Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту («Даму қоры» мысалында)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Апреля 2014 в 15:25, курсовая работа

Описание работы

Зерттеудің мақсаты мен міндеті; шағын кәсіпкерліктің мемлекеттегі нарықтық экономикалық қатынастарды құруда алатын манызды роліне байланысты бұл жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті дамытуды басқару мен оны қолдау мәселелерін зерттеу болып табылады, яғни қолдау оның даму үрдістерін айқындаумен оған мемлекеттік қолдау қажеттілігін негіздеуді талдау. Қойылған мақсатқа жету үшін келесі мәселелер анықталды:
- кәсіпкерліктің теориялық негіздері мен оның даму эволюциясы сипатталынды;
- әлемдік тәжірибелер негізінде шағын кәсіпкерліктің экономикадағы ролі мен орны анықталды;
- Қазақстандағы шағын кәсіпкерлікті ұйымдастыру тенденциялары мен жағдайы зерттелінді;
- ҚР-ғы шағын кәсіпкерліктің даму үрдістері айқындалған;

Содержание работы

Кіріспе
4
1 Шағын кәсіпкерліктің теориялық негіздері

1.1 Кәсіпкерліктің мәні және маңызы
6
1.2 Шағын кәсіпкерліктің қызметі мен бағалау әдістері
9
1.3 Шағын кәсіпкерлікті несиелендіру

11
2 ҚР-дағы шағын кәсіпкерліктің экономикадағы рөлі және даму бағыттары

2.1 ҚР-да шағын кәсіпкерліктің қазіргі жағыдайын талдау

13
2.2 Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың негізгі бағыттары
18
2.3”Даму”қоры

23
3 Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың шетелдік тәжірибелері

3.1 АҚШ-та шағын кәсіпкерлікті ұйымдастыру ерекшеліктері

27
3.2 Германиядағы шағын кәсіпкертің қолдау тетіктері

29
Қорытынды
32
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

ҚР шағын кәсіпкерліктің дамуы. 33.doc

— 302.50 Кб (Скачать файл)

- нарықты зерттеу арқылы төлем қабілеті сұранысы бар тауарлар мен қызметтерді іздеу;

- тауарды өндіру немесе қызмет көрсету үшін қажетті ресурстарды бағалау;

- төмен бағалы ресурстар нарығын іздеу;

- бизнесті жаңа техника, технология және менеджмент негізінде ұйымдастыру және оларды басқару;

- маркетингтің қазіргі заманғы принциптерін пайдалану арқылы тауарлар мен қызметтерді сату, тарату;

- табыстарды тұтыну және жинақтау қорлары арасында, т.б. бөлу.

Қорытынды: Кәсіпкерлік ұғымының тарихи орта ғасырдан басталады.                  Кәсіпкер деп – пайда табуға бағытталған және тауарларға ( қызмет, өнім) сұранысты қанағаттандыру арқылы өз атынан жүзеге асыратын жауапкершілікті, инициативті қызметті атқарушы азаматтар. Кәсіпкерлікке тән бір сипат шаруашылық жүргізудегі тәуекелге баруы.   Ал  Тәуекел деп – жоспар немесе болжауды қаратырылған нұсқалармен салыстырғанда табыс ала алмау немесе зиян шегудің ықтималдылығын айтамыз .

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2. Шағын кәсіпкерліктің қызметтері мен бағалау әдістері.

 

Жалпы кәсіпкерлік бірнеше қызметте атқарады: өндірістік, коммерциялық, қаржылық, басқарушылық қызметтері бар. Енді әрқайсысына жеке – жеке тоқталып мәнін ашатын болсақ:

Өндірістік қызметі өндіріс пен материалдарды – техникалық қамтамасыз етуді және шаруашылық қызметке қажетті шикізат, құрал – жабдықтар және тағы да басқалармен өзара байланыстылығын қарастырады және өндірістік сипатта жүзеге асады.

Кәсіпкерліктің коммерциялық қызметі тұтынушылардың қажеттіліктерін анықтау және кәсіпорындар мен нарықтық контрегенттер арасындағы айырбас процестерін басқаруды жүзеге асырады. Сонымен қатар, тауар ақша және сауда – айырбас операциялары бойынша келісімдер арқылы да жүзеге асырылады.

Ал кәсіпкерліктің қаржылық қызметі келеі функцияларды іске асырудан тұрады: қаржы есебінің енгізілуі; инвесторлар мен кредиторлар есебінен капиталдың мобилизациялануы; сатудан түскен табыстарды жинақтау, ақша нарығы, банктер, инвесторлар, бағалы қағаздармен өзара байланыста қалыптастыру; сатып алушыларды іздеу мен анықтау және тартуға байланысты маркетингтік қызметтер және тағы басқалар.

Келесі кәсіпкерліктің қызметі – ол басқарушылық функциясы  кезінде кәсіпорындар мен қоғамдық құрылымдар немесе ақпарат құралдарымен өзара қарым-қатнастардын басқару; кәсіпкерлік идеялар, инициативалық талаптарды және басқару тәжірибелерін қалыптастырып, тарату; капиталдар мен табыстардың қолданылуын басқару; ғылыми зерттеу жұмыстары мен жобалық жұмыстарды  тиімді пайдалану; бизнес қажеттліктеріне сәйкес жұмысшыларды тарату, таңдау, жұмысқа алу сияқты қызметтер атқару.

Сонымен кәсіпкерлік қызметінің сферасына байланыссыз өз қабілеттіліктерін келесі функциялардыорындау арқылы жүзеге асырады.

Сонымен қатар, шағын кәсіпкерліктің қызметін бағалаудың бірнеше бағыты бар, шағын кәсіпкерлікті анықтаудың сандық, сапалық және аралас әдістері бар.

Сандық көрсеткіштер негізінде жалпы кәсіпорындардың шағын бизнес секторына кіретіндігін анықтау үшін: персонал саны, жалпы өнімнің көлемі, өндірістік қорлардың көлемі; өндіріспен сату көлемі; активтердің баланстық құны сияқты сандық көрсеткіштермен анықталады: ал шағын кәсіпкерлікті анықтауда сапалық көрсеткіштерге негізінен субьективті сипаттар мен тәжірибе;

Аралас әдіс «экономикалық» және «статистикалық» тәсілдерді қолдануды ұсынады: нарықтағы үлесі; тәуелсіздік, жалпы ұлттық өнімдегі үлесі; бірқалыпты басқару айналымы.

Дамыған елдерде негізгі критериялардың есебінде шағын кәсіпорындардың анықтауы негізінен шаруашылық айналымның көлемдері мен жұмысшылар саны жатады.

Сонымен қатар, «шағын бизнес», ағылшын елдерінде айтылады, ал Япония және Батыс Еуропада «ұсақ кәсіпорындар» деп пайдаланылады.

Әлемнің дамыған елдерінде шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың басты мақсаты – қолайлы орта қалыптастыру. Бұл негізде мемлекеттің экономикалық саясатының тұрақтылығы, нарық инфрақұрылымының дамуы, интелектуалды меншікті қорғаудың тиімді әдісі; жеңілдетілген әкімшілік шаралары; салық демалыстары және тағы басқалай басты нысанаға алынады.

Қорытынды: Жалпы кәсіпкерлік бірнеше қызметте атқарады: өндірістік, коммерциялық, қаржылық, басқарушылық қызметтері. Өндірістік қызметі өндіріс пен материалдарды, құрал – жабдықтар және тағы да басқалармен өзара байланыстылығын қарастырады және өндірістік сипатта жүзеге асады. Ал Кәсіпкерліктің коммерциялық қызметі тұтынушылардың қажеттіліктерін анықтау және кәсіпорындар мен нарықтық контрегенттер арасындағы айырбас процестерін басқаруды жүзеге асырады.  кәсіпкерліктің қаржылық қызметі келеі функцияларды іске асырудан тұрады: қаржы есебінің енгізілуі; инвесторлар мен кредиторлар есебінен капиталдың мобилизациялануы; сатудан түскен табыстарды жинақтау, сатып алушыларды іздеуі мен анықтау және тартуға байланысты маркетингтік қызметтер және тағы басқаларды жаткызамыз.

 

                   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 1.3 Шағын кәсіпкерлікті несиелендірудегі негізгі проблемалар

 

            Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 мамырдағы Жарлығымен  Қазақстан Республикасында «Шағын  кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 2001 - 2002 жалдарға арналған мемлекеттік  бағдарламасы» бекітілді. Оның басты мақсаты шағын кәсіпкерліктің өндірістік саласының серпінді дамуын қамтамасыз ететін мемлекеттік қолдау саясатын жетілдіру болып табылады.

            Бағдарламаның міндеттері оның  мақсатымен айқындалған және  олар мыналар:

  • халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету;
  • қоғамдық бірлестіктердің шағын кәсіпкерлікті қолдау мен қорғау мәселелеріндегі рөлін күшейту;
  • шағын кәсіпкерліктің өндірістік саласын басымдылықты дамыту;

       -   шағын кәсіпкерлікті ақпараттық қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру және дамыту арқылы шағын кәсіпкерлік субъектілерінің тұрақты қызметі үшін қолайлы жағдайлар жасау болып тұжырымдалады.      

             Сонымен, жоғарыда баяндалғандай  экономиканың жаңа жағдайындағы  рынокқа өтуінде шағын кәсіпорындар  «жанама» өнім ретінде болмайды. Олар еліміздің ажырамайтын саяси - экономикалық жүйенің бірі болып табылады. Біріншіден, нарықтық қатынастардың тұрақтылығы солай болғандықтан, халықтың көптеген бөлігі осы қатынастар жүйесінде тартылады; екіншіден, нарықтық жағдайда олар қажетті икемділікті қамтамасыз етеді, терең мамандандыруда іске асыруды және өндірісті тармақтанған кооперацияға айналдырады. Онсыз оның экономикалық тиімділігінің болуы мүмкін емес. Нәтижесінде, бұл шаруашылық дамуының және ұлттық экономиканың серпінді өсуіне үлкен ықпал етеді; үшіншіден, шағын кәсіпорындар ролінің өзгеруі орта және ірі кәсіпорындардың қызмет етуіне тиек болады.

           Республикамызда  шағын бизнесті дамыту барысында  шағын кәсіпорындардың меншік  істерін ұлғайту және айналым қаражаттарын толықтыру үшін несие ресурстарын тарту  проблемасы жиі кездесіп отырады. Несие алудағы қиыншалықтар несие ресурстарын тарту шарттарында және тағы бір ерекшелік - инфрақұрылымның сапасының төмендігі болып табылады. Несие ресурстарын тарту шарттарында келесі ерекшеліктер байқалады:

  • кепілмен қамтамасыз ету проблемасы;
  • жоғары дәрежедегі ссудалық пайыз;
  • несие ресурстарын иеленудегі мерзімнің қысқалығы;
  • несиелендірудің жарналық  кезеңінің артта қалуы.   

    Сонымен қатар, инфрақұрылымның  жетілмеуі біріншіден, банкке құжаттар дайындау кезінде кәсіпкерлердің білім деңгейінің жетіспеушілігі; екіншіден, ақпараттық - консалтингтік қызметтердің жетіспеушілігі; үшіншіден, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің несиелендірудің отандық және шетелдік бағдарламалардан тыс қалуына байланысты болып табылады. Осы  көрсетілген проблемаларды негізгі екі топқа бөлуге болады. Бірінші топ банктен несие алудағы  жалпы шарттармен байланысты, ал екінші топ - несиені алу және рәсімдеу жүйесіндегі кәсіпкерлердің жеке проблемалары болып табылады.

            Кәсіпкерлік қызметте шағын кәсіпорын  бюджеттерін құру келесі этаптардан  тұруы тиіс:

  • шағын кәсіпорын дамуындағы жалпы бағыттардың құрылуы;
  • әрбір бөлімге жалпы бағыттар мен тапсырмаларды анықтау;
  • оперативті бюджеттерді дайындау;
  • басқару құрамымен бюджет дайындығын талдау;
  • қорытынды бюджетті дайындау. 

            Қазақстан экономикасының нарықтық  қатынастарға өтуі ірі өндірістік  кәсіпорындардың кіші бизнеске  орын  беруімен айқындалады. Бұған  себеп ретінде, көптеген ірі кәсіпорындардың өз уақытында тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыра алмауын, өзінің өнім сапасын бәсеке нарығында жоғары дәрежеде көрсете алмауын айтуға болады. Шағын кәсіпкерлікті дамыту қазіргі кезде мемлекет экономикасының дамуына әсер ететін негізгі фактор.

            Қазіргі кезде несиелендіру саласының  тағы да бір жетістігі - бұл  микронесилендіру болып табылады. Мемлекеттің микронесиелендіру  қызметін енгізуі микрокәсіпкерлер  қызметін қаржыландырудың негізгі  көзі ретінде орын алды.

            Микронесиенің негізгі критерийлары болып мыналар табылады:

  • несиенің салыстырмалы кішігірім көлемі;
  • шағын кәсіпкерлік субъектілерінің несие бағытын қолдануы;
  • несиелендірудің қысқа мерзімдері (көбінесе бір жыл іші);
  • несиені ұсыну және қайтару шарттарының иілмелілігі.

            Әлемдік тәжірибе микронесиелендіру  жүйесін реттеу деңгейіне әсер  ететін микронесиелік ұйымдардың  негізгі үш моделін бөліп қарастырды:

  • микронесие беретін институттар, бірақ бұлар заңнамалық құқық негізінде жинақтарды тарту қызметін жүргізу алмайды және мемлекеттік реттеу және қадағалау қызметіне жатпайды;
  • микронесиені  жүзеге асыратын институттар. Бұл институттар елдің орталық банк жағынан пруденциалдық реттеуге жатқызылады;
  • мемлекеттік органдар жағынан толық пруденциалдық реттеуге жататын, міндетті және ерікті депозит жинақтарын тарту құқын иеленетін микронесие беретін институттар.

             Микронесиелендіру еңбек қызметін  тұрақтандыру бағытындағы қаржылық  көмек болып табылады. Қазіргі  таңда елімізде микронесиелендіру  қызметін жүргізу ең маңызды фактор болып табылатын категориялардың  бірі ретінде қолданылады. Бұл құрал барлық аймақтарда, облыстарда, аудандарда, жергілікті жерлерде  қаржыландырудың ең басты қайнар көзі ретінде қолданылады.                          

         Шағын кәсіпорын өзінің іс - әрекетінде көптеген қиындықтарға кездеседі:

          Біріншіден, шағын кәсіпорындардың негізгі  проблемасы - ресурстық базаның жетіспеушілігі: материал - техникалық және қаржылық.  Шын мәнінде халық шаруашылығында  бос жерге кең жаңа сектор  құру көзделіп отыр. Ондаған жылдар бойы шағын кәсіпорын секторы болған емес. Олай болса осындай жұмысты ұйымдастырып, алып кететіндей кәсіпкерлерде болған жоқ. Тұрғындардың көпшілігінің босы артық ақшасы болмады, ал өз ісін бастап кәсіпкер болу үшін өзінің қаражаты жоқ. Сақтық кассаларындағы ақшалар күйіп кетті. Сондықтан өз ісін жүргізу үшін тек қана несие керек болды.

           Екіншіден, шағын кәсіпкерліктің заңға сүйенерлік  базасы жоқ деуге болады.

           Үшіншіден, шағын кәсіпкерліктің іс - әрекеттерін терең талдау жасайтын жүйе жоқ. Олардың істеген жұмысынан қорытынды табу қиын, қандай көрсеткіштер арқылы талдау жасап мемлекеттік жеңілдік беру керек екендігін анықтау қиын. Көбіне тек таныстық керек, ондай жағдайлар коррупцияға апарады.

             Шағын кәсіпорындардың әлеуметтік қызметі жұмысқа қамтылмаған көптеген жұмыс күшін қамту, ол әлеуметтік қайшылықты қиындықтар - жұмыссыздықты жоюға септігін тигізеді. Шағын кәсіпорындар мемлекеттің жан - жақты қамқорлығына мұқтаж, себебі ол тұрақсыз кәсіпкерлік құрылым ретінде  нарықтың тұрақсыздығына тәуелді. Бұлай дейтін себебіміз, кәсіпкерлік қызметті жүргізуді ең алдымен мемлекет, содан кейін кәсіпкер қолдайды. Соған байланысты оны жүргізудегі қиыншылықтардың алдын – алу шараларын жүргізеді.

 

 

2 ҚР-дағы шағын кәсіпкерліктің экономикадағы рөлі және даму                                          бағыттары

                      2.1 ҚР-да шағын кәсіпкерліктің қазіргі жагыдайын талдау

 

Республикамызда нарықтық қатынастарды қалыптастырудағы маңызды міндеттердің бірі – шағын кәсіперлікті дамыту. Республикада шағын бизнестің дамуы мен қызмет жасауына қажетті ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық шараларды қалыптастырудың,оны жетілдірудің қадамдары жасалуда. Оған келесі жағдайлар бекітіледі: o Шағын кәсіпорындар кез келген халық шаруашылығының саласында, кез келген меншік формасы негізінде құрыла алады;

- Өнеркәсіп пен құрылыста жұмыскерлер саны 200-ге дейін;

- Ғылым мен ғылыми қызмет көрсету саласында: жұмыскерлер саны            100 адамға дейін

- Бөлшек сауда: жұмыс істейтіндер саны 15 адамға дейін.

Кәсіпкерлікті қолдаудың, дамытудың жоғарыда аталған бағыттардан басқа шағын кәсіпкерлікті қолдаудың аймақтық орталықтарды жатқызуға болады. Шағын кәсіпорындардың соңғы жылдары күрт ұлғаюы жаңа нарықтық құрылымының қалыптаса бастаған аймағы. Алайда, заңды тұлғалардың 55 % ғана жұмыс істегенін айтпай кетуге болмайды. Заңды түрде тіркеліп, мерзімінде жұмыс істеген шағын кәсіпорындардың басым көпшілігі Алматы қаласында орналасқан. Мұнда 23144 кәсіпорынның 16037-і, яғни 69 % жұмыс істейді. Жалпы, шағын және орта кәсіпкерлік, әсіресе, агроөнеркәсіптік өндіріс саласында мықтап дамуға тиіс. Өткен жылдарды еске алсақ, ауыл шаруашылық шикізаттың басым бөлігі республикадан тыс жерлерге тасымалданып, сол жерлерде өңделіп, дайын өнімді жоғары бағамен қайта әкелді. Агроөнеркәсіптік кешен – экономиканың ірі де әлеуметтік маңызы зор бөлігі. Жалпы ішкі өнімнің алтыдан бір бөлігі ауыл шаруашылығының, сондай-ақ ұсақ кәсіпорындардың үлесіне тиеді. Шағын кәсіпкерлік тек бәсекелестің ғана емес, сонымен бірге, қоғамдағы

Информация о работе Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту («Даму қоры» мысалында)