Контрольная работа по "Менеджменту"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2013 в 22:32, контрольная работа

Описание работы

1. Менеджментке өзіңіздің түсінігіңіздң беріңіз.

2. Басқару мен менеджмент арасындағы ерекшеліктер.
3. Басқарудың мәні мен қағидалары.

Файлы: 1 файл

Нурик СРС.docx

— 54.14 Кб (Скачать файл)

          5.Сыртқы этикалық орта – ол әлеуметтік ортаның құрамдас элементіне жатады, практикада жалры қабылданған және қолданылып жүрген жеке бастың жүріс-тұрыс стандарттары жиынтығынан тұрады.

 

  1. Ұйымдағы коммуникация және жетілдіру шаралары

Коммуникация дегеніміз- екі немесе одан да көп адамдардың немесе адамдар тобының өзара  ақпаратпен, мәліметтермен алмасу.

Коммуникация – басшылық етудің байланыстырушы процесі болып  саналады.

Ұйымдағы коммуникациялар  турлері:

  • Ұйым мен сыртқы орта арасындағы коммуникациялар
  • Ұйым ішіндегі бөлімдер мен деңгейлер арасындағы коммуникациялар
  • Бейресми коммуникациялар

Ұйымдағы коммуникацияларды  жетілдіру шаралары:

а) ақпараттық ағымдарды бақылау;

- басшы өзіне және бағыныштыларына  қажетті ақпаратта қажеттілікті  анықтау керек.

б) басқарушылық іс -әрекеттер бағыныштылармен кездесу, семинарлар жургізу;

в) кері байланыстар жүйесі;

- адамдарды мәселені талқылау  үшін ұйымда орындарын алмастыру

- қызметкерлерден сұрау

г) ұсыныстарды жинау жүйесі: анонимді ұсыныстарды жинау үшін жәшік, телефон қоңыраулар, басшылар мен бағыныштар тобын құру жеке блог ашу

д) ақпараттық бюллетендер, басылымдар, бейнежазулар.

 

6- апта

  1. Менеджмент процесіндегі шешімнің ролі.
  2. Басқару шешімдері туралы түсінік, олардың жіктелуі.
  3. Шешімді жүзеге асыру әдістері.

Шешім – дегеніміз бұл баламаны таңдау.

Шешім қабылдау - ақпарат алмасу сияқты кез- келген басқару қызметінің құрамдас бөлігі. Шешім қабылдау қажеттігі басқарушының алға қойған мақсатының қалыптасуы мен сол мақсатқа жетуіндегі іс - қимылын түгелдей қамтиды.

Адамдардың шешім қабылдау қабілеті де бірте  - бірте тәжірибе жүзінде дамиды. Біздің әрқайсысымыз күніне 100-деген, ал өмір бойына 1000- даған  шешімдер қабылдаймыз.

Жеке өмірдегі шешім қабылдағанға қарағанда, басқарудағы шешім қабылдау, өте қатаң жүйленген процесс. Басқару шешімдері жетекші қабылдаған шешімдер арқылы жұмыс жасайтын адамдардың өміріне ықпал етуі мүмкін. Маңызды  шешімді  қабылдаудағы жауапкершілік  басшыға ауыртпалығын әкеледі. Сондықтан  басшылар ойланып қарастырылмаған  шешімдерді қабылдай алмайды.

Ұйымдық шешімдер дегеніміз - лауазымды адамдардың өздеріне берілген міндетті орындау үшін тыңдай білу қабілетінің болуы. Оның мақсаты ұйымдық алдына тұрған мәселелер қозғалысын қамтамасыз ету. Сондықтан да тиімді ұйымдық шешім деп қабылданған және орындалған мақсатты айтуға болады.

Ұйымдық шешімдерді 2 түрге  бөлуге болады.

1) бағдарланған;

2) бағдарланбаған;

3) бағдарланған шешім  - іс- қимылдың белгілі - бір айқын  қисынға ( логика) сәйкес, нәтижелі  түрде жүзеге асырылады;

4) бғдарланбаған шешім  - мұндай шешімдер белгісіз факторлармен  ілесе жүретін анықталған өлшемде  жаңа болатын жағдайда талап  етеді. Сол себепті қажетті қадамдардың нақтылы реттілігін алдын-ала құру мүмкін емес.

Бағдарланған шешімдер қатарына мына типтегі шешімдер жатады: үй мақсаттары қандай, өнімді қалай жақсартуға болады, бөлімнің құрылымын қалай жетілдіру  қажет бағыныштарды қалай ынталандыру  керек.

Басқарушылық шешімдерді жіктеудің белгілеріне мыналарды  жатқызу керек:

1) шешілетін мәселерді  қамту дәрежесі ( ауқымдылығы);

2) қабылданған шешімнің  жүзеге асырылатын ұзақтығы;

3) қабылдау шешімнің ықпал  ететін объектілігі;

4) шешімнің қабылдау функцияларының  сипаты.

Шешім мәселесінің  ауқымдылығы жағынан басқару шешімінің жалпы және жеке түрлері болып көрсетіледі. Жалпы шешімдерге жататындар тұтас алғанда бүкіл шаруашылығына қатысты шешімдер.

Жеке шешімдерге жататындар өндірістің жекелегген жақтары, қызметтің  жекеленген  топтарын қамтитын шешімдер.

Жалпы және жеке басқарушылық шешімінің арасында тығыз байланыс бар. Жеке шешімдер жалпы басқарушылық шешімдерді нақтылаудаң және олардың  орындаушыларға жеткізудің тәсілі болып  қызмет етеді.

Шешімнің жүзеге асырылуы ұзақтығы жөнінен шешімнің мынандай түрлері бар:

а) ұзақ мерзімді ( перспективалық). Шешімдер жүзеге асырылуы бірнеше жылдарды керек ететін шешімдер жатады;

б) орташа мерзімді ( ағымдағы) шешімдер бір жыл ішінде жүзеге асырылады  және өндірілген циклімен байланысты болады.

г) қысқа мерзімді ( оперативті ) шешімдер мәселесінің неғұрлым шағын  тобын қамтиды, өздерінің сипаты жағынан көбінесе жеке шешімдер болады.

 Ықпал ету объектісі жөнінен:

- сыртқы;

- ішкі шешімдер деп  бөлуге болады.

Сыртқы шешімдер – белгілі - бір шаруашылық басқа кәсіпорынмен қарым-қатынасы қамтиды.

Ішкі шешімдер - шаруашылықтың  өз өмірінің түрлі жақтарын қамтмды.

 Функцияның сипаты жөнінен:

- экономикалық;

- технологиялық;

- қаржылық;

- әкімшілік шешімдер болып табылады.

Экономикалық шешімдер - жоспарлардың, нормалар мен нормативтердің, еңбекке ақы төлеудің бүкіл жүйесін жасаумен, бағамен, өнімді өткізу  және табыстарды бөлумен байланысты.

Технологиялық шешім - өндіріс процесін ұйымдастыру мәселесіне қатысты. Бұл шешімдердің әрбір салада тиімді технологияны таңдап алуда, жұмыстарды материалдық - технологиялық жағынан қамтамасыз етуді белгілеп береді.

Қаржылық шешім - жоспарлық және есеп беру қаржы балансынан белгілеп, бекітуге, несиелер алып, оларды өтеуге  бағытталған. Бұл шешімге ақшалай есеп айырысудың бүкіл жүйесі жөніндегі шешімдер жатады.

Әкімшілік шешім – басқару аппаратының жұмысына қатысты болады және қызмет бабындағы адамдардың, бөлімшелерінің, құқықтар мен міндеттерін реттеп отыруға, олардың жұмыс істеуімен өзара қарым - қатынасының тәртібін белгілеуге бағытталған.

Шешім қабылдау-  азды - көпті ұзақ процес. Бұл процес бірнеше сатылардан тұрады.

а) Әзірлік саты- жағдайында жалпы сипаттама берумен және оны бағалаумен, мақсатты айқындап алу, шешім қабылдау үшін қажетті бүкіл ақпараттармен танысу және шешімдердің болуы мүмкін варианттармен белгілеумен байланысты.

б) Негізгі саты- шешімнің түрлі варианттарын өзара салыстыра отырып, олардың ішінен керектісін таңдап алу және оны құжат түрінде тұжырымдау үшін қажет.

в). Қорытынды саты- шешімді орындаушыларға жеткізу жөніндегі жұмыстар, шешімнің орындалуын ұйымдастыру, шешімнің орындалу барысын бақылау және қорытындыларын шығару.

 

2 аралық бақылау

8- апта

  1. Ұйымдастыру функциясының мазмұны.

Басқарудың маңызы функциясының бірі ұйымдастыру. Ұйымдастыру дегеніміз - мақсаттарға жету үшін адамдарға бірге тиімді жұмыс істеу мүмкіндігін беретін кәсіпорын құрылымын таңдау және оны құру процессі.

Басқарудың ұйымдастыру  құрылымы – бір-бірмен белгелі қарым-қатынаста  және тәуелділікте болатын және коммуникациялық  каналдармен қосылған, басқарудың дербес буындарының (бөлімшелерінің және қызметтерінің) реттелген жиынтығы.

Құрылымда келесіні бөліп  айтуға болады:

1) жалпы басқару буындары (дирекция);

2) сызықтық басқару буындары (негізгі қызметтің бөлімшелерін  басқару органдары);

3) функционалдық басқару  буындары (жоспарлау бөлімі және  т.б.).

Басқарудың ұйымдастырушы  құрылымымен байланысты негізгі  түсініктер:

1) элементтер (буындар);

2) деңгейлер;

3) байланыстар;

4) өкілеттіліктер.

Ұйымдастыру функциясы жоспарлау  функциясымен байланысты. Ұйымдастырудың басты компаненті адам болатын жұмыс құрылымын құрастыруға бағытталады. Келесі қағидалар басшылыққа алынады:

  1. Ұйым мақсаттарын анықтау және нақтылау.
  2. Мақсаттарға жету әрекет түрлерін белгілеу.
  3. Еңбек бөлінісі және мамандандыру.
  4. Жұмыстың әртүрлі түрлерін үйлестіру.
  5. Мақсат бірлігі.
  6. Басқарылу нормасы.

 

  1. Өкілеттіліктерді бөлу және жауапкершілік.

Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы басқарудың мақсаттары мен  міндеттерін ұйымның бөлімшелерімен қызметкерлері арасында бөліп берумен  сипатталады. Осыған байланысты өкілеттіліктерді дилигерлеу маңызды орын алады.

Дилигерлеу дегеніміз - басшыға  заңсыз көп міндеттерді қызметкерлер арасында бөлуге мүмкіндік беретін  құрал оны ұйым мақсатына жету үшін пайдалану қажет олай болмаса  міндеттерлі басшының өзі шешуіне  тура келеді, бұл көп жағдайда мүмкін емес менеджмент класиктерінің бірі Фалеттің пікірі бойынша басқарушылардың  мәні. жұмысты басқаларға істете білу көрсетілген. Сондықтандак дилигерлеу адамды басшыға айналдыратын акт  болып табылады.

Дилигерлеу өкілеттілікті  қабылдаған жағдайда жүзеге асырылады, ал жауапкершілік дилигерленбейді. Соңғы есепте басшылар кәсіпорынның және де өз қарамағындағы қызметкердің де жұмысына да жауапты. Сондықтан кәсіпорын неғұрлым ірі болатын болса, басшы жалақысының көлемде соғұрлым жоғары болады. Себебі олардың жауапкершілік көлемі жоғары.

Жауапкершілік дегеніміз - дилигерленген  міндеттердің қанағаттандырарлық орындалуына  жауап беру.

Өкілеттілік дегеніміз - ұйымның  ресурстарын пайдалануға және белгілі-бір  міндеттерді орындауға, қызметкерлердің  күш жігерін бағытталған, шектелген  құқық өкілеттілік белгілі бір  жеке адамға байланысты емес, лауазымға  сәйкес белгіленеді.

 

  1. Мотивация туралы түсінік, эволюциясы.

Мотивация – жеке мақсатта немесе ұйымның мақсаттарына жету үшін өзін және басқаларды ынталандыру үрдісі.

Сонымен мотивация дегеніміз - бір бағыттағы мақсатқа жету үшін адамдардың белгілі-бір дәрежеде жұмсаған ынта жігері, көрсеткен табандылығы және талпыну деңгейі немесе әркімнің өз мақсатына жетуі үшін өзін және өзгелерді қызметке тарту процесі.

Мотивациялаудың екі типі бар:

  • сыртқы күштердің әсерінен адамдардағы белгілі іс-қимыл мотивьерін қозғау.
  • адам бойында белгілі мотивациялық құрылымның қалыптасуы. Бұл тпи тәрбиелеу және оқыту процестеріне байланысты. Адам еңбегінің нәтижесіне де байланысты.

Мотивацияның түрлері:

1) экономикалық;

2) кәсіби;

3) биліктік;

4) ойлық;

5) шаруашылық (дербестікке  ұмтылу);

6) шығармашылық (креативтік), жаңасын іздеу.

Ынталандыру – ұйымның  пайдасына стимулдарды қолдану  үрдісі.

Функциялары:

1) экономикалық – өндірістің  тиімділігін арттыруға жағдай  жасайды;

2) өнегелі – моральдық-психологиялық  климатына әсер етеді;

3 әлеуметтік – жұмысшылардың  кірістері мен шығыстарын құрады.

Принциптері:

1) кешендігі – бүкіл  стимулдардың түрлерінің оптималдық  қатынасы;

2) индивидуалдық жол

3) түсініктігі

4) елеулілілгі;

5) нәтиже  мен сый ақының  арасындағы минималдық  ерекшелік.

Қорыта айтқанда, мотивация  дегеніміз - бір бағыттағы мақсатқа жету үшін адамның белгілі-бір дәрежеде жұмсаған ынта – жігері. Көрсеткен  табандылығы және талпыну деңгейі  немесе әркімнің өз мақсатына жетуі  үшін өзін және өзгелерді қызметке тарту процесі.

 

  1. Мотивацияның мазмұндылық және процессуалдық теорияларының мазмұны.

Мотивация теорияларын екі категорияға бөлінеді : мазмұндық және процессуалдық.

  • Мотивацияның мазмұндылық теорялары адамдарды дәл солай әрекет жасауға мәжбүр ететін ішкі оянуларға негізделген. Бұл теорияның негізін қалаушылар Абрахам Маслоу, Дэвид Мак Клеланд, Фредерик Герцберг болып табылады.
  • Мотивацияның процессуалдық теориялары адамдардың түсінігі мен дүние танымына байланысты өздерін қалай ұстайтынындығына негізделінеді.  
    Мотивацияның мазмұндық теориялары.

Информация о работе Контрольная работа по "Менеджменту"