Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі – Қазақстан халқының әлеуметтік жағдайын жақсартуда ең ауқымды фактор

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2013 в 11:15, реферат

Описание работы

Ел экономикасының нақты мүмкіндіктеріне қарай, халыққа әлеуметтік қамқорлықтың деңгейі әр кезеңде әртүрлі жағдайда болған. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында бұл мәселе аса күрделі болды. Алайда, соңғы он жылда мемлекеттің адам капиталының даму дәрежесін көрсететін білім мен ғылым, денсаулық сақтау, мәдениет және әлеуметтік қорғау салаларына жұмсап жатқан қаражатының сегіз есе өсуі бұл бағытта атқарылып жатқан ауқымды жұмыстың қарқындылығын байқатады. Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың жүргізіп отырған сарабдал саясатының нәтижесінде жыл өткен сайын республикамызда әлеуметтік міндеттемелер қомақты бола түсіп, біз ТМД мемлекеттері арасында көшбасшылар қатарындамыз.

Содержание работы

Кіріспе........................................................................................................... 3
І тарау. Қазақстандағы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі.......... 6
1.1 Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің деңгейі................................ 6
1.2 Қазақстанда әлеуметтік жауапкершіліктің даму
жолдарына ұсыныстар................................................................................ 10
ІІ тарау. Корпоративті әлеуметтік жауапкершілікті дамыту.......... 14
2.1 КӘЖ дегеніміз не?................................................................................ 14
2.2. АҚШ және Еуропа елдеріндегі КӘЖ модельдері............................. 18
Қорытынды................................................................................................ 22
Қосымша..................................................................................................... 23
Пайдаланған әдебиеттер.......................................................................... 25

Файлы: 1 файл

арай.doc

— 168.00 Кб (Скачать файл)

Қазақстан Республикасының  Білім және ғылым министрлігі

Әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

 

 

 

 

 

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі –

Қазақстан  халқының әлеуметтік жағдайын

жақсартуда  ең ауқымды фактор!

 

 

 

 

        Мырзатаев Ержан Кыдырбаевич

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы 2012

Мазмұны

 

Кіріспе........................................................................................................... 3

І тарау. Қазақстандағы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі.......... 6

1.1 Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің деңгейі................................ 6

1.2 Қазақстанда әлеуметтік жауапкершіліктің даму

жолдарына ұсыныстар................................................................................ 10

ІІ тарау. Корпоративті әлеуметтік жауапкершілікті дамыту.......... 14

2.1 КӘЖ дегеніміз не?................................................................................ 14

2.2. АҚШ және Еуропа елдеріндегі КӘЖ модельдері............................. 18

Қорытынды................................................................................................ 22

Қосымша..................................................................................................... 23

Пайдаланған әдебиеттер.......................................................................... 25

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Тақырыптың  өзектілігі. Мемлекеттің басты құндылығы – халқы, басты міндеті - өз азаматтарының әлеуметтік жағдайын жақсарту. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігінің алғашқы жылдарынан осы басты қағиданы жіті назарда ұстап келеді. Өйткені, мұның өзі Ата Заңымыздың басты талаптарының бірі болып саналады. Ел Конституциясының алғашқы бабы “Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік (бөліп көрсеткен біз – авт.) мемлекет ретінде орнықтырады…” деген сөздермен басталатыны да осыны аңғартады.

Ел экономикасының нақты мүмкіндіктеріне қарай, халыққа әлеуметтік қамқорлықтың деңгейі әр кезеңде әртүрлі жағдайда болған. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында бұл мәселе аса күрделі болды. Алайда, соңғы он жылда мемлекеттің адам капиталының даму дәрежесін көрсететін білім мен ғылым, денсаулық сақтау, мәдениет және әлеуметтік қорғау салаларына жұмсап жатқан қаражатының сегіз есе өсуі бұл бағытта атқарылып жатқан ауқымды жұмыстың қарқындылығын байқатады. Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың жүргізіп отырған сарабдал саясатының нәтижесінде жыл өткен сайын республикамызда әлеуметтік міндеттемелер қомақты бола түсіп, біз ТМД мемлекеттері арасында көшбасшылар қатарындамыз.

Бірақ мына Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығында әлі де қарастыратын мәселелеріміз алда. Соның ең маңызды мәселелерінің бірі – халықтың әлеуметтік жағдайы. Менің қарастыруға ұсынып отырған тақырыбым – Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі – ауқымды ұғым. Бұған қарапайым қайырымдылық пен демеушіліктен бастап, экология, жергілікті қауымдастықпен қатынас, дағдарыс кезінде көмек көрсетуге дайын болу, сапасы жоғары тауар өндіру, сондай-ақ қоғам мүшелерінің заман талабына сай өмір сүруіне қатысты басқа мәселелердің бәрі де кіреді деуге болады. Демек, бөбектердің балабақшалармен жеткілікті қамтылуы, оқушыларымыз бен студенттеріміздің мектептер мен жоғары оқу орындарында сапалы білім алуы, кәсіпорындарымыздың жаңа технологияларға сай жарақтандырылып, ондағы еңбек қауіпсіздігінің күшейтілуі, елді мекендеріміздің экологиялық жағдайы және т.б. осы сияқты қадау-қадау факторлардың бәрі де айналып келгенде халықтың әлеуметтік ахуалын сипаттайтын, соған тікелей әсер ететін жағдаяттар.

Осы тұрғыдан алғанда  зерттелетін тақырып өткір де өзекті мәселе болып табылады.

Жұмыстың мақсаты – Қазақстанда бизнестің әлеуметтік жауапкершілік деңгейін зерттей отырып, дамыту жолдарын ұсыну болып табылады. Қазақстан Республикасы өз алдына мемлекет болып, нарықтық экономикаға көшкенімізден бері, елімізде таңдалынып алынған тақырыптың зерттелу деңгейі әлі де төмен деңгейде. Сол себепті, осы тақырыпты ашу мақсатында келесідей міндеттерді қоямыз:

  • Қазақстанда бизнестің әлеуметтік жауапкершілік деңгейін анықтау;
  • Корпоративті әлеуметтік жауапкершіліктің мүмкіншіліктерін белгілеу;
  • Шет елдердегі корпоративті әлеуметтік жауапкершіліктің үлгілерін салыстыру.

Зерттеу жұмысының деректік базасы. Зерттеу жұмысын жазуда бірнеше дерек көздері пайдаланылды. Олардың классификациялары келесідей:

Деректердің бірінші тобына ұлттық, трансұлттық компаниялар қабылдаған кодекстері кіреді. Олар: «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясының корпоративті әлеуметтік жауапкершілігі кодексі [14], ресми құжаттар [15], Жеке кәсікер жөнінде Қазақстан Республикасының Заңы [16].

Деректердің екінші тобына  интернет желісінде бұқара ақпарат құралдарының ресми сайттарында, әлеуметтік ақпарат агенттіктерінде жарияланған мақалалар жатады [6-13].

Деректердің үшінші тобына елбасының, кәсіпкерлердің республикалық форумдарда, бұқара ақпарат құралдарында сөйлеген сөздері жатады.

Тақырыптың  зерттелу деңгейі. Ресейдің бизнес әлеуметтік жауапкершілігі бағытында зерттеушілердің еңбектері қаралған. Атап айтқанда, А.А. Шлихтердің «Америка Құрама Штаттарында бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі мен коммерциялық емес секторының өзара қарым-қатынасында бағыттары мен механизмі» [1], Н.Петрова және А. Титкованың Ресейдің саяси энциклопедиясы «Аймақтардағы билік, бизнес, қоғам: бұрыс үшбұрыш» [2], И.Н. Рябецтің «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі: әлеуметтік талдау аспектісі» [3] және қазақстандық зерттеушілерден Н.А. Товманың еңбектері [4-5] талданған. Жұмысты жазу барысында жоғарыда аталған еңбектерді басшылыққа алдық. Себебі, нарықтық экономика кеше көшкен елімізде зерттеу жұмыста отандық  зерттеушілер жоқтың қасы. Мұның өзі елімізде жұмыстың зерттелу деңгейі қаншалықты төмен екенін көрсетеді.

Жұмыстың құрылымы. Зерттеуге алынған жұмыс кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

 

 

 

І тарау. Қазақстандағы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі

1.1 Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің деңгейі

 

Елімізде мемлекеттің әлеуметтік міндеттерін орындау барысына толыққанды үлес қоса алатын бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыратын шаралардың қолға алынуы республикамыздың жетістіктерін тұрақты дамытуға жағдай жасайтынын көреміз. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі республикалық форумда бұл туралы көптеген жақсы пікірлер айтылды. Соның бірі – мемлекет пен бизнес экономикадағы мәселелерді шешуде ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік саладағы мәселелерді шешу жолында толыққанды мүдделес әріптес болуы керек деген тұжырым. “Әлеуметтік жауапкершілік тұрғысынан алып қарағанда мемлекет негізінен жолдың өзіне тиесілі бөлігін жүріп өтті, тұтасымен алғанда ол қызметін тиімді атқаруда. Ендігі кезек бизнестікі”, – деп Нұрсұлтан Әбішұлы атап көрсеткен болатын. Қалың жұртшылық бұл бастаманы қоштайды (7). Бұған дәлел ретінде Дүниежүзілік экономикалық форумның өткен ғасырдың сексенінші жылдарынан бастап экономикадан әлеуметтік салаға көбірек көңіл бөліп, тұрақты дамуға ден қойғанын айтуға болады.

Негізінен, бизнес табысты  болса, қоғам қарқынды дамиды. Ал қоғамның тұрақты да қарқынды дамуы бизнестің  табысты өркендеуіне жол ашады. Бұл тұрғыдан қарасақ, екі жақты қарым-қатынас бір-бірімен тығыз байланыста. Сол себептен, әлеуметтік жауапкершілікті ескеретін бизнес мемлекеттегі әлеуметтік мәселелерді шешуге белсене араласатын, “мен табысты бизнесменмін, сол себепті, қоғамның тұрақты болуын қалаймын” деген ниеттегі кәсіпкерлердің санын көбейтуге бағытталған.

Кәсіпкерлікпен айналысу үшін де адамға үлкен дарын керек. Ал талант пен азаматтық жауапкершілік  тоғысқан кезде нағыз тұлғалар пайда  болатынын және елді сүю – өркениеттіліктің ең үлкен белгісі екенін естен шығаруға болмайды. Ал бұл қағиданы ұстанбаған ірі кәсіпкерлердің өздері қолдағы барынан айрылғанын тарихтан білеміз.

Елбасымыз Жезқазған  қаласында өткен форумда корпоративті әлеуметтік жауапкершіліктің қағидаттарын анықтап, қабылдау қажеттілігінің маңызын атап өтті. Азаматтық қоғамдағы осы орайдағы қоғамдық ұйымдардың, соның ішінде әсіресе кәсіподақтардың рөліне назар аударды. Сөзінің түйіні ретінде ол әлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы проблемаларды шешуге бизнестің жауапкершілікпен қарауы керек екендігіне зор маңыз берді. Ұжымдық келісім-шарттар жасаудың қолданылу аясын кеңейтіп, жетілдіре түсуге шақырды. Түрлі нысандағы кәсіпорындардың әлеуметтік саланы қолдауға ықыласын арттыру мақсатында Елбасы өз Жарлығымен жыл сайын берілетін “Парыз” сыйлығын белгіледі. Сондай-ақ,  Салық кодексінде әлеуметтік жобаларға қатысқан бизнесті ынталандыру нормалары қарастырылған (2009 жылдан бері әлеуметтік жобаларға қатысатын бизнестің корпоративтік табыс салығын төмендету бойынша ынталандыру жүйесі жүргізіліп келеді). (11)

Әрине, мұның бәрі баршамызға үлкен міндеттер жүктейді. Әсіресе  табысты жұмыс істеп жатқан компаниялардың өз ұжымының және қоғамның әлеуметтік мәселелерінен шет қалмағаны дұрыс. Негізінен, бізде әлеуметтік жауапкершілікті қажетті деңгейде дамытуға енді ғана назар аударыла бастауы – бұрынғы Кеңес Одағы кезіндегі қалыптасып қалған көзқарастан нарық экономикасы кезіндегі қарым-қатынасқа түбегейлі көшуіміздің белгісі деп түсіну керек.

Кейбір компаниялар (нақты айтқанда, көбісі) КӘЖ-ті жақсы PR лозунг ретінде қолданады. Мысалы, оның артында не тұрғанын түсінбей, қоғам алдында компания имиджін жақсарту керек болса немесе өнім әлеуметті жауапты компаниямен өндірілгенін артық бір рет айту керек.

Қайырымдылық мақсатында бөлек қайырымдылық қорын құру жөн. MBA бағдарламасының көптеген европалық студенттері КӘЖ енгізілген компанияларда жұмыс жасағылары келетінін айтады. Кейбір елдерде КӘЖ бар компанияларға салық жеңілдіктері және бұл бағдарламалар жоқ болса, айыппұлдар қарастырылған. Көптеген жағдайда бұл ресми лозунгтарға әкеліп соғады. Бұдан мынадай қорытындылар келтіруге болады:

-  Қайырымдылық  пен әлеуметтік жауапкершілікті  шатастырмау керек.

- Компания  құндылығын арттыруға бағытталған  тиімді және кәсіби менеджменттің болуы, көптеген жағдайларда, компанияның жылдық есеп беруінде жоқ болса да, КӘЖ тәжірибесін енгізуді тұспалдайды.

- Жауапты және  әдепті бизнес - тиімді бизнес.

Солай бола тұрғанымен де, қоғамдық санада, әсіресе дамушы елдерде, КӘЖ әлі көп уақыт PR мен маркетинг синонимы болып тұр.

«Экологияны талап, ластайтын  трансұлттық компаниялар үшін осы  КӘЖ принциптері құрастырылған. «Әлеуметтік жауапкершілік» термині кең таратылып, насихаттауда, сондықтан оның кіші бизнеске қатысы жоқ деп нақты айта аламын. Өйткені кіші бизнес мемлекеттер мен континенттерді талаған жоқ, экологияны ластаған жоқ. Әлеуметтік институттар, трансұлттық компаниялар, ұлттық компаниялар және қаржы секторы әлеуметтік жауапты болуы керек. Дағдарыс кезінде елеулі жеңілдіктерді, елеулі демеу мен мемлекеттік жәрдемді  солар алған болатын. Сондықтан, олар әлеуметтік жауапты болатын уақыттары жетті» - деген Алматы кәсіпкерлер ассоциациясының президенті Виктор Ямбаев. Расында да солай. (13)

Ендеше, бұл зерттеуді жүргізудегі негізгі мәселеге Қазақстанда КӘЖ-ді дамыту үшін қандай қадамдарды жасау керек?

Білуімізше, Кеңес Одағы  кезінде, өз қаржысы мен қоғамдық тұтыну қоры қаржысына негізгі материалдық  игіліктерге тең қол жеткізуді  көздейтін, ұлтық табысты бөлісудің  мүлдем басқа механизмі болған. Кеңес  моделі аясында қызметкерлерді үй-жаймен, балаларды мекетпке дейінгі білім берумен, медициналық қызмет көрсетумен және т.б. қамтамасыз ету, әлеуметтік инфраструктураның мекемелер торын иемденген, мемлекет пен ірі кәсіпорындар қаржысынан болған.

Нақты КӘЖ механизмі Давос манифестінде (1973 ж.) тұжырымдалған, онда компаниялар өздерінің қызметкерлері мен отбасы мүшелері, серіктестері мен контрагенттері алдында әлеуметтік жауапты екені жазылған. Мұндай шешімді қабылдау, бір жағынан, компанияның кәсіпқой қызметкерлерін ұстап қалу үшін, компанияның жақсы беделін жасау мен серіктестерімен, ұлғайған бәсекелестік жағдайында, экономикалық байланыстарды орнықтырумен байланысты. Әлеуметтік жобаларды іске асыруға қатысу, сонымен қатар аймақты дамыту, Давос манифесті бойынша компанияның әлеуметтік міндетіне жатпайды, тек қана имидждік қызмет ретінде, қайырымдылық көмек ретінде қарастырылады.

Қазақстанда қазіргі  кезде мемлекет те қатаң шараларды  қабылдамайды, компаниялар да КӘЖ  негізгі принциптерін орындамай  келеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2 Қазақстанда әлеуметтік жауапкершіліктің

даму жолдарына  ұсыныстар

 

Кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілік  мәселесін көтеру үшін келесідей ұсынысым бар: екінші ДАВОС-қа айналып, беделі артып келе жатқан кезекті Астана Экономикалық Форумында арнайы пленарлы отырысында талқылау керек. Себебі, осы сұхбат платформасында шетелдің бизнес өкілдерімен пікір, тәжірибе алмасып, қарастыруға кеңінен мүмкіндік бар.

Информация о работе Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі – Қазақстан халқының әлеуметтік жағдайын жақсартуда ең ауқымды фактор