Контрольная работа по "Менеджменту"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2013 в 22:32, контрольная работа

Описание работы

1. Менеджментке өзіңіздің түсінігіңіздң беріңіз.

2. Басқару мен менеджмент арасындағы ерекшеліктер.
3. Басқарудың мәні мен қағидалары.

Файлы: 1 файл

Нурик СРС.docx

— 54.14 Кб (Скачать файл)

1 аралық бақылау

2-апта

  1. Менеджментке өзіңіздің түсінігіңіздң беріңіз .

 Менеджмент –бұл өндірісті басқару, меңгеру және ұйымдастыру, өндірістің тиімділігін көтеру және пайданы арттыру мақсатында әзірленіп қолданылатын басқарудың принциптерінің, әдістерінің, құралдарының және нысандарының және нысандарының жиынтығы.                                                          Менің ойымша, менеджмент –бұл өндірісті басқару принциптерінің, әдістерінің, құралдарының және нышандар жүйесі.

  1. Басқару мен менеджмент арасындағы ерекшеліктер:

 

  • кәсіпорын жұмысын жоспарлау және болжау. Басқару стратегиясын, бағдарлама іс-әрекетін жасау, қаржыландыру көздерін іздестіру және белгіленген шешімдер мен бағдарламаның орындалу мерзімін анықтау;
  • ранг дәрежесіне байланыссыз барлық жұмыскерлердің орындауға, жүзеге асыруға тиісті жұмыстарын ұйымдастыру, яғни жұмыстың орындалу құрылымын ұйымдастыра білу қажет; сөйтіп барлық қызметкерлердің күш-жігерін өнімді жұмысқа мақсатпен бөлу және оны жоғарғы тиімділікке мақсатты бағыттау
  • басшы мен оның қарамағындағылардың істерін үйлестіру. Өзінің және басқалардың қызмет атқаруын тұрақты қарау, сөйтіп оны өзінің және сол ұйымның қойған мақсатына жету үшін бағыттау;
  • алдағы мақсаттарды қамтамасыз ету үшін ұйымның жұмысын бақылау.

 Менеджменттің ерекшеліктері:

  • тұтынушының мұқтаждықтарын ескеріп, тауарлар мен қызметтерді өндіруді ұйымдастыру;
  • нарықта кәсіпорынның тұрақты жағдайын қамтамасыз ету;
  • персоналдың жұмысын ынталандыру;
  • жаңа нарықтарды тұрақты түрде іздеу және игеру;
  • кәсіпорынның дамуының стратегиясын құрастыру;
  • оларды қамтамасыз етудің қажетті ресурстары мен көздерін анықтау;
  • кадрлардың квалификациясын жоғарылату;
  • шығармашылық белсенділіктің атмосферасын тудыру.

 

  1.  Басқарудың мәні мен қағидалары:

 

Басқарудың мәні әр-түрлі тізбектерінде және басқарудың әр-түрлі деңгейлерінде материалдық құндылықтарды өндіру саласында басқарушылық қатынастар болып табылады. Басқару – мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарда, қоғамдық құрылыстың барлық саласында қолданады, аз шығындармен барынша тиімділікке қол жеткізуді көздейтін болғандықтан да басқару теориясы мен тәжірибесі барлық деңгейлерге тән. Басқару – процесс  ретінде  жалпылама ортаға ие болып, табиғаттың барлық құбылыстарында, яғни табиғатта (өндірістік құралдар мен заттарын арттыруда) тірі табиғатта (биологиялық жүйелерде) және қоғамдағы әлеуметтік жүйені басқару процестерінде орындалады. Басқарудың қағидалары :

- зерттеу объектісін бақылау;

- объект туралы ақпаратты жинақтау, өңдеу және зерттеу;

-  талдау мен синтез құралдары бойынша зерттеулер;

- индукция және дедукция;

- кешендік және жүйелік келіс;

- гипотезаларды құрастыру және оларды тексеру;

- эксперименттерді жүргізу;

- логикалық және математикалық формаларды үлгілеу.

  1. Басқару субъектісіне кімдер/нелерді  жатады:

Басқару  мен  менеджментте  бірдей  категориялар  пайдаланылады,  бұларға   жататын  ұғымдар  мынадай – «басқарудың  объектісі  мен  субъектісің, «олардың  арасындағы  тура  және  кері  байланысң, «басқару  жүйесің, «қоршаған  ортаң.

Басқару  субъектісі –  бұл  басқарушылардың  барлығы,  яғни  саланың, кәсіпорынның, бөлімшелердің  басқару  аппараты. Сонымен қатар, Басқарау субъектісі – ұйымдардың әрекет етуінің белгілі бір салаларында шешімдерді қабылдау саласында өкілеттіліктерге ие әр-түрлі деңгейлі басшылар менеджерлер.

  1. Басқару объектісін қалай түсінесіз? Мысал келтіріңіз.

Басқару  объектісі –  бұл  бақарылатындардың  барлығы, яғни  сала, кәсіпорын, бөлімшелер  және  т.б.  Менеджментте  басқару  объектісі  ретінде  әр  уақытта  белгілі  бір  мақсатқа  жету  үшін  өздерінің  іс-қызметтерін  үйлестіретін    және  бағытталатын  адамдар  тобы  қарастырылады. Басқару объектісі  – кез-келген белгіленуге ие өзара байланысқан құрылымдық бөлімшелердің барлық құрамы Мысалыға: цехтер, учаскелер, бөлімдер, секторлар, зертханалар және с.с.)

  1. Кәсіпкерлік пен бизнес арасындағы ерекшіліктер:

 Кәсіпкерлік – адам  қызметінің ерекше саласы және  ол еңбектің басқа түрлерінен  оқшауланып тұрады. Бұған кезінде  атақты неміс экономисі Гарвард  университетінің профессоры –  Йозеф Алоиз Шумпетер (1883-1950ж)  мән берді. Оның айтқан мынадай  сөзі бар еді: «Кәсіпкер болу  – басқаның істегенің істемеу». Екінші жағынан кәсіпкерлер –  алдымен кәсіпкерлік жұмысты  ұйымдастырушылар. Ол туралы француз  экономисі Жан Батист Сэй (1767-1832ж)  былай деген: «Кәсіпкер – адамдарды  өндірістік шеңбер ауқымында  ұйымдастыратын адам».  Экономикалық  әдебиеттерде кәсіпкерлік пен  бизнес ұғымдарын балама түрінде  қарастыру жиі кездеседі. Бизнес  пен кәсіпкерлік жақын ұғымдар  болғанымен, оларды бір бірімен  баламалап, теңестіріп қарауға  болмайды.

Бизнес – табыс әкелетін кез келген қызметтің түрі. Ал кәсіпкерлік (предпринимательство) – новаторлық іс. Нағыз кәсіпкер ол - өнертапқыш. Сондықтан да бизнеспен айналысатын  адамдар ешуақытта кәсіпкер бола алмайды.

Кәсіпкерліктің ерекшеліктер:

  • Дербестік және тәуелсіздік;
  • Экономикалық және жеке жаңашылдық;
  • жай, ол бірлескен қызмет шартына негізделеді;

-    толық, барлық мүлікке ынтымақтастық жауапкершілік жүктеледі;

  • жауапкершілігі шектелген, салынған салым құны шеңберінің

     жауапкершілігі  жүктеледі;

  • коммандитті, аралас жауапкершілік (біреудің толық мүлкімен және біреудің салынған салымымен);
  • қосымша жауапкершілікпен, өзінің салымдарымен және оған жататын мүлікпен қосымша жауапкершілік мойнына алынады;
  • өндіріс және тұтыну кооперативтері;
  • консорциумдар;

Бизнестің ерекшеліктері:

  • кәсіпкерлердің ұжымдары мен кәсіпкерлік ассоциялар;
  • өндірген өнімді тұтынатын жеке адамдар мен ұжымдар, сондай-ақ, тұтынушылардың одағы мен ассоциациялар;
  • келісімшарт немесе басқа негізде жалдагып еңбек ететін жұмыскерлер, сондай-ақ олардың кәсіподақтары:
  • мемлекеттік құрылымдар.

Демек, бизнес – бұл табыс  әкелетін адамның экономикалық қызметі. Кәсіпкерлік – бұл да адмның экономикалық қызметі, бірақ бұл қызметті жаңа ізденіске бағыттайды және осы жаңалықты  жүзеге асыру үшін тәуекелге бас  ұрады.

 

4- апта

  1. Ұйым туралы түсінік.

Ұйым – бұл қызметтері жалпы мақсатқа немесе мақсаттарға  жету үшін бағытталған адамдар тобы. Ұйым – жалпы мақсаттарға жету үшін құрылатын, айқын құрылған бірлескен қызметтері және айқын белгіленген шекаралары бар  автономды адамдар тобы ретінде көрінісін табатын әлеуметтік жүйе.

Ұйымның қасиеттері:

  • ресурстар;
  • сыртқы ортамен байланысы;
  • еңбектің бөлінісі: горизонталды, вертикалды;
  • жалпы басқару.

Ұйымның жүйе ретінде функциялары  мен құрылымы болады. Оның негізгі  функциясы – мәселелерді шешу және мақсатқа жету.

Ұйымның құрылымы, яғни, оның бір-бірімен тығыз байланысқан  элементтерінің реттелген жиынтығы, оның түрлері:

  • техникалық;
  • әлеуметтік-техникалық;
  • әлеуметтік;
  • нормативтік-құқықтық құрылым.

Ұйымның екі түрі бар:

1. Ресми ұйымдар

2. Бейресми ұйымдар.

3. Күрделі ұйымдар

Ресми ұйымдар- ұйымның мақсатына  жету үшін басшылықтың еркімен құрылған адамдар тобы. Жалпы ұйым туралы айтылса, ол ресми ұйымдар тобы. Ресми  ұйымдар белгілі бір заңды  талаптарға негізделген.

Бейресми ұйымдар  —  әр түрлі әлеуметтік ішкі себептерге байланысты ресми ұйымның ішінен құралған ұйымдар. Бейресми ұйымдар  шағын ғана ұйымдардан басқа барлық ресми ұйымдарда болады. Оларда жетекшісі болмасада, олар өте қажет. Олар белгілі бір мақсаттарға жету үшін жүйелі түрде өзара қатынаста болатын адамдар тобы.

Күрделі ұйымдар – құрылыммен мақсаттардың жан-жақты кешенді  сипаты жағдайында п.б.

  1. Ұйымның жалпы сипаттамалары.

Ұйымдарға тән сипаттамалар: ресурстар,сыртқы ортадан тәуелділігі, еңбек бөлінісі,басқарудың тәртіптілігі және бөлімдер.

Ұйымдардың негізгі сипаттамалары  ретінде 1-ші ресурстарды қарастырайық. Жалпы алғанда кез-келген қызмет ол нәтижеге, мақсатқа қол жүргізуде ресурстарды тиімді пайдалану б.т. Ұйымдағы ресурстар: адамдық, қаржылық, материалдық, технологиялық және ақпараттық.

2-ші сипаттама ұйымның  сыртқы ортадан тәуелділігі. Ұйымның  қызметі мен нәтижесі көп жағдайда  оны қоршаған ортасындағы экономикалық, саяси, нарықтық, халықаралық, әлеуметтік  және тағы сол сияқты факторларға  байланысты.

3-ші сипаттама ұйым  ішіндегі еңбек бөлінісі көлденең  және тік еңбек бөлінісі.

4-ші сипаттама басқарудың  қажеттілігі нарықтық экономика  жағдайында басқару ісі одан  әрі күрделене түсіп, бәсекелестік, меншік формаларының сан-алуандығы  және шаруашылық дербестік орын  алғанда басқарудың қажеттілігі  мен басқаруға қойылатын талаптар  арта түседі.

 

  1. Тік еңбек бөлінісіне мысал келтіріңіз

Тік еңбек бөлінісі –  басқару ісінің күрделі жүйелік  сипатта болуынан туындайтын әрекет. Мақсатқа жетуде басқарушы ұйым қызметін тиімді үйлестіруі қажет. Сондықтан қызметкерлердің анықталуы өкілеттіліктердің берілуі және басқару деңгейлеріне бөліну жүзінде асырылады. Ұйым ішінде басқару деңгейлері жоғары, орта және төменгі деңгей болып бөлінеді.

  • Жоғарғы буын ұйымның жалпы стратегиясын бағыт бағдарламасын уақыт пен кеңістік бойынша қалыптастырып жасауда және жалпы ұйымның дамуды бағалауда қызмет атқаратын жоғарғы басшыларды өз құралына енгізеді.
  • Орта буын жоғарғы буын анықтаған ұйымның жалпы мақсатын жүзеге асыруда үйлестіру қызметтерін орындайтын өндірістік және функционалдық ұйым басшылары.
  • Төменгі деңгей тікелей орындаушылар және де төменгі ішінара қызметкерлерді орындайтын басшы буындары.
  1. Сыртқы  орта нешеге бөлінеді?

Сыртқы орта дегеніміз - ұйым жұмысына сырттан әсер етуші орта. Кез келген ұйым ашық жүйе ретінде болады.

Сыртқы ортаның сипаттамасы:

- күрделілік;

- қозғалмалық;

- белгісіздік;

- бір-бірімен байланысы.

Сыртқы орта 5 түрге бөлінеді:

1.Сыртқы экономикалық орта. Оның элементтеріне:

- капитал, машиналар, ғимараттар, тауар қорлары, кеңсе жабдықтары,       әр түрлі аспаптар, қолда бар ақша;

-   жұмысшы күші;

- баға деңгейі;

-  жоғары білікті кәсіпкерлер мен әкімдердің болуы өте жоғары бағаланады;

-   сатып алушылар.

2.Сыртқы технологиялық орта. Іскерлік  белсенділік пен хнология арасындатығыз байланыс бар. Басқару практикасына технология айтарлықтай әсер етеді. Өйткені, оның өзі сапалы өнім өндіру мен қызмет көрсетуді жолаған кезде, жетілдірудің, өндірудің және оған басшылық етудің маңызды элементі болып табылады. Технологияның өзгеруіне қарай басшы кадрларымен қамтамасыз ету тәсілі де белгілі бір дәрежеде өзгеріп лотырады.

          3.Сыртқы әлеуметтік орта – ол сол топтағы адамдардың көзқарасына, тілек, ықыласына, интеллегенттілігі мен біліміне, сенімі мен дәстүріне қарай қалыптасады.

          4.Сыртқы саяси орта. Басқарушының саяси және заңды ортасы әлеуметтік ортамен тығыз байланыста болады. Саяси орта, әдетте саяси және үкімет басшылары мен заң шығарушылардың көзқарасы мен әрекетінің орталығы болғандықтан, мұның өзі әлеуметтік талап пен сенімнің бәсеңдеуі мен көтерілуіне қарай өзгеріп тұрады.Басқарушылардың көзқарасы тұрғысынан ең дұрысы саяси тұрақтылық. Барлық ұйымдағы басшылар шешім қабылдар алдында заң кеңесшілерімен ақылдасады.

Информация о работе Контрольная работа по "Менеджменту"