Еңбекақы жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2014 в 21:07, дипломная работа

Описание работы

Еңбекақы жөніндегі саясат кәсіпорында басқарудың құрамды бөлігі болып табылады және оның қызметінің тиімділігі оған елеулі ықпал етеді. Себебі, еңбекақы жұмыс күшін тиімді пайдаланудағы ынталандырудың маңыздысының бірі. Міне, сондықтан да, мұны еш уақытта да естен шығаруға болмайды. Еңбекақы бұл - мемлекет белгіленген нормаларға сәйкес түпкі нәтижелеріне, санына және сапасына байланысты еңбектері үшін жұмысшылар мен қызметкерлерге кәсіпорындар, мекемелер және ұйымдар төлейтін ақшалай төлем. Қалыпты жағдайда еңбекақы қажетті өнімнің құнына, тең және және оның ақшалай түрі болып табылады. Былайша айтуға болады — еңбекақы кәсіпорын қызметкерлерінің жалақысына баратын өнім өндіруге және сатуға кеткен шығындардың бір бөлігі. Батыстың экономикасы дамыған елдерде бұл ұғым "еңбекақы" және "ақшалай сыйақы" түрінде болады. Әдетте еңбекақы қызметкерлердің дене еңбегін, ал ақшалай сыйақы ой еңбегін марапаттауға арналған. Бұл екі фактор әлеуметтік жағынан қарағанда, бір-біріне өте жақын ұғым, бірақ олардың өзгешелігі де бар. Жалақы қысқа мерзімді шектеулі (1 күн, 1 ай) болады және оның деңгейі кәсіпорын немесе жұмыс берушінің өзара келісімдерінде анықталады.

Содержание работы

Кіріспе.
Еңбекақының экономикалық мәні..............................................................4
І.Теориялык бөлім.
1.1 .Еңбекакы төлеудің маңызы, түрлері жэне оларды ұйымдастыру.....6
1.2.Еңбекақыны жоспарлау және реттеу....................................................11
1.3. Қазақстан Республикасының «Еңбек туралы заң»............................14
II. Талдау бөлім.
2.1. Еңбекақы төлемінің жүйесі мен нысаны.............................................18
2.2. Еңбекакы төлеудің құқықтық мәселелері............................................23
2.3. Жұмыстың қалыпты жағдайларынан ауытқу болғандағы
еңбекке ақы төлеу.........................................................................................26
2.4. Нарықтық экономикасы дамыған елдердегі
макроэкономикалық көрсеткіштер жүйесіндегі еңбекақы.......................29
III. Есептеу бөлімі.
3.1. Орташа жалақыны есептеу тәртібі.......................................................35
3.2. Өндірістегі еңбекақы түрлерінің есептелу тәртіптері........................37
Қорытынды....................................................................................................43
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі................................................................45

Файлы: 1 файл

К.docx

— 283.59 Кб (Скачать файл)

Сыйлықты және басқа да ынталандырушы сипаттағьП төлемдерді есептеген кезде нақты уақыты бойынша алынған жалақысы емес, тоқсандық, жарты жылдық, жылдық табыстары алынады, сондай-ақ материалдық мақтау (көтермелеу) кезінде де 1/3, 1/6, 1/12 мөлшері бойынша есептелінеді, ал айлық сыйлықтар - сол айлық деңгейінде. беріледі.

Егер де сыйлық және басқа да ынталандырушы сипаттағы төлемдерді есептеген кезде еңбеккерлердің жалақысы толық болмаса, онда оның деңгейі толық болған тоқсандарына пропорционалды алынады.

Орташа күндік жалақы барлық жағдайда, тек пайдаланбаған демалыс үшін төленетін компенсация мен демалыс ақыдан басқа есептік кезеңде есептелген жалақының сомасынан заңмен белгіленген аптаның алты күндік немесе бес күндік календарлық жұмыс күні бойынша анықталады.

Орташа сағаттық жалақы да, орташа күндік жалақы сияқты анықталады.

 

3.2. ӨНДІРІСТЕГІ ЕҢБЕКАҚЫ  ТҮРЛЕРІНІҢ ЕСЕПТЕЛУ ТӘРТІПТЕРІ.

Болашақта өндірісті кешенді түрде механизацияландыру, мен автоматтандырудың дамуы, мамандықтарының жетілуі, еңбек төлемінде нақты сараланудың кемуі кесімді жүйеніңі қолданыс аясын қысқартады, ал оларды жұмысшылардың еңбек төлемінің мерзімділік-ұжымдылық және мерзімділік-сыйлық жүйелеріне алмастыруы мүмкін. Мысалы еңбекақы төлеудің әртүрлі жүйесін пайдаланған кезде еңбекақыны есептеудің жолдарын қарастырып көрсетейік.

1. Мерзімді еңбекақы төлеу  жүйесі. Кәсіпорында 200 адам жұмыс істейді делік, оның 150-уі жұмысшы, 50-уі қызметкер. Кәсіпорынның қырықтай еңбеккері кесімді белгіленген айлықпен жұмыс істеген, өйткені олардың атқаратын міндеттемесі мен машықтығы (квалификациясы) соған сәйкес келген:

он адам (маман) - 9-шы разрядпен;

он бес адам (маман) - 11-ші разрядпен;

бес адам (маман) - 14-ші разрядпен;

бес адам (маман) - 16-шы разрядпен;

үш адам (маман) — 19-шы разрядпен;

екі адам (маман) — 21-ші разрядпен жұмыс істеген.

Айлык жалақысын есептеу үшін әр түрлі разрядтар бойынша мына формуланы пайдаланады:

Айлық ұйымның Іразрядқа Тарифтік коэффициенттің жалақысы = белгіленген х 1 разрядқа қатынасы мөлшерлемесі

1-ші разрядтың мөлшерлемесінің  үжымдық келісім-шартта 15000 теңге  мөлшерінде бекіткен. Кәсіпорынныңс жұмыс тәртібі бойынша аптаның бес күнін жұмыс күні етіп белгілеген (ағымдағы айда 21 күн жұмыс күні болған) Кәсіпорынның 14-ші разряды бар маманы ағымдағы айда 18-ақ күн жұмыс істеген.

Ағымдағы айдағы еңбеккерлердің еңбекақысын есептеп көрейік:

9-шы разрядтағы мамандардың  еңбекақысы

= 15000x1,78x10-267000 теңге;

11-ші разрядтағы мамандардың  еңбекақысы

= 15000x2,05x15=461250 теңге;

14-ші разрядтағы мамандардың  еңбекақысы

= 15000x2,55x2=76500 теңге;

14 разряды бар үш маман, ағымдағы айда толық жұмыс істемеген, сондықтан оларға нақты істеген күні үшін еңбекақы есептелген =(15000x2,55)/21х18хЗ=98357 теңге;

16-шы разрядтағы мамандардың  еңбекақысы

= 15000x2,95x5=221250 теңге;

19-шы разрядтағы мамандардың еңбекақысы =15000x3,67x3=165150 теңге;

21-шы разрядтағы мамандардың  еңбекақысы= 15000x4,24x2=127200 теңге;

 Мерзімді еңбекақы  нысаны кезінде, еңбеккерлерге есептелген еңбекақысының жиыны =1416707 теңге.

 2. Кесімді-прогрессивтік төлем ақысының жүйесі. Сату бөлімінің он жұмыскеріне келесі еңбекақы белгіленген: 100 тауар бірлігіне 1000 теңгеден және одан әрі сатылатын 100 тауар бірлігіне 200 теңгеден төленетін бес жұмыскері 230 тауар бірлігін, үш қызметкері 190 тауар бірлігін және екі жұмыскері 160 тауар бірлігін сатқан.

Енді біз осы ағымдағы айда тауарды сатумен айналысқан еңбеккерлердің еңбекақысын есептейміз:

230 тауар бірлігін сатқан  еңбеккерлердің еңбекақысы

=(1000+(230-100)х200)х5= 135000 теңге; 190 тауар бірлігін сатқан еңбеккерлердің еңбекақысы

=( 1000+( 190-100)х200)хЗ=57000 теңге; тауар бірлігін сатқан еңбеккерлердің еңбекақысы

=(1000+(160-100)х200х2=26000 теңге;

Тауар сатумен айналысқан еңбеккерлердің

еңбекақысының жиыны — 218000 теңге.

3. Тікелей кесімді төлемаңысының жүйесі. Негізгі өндіріс цехында жұмыс істейтін еңбеккерлерге (100 адам) тікелей кесімді төлемақысы бойынша әрбір әзірленген 100 өнім бірлігіне 850 теңгеден еңбекақы есептелген. Әзірленген өнім бірлігінің есебі әрбір еңбеккер бойынша жеке жүргізілген және солардың әрқайсысына жеке еңбекақы есептелген. Ағымдағы айда еңбеккерлер 300000 өнім бірлігін әзірлеген, олардың жалпы еңбекақысы: 300000/100x850=2550000 теңге құраған. Сонымен, негізгі өндіріс цехында жұмыс істейтін еңбеккерлердің еңбекақысының жиынтығы - 2550000 теңге құраған.

4. Аккордты төлем жүйесі. Жөндеу цехында (көмекші өндіріс цехында) жұмыс істейтіндерге аккордты төлем жүйесі бойынша еңбекақы төленген.

Негізгі өндіріс цехының жалпы еңбекақысы 300000 теңге құраған, жөндеуді орындауға жүмсалған уақыты 140 адам/сағаты болған, оның ішінде: 40 адам/сағаты - екі ағаш ұстасына, 30 адам/сағаты - бес дәнекерлеушіге, 10 адам/сағаты — үш энергетикке, 50 адам/сағаты — жиырма бес сылақшы-майлаушыға, 10 адам/сағаты — бес слесарьға кеткен. Топтағы жұмысшылардың әрқайсысы бірдей жұмыс уақытын жүмсаған деп шартты түрде аламыз.

Атқарған жұмысы үшін еңбеккерлердің еңбекақысы мынаны құрайды:

Ағаш ұстасы =300000/140x40=85714 теңге

Сварщик ү. =300000/140x30=64286 теңге

Электрик =300000/140x10=21429 теңге ч

Штукатурщик =300000/140x50=107142 теңге

Слессар =300000/140x10=21429 теңге

Жөндеу цехының еңбеккерлерінің еңбекақысының, жиыны =300000 теңге.

Кәсіпорында жұмысшы-жөндеушіге негізгі өндіріске қызмет көрсеткені үшін негізгі өндіріс еңбеккерлерінің еңбекақысынан (2550000) 12 пайыз мөлшерінде еңбекақы есептелінетін болып белгіленген, яғни жанама-кесімді еңбекақы төлеу нысанын пайдаланған. Демек, жұмысшы жөндеушінің еңдекақысы 306000 теңге құраған. Toп ішінде еңбекақы нақты істеген уақыты, не машықтығы (квалификациясы) бойынша таратылуы мүмкін. Сонымен, көмекші өндіріс еңбеккерлерінің еңбекақысы 606000 теңге (300000+306000) құраған.

Тағы да әр түрлі кәсіпорындарда еңбекақыны есептеу жүйесіне мысал ретінде біз бірнеше есептер карастырып, өтейік:

1-мысал. Төменде кәсіпорынның екі жылдық көрсеткіші берілген:

Жұмысшылардың сағаттық еңбекақы қоры, млн. теңге Сағаттьщ еңбекақы қорына қосымша төленетіні, млн. теңге Күндік еңбекақы қорына қосымша төленетіні, млн. теңге Жұмысшылардың орташа жылтьщ тізімдік саны, адам Жұмысшылармен істелінген адам-күн, мың Жұмысшылармен істелінген адам-сағат, мың

65,6 4,9 12,4 900 164,7 1293,9

94,3

8,8

*>

13,0 920 167,4 1344,4


Есептеу керек:

1. Есепті жылы базалық жылмен салыстырғанда еңбекақы қорының абсолюттік өзгеруін:

a) Жұмысшылардың орташа  жылдық тізімдік санының өзгеруіне  байланысты;

b) Орташа жылдық жалақы  мөлшерінің өзгеруіне қатысты.

2. Бір жұмысшыға шаққанда  орташа жылдық еңбекақы мөлшерінің  абсолюттік өзгеруін:

a) Сағаттық еңбекақы мөлшеріне  байланысты;

b) Жұмыскүнінің орташа  ұзақтығына байланысты;

c) Бір жұмысшының орташа істеген жұмыс күніне байланысты;

d) Сағаттық еңбекақы қорына төленген қосымшаға байланысты;

e) Күндік еңбекақы қорына төленген қосымшаға байланысты.

Шешуі:

Жоғарыда келтірілген мәліметтерді колдана отырып, төмендегі көрсеткіштерді анықтаймыз:

1. Есепті жылды базалық  жылмен салыстырғандағы жылдық  еңбекақы қорының өзгеруін:

базалық жылы: 65,6+4,9+12,4=82,9 млн. теңге; есепті жылы: 94,3+8,8+13,1 = 1 16,1 млн. теңге; Онда жалпы еңбекақы қорының абсолюттік өзгеруі( мынаған тең болады:

AF=Fi—Fo-'l 16,1-82,9=33,2 млн. теңге; оның ішінде:

a. Жұмысшылардың орташа  жылдық тізімдік санының өзгеруіне байланысты:

AFs=(Si-So)xfo=(92O-9OO)x92O76=l,8 млн. теңге;

b. Орташа жылдық еңбекақымөлшерінің  өзгеруіне қатысты:

AFr=(fi-f0)xS,=(126258-92076)x920=31,4 млн. теңге; (

2. Бір жұмысшыға шаққандағы  орташа жылдық еңбекақы мөлшерінің  абсолюттік өзгеруіне әсерін  тигізген себептерді, анықтаймыз:

Орташа жылдық еңбекақы мөлшерін мынаі көрсеткіштердің көбейтіндісі арқылы есептейміз: fo=50,70x7,86x183x1,07x1,18=92076 тенге; fi=70,14x8,03x1 82x1,09x1,13 = 126258 теңге; Af=fi-f2= 126258-92076=341 82 теңге; оның ішінде:

a) Орташа сағаттық еңбекақы  қорының өзгеруіне байланысты:

Af=(70,14-50,70)х1,07x1,18x8,03x182=3587135871 теңге

b) Жұмыс күнінің орташа  үзақтығының өзгеруіне байланысты:

50,70х 1,07х 1,18х(8,03-7,86)х 182= 1981 теңге;

c) Бір жұмысшының орташа  істеген жұмыс күнінің өзгеруіне  байланысты:

50,70x1,07x1,18x7,86x(l82-183)=-503 теңге

d) Сағаттық еңбекақы қорының қосымша төлем коэффициентінің көлеміне байланысты:

70,14х(1,09-1,07)х 1,18x8,03x182=2419 теңге

e) Күндік еңбекақы қорының  қосымша төлем коэффициентінің  өзгеруіне байланысты:

70,14х( 1,13-1,18)х 1,13x8,03x182=5792 теңге.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ:

Қандай да болмасын кәсіпорындарда өнім шығарудың артуы, соның есебінен олардың экономикасының дамуы еңбекақының дүрыс жолға койылуына тікелей байланысты.

Нарықтық жағдайда еңбекақыға деген көзқарас өзгеруде, "Кім көп жұмыс істесе, сол көп табыс табуы тиіс".

Тауарды сатудан түскен каржылар тауар өндірушілердің еңбектерінің сандық және сапалық бағалылығының және жеке табыстарының негізгі көздері жоғары өлшеміне айналады.

Еңбекақының нысаны мен жүйесі еңбекақының шамасы, еңбектің саны мен сапасы арасындағы байланысты белгілейді және өз еңбегінің қорытындысына байланысты еңбекақының белгілі тәртібін есептейді.

Кәсіпорындарды жұмыс істейтін жұмысшылардың еңбекөнімділігінің өсуі — ол еңбекақыны үлғайтуға мүмкіндік береді. Алайда кейбір кәсіпорындарда еңбекақының өсуі еңбек өнімділігінің өсуіне қарағанда әлдеқайда шапшаң. Бұл дұрыс емес. Еңбек өнімділігі әр уақытта одан жоғары болуы тиіс.

 Кәсіпорындарда еңбекакыны  есептегенде мыналар еске алынуы керек: принципті, яғни тең еңбекке тең ақы; атқарылатын жұмыстың күрделілігі және еңбек біліктілігі; зиянды жұмыс жағдайы және ауыр қол еңбегі; еңбектің сапалалағын ынталандыру және еңбекке адалдықпен қарау; ақаулыққа жол берген және өз міндетіне жауапсыздықпен қарайтындарға материалдык жаза; инфляция деңгейіне сәйкес еңбекақыны индекстеу; кәсіпорынның қажеттілігін қанағаттандыратын еңбекақының үдемелі нысаны мен жүйесін қолдану, т.б. ,

Сонымен еңбекақы дегеніміз жұмыскерлер еңбегімен өндірілетін қажетті өнімнің ақшаға айналдырылған бейнесі. Былайша айтқанда еңбекақы дегеніміз саудалық, нарықты экономика кезінде базарға түскен ерекше тауар жұмыс күшінің ақшаға шағып өзгертілғен құнының бір түрі. Бұл ретте жұмыс күшінің құны жұмыскердің тіршілік етіп, өмір сүруіне жұмыс қабілетін қайтып орнына келтіруге яғни жұмыс күшін қайта құруға қажетті шамаға сай келу керек. Бұл қажетті жұмыс уақытында жасалатын қажетті өнімнің көлемінбде болуға тиіс. Қажетті өнімнен басқа қосымша жұмыс уақыты есебінде жасалатын өнім болады. Оның есебінен сыйлық қосымша ақы төленеді. Қалған капитализм кезінде капиталистің қалтасына түседі, біздің дәуірімізде қоғамдық түтыну қорлары жасалады, ол імемлекеттің немесе меншік иесінің өз қалтасына, пайдасына түседі.

 


Информация о работе Еңбекақы жүйесі