Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерліктің жетілдірудің дамуы және проблемасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Октября 2015 в 08:58, курсовая работа

Описание работы

Тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде, жаңа басқару жүйесі әлеуметтік экономикалық қатынастарды жүргізуде бірқатар қиыншылықтарға кезекті осы жағдайларға ретке келтіре отырып, экономикада реформалар жүргізіле бастады. Зерттеу жұмысының жоспары кіріспе, көлемді екі бөлімнен тұрады
Зерттеу жұмысындағы тақырыпқа экономикалық стратегияның бағыттары және жаңа технологиялық әдістері, Республикада бәсекеге қабілетті өндіріс өнімдерімен, Ұлттық экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары, өндіріс және ғылыми-техникалық жүйесі қалыпты жағдайға қол жеткізген мәселелерді ашу мақсаты көзделген.

Содержание работы

1Кіріспe.................................................................................................................2-3
І Экономикадағы шағын кәсіпкерліктің рөлі………………………………. 4-5
1.1 Шағын кәсіпкерлік туралы түсінік………………………………………..5-6
1.2 Шағын кәсіпкерліктің дамуы және оның құқық негіздері……………… 6-8
1. 3 Шағын кәсіпкерлікті дамытудағы шетелдік тәжірибесі………………..8-16 ІІ Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерліктің жетілдірудің дамуы және проблемасы……………………………………………………………..16-26
2.1 Қазақстан Республикасындағы шағын, орта кәсіпкерліктегі проблемалар және шешу жолдары…………………………………………………………26-32
2.2 Қазақстанда шағын кәсіпкерліктің құрылуы мен даму тенденциялар.32-37
2.3 Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлік және оны қаржыландырудың заңдылық негіздерін талдау…………………………..37-40
Қорытынды…………………………………………………………………...41-42

Файлы: 1 файл

Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлік және оның дамуы.doc

— 414.50 Кб (Скачать файл)

          Қазіргі таңда Қазақстандағы шағын кәсіпкерлік жағдайын сандар көрсеткіштері көмегімен қарауға болады. Статистика көрсеткіштері бойынша республикада 2008 жылдың 1 қаңтарындағы есеп бойынша 442,3 мың шағын бизнес субъектілері тіркелген. Шағын бизнес салмағының мөлшері 17,6 %-ды құрады. Сондай-ақ,республикада шағын кәсіпорын саны да артып келеді, яғни 2009 жылдың бірінші тоқсанында 135 мың шағын бизнес субъектілері тіркелді. Шағын кәсіпорындардың қызмет сферасына келетін болсақ, олардың көп бөлігі  (39 %) сауда, автокөлік ремонты, үй заттарын тұтыну жақтарында мамандандырылады. Шағын кәсіпорындардың аздаған бөлігі өндірістік қызметпен айналысады, осы жерде олардың жалпы санының өскендігі байқалады: егер 2008 жылдың екінші тоқсанында  7,9 мың өндірістік шағын кәсіпорындар қызмет етсе, 2009 жылдың екінші тоқсанында олардың саны 8,1 мыңға дейін өсті.

Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 31 наурызында қабылданған «Шаруа қожалығы туралы» заңы шаруа қожалығының шағын кәсіпкерліктің ерекше пошымы ретінде құрылып жұмыс істеуінің негізін егжей - тегжейлі айқындап берді. Сондай-ақ, кәсіпкерліктің бір пошымы азаматтық - құқықтық және әкімшілік - құқықтық қатынастар субъектісі ретінде шаруа қожалығының құқықтық негізі қосымша жиырмадан астам басқа да нормативтік - құқықтық актілермен реттелетінін атап өткен жөн.

Осы тұрғыдан алып қарағанда, шаруа қожалығының банктерде есепшот ашу және банкідегі өз ақшасына иелік жасау құқығы бар.  Өз күшіндегі заңдарға сәйкес шағын кәсіпкерлік (бизнес) субъектісіне жатқызылған фермерлер шаруашылықтарына мемлекеттік қолдаудың төмендегі түрлері көрсетілуі мүмкін: [30]

1)   мемлекеттік  тіркеу сәтінен  бастап үш жыл ішінде жылжымайтын   мүлік   құқығын    тіркеу   үшін   ақы төлеуден босатылады. Шаруа қожалықтарын мемлекеттік  тіркеу ол үшін  ақы төлемей, өз басы келіп тіркелу сипатында  болады;

2) табиғи монополист кәсіпорындардың қызметін монополияға қарсы реттеуді қолдана отырып, электр энергиясымен, жылумен, сумен жабдықтау жөнінде қосылатын қуаттар үшін ақы төлеуден заңдарға көзделген тәртіп пен жағдайда босатылады;         

3)  мемлекет қатынасын екінші  деңгейдегі банктерде ақы алынбай есепшот ашылады;

4) жеке   кәсіпкер ретінде  бухгалтерлік және статистикалық  есептерді оңайлатылған тәртіппен  береді;

5) салық заңдарына  сәйкес табыс  салығын салық патенті негізінде  не салықтың белгіленген сомасын, не салық базасын анықтау мен салық есебін жүргізудің оңайлатылған жүйесі байынша төлейді;

6)   шарттарын Қазақстан Республикасының  Үкіметі белгілейтін мемлекеттік  мұқтаждар үшін  тапсырыстарды  орналастыру (беру) кезінде басым  құқықпен пайдаланады;

7)   тиісті  жылға    аралған     мемлекеттік бюджетте шағын  кәсіпкерлікті мемлекеттік қаржылық қолдау шеңберінде белгіленген шекте статистикалық және ақпараттық қызметті, сондай-ақ, ғылыми - техникалық таңдамалар мен технологияларды жеңілдікті шартпен алады;

8)  шағын кәсіпкерлікті қолдау үшін көзделген қаражат есебінен кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру ісін жүргізеді.

          Шағын  кәсіпкерліктің қаржы мөлшерін  иеленудің бір жолы аудандық  несие серіктестігін құру болмақ. Ұлттық банк өзінің басқармасының 2000 жылғы 29 шілдедегі Қаулысымен Әділет министрлігінде «Несие Серіктестіктері туралы» ережені тіркеуден өткізді. Ұлттық банк Ауылдық коммандиттік несие серіктестігінің үлгі түріндегі жарғысын мақұлдады. Шаруашылық жүргізудің қазіргі күрделі экономикалық жағдайында жекелеген шаруа қожалықтарының қиыншылықтары жетіп артылады. Бұл қиыншылықтарды жеңу жолдарының бірі - олардың неғұрлым ірі шаруашылық пошымына бірігуі. Атап айтқанда, олар ерікті негізде кәсіпкерліктің өндірістік кооператив, қоғам, серіктестік секілді ірі ұйымдық -құқықтық  пошымдарына бірігуінде болады.

                    Қазақстан Республикасындағы жергілікті  мемлекеттік басқару туралы жаңа  заң еліміздің құқықтық, саяси  және экономикалық жүйесінің  дамуының жаңа кезеңін ескере  отырып, жаңа өкілеттіктер белгіледі. Оларды біліктілікпен жүзеге асыру, әсіресе кәсіпкерлік сияқты аса маңызды және үнемі дамып отыратын салада, басқарушылық және құқықтық сауаттылыққа, олардың жаңашылдық қабілетіне және ең бастысы - бастамашылдығына байланысты болып табылады.

                                                  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Бүгінгі таңда өркениетті даму  жолына түскен Қазақстан Республикасы  қоғамның  аса  маңызды әлеуметтік-экономика  реформаларды жүзеге асыруда.

Қазақстан Республикасындағы  нарықтық қатынастар  жүйесінде  кәсіпорында айрықша ерекшеліктерімен сипатталады, мөлшері,  жұмыс істеушілер  саны, қай  салаға  жататындығы, негізгі және айналым қорларының  құны, шығарылатын  өнім  көлемі. Тақырыпта шағын кәсіпкерлік және оның дамуы мәселеріне  байланысты мәселені  зерттей отырып,  шағын  кәсіпорындар  қызметінің барлық саласында  нөлдік  нәтиже  алумен байланысты  жоғары тәуекелге  ие болып  табылатынын  байқады. Шағын кәсіпорындар іріге  қарағанда аз шығын әкелетіндігін  Германия, АҚШ сияқты елдердегі  жағдайларды салыстыра отырып,  Қазақстанда да шағын кәсіпкерліктің  құрылып,  дамып  келе жатқандығын, бірақ басқа  мемлекеттермен салыстырғанда  саны  жағынан аз екені  байқалады. Соңғы  жылдары  шағын  кәсіпкерлікті  қолдау  бойынша  статистіктердің  мәліметі  бойынша  тіркелген  кәсіпкерлердің  саны  артып , жұмыспен  қамтылған  халықтың  үлесіне де әсерін тигізген.

Дамыған  индустриялы мемлекеттерде  шағын  кәсіпкерліктің  өзі ғана  жалпы  ішкі  өнімнің 50%- дан  астамын  алады, Қазақстанда шағын және  оған орта кәсіпті  қосқанда  жалпы өнімнің үлесі 30 %- дан   аспайды.

Бұл  статистикалық мәліметтер   шағын кәсіпкерлікті  дамыту үшін  жақсы  жағдай  жасап жеңілдіктер  беруді. Әліде болса  қолдау керектігін көрсетіп  отыр. Қазақстаның  барлық  аймақтарында  кәсіпкерлік  орталықтар  бар, олар жақсы  нәтижеге  жетуі  мемлекеттік  бағдарлама  бойынша,  қаржылық  жеңілдіктер, несие,  салық жеңілдіктері  берілген,  бұл статистика  есептеулердің  нақты  мәліметі болып табылады.  Ауыл  шаруашылығы  капиталды  ең  көп  жұмсайтын  сала  болғандықтан ауыл  шаруалығының  шағын  кәсіпкерлерінің   мал  шаруашылығын  дамытуға,  оның  өнімдерін  көптеп  өндіруге байланысты  жан-жақты  көмек  көрсетуге  ұсыныс  жасаймын. Батыс Қазақстан, Оңтүстік  Қазақстан, Шығыс  Қазақстан   жерлерінде  түйе, жылқы, ешкі  шаруашылықтарын  дамыту.

  • Аймақтың  барлық  салаларында  түйе  өсіру,  шұбатын сататын  арнайы  сауда  орындарын  ашу.
  • Жылқы өсірушілердің  кәсіпкерлігін  дамытып,  үлкен бизнес  көзіне  айналдыру.
  • Ешкі өсуіруді дамыту, ешкі  түбітінен  жасалатын  өнімдер шығаратын кіші  шеберханалар  ұйымдастырып.

Бұл ұсыныстар шағын  кәсіпкерлікті алдағы  уақытта  кең  көлемді  дамытудың  перспективасы болмақ.  Қазақстанның  барлық өңірлерінде жылқы, түйе  атауына  байланысты жерлер көп,  өйткені қазақ  жерінде  жылқының түйенің еті, сүті  көлік  ретінде  күші  қатты  бағаланған.

Атақты  «Орынбор  шәлісі»  туралы  жұрттың  бәрі біледі,  мұндай  жылы шәлілерді  тоқитын,  ешкі  төлін өсіру шағын  бизнес  көзін  ашудың  тиімді  жолдары.

Бұл салада кәсіби шағын  кәсіпкерлікті  қолдау керек, өйткені,  үлкен  кіріс көзі болмақ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдалынған әдебиеттер тізімі:

1.Жалпы  экономикалық теория

Авторлар: Ө.К. Шеденов, Е.Н. Сағындықов, Б.А. Жүнісов, Ү.С. Байжомартов, В.И. Колягин. Ақтөбе – 2004 ж. «А-Полиграфия» 256- бет

2.А.Л. Шишов Макроэкономика 

ЭКМОС 2002 352- бет

3.Жалпы  экономикалық теория 

Авторлар: Ө.К. Шеденов, Е.Н. Сағындықов, Б.А. Жүнісов, Ү.С.                           Байжомартов, В.И. Колягин. Ақтөбе – 2004 ж. «А-Полиграфия» 191- бет

4.Қазақстан өз дамуындағы жаңа  серпіліс  жасау қарсаңында Қазақстан  Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың  Қазақстан халқына  жолдауы Астана- 2006

5. Дағдарыстан дамуға 

Қазақстан Республикасының  Президенті Н.Ә. Назарбаевтың   халыққа  жолдауы. Егемен  Қазақстан  №91(25488)

6 наурыз 2009 ж 1-3 беттер 

6. С. Г. Шеретов История Казахстана (1985-2000)  Алматы Данакер 2000 г 

48- бет 

7. С. Г. Шеретов История Казахстана (1985-2000)  Алматы Данакер 2000 г

48- бет 

8. Н.Ә. Назарбаев Қазақстан 2030 стратегиясы. Алматы 2001 г. 75-бет

9.Қазақстан ұлттық  энциклопедиясы 5- том

Қ.Оқаев э.ғ.д., профессор- төраға, К. Қажымұратов, э.ғ.д., профессор 307,309,311- беттер

10.  Қазақстан Республикасы Үкіметі,  қызметкерлердің  республикалық  бірлестіктері  мен  жұмыс берушілердің  республикалық  бірлестіктері  арасындағы   2007-2008  жылдарға  арналған  Бас  келісім. www. enbek.kz

11. Й. Шумпетер

 Теория экономического развития.

М., Прогресс, 1982 169-170 бет

12. Қосымша материалдар қосып  беріледі. Статистика  мәліметтері. Диаграмма, 12. кәсіпорындар мен ұйымдар  тіркелген  заңды  тұлғалар.

13. Қазақстан Республикасының  тұтынушылар  құқығын  қорғау туралы заң 

14. Жалпы  экономикалық теория

Авторлар: Ө.К. Шеденов, Е.Н. Сағындықов, Б.А. Жүнісов, Ү.С. Байжомартов, В.И. Колягин. Ақтөбе – 2004 ж. «А-Полиграфия» 192- бет

15. Аль-пари. Август- октябрь, 1997 г.

16. Аль-пари. Август- октябрь, 1997 г.

17. Статистический сборник  Казахстана 30 1998 и 1999 г.

(оперативная информация)

18. Аль-пари. №2  1998 г.

19.  Б.М. Гончаров Руководство  для высшего управленческого персонала. Москва, 1998 г.

20. Малый бизнес: правовые и  экономические  аспекты. г. Астана, 1996 год 

21. Р. Винс. Математика управления  капиталом. Методы анализа риска  для  трейдеров и портфельных  менеджеров Пер. с англ.- М. Альпина, 2000 стр 146- 155

22.  Е.Е.Лян « Республика Казахстан  Еуропейский союз: перспективы  экономического  сотрудничества»  Analytic 3/2003. Материалы конференцы

23.  И.Н. Молчанов, И. А. Герасимова Компьютерный  парктикум  по начальному  курсу эконометрики  (реализация на Eviews)

Практикум ( Ростовский государственный экономический университетРостов Н.Д. 2001)

24. Н.Ш. Кремер, Б.А. Путков Эконометрика: Учебник для вузов (Под. ред. проф. Н.Ш. Кремера М: ЮНИТИ-ДАНА, 2003 стр. 284

25. Жалпы  экономикалық теория

Авторлар: Ө.К. Шеденов, Е.Н. Сағындықов, Б.А. Жүнісов, Ү.С.                           Байжомартов, В.И. Колягин. Ақтөбе – 2004 ж. «А-Полиграфия» 142- бет

26. Қазақстан Республикасының   мемлекеттік статистика агенттігі. 2007-2008 ж.ж.

27. Ақтөбе газеті 28 қазан 2010 ж. №131-132 2-бет 

28. Ақтөбе газеті 28 қазан 2010 ж. №131-132 2-бет

29. Ақтөбе газеті 28 қазан 2010 ж. №130 (19.349) 4-бет

30. «Заң» газеті 2005 жылы 15- шілде 4- бет 

 

 

 

 


 



Информация о работе Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерліктің жетілдірудің дамуы және проблемасы