Контрольная работа по "Менеджменту"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2013 в 22:32, контрольная работа

Описание работы

1. Менеджментке өзіңіздің түсінігіңіздң беріңіз.

2. Басқару мен менеджмент арасындағы ерекшеліктер.
3. Басқарудың мәні мен қағидалары.

Файлы: 1 файл

Нурик СРС.docx

— 54.14 Кб (Скачать файл)

 Мотивацияның мазмұндық теориялары 1-ші кезеңде адамдарды әрекеттерге итермелейтін қажеттіліктерді анықтауға бағытталған.Яғни олар: 
Маслоудың қажеттілік теориясы. Маслоу 40 жылдары өзінің мотивация теорясын құра отырып, қажеттіліктерді 5 негізгі категорияларға бөлген.

  1. Физиологиялық қажеттіліктер өмір сүру үшін қажет. Оларға: тамақтану, су, демалыс, тыныштық, сексуалдық қажеттіліктер жатады;
  2. Қауіпсіздік және болашаққа деген сенім қажеттілігі. Қоршаған ортадағы физикалық және психологиялық қауіптерден қорғану және физиологиялық қажеттіліктер болашақта да қанағаттандырылатынына сену жатады. Оған мысал ретінде сақтандыру полисін сатып алу немесе жақсы зейнетақыны қамтамасыз ететін сенімді жұмысты айтуға болады.
  3. Әлеуметтік қажеттіліктер. Басқарудың сені қабылдауы, түсінуі, қолдауы. Адам өзін әлеуметтік қатынастардың мүшесімін деп сезінуі жатады.
  4. Құрметке ие болу қажеттілігі. Өзін-өзі сыйлау, жеке басының жетістіктері, біліктілігі, басқалардың көрсететін қызметі және құрметі.
  5. Өзін-өзі көрсете білуге деген қажеттілік. Адам өзіндік потенциалдық мүмкіндіктерін пайдалануы және жеке тұлға ретінде дамуы. Қызмет барысында жоғарылауы.

Мак Клеланданың  қажеттілік теорясы. 
Мотивацияның тағы бір моделі немесе үлгісі - осы теория. Мак Клелланд пікірінше, адамдарда басты үш қажеттілік болады: билікке ұмтылу, жетістікке жету және қатысушылық. 
Билікке ұмтылу қажеттілігі басқа адамдарға үстемдік етуге тырысудан көрінеді.  
Жетістікке жету-қажеттілігі табысқа жетуден ғана емес, жұмысты табысты аяқтауға талпынысынан көрінеді.

Герцбергтің қос  факторлы теориясы. 
Мотивация және гигиеналық факторлар. Мотивация - жұмыстың мәні мен сипатына байланысты. Гигиеналық факторлар-істелетін жұмыс қоршаған ортамен байланысты.

Мотивацияның процессуалдық теорясы.

Процессуалдық теорияларына: күту-теориясы, ақиқат теориясы, және Портер-Лоулер теориясы жатады.

Процессуалық теорияда адамдардың әртүрлі мақсаттарға жетулері үшін өз күш-жігерін білуі және мінез-құлықтардың  бір түрін таңдауы талқыланады.

Мотивацияның үш негізгі  процессуалдық теорялары бар:

1.Күту теорясы; Күту - бұл белгілі бір жағдайдын ықтималдығын бағалауы болып табылады.

2.Әділеттілік теориясы; Әділеттілік теориясы. Адамдар өздеріне көрсетілген марапатпен жұмсалған күш жігердің арасындағы қатынасты субьективті түрде айқындайды да, дәл солай жұмыс атқарған адамдарға көрсетілген марапатпен салыстырады. Егер салыстыру дисбаланс пен әділетсіздікті көрсетсе, психологиялық жағынан қысымшылық көргенін біледі.

3.Портер-Лоулер моделі. Портер-Лоулер моделі. Лайман Портер мен Эдвард Лоулер күту теорясы мен әділеттілік теориясының элементтеріне қарай отырып мотивацияның кешенді процессуалдық теорясын жасап шығарады. Олардың үлгісінен бес өзгергіштерді, құбылмаларды атауға болады:

  • Жұмсалған күш - жігер;
  • Сезіну;
  • Алынған нәтижелер;
  • Марапаттау;
  • Қанағаттану дәрежесі.

 

10- апта

 

  1. Басқару стилі және олардың жіктелуі

Стиль дегеніміз – бұл әлеуметтік құбылыс, өйткені, біріншіден, онда басшының көзқарасы мен сенімі бейнеленеді, екіншіден, ол түптеп келгенде, жүйенің қалыпты жұмыс істеуінің ақырғы нәтижесін ойластырады. Басшы ұстанған стилі оның қарамағындағылардың ұдайы назарында болып, олар мұны өзінше бағалап, өзінше қабылдайды. Әдетте, басшы стилі бүкіл жүйеге таралады, өйткені, жұртшылық оның жүріс-тұрысына, ісіне зер салады, соған еліктейді, содан үлгі өнеге алуға, үйренуге талаптанады.  
Мәселен, Х.Кох (Германия) басшы стилін былайша бөледі:

1) бір жақты автократтық  стиль;

2) билікті біркелкі қолдана  отырып басқару стилі; 

3) өндіріс процесіне немесе  тұтастай жұмыс процесіне біркелкі қатысаотырып басқару стилі;

4) парламенттік сипаттағы  басқару стилі; 

5) бғыныштылар негізінен  дербес, жоғары басшылардың тікелей  қатысуынсыз-ақ әрекет ететін  басқару стилі. 

Басқару стилі дегеніміз  – басқарушының бағынушыға қатысты  үйреншікті үлгілі тәртібі. Ол ұйым міндеттерін  жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшін қажетті құрал болып келеді.

Басқару стиль турлері:

  • Автократиялық стиль – ең төмегі  деңгейдегі қажеттіліктерге негізделеді және бағынушыларға шешім қабылдау процесіне қатысуға мүмкіндік бермейді.
  • Демократиялық стиль – жоғарғы деңгейдегі қажеттіліктерді ескереді, яғни сол  қажеттіліктері қанағаттандыруға мүмкіндік жасайды.
  • Либералды стиль – бағынушыларға қатысты жұмсақ ситль болып қарастырылады. Бұл стиль бағынушылардың өздеріне толықтай еркіндік беріп, нақты мақсат таңдауға жағдай жасап, түпкілікті шешімдерді қабылдау мүмкіндігінде бағынушыларға берумен сипатталады.

 

  1. Лидерлікке қатысты жағдайлық тәсіл
  2. Лидерлікке қатысты тәртіптілік тәсіл

 

Лидерлік – бұл топ ішінде ғана болатын феномен топтың бірігуінің, топтың мақсаттарға жетуінің маңызды факторы. Бұл шағын әлеуметтік топты ұйымдастыру және басқару пройесі. Топты басқарудағы кемшіліктер болуынан болуынан да туындайды. Ұжымда лидер мен басшы-бір адам. Лидер топ үшін маңызды жағдайда топтың ұйымдастырылуын, мақсатына жетуін қамтамасыз ететін, ресми емес басшының орнына кездейсоқ келетін топ мүшесі.

Бихевиорист ғалымдар лидерліктің  анықтамасының мағынасын тиімді қолданудың 3 тәсілін атап көрсеткен:

  • Жеке адамның қасиеті мен көзқарасы жағынан қарағандағы тәсіл;
  • Тәртіптілік тәсіл;
  • Жағдайлық тәсіл.

       Тәртіптілік тәсіл – басқарушы стилін қалады. Бұл тәсілде тиімділік басқарушының жеке қасиетімен емес, оның бағынушыларға деген көзқарасымен, қарым-қатынасымен анықталады. Тәртіптілік тәсіл лидерліктің көздеген мақсатының алға жылжуына үлес қосқанымен, оның кемшілігі де бар. Ал ол кемшілік төмендегідей болжамнан туады, яғни басқарудың жалғыз оптимальды стилінің бар екені.

      Жағдайлық тәсіл. Бұл тәсілді жақтаушылардың айтуы бойынша, лидерліктің оптимальдық стилі жағдайға байланысты өзгеріп отыруында.

 

12- апта

 

  1. Өкілеттілік түсінігі
  2. Ықпал ету және билік.
  3. Ықпал етуді тәжірибе жүзінде пайдалану.
    1. Өкілеттілік дегеніміз – бұл
  • тапсырма, билік, жауапкершілік беру;
  • біреудің алдына мақсат қою және сонымен бірге оған бір уақытта нәтиженің саласына жауапкершілік, мақсатқа жету құралдарын ұсыну;
  • басқару жүйесіндегі міндеттерді ұзақ уақытқа бөлу үшін негізделген;
  • басқарушыны артық жұмыстан құтқару;

Сонымен қатар өкілеттілік дегеніміз - ұйымның ресурстарын пайдалануға және белгілі-бір міндеттерді орындауға, қызметкерлердің күш жігерін бағытталған, шектелген құқық өкілеттілік белгілі бір жеке адамға байланысты емес, лауазымға сәйкес белгіленеді.                                  2. Билік дегеніміз – адамның мінез құлқына әсер ету мүмкіндігі.            Ал ықпал ету дегеніміз – бір адамның келесі бір адамға қарым-қатынас нәтижесінде, оның мінез-құлқына әсер ету арқылы сезіміне өзгеріс енгізетін мінез-құлық әрекеті, лидерлік ұйымның мақсатына жету жолындағы жекелеген адамдарға немесе әсер ету мүмкіндігі.

     Билік және  ықпал етудің негізгі турлері  :

  • мәжбүрленген негізделген билік. Биліктің бұл формасы қорқыту немесе үрейлендіру арқылы ықпал етеді. Бұл билік түрі қызметкердің белгілі бір қажеттіліктері болып және де ықпал етуші адам осы қажеттілікті қанағаттандыруға мүмкіндігі бар екендігін білген жағдайда орын алады, яғни көбінесе қызметкерлер жұмыс орнынан айырылып қалуға жалақысының төмендеуіне немесе басқа да жағдайлардан қорқады. Сондықтан бағынушы басшы тарапынан өзіне ықпал етуге мүмкіндік береді.
  • марапатқа негізделген билік түрі. Бұл билік түрі оң немесе дұрыс ықпалды күшейту арқылы әсер етеді. Марапаттау ежелден келе жатқан және жиі қолданылатын билік түрі.
  • сарапаттауға негізделген билік. Биліктің бұл түрі салиқалы сенім арқылы ықпал етеді.

Биліктің әр түрлі формалары болады. Билік пен лидерлік саласындағы зертеушілер Френч және Рейвен билік негіздерінің қолайлы жіктеулерін жасап шығарады. Соған сәйкес биліктің бес негізгі формасы бар:

  • Мәжбүр етуге негізделген билік: орындаушы ықпал етушінің әрекеттерінен жасқанады, аса үлкен қажеттіліктерді қанағаттандырмай тастау мүмкін деп ойлайды.
  • Марапаттауға негізделген билік орындаушы ықпал етушіден өз еңбегінің жемісі үшін жақсы сыйлық аламын деп сенеді, одан жақсылық күтеді.
  • Сараптау билігі: Орындаушы ықпал етушінің белгілі-бір қажеттілікті қанағаттандыруына мүмкіндік беретін білімі бар деп сенеді.     
  • Эталондық билік (үлгі билігі): орындаушы үшін ықпалдың сипаты мен қасиеттері өте жағымды, сондықтан ол ықпал етушіге ұқсағысы келеді.

Заңды билік: орындаушы ықпал  етушінің бұйрық беруге құқығы бар, ал оны орындау өзінің парызы екендігіне сенеді. Орындаушы бағынған кезде ғана қажеттіліктер қанағаттандырылатынын түсінеді де, дәстүр бойынша ықпал етушіге бағынады.                                                                         3. Ықпал – жеке бір адамның, келесі бір адамның мінезіне, басқалармен қарым-қатынасына, сезіміне, т.б. өзгеріс енгізетін қандай да бір мінез-құлық әрекеті. Мұндай ықпал ету құралдары ретінде: өтініш, құлаққа сыбырлау немесе ең соңғы саты-қорқыту жатады. Бір адам басқаларға тек қана идеяларының көмегімен ықпал етуі мүмкін. Басшы өзінің лидерлігі мен ықпал әсерін тиімді ету үшін билікті пайдаланады және оны дамытады.

Басқа адамның тәуелділігі  неғұрлым жоғары болса, соғұрлым адамның  билігі де үлкен болады. Мұны мына формуламен көрсетуге болады: билік берілген А адамның Б адамға ықпалының  деңгейі Б адамның А адамға тәуелділігінің деңгейіне тең болады.

Басшылық жасау үшін ықпал  ету қажет, ал ықпал ету үшін биліктің негізі болуы керек. Белгілі бір  билікке ие болу үшін сіз орындаушыға  аса қажетті бір нәрсені өз қолыңызға алу арқылы өзіңізге бағынуға мәжбүр етесіз.

Ықпалдың барлық формалары  басқа адамның талаптарын орындауға  талпындырады. Соның салдарынан басшы және орындаушы болашақтағы ұқсас немесе ұқсас мәнерлерін қалыптастырады. Басшы бағыныштыға ықпал етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Контрольная работа по "Менеджменту"