Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Октября 2015 в 08:58, курсовая работа
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде, жаңа басқару жүйесі әлеуметтік экономикалық қатынастарды жүргізуде бірқатар қиыншылықтарға кезекті осы жағдайларға ретке келтіре отырып, экономикада реформалар жүргізіле бастады. Зерттеу жұмысының жоспары кіріспе, көлемді екі бөлімнен тұрады
Зерттеу жұмысындағы тақырыпқа экономикалық стратегияның бағыттары және жаңа технологиялық әдістері, Республикада бәсекеге қабілетті өндіріс өнімдерімен, Ұлттық экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары, өндіріс және ғылыми-техникалық жүйесі қалыпты жағдайға қол жеткізген мәселелерді ашу мақсаты көзделген.
1Кіріспe.................................................................................................................2-3
І Экономикадағы шағын кәсіпкерліктің рөлі………………………………. 4-5
1.1 Шағын кәсіпкерлік туралы түсінік………………………………………..5-6
1.2 Шағын кәсіпкерліктің дамуы және оның құқық негіздері……………… 6-8
1. 3 Шағын кәсіпкерлікті дамытудағы шетелдік тәжірибесі………………..8-16 ІІ Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерліктің жетілдірудің дамуы және проблемасы……………………………………………………………..16-26
2.1 Қазақстан Республикасындағы шағын, орта кәсіпкерліктегі проблемалар және шешу жолдары…………………………………………………………26-32
2.2 Қазақстанда шағын кәсіпкерліктің құрылуы мен даму тенденциялар.32-37
2.3 Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлік және оны қаржыландырудың заңдылық негіздерін талдау…………………………..37-40
Қорытынды…………………………………………………………………...41-42
(2000 жылдан қазiрге дейiн) Қазақстан
экономикалық өрлеу жолына
Қазақстанда iрi өнеркәсiп орталықтары, оның iшiнде отын-энергетикалық, металлургия, химия, машина жасау, құрылыс өнеркәсiбi жұмыс iстейдi. Республика кәсiпорындары шойын, кокс, болат, қорғасын, мыс, мырыш, титан, магний, қарашiрiк, синтет. каучук, шайыр, пластмасса, химиялық талшықтар, автомобильдік шиналарын, минералдық тыңайтқыштар, цемент, металл жонғыш станоктар, ұсталық-сығымдағыш жабдықтар, қақтау стандарын, күш трансформаторларын, рентген аппараттарын, ауыл шаруашылық машиналарын, тракторлар, экскаваторлар, тағы басқаларын өндiредi. Әлемдiк экономика ауқымында Қазақстан — тауар рыногiне мұнай, газ, қара, түстi, сирек кездесетiн металдар, уран өнiмiн шығарушы ел. Кен қазу өнеркәсiбi Қазақстан экономикасының жетекшi секторы болып табылады. 2001 ж. өнеркәсiп өндiрiсiнiң 44,3%-ы осы өнеркәсiптiң үлесiне тидi. Қазақстанда көмiр-сутектi шикiзаттың бiрегей қоры бар. Барланған қор бойынша елiмiз әлемде 13-орында. 250-ден астам мұнай-газ кенiштерi ашылды, олардың көбi республиканың батыс бөлiгiнде, негiзiнен Атырау облысында. Олардың iшiнде 1 млрд. тоннадан астам мұнай қоры бар Теңiз кенiшi; газ қоры 1,3 трлн. м3 және конденсат қоры 700 млн. тоннаға жуық Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кенiшi; сондай-ақ, Кенбай, Жаңажол, Жетiбай, Қаламқас, Қаражанбас, Өзен, Құмкөл кенiштерi бар. 2000 ж. Қазақстанда Солтүстік Каспий қайраңында iрi мұнай кенiшi (Қашаған) ашылды. Бағалаудың алғашқы кезеңiнде кенiштiң жалпы геологиялық қоры 38,4 млрд. баррель, ал өндiрiп алынатын қоры — 13 млрд. баррельге жуық. Атырау обл-ндағы аса iрi кенiштер: жалпы қоры 800 млн. тоннадан астам, Теңiз кенiшi (оның бастапқы өндiрiп алынатын қоры 700 млн. т), Королев кенiшi (бастапқы өндiрiп алынатын қоры 30,5 млн. т), Кенбай кенiшi ( 30,8 млн. т). Маңғыстау облысындағы аса iрi мұнай кенiштерi: Өзен, Жетiбай, Қаламқас, Қаражанбас. Батыс Қазақстан мен Ақтөбе облыстарындағы Қарашығанақ пен Жаңажолдың мұнай мен газ өндiрiсiндегi келешегi зор. Республикада мұнай-газ саласын 2002 ж. “Қазақойл” ұлттық мұнай компаниясы мен “Мұнай және газ тасымалы” ұлттық компаниясының бiрiгуi жолымен құрылған “ҚазМұнайГаз” ұлттық компаниясы басқарады. Қазақстанда мұнай мен газ өндiру iсi шет ел инвесторларының қатысуымен жүзеге асырылуда (“Теңiзшевройл” бiрлескен кәсiпорны, “Қазақойл-Ембi” АҚ, “Атырау мұнай компаниясы”, “Қазақстанкаспийшельф”, “Каспиймұнайгаз”, “Қазгермұнай” ЖАҚ-дары, т.б.).
Мұнай-газ секторының өнiмi Еуразия құрлығының ондаған елдерiне экспортқа шығарылады (аса iрi импортшылар: Ресей Федерациясы, Ұлыбритания, Украина, Швейцария, Италия). Экспорт құрылымында мұнай мен газ конденсатының үлесi 2001 ж. 49,3% болды.
Қазақстанда өнеркәсiп өнiмiнiң жалпы көлемiнде түстi металлургияның үлесi 11%. Өндiрiс деңгейi бойынша Қазақстан әлемде тазартылған мысты iрi көлемде өндiрушiлер мен экспортқа шығарушылар қатарына жатады. Республиканың әлем бойынша мыс өндiрудегi үлесi 2,3%. Қазақстан мысының негiзгi импортшылары: Италия (50%) мен Германия (35%). Экспорт құрылымында мыс пен мыс қорытпалары 7%. Тазартылған мыстың 90%-ын “Қазақмыс” корпорациясы өндiредi, ол Қазақстанның түрлi аймақтарында бiрнеше зауыттарды, кенiштердi және энергия нысандарын бiрiктiрiп отыр. Қазақстан темiр кентасының қоры жөнiнен әлемде 8-орында. Оның әлемдiк қордағы үлесi 6%. Елде өндiрiлетiн темiр кентасының 70%-дан астамы экспортқа шығарылады. Қазақстанның қара металлургиясы өнеркәсiп өнiмi көлемiнiң 7%-ға жуығын өндiредi. Мұндағы аса iрi кәсiпорын – Қарағандыдағы “ИспатКармет” металлургия комбинаты, ол шойын мен дайын қара металдар қақтамасының 100%-ын және болаттың 90%-дан астамын өндiредi. Бұл комбинаттық өнiмi ТМД елдерi мен алыс шет елдерге экспортқа шығарылады. Сондай-ақ, “Жәйрем кен-байыту комбинаты” АҚ тотыққан марганец және темiр-марганец кентастарынан жоғары сапалы марганец концентраттарын өндiредi. Қазақстанда хромды кентастардың мол қоры бар, ферроқорытпа заводтары жұмыс iстейдi. 1994 жылдан кен-металлургия кешенi кәсiпорындарының көбi шетелдiк және отандық компаниялардың басқаруына берiлдi. 1996 — 97 ж. кен байыту және металлургия кәсiпорындарын бiрыңғай технол. тiзбекпен байланыстырған iрi бiрлестiктер құрылды, олар: “Қазмырыш”, “Қазақмыс” корпорациясы, “Қазақстан алюминийi”, “Испат-Қармет” ААҚ-дары, “Қазхром” Ұлттық акцион. компаниясы.
Лондондағы Уран ин-тының есебiне қарағанда, әлемде барланған уран қорының 25%-ы Қазақстанда.
Полиметалл кенiштерi негiзiнде Өскемен қорғасын-мырыш, Лениногор полиметалл, Зырян қорғасын, Шығ. Қазақстан мыс-химия, Ертiс полиметалл, Жезкент кен-байыту комбинаттары жұмыс iстейдi. Кәсiпорындардың басқа бiр тобы — Өскемен титан-магний, Белогор кен-байыту комбинаттары, Үлбi металлургия, Ертiс химия-металлургия заттары сирек металдармен олардың қосылыстарын, т.б. шығаруға мамандандырылуда. Республикада 3 мұнай айыру заты, сары фосфор алынатын фосфориттi кентастарды өңдейтiн iрi кешен “Қазфосфат” ЖШС жұмыс iстейдi. Ол “Қаратау” кен-химия комбинаттары, Жаңа Жамбыл фосфор заты, Минералдық тыңайтқыштар заты сияқты аса iрi кәсiпорындарды бiрiктiрiп отыр.
Республиканың машина жасау кешенiнiң өнiмi өнеркәсiп өнiмiнiң жалпы көлемiнде 3%-ға жуық. Оңтүстік аймақта Станок жасау зауыты, Алматыда Ауыр машина жасау зауыты жұмыс iстейдi, олар түрлi станоктар шығарады. Солтүстік аймақта “Шағын литражды двигательдер зауыты”, “Дизель”, “Ротор” ЖШС-терi, “ЗИКСТО”, “Мұнаймаш”, “С.М. Киров атындағы зауыт”, Петропавл “Ауыр машина жасау зауыты” АҚ-дары сияқты iрi машина жасау кәсiпорындары жұмыс iстейдi. Олар ауыл шаруашылық машиналары үшiн босалқы бөлшектер, жабдықтар, двигательдер, көшпелi электр ст-ларын, тамақ өнеркәсiбi үшiн жабдықтар, газ бен электр энергиясының шығынын есептейтiн есептеуiштер шығарады. Қазақстанда құрылыс индустриясының дамуына ел ордасының Астана қаласына көшiрiлуi жаңа серпiн бердi. Құрылыс материалдары өнеркәсiбi өнiмiнiң көлемi республика өнеркәсiп өнiмiнiң жалпы көлемiнде 4%-ға жуық.
Қазақстан Еуразия құрлығының ортасында орналасқандықтан транзиттiк тасымал саласында айтарлықтай орын алды. Республиканың жер бетiндегi көлiк магистралiнiң ұз. 106 мың км. Оның iшiнде 13,5 мың км — т. ж., 87,4 мың км — автомобиль жолы, 4 мың км — өзен жолдары. Қазақстан мен Қытай арасында Достық — Алашанькоу шекаралық темір жолы өткелi, Түрiкменстан мен Иран арасында Серакс – Мешхед темір жолы өткелi салынған соң Ұлы жiбек жолы бойында жаңа транзиттiк дәлiздер ашылды: Қытайдың Тынық мұқиттағы Ляньюнган, Циньдао, Тяньцзин порттарынан Қазақстан, Қырғызия, Өзбекстан, Түрiкменстан, Иран, Түркия, Жерорта т. мен Парсы шығанағының порттарына қатынау мүмкiндiгi туды. Бұл жолмен жүк тасымалдануда. Автомобиль жолдарының торабы Ресей Федерациясына, бұрынғы одақтық республикаларға, сондай-ақ, Қытайға, Түркияға, Иранға, Қара т. бен Жерорта теңізінiң, Үндi мұхитының порттарына шығуға мүмкiндiк бередi. Теңiз кеме қатынасы Каспий теңізінде Ақтау порты арқылы өтедi, ол Ресей Федерациясының өзен жолдарымен Қара теңіз бен Балтық теңізіне шығады. “Эйр Қазақстан” ұлттық әуе компаниясы, басқа да жетекшi компаниялары жолаушылар тасымалын жүзеге асыруда. [14]
2.1 Қазақстан Республикасындағы шағын, орта кәсіпкерліктегі проблемалар және шешу жолдары
Дағдарыстар мен күзелістерді тосын түрде пайда болған жағдай мен статикалық процесс ретінде қарастыруға болмайды.
Кәсіпорынның нормалды дамуы түрлі ауытқуларға ие болып, оның өсуіндегі қателіктерге алып кетуі мүмкін де, кәсіпорынның өмір сүруі екі талай болуы мүмкүн. Курстың дұрыс коррекциясын әзірлеу үшін дағдарыстың және дағдарыстық процестің дамуы сатыларының барысы жөніндегі нақты білімдер мен дағдыларға ие болу керек . [15]
Дағдарыстың процесі байланыстар - қатынастар бар құрылымын бұзатын немесе оны қайтадан қалыптастыратын жалпы дамуын білдіреді.
Кәсіпорынның дағдарысы әдетте уақыты жағынан шектелген болады.
Мюллер өзінің зерттеулерінде стратегиялық дағдарыстар, нәтижелердің дағдарысы және өтемпазықтық дағдарысы тұралы айтады. Бұл дағдарыстардың арасында оның пікірі б/ша уақыттық байланыс болады. [16]
Дағдарыстық жәйттардың жіктемесі. Батыс экономистері дағдарыстық жәйттің дамуының 3 сатыға бөледі. Бірінші саты тауарлық материалдық запастардың сату көлемінің тұрақты не төмен өсу қарқындары кезеңіндегі көбеуінен, несиелік береноктың айналмалығы тездетілгенінен, жабдықтау мен өнім сапасымен байланысты туындаған проблемаларынан көрінетін жекелеген жағдайлармен сипатталады.
Аралық саты болса (тараулы материалдық запастарды қысқарту арқылы ақша ресурстарын үнемдеу салдарынан) материалдың тапшылығымен, жабдықтаушылардың несиеге сатулардың тоқталуымен және қолма-қол қаражаттармен есеп-айырысу талаптарымен, жалақыны уақтылы төмендеуімен айырықшаланады.
Дағдарыстың соңғы кезеңдерінде компания хаостық жағдайға душар болады. Осы кезең өндірістік графиктер орындалмайды, өте жиі өнімнің төмен сапасына байланысты олар қайтарылып береді, өндіріс жиі материалдардыңқ жетіспеушілігіне байланысты тоқтап қалады, дебиторлық берешекті жинаудың көп уақыт алуымен сипатталады. Сондай-ақ бұл кезде жабдықтаушылар мен мердігерлер қолма-қол қаражат беруді талап етеді және несие берушілер де заемның шарттарын өзгертуді талап етеді. Нәтижесінде, компанияда меншікті айналмалы қаражаттардың жетіспеушілігі байқалады.
Осыдан келесі қорытынды жасауға болады:критерийлерге сүйену арқылы біз қазақстандық ауыл шаруашылығында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын шаруа. қожалықтарының жағдайы осы соңғы сатыға жатқызамыз .
Сонымен біз дағдарыстық жәйт түсінігін кеңейтуді және дағдарыс пен банкроттық (қабілетсіздік )түсініктерін ажыратужы ұсынамыз. Төменде берілген тұжырымдама қадам жасаудың үлкен бостандығы мен заңнамалық антидағдарыстық реттеу процесімен асырылатын шаралармен салыстырғанда дағдарысқа қарсы процедуралардың кен таңдауын беретін – кәсіпорын толығымен меншік иегері мен тартылған мекеменеджерлердің бақылауында болу жағдайындағы негативті тенденцияларға сәйкесінше бейімделу мақсатымен дағдарыстық жайтты ертеректе идентивикациялауды көздейді. Дағдарыстық жайтты – кәсіпорын иелерінен ақша қаражаттарының басқа жаққа кетуіне себепші болатын активтерді және кешелік берешекті тиімсіз басқару реттінде сипаттауға болады. Осыған орай біз дағдарыстық жайыттын келесі жіктемесін ұсынамыз [17]
«Кәсіпорын иелері үшін дағдарыс» - несие берушілермен есеп айырысу кезінде көрінетің кәсіпорынның қаржылық – экономикалық жағдайының нашарлауымен сипатталады.оны анықтау критерші ретіңде бізбен меншік иелері құқықтарының дискриминациялануы тандалған, яғни меншікті капиталға инвестицияланған ресурстар бойынша жоғалтулар. Ал салыстыру базасы реттінде тәуекелдері теңдес альтерпативті инвестицияларды алуға болады. Сөйтіп,кәсіпорын иелерінің зардаптарын анықтау үшін меншікті капиталдың негізделген ағымдық нарықтық құным тәуекелі теңдес инвестициялық жұмсалымы ретінде жарғылық қорға кеткен капиталды қолдану кезіндегі жарғылық капиталға бастапқы жұмсалымның ағындық құнымен салыстыру керек.
Егер альтернативті
«Несие берушілер үшін дағдарыс» сатысы несие берушілердің талаптарын уақытылы және бөліктерімен қанағаттандырылуымен ерекшеленеді. Дегенмен бұл жағдайда шаруашылық субъект меншік иелері мен жалдамалы менеджмент көмегімен басқарылатын дербес кәсіпорын болады. Анықталған несие берушілер үшін дағдарысты идентификациялау үшін белгілілерді белгілі бір сандық көрсеткіштерде бейнелеу қиын болып табылады.
Жалпы осыған орай несие берушілер үшін дағдарысты идентификациялау үшін біздің пікіріміз бойынша қарыз алушының міндеттемелерін қазір орындау үшін меншікті айналмалы қаражаттардың жетіспеушілігі кезіндегі «банкроттық туралы» ҚР – нң заңына сәйкес 150 минималды есептік көрсеткіштен төмен емес кешіктірілген міндеттемелер сапасын бар екенін көрсетік бейнелейтін критерий ретінде қолдануға болады.
«Заңнамалық реттеу» сатысында кәсіпорынның иелері тарапынан дағдарысқа ықпал ету шаралары несие берушілердің мүдделерін қорғау үшін заңнамалық тұрғыда шектеуге ұшырайды. Оның басы банкрот туралы арызды арбитраждық сотпен қабылдауы арқылы анықталады. Осы кезден бастап, коммерциялық құпия болып келген ақпарат банкроттық жөніндегі іске қатысушылар үшін ашылып беріледі. Берілген сатыда кәсіпорын толық дербес шаруашылық субъект бола алмайды. Себебі, оның қызметі арбитраждық сотпен, несие берушілердің жиналысымен және арбитражды басқарушылармен бақыланады.