзілік қоғамдастығы мойындады және ол халықаралық қаржы ин-ттарына кiрдi. Әлеуметтік-экономикалық шаралардың iске асырылуы Қазақстанда жекеше зейнетақы, сақтандыру және мед. қорларын құруға жол ашты.

  Осы жүргізілген шаралардың  нәтижесінде ақшаның құны түсіп  кетті . Ресейдегі ақша реформалары  елдегі ақша айналымына кері  әсер етті . Халықтың тапқан айлық  жалақысы тамағынан аспады . Күрделі тұрмыстық техникалар мәдени шаруашылық тауарларының да бағасы өсуіне байланысты тұтынушылар оларды еркін пайдалана алмады . Мысалы , орта есеппен республикада отандық түрлі түсті теледидар бағасы тамыз айының соңында 330 мыңға жетсе , шетелдік теледидарлар 1 милионнан асты . Мемлекеттік көмектесу, қарайласу саясатына қарамастан нан өнімдеріне баға мейлінше жоғарылады , тамыз айының соңында 1 кг нанның бағасы 60 сомға барды . Әлеуметтік салада адамдар арасында турлі қарым қатынастар орын алды . Түсірген пайдасына , тұрмысына қарай адамдар бөліне бастады . Нарыққа көшу саясатының бұрмалауына өз жағдайын алыпсатарлықпен , делдалдықпен , пара алумен түзеген адамдар тобы пайда болды . Көп балалы отбасы , зейнеткерлер қиындықта қалды .

 Осындай қиын жағдайдан шығу , халықтың тұрмыстық деңгейін жақсарту елдің экономикалық дамуын күшейту үшін экономикалық реформалар негізінде нарықты экономикаға көшу көзделді . Экономикалық рефома республика органдарының экономикалық басқарудағы ролі мен функциясы түбегейлі өзгерту жолдарын қарастырды . Олардың ендігі міндеттері өнеркәсіпті басқару емес, өнеркәсіптің дамуына , техникалық дамуға , сала аралық өркендеуге дұрыс бағдар таңдау жұмыстары болды . Нарықтық құрылысының дамуын жеңілдету мақсатына мемлекеттік меншігінен алу және жекешелендіру жоспары жасаланды . Ең бірінші кезекте мемлекеттік секторларды жекешелендіру қажет болды . Жекешелендіру салық салу реформасы , бағаны қалыптастыру , еңбекті өтеу саясатымен қатар жүзеге асырыла бастады .    

  1. жылы Қазақстан 2030 атты стратегиялық даму программасы іске қосылды.

 Стратегияның басты маңызына  келетін болсақ, әлемдік дамудың  орталығы Азияға ақырындап көшсе, онда Қазақстан басты экономикалық  күштердің центрінде яғни ортасында  болады.

2030шы жылға дейінгі ең басты 7 басым бағыттарға келетін болсақ:

1. Ұлттық қауіпсіздік

2. Ішкі саясаттың қалыптылығы

3. Шетел инвистициялары мен ішкі  жинақталымдардың 

4. Қазақстан 

5. Энергия ресурстарының дамуы.

6. Инфрақұрылымның дамуы(әсіресе  байланыс пен көлік);

7. Кәсіби мемлекет.[8]

     Стратегияның мiндеттерiне  сәйкес Қазақстан 2030 жылға қарай  дамыған мемлекеттердiң деңгейiне  жетiп, әлемнiң ең дамыған 20 елiнiң  қатарына қосылуға тиiс (қ. Қазақстан  — 2030 даму стратегиясы). 1997 жылдың  аяғында басталған дүниежүзілік қаржы дағдарысы Қазақстанның экспорттық салаларына айтарлықтай ықпал жасады. Ұзақ мерзiмдi стратегияның алдын-ала белгiленген кезеңiн iске асыру мақсатында Президенттiң 1998 ж. 28 қаңтардағы Жарлығымен ҚР дамуының 1998 — 2000 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекiтiлдi, ол дүниежүзілік қаржы дағдарысының зардаптарын еңсеруге, экономиканың нақты секторын сауықтыру жолымен экономикалық өрлеудi қамтамасыз етуге, бюджеттiк аяны реформалауға, белсендi әлеуметтік саясат жүргiзу жағдайында ел экономикасына жұмсалатын инвестицияларды көбейтуге бағытталды. Бұл кезеңде теңгенiң өзгермелi бағамы енгiзiлдi (1 АҚШ доллар 1998 ж. — 78,29 теңгеге, 1999 ж. — 119,64 теңгеге тең болды), мұның өзi 1996 жылмен салыстырғанда 12%-ға азайған (1998) өнiм экспортын ынталандыруға мүмкiндiк бердi. 1999 ж. экспорт көлемі 5592,2 млн. АҚШ долларына жеттi; Бұл кезеңде тұтыну қабiлетiнiң тепе-теңдiгi бойынша жалпы iшкi өнiм 74891,6 млн. АҚШ долларынан (1998) 77976,8 млн. АҚШ долларына (1999) көбейдi. Жалпы iшкi өнiмнiң нақты көлемі 2,7%-ға артты. Бұл кезеңде зейнетақы реформасы (ынтымақты зейнетақы жүйесiнен жинақтаушы зейнетақы жүйесiне көшу) жүргiзiлдi, ол iшкi қорлануды одан әрi ұлғайтып, iшкi инвесторлардың қалыптасуына жағдай жасады. 1998 жылдың соңында зейнетақының қоры 23542 млн. теңгеге жеттi, бiр жылдан кейiн ол 2,7 есе көбейдi (64504 млн. теңге). [9]

Информация о работе Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерліктің жетілдірудің дамуы және проблемасы