Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту («Даму қоры» мысалында)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Апреля 2014 в 15:25, курсовая работа

Описание работы

Зерттеудің мақсаты мен міндеті; шағын кәсіпкерліктің мемлекеттегі нарықтық экономикалық қатынастарды құруда алатын манызды роліне байланысты бұл жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті дамытуды басқару мен оны қолдау мәселелерін зерттеу болып табылады, яғни қолдау оның даму үрдістерін айқындаумен оған мемлекеттік қолдау қажеттілігін негіздеуді талдау. Қойылған мақсатқа жету үшін келесі мәселелер анықталды:
- кәсіпкерліктің теориялық негіздері мен оның даму эволюциясы сипатталынды;
- әлемдік тәжірибелер негізінде шағын кәсіпкерліктің экономикадағы ролі мен орны анықталды;
- Қазақстандағы шағын кәсіпкерлікті ұйымдастыру тенденциялары мен жағдайы зерттелінді;
- ҚР-ғы шағын кәсіпкерліктің даму үрдістері айқындалған;

Содержание работы

Кіріспе
4
1 Шағын кәсіпкерліктің теориялық негіздері

1.1 Кәсіпкерліктің мәні және маңызы
6
1.2 Шағын кәсіпкерліктің қызметі мен бағалау әдістері
9
1.3 Шағын кәсіпкерлікті несиелендіру

11
2 ҚР-дағы шағын кәсіпкерліктің экономикадағы рөлі және даму бағыттары

2.1 ҚР-да шағын кәсіпкерліктің қазіргі жағыдайын талдау

13
2.2 Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың негізгі бағыттары
18
2.3”Даму”қоры

23
3 Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың шетелдік тәжірибелері

3.1 АҚШ-та шағын кәсіпкерлікті ұйымдастыру ерекшеліктері

27
3.2 Германиядағы шағын кәсіпкертің қолдау тетіктері

29
Қорытынды
32
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

ҚР шағын кәсіпкерліктің дамуы. 33.doc

— 302.50 Кб (Скачать файл)

  Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттік Стратегиясының шеңберінде 2005 жылы кәсіпкерлікті одан әрі дамыту мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 2006-2008 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы әзірленіп қабылданды.Бағдарламада көрсетілген іс-шараларды жүзеге асыру облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына өзінің оң әсерін тигізуде.  
 
Алдын ала деректер бойынша облыста тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің саны 142,2 мың бірлікті құрады, оның ішінде жеке тұлғалардың саны 127,7 мың бірлікті құрап 266,1 мың адам жұмыспен қамтылған. Заңды тұлға ретінде тіркелген кәсіпорындардың саны 16,6 бірлікке жетіп, оның 13,0 мың бірлігі жұмыс істеуде. Онда 72,1 мың адам қызмет атқарады. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда тіркелген кәсіпкерлік құрылымдарының саны 11,3 пайызға артқан. Облыс бойынша шағын бизнес саласында 338,2 адам жұмыспен қамтылған немесе облыстағы экономикалық белсенді халықтың 31,1 пайызын құрайды. 2007 жылы шағын кәсіпкерлік құрылымдары 130,9 млрд. теңгенің өнімін (жұмысы, қызметі) өндіріп, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 6,5пайызға артқан.  Облыста заңды тұлға ретінде 2008 жылдың 1 қаңтарына 1228 кәсіпорын құрылып, 3547 жаңа жұмыс орны ашылды.  
       Кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік қолдаудың қозғаушы құралдарының бірі кәсіпкерлікті шағын кәсіпкерлік құрылымдарын қаржылай көмек көрсету болып табылады. Облыста кәсіпкерлік құрылымдарын қаржылай қолдау 3 деңгейде - екінші дәрежелі банктер, қоғамдық қорлар мен, микрокредиттік ұйымдар арқылы жүргізілуде. Жыл басынан шағын кәсіпкерлік құрылымдарына жалпы-74107,9млн.теңге, оның ішінде екінші дәрежелі банктерден –66818,0 млн.теңге, “Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры” АҚ Аймақтық филиалы –475,8 млн. теңге , “Несие беру Қазақстандық қоры” – 4601,5 млн. теңге және “Фермерлер мен кәсіпкерлерді қолдау қоры” қоғамдық қорымен – 117,4 млн теңге, ауылшаруашылық несие серіктестіктері мен несиелік серіктестіктері-2096,0 млн. теңге. Барлық қаржылық институттардан шағын және орта кәсіпкерлік құрылымдарына бөлінген несие қаражаттардың көлемі өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 45,3 пайызға өскен.  
     Экономиканы бюрократиясыздандыру және әкімшілік тосқауылдарды жоюдың тиімді механизмдерін әзірлеу мақсатында шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі заңдардың және басқа да республикалық, облыстық деңгейдегі нормативтік құқықтық актілердің жобаларына ұсыныстар әзірленді  
      2007 жылдың қаңтар айында Қазақстан Республикасы индустрия және сауда министрлігіне 2008-2010 жылдарға арналған шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау бағдарламасына Халықаралық Сауда Ұйымына кіру барысындағы отандық тауарөндірушілерді кері әсерінен қорғау жолдары, ИСО–сериялы халықаралық стандарттарды енгізуде кәсіпкерлерге жеңілдіктер беру, шағын және орта бизнеске арналған оқыту бағдарламасының тұрақты жүйесін қалыптастыру туралы ұсыныстар енгізілді.“Атамекен” Одағымен бірлесе мемлекет пен бизнестің әлеуметтік-әріптестікті стратегиясын және отандық бизнестің экспортқа бағытталған жүйесін қалыптастыру бойынша 2007 жылға арналған негізгі бағыттары белгіленіп, облыстың әлеуметтік саласындағы қаржылық және тағы басқа мәселелерді шешуге кәсіпкерлерді тарту бойынша ұсыныстар енгізілді.Қазақстан Республикасы Үкіметіне «Мемлекеттік-жеке серіктестік негізінде 100 мектеп пен аурухананың құрылысын жүргізу» жобасын жүзеге асыру бойынша бірінші кезектегі іс-шаралар жоспарына бірқатар ұсыныстар енгізілді олар: құрылысқа және құрылыс мате риалдарын өндіретін кәсіпорындарды кеңейтуге қатысты жобаларды шұғыл түрде несиелендіру мәселесі бойынша «Шағын кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ-мен тығыз байланыста жұмыс жүргізу, отандық құрылыс индустриясының өнімдерін өндіретін кәсіпорындардың өндірісі туралы ақпаратпен қамтамасыз ету туралы және тағы басқа. 

          Индустрия және сауда министрлігіне  бәсекелестікті қорғау және дамыту  саласының жұмысын ілгерілету  мақсатында жаңа компаниялардың  нарыққа шығу барысындағы кедергілерді  азайту туралы ұсыныстар берілді.  
         Кәсіпкерлік қызметті жүргізуде қолайлы жағдай жасау мақсатында Индустрия және сауда министрлігіне әкімшілік тосқауылдарды төмендету бойынша бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асырушы мемлекеттік органдарының кәсіпкерлікке байланысты нақты қызмет саласындағы өкілеттіктеріне өзгеріс енгізу туралы ұсыныс берілді. Кәсіпкерлік қызметті жүргізуге қолайлы жағдай жасау үшін әкімшілік кедергілерді жою, кәсіпкерлік инфрақұрылымдарды дамыту және кәсіпкерлердің кредит қаржаттарына қол жеткізуін жеңілдету мәселелері бойынша облыс әкімдігіне жоғарғы деңгейде шешу мақсатында ұсыныс жасалынды. Кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған өңірлік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламаларына сәйкес әкімшілік тосқауыларды жою жөніндегі міндеттерді іске асыру үшін кәсіпкерлерге арналған жолсілтемесі әзірленді. Онда шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын және олардың қызметіне жоспарлы және өзге де тексерулерді іске асыратын ұйымдардың тізбесі, облыстағы қаржы институттары мен кәсіпкерлердің мүдделерін қорғайтын қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің тізімі берілді. БАҚ-да бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асырушы мемлекеттік органдардың құзыреттері және тағы басқа мәселелер бойынша тұрақты түрде мақалалар жарияланып, теледидарда хабарламалар беріледі. „Южный Казахстан” газетінде арнайы кәсіпкерге арналған айдар ашылған.  
       Ақпан айында жергілікті 31 телеарнада несие алу мәселелері және Шымкент-Қазақстан телеранасына желтоқсан айында микрокредиттік ұйымдардың қызметтері және жағдайы туралы сұхбат берілді. Сонымен қатар, „Южный Казахстан” газетінде кәсіпкерлерге арналған айдар ашылып қазіргі таңда, кәсіпкерлердің мәселелеріне арналған мақалалар тұрақты түрде басылуда. Аталған телехабарлар мен мақалалар табысты кәсіпкерлердің қызметін көрсету және бизнес жүргізу бойынша, мемлекеттік бақылау-қадағалау органдарының құзыреттері жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.  
 
Семинарда «Жеке кәсіпкерлік туралы» заңының негізгі функциясы жеке кәсіпкерлердің кәсіпкерлікпен еркін айналысуын қамтамасыз ететін негізгі құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайларының ерекшеліктері бойынша түсініктеме жұмысы жүргізілді. Кәсіпкерлік қоғамдық ұйымдары мен бірлестіктерімен бірлесе кәсіпкерлерді ақпаратпен қамтамасыз ету жүйесін қалыптастыру жұмысы жүргізілуде. “Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры” АҚ-ның өңірлік филиалы 2007 жылы бухгалтерлік, маркетингтік және құқықтық қызметтері бойынша облыстың шағын кәсіпкерлік субъектілерінің экономикалық белсенділігіне байланысты 1,5 мың кәсіпкерге кеңес берілді, соның ішінде 1017-ы Қордың қаржылық өнімі туралы, 24-бухгалтерлік есеп, 45-салық төлемдері, 37-құқық мәселелері, 112-ақпараттық және экономиканың және тағы да басқа мәселелер бойынша Департамент қала және аудан әкімдері, «Атамекен» жалпыұлттық одағының ОҚФ, СодБи бизнес-инкубаторы, «Оңтүстік кәсіпкерлерінің лигасы» ҚҰ, Фармацевтикалық қызметті қолдау мен дамыту ассоциациясының ОҚФ, Қазақстан Республикасы халықтар Ассамблеясы жанынан құрылған “Шағын және орта бизнесті дамыту Федерациясымен” бірлесе жұмыс жүргізуде. Бизнес инкубатор „СодБИ” корпоративтік қордың Shimkent.com порталындағы виртуалдық консалтинтік жүйенің қызметімен кәсіпкерлердің қолдануына мүмкіндік бар. Сыртқы және ішкі туризммен және қолөнершілікпен айналысатын кәсіпкерлерді қолдау мақсатында бірқатар жұмыстар жүргізілді. Бизнес инкубатор “СодБИ корпоративтік қорының интернет сайтында “Оңтүстік Қазақстанда жасалынған” атты модулі жарияланған. Интернет сайтта “Туризм” порталдары бар. Мәлімет қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде басылады.  
Ағымдағы жылдың 25-28 сәуір аралығында Алматы қаласында Қазақстандық көрме компаниясы „Iteca” мен халықаралық әріптесі ITE Group Plc (Ұлыбритания ) бірлесе ұйымдастырған „Туризм және саяхат” атты 7-ші Халықаралық көрмесіне облыстың түристік инфрақұрылымының 14 фирмасы және Түркістан қаласының, Сайрам ауданының қолөнершілері қатысты.  
        “Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры” АҚ-ның өңірлік филиалы бағдарламаға (әлеуметтік мәртебесіне) сәйкес 57 қолөнершілікпен айналысатын кәсіпкерлерге кеңес берді.  
          Кәсіпкерлік субъектілерінің ҚР және шетелде өткізілетін көрмелерге жәрмеңкелерге, миссияларға қатысуына ықпал ету және кәсіпкерлік субъектілерінің Қазақстан Республикасында және шетелде өткізілетін көрмелерге жәрмеңкелерге, миссияларға қатысуына ықпал ету мақсатында Сауд Арабиясы Корольдігіндегі елшілігінің ұсынысы бойынша „Al-Fattouh For Alum. Accessories” компаниясымен отандық тауарөндірушілердің қатынасын қалыптастыру бойынша облыстың бірқатар кәсіпорындары туралы мәлімет Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне жолданды. Осы бағытта Оңтүстік Қазақстан облысының аумақтық сауда-өнеркәсіп палатасымен 2007 жылға арналған іс-шаралар жоспарында кәсіпкерлік субъектілерді көрмелерге жәрмеңкелерге, миссияларға қатыстыру шаралары көрсетіліп, қазіргі таңда бірлесе жұмыс жүргізілуде. Иран Ислам Республикасының елшілігінің ұсынысымен Оңтүстік Қазақстан облысы және Харасан губерниясының арасында сауда-экономикалық қарым қатынасты дамыту мақсатында ауыл шаруашылығына арналған машина құрал жабдықтарын, және түрлі құрылыс конструкцияларын жасайтын компаниялар туралы ақпаратпен облыс кәсіпкерлері хабардар етілді. Кәсіпкерлік мәселелері, оның ішінде әйелдер мен жастар кәсіпкерлігін насихаттау жөнінде семинарлар, конференциялар, көрмелер, конкурстар, “дөңгелек үстелдер”, өткізуді қамтамасыз ету мақсатында мынадай жұмыстар жүргізілді: Қазақстан іскер әйелдері ассоциациясының Оңтүстік Қазақстан филиалы “Ренхессен” (Германия) шеберлер палатасымен “Қолөнер кәсібі шеберлігін Орталық Азияда дамыту” жобасы бойынша бірлесе шаштаразы, аспазшы кәсібіне үйрету мен мамандылықты арттыру нәтижесінде рынокта отандық тауарөндірушілердің бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру мақсатында Шымкент, Арыс, Түркістан қалаларында семинар-тренингтер өткізілді. Оңтүстік Қазақстан облыстық “Фермерлер мен кәсіпкерлерді қолдау қоры”- фермерлер мен кәсіпкерлерге, олардың бизнесін дамытуға бағытталған кредит- 117,4 млн. теңгенің 33 пайызы, “KazMicroFinans” ЖШС МКҰ (Қазақстандық несие беру Қоры) – 4601,5 млн. теңге кредиттік қаражаттың 3184,2 млн. теңгесімен немесе 69,2 пайызы кәсіпкер әйелдер қаражаттандырылды. Бөлінген кредиттік қаражаттар ауыл шаруашылығы, сауда және қызмет көрсету салаларын дамытуға бағытталған.  
          “Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры” АҚ-ның өңірлік филиалы 306 әйел кәсіпкерлерге және 398 кәсіпкер жастарға бизнес мәселелері бойынша кеңес берді.  
           Сонымен қатар, «Оңтүстік кәсіпкерлерінің лигасы» қоғамдық ұйымымен бірлесе «Жастардың әлеуметтік жобалары» жобасы бойынша Оңтүстік Қазақстан облысының жастарын бизнестің тәжірибесіне үйрету мақсатында 2007 жылдың маусым-шілде айларында аудан, қалаларда тренинг-семинарлар өткізілді.  
 
«Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ жоспарланған шараларына сәйкес өңірлерде қордың жүйесін жетілдіру мақсатында жергілікті бюджетпен бірлесе 2008-2009 жылдары қаржыландыру жоспарланған болатын. Осыған байланысты қормен бірлесе Арыс қаласында және Бәйдібек, Шардара, Созақ, Түлкібас, Отырар аудандарында өкілеттіктерді ашудың шығыс сметасы және талдау жасалынып, ұсыныс берілді.Сонымен қатар, Сарыағаш ауданы бойынша талдау жұмыстың негізінде, өкілеттік ашудың тиімділігі көрсетіліп, «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ ұсыныс жасалынды. Шағын және орта бизнеске тартымды, инновация деңгейінде жеткізілген ғылыми- зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелерді қолдануға кәсіпкерлерді тарту мақсатында ОҚО мемлекеттік инновациялық қоры 2006-2008 жылдарға арналған жоспар бойынша облыс экономикасының өндірістерінде инновациялық технологияларды қолдануға арналған ғылыми зерттеулер мен сынақтар жүргізуде. 2007 жылы жол құрылысында битумды ауыстыратын ферменттер әзірлеу бойынша лабораториялық сынақтар жүргізілді, фосфорлық тыңайтқыштарды фосфориттен алу технологиясы және облыстағы пайдалы қазбаларды қолданып жаңа құрылыс материалдарын әзірлеу және тағы басқа зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, аудан, қала әкімдіктерімен бірлесе 2008-2010 жылға арналған орта мерзімдік жоспарды әзірлеуде экономикалық тартымды жобаларға талдау жасалынып, іріктеу жұмысы жүргізілді.  
 
„Ғылым қоры” АҚ-ның ұсынысы бойынша инновациялық тәжірибелі –конструкторлық жұмыстар, ынталылық және тәуекелді зерттеу жобалары бойынша, қордың өз қаражатынан қаржыландыруы туралы ақпарат облыс кәсіпкерлеріне таратылды 

  

                              2.3  ”Даму”қоры

     Шағын кәсіпкерліктің белсенділігін арттыру және мемлекеттік қолдауды күшейту мақсатында Қазақстан Республикасының Президентінің 2005 жылдың наурызында Жарлығы шықты, ол «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-тың құрылуына негіз болды. Президент Жарлығын орындау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметі «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорын құру туралы» қаулы қабылдады.                                                                                     

 «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ жұмысын 2007 жылдың 18 тамызында бастады. Қорды құрудың негізгі мақсаты: шағын кәсіпкерлік субъектілерінің (әрі қарай — ШКС) қалыптасуы мен экономикалық өсуін ынталандыру, мемлекеттің шағын бизнесті қолдауға бағытталған қаржы қаражатын пайдаланудың тиімділігін арттыру.

          «Шағын  кәсіпкерлікті дамыту қоры» 2008 жылдың қарашасына дейін мынадай функциялар мен міндеттердің есебінен негізгі мақсатқа қол жеткізді:

-жобалық қаржыландыруды дамыту: шағын бизнесті диверсификациялау мақсатында және жекелеген аймақтардағы әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың ерекшелігін негізге ала отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне тікелей кредит беру;

-қаржы лизингін дамыту;

-микрокредиттік ұйымдар желісін дамыту;

-шағын кәсіпкерлік субъектілерінің екінші деңгейлі банктер алдындағы міндеттемелеріне кепілдік беру жүйесін дамыту;

-Қор бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылып жатқан шағын кәсіпкерлік субъектілеріне консультациялық қызмет көрсету.

      Халықаралық сарапшылардың  ұсыныстарына сәйкес, 2006 жылдың мамырында  корпоративті басқарумен айналысатын және даму институтына басшылық жасайтын басқарушы компания туралы шешім қабылданды. «Қазына» тұрақты даму қоры» АҚ дәл сондай компания болды. Даму институтына, өз кезегінде, инвестициялық ортаны жақсартудағы «локомотив» болу рөлі берілді.

    «Шағын кәсіпкерлікті  дамыту қорында» 2007 жылдан бастап  басқарма төрағасы Госман Амриннің  басшылығымен жаңа команда жұмыс  істейді, ол жұмысын «Қазына»  тұрақты даму қоры» құрамында  бастаған болатын. Басқару мен  коммуникациядағы бірлескен жұмыстың жаңа принциптері мен басымдықтары транспаренттілік, кәсіби шеберлік және серіктестік негізінде құрылады.     

Қордың мәртебесі «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ енді «Қазына» тұрақты даму қоры» АҚ болып өзгерді, соның салдарынан шағын және орта кәсіпкерлікті (әрі қарай — ШОК) қолдау бойынша тиісті өкілеттікті кеңейту жүрді; Қор қаржы институтынан мемлекет бөлген актив қаражатын басқару жөніндегі операторға трансформацияланады: ШОК субъектілерін қаржылай қолдау және ШОК субъектілерін ақпараттық-талдау мен консалтингтік қолдау бойынша қызметтің жаңа бағыттары әзірленіп, іске асырылуда.

2008 жылдан бастап «Даму» қоры  ШОК–ты қолдау және дамыту  бағдарламасын іске асыруда — «Қаражатты екінші деңгейлі банктер арқылы шартты орналастыру бағдарламасы», «Қаржы ұйымдарымен бірлесіп қаржыландыру бағдарламасы», «Жергілікті атқару органдарымен бірлесіп қаржыландыру», «2008-2012 жылдарға арналған шағын және орта кәсіпкерлікті тікелей қаржыландыру бағдарламасы» «2008-2012 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында микрокредиттік ұйымдарды дамыту бағдарламасы» болып трансформацияланады. Базалық қызметті тәуелсіз ЦПП-тердің даму болашағымен интеграциялайтын кәсіпкерлікті қолдау орталықтарын құру жоспарда бар.

Бірінші кезең 1997 ж. Қордың құрылуымен байланысты. Осы жылдары мемлекеттік органдар шағын кәсіпкерлікті қолдауға және дамытуға бағытталған бірқатар заңдарды, жарлықтар мен қаулыларды қабылдады.

- 2003 – «Шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсетуді және оны дамытуды күшейту шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 6 наурыздағы № 3398 Жарлығы;

- «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 сәуірдегі № 665 Қаулысы;

- «Шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 маусымдағы № 131-1 Заңы;

- «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 маусымдағы № 135-1 Заңы

- 2005 – «Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау жөніндегі 2005-2006 жж. арналған мемлекеттік бағдарлама туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 4189 Жарлығы;

- 2006 – «Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау жөніндегі 2006-2007 жж. арналған мемлекеттік бағдарлама туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 7 мамырдағы № 597 Жарлығы;

Шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдауды күшейту және оның дамуын жандандыру мақсатында, 2003 жылы наурыз айында «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ құруға негіз болған Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы шықты.

Президент Жарлығын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорын құру туралы» қаулы шығарды.

«Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ қызметін 2003 ж. 18 тамызда бастады.

Қордың негізгі мақсаты: Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлік субъектілерінің (әрі қарай-ШКС) қалыптасуы мен экономикалық өсуін ынталандыру, мемлекеттің шағын кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған қаржы құралдарын пайдаланудың тиімділігін арттыру.

«Қазына» орнықты даму қоры» АҚ 2006 жылы Қордың акционері болып белгіленді.

«Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басты мақсатына қол жеткізу үшін, 2007 жылғы қараша айына дейін мынадай:

- жобалық қаржыландыруды дамыту: шағын және орта бизнесті әртараптандыру мақсатында және жекелеген аймақтардың әлеуметтік-экономикалық ерекшелігіне сүйене отырып, экономиканың приоритетті салаларындағы шағын кәсіпкерлік субъектілерін тікелей кредиттеу;

- қаржы лизингін дамыту;

- микрокредиттік ұйымдар желілерін дамыту ;

- шағын кәсіпкерлік субъектілерінің екінші деңгейдегі банктер алдындағы міндеттемелеріне кепілдік беру жүйесін дамыту;

- Қордың жүзеге асыратын бағдарламалары шеңберінде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне консультациялық көмек көрсету сияқты функциялар мен міндеттерді атқарды.

2007 жылдың соңынан бастап, Қорда  тұжырымды өзгерістер болды:

Қор «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ мәртебесінен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ мәртебесіне өзгерді, сол себепті шағын және орта кәсіпкерлікті (одан әрі - ШОК) қолдау жөніндегі тиісті өкілеттіктері де ұлғайды; Қор қаржы институтынан мемлекеттен бөлінетін қаражат активтерін басқару операторына айналды: ШОК субъектілерін қаржылай қолдау және ШОК субъектілерін ақпараттық-талдамалық және консалтингтік қолдау қызметінің жаңа бағыттары әзірленіп, іске асырылып отыр. Қордың фирмалық стилі өзгерді.

2008 жылғы қазан айында, «Қазына»  орнықты даму қоры» АҚ және «Самұрық» Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдинг» бірігіп, «Самұрық - Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ болып өзгерді. Жаңадан құрылған қор қызметінің мақсаты өзіне тиесілі меншік құқығында  ұлттық даму институттарының ұлттық компаниялар мен өзге заңды тұлғалардың акциялар пакетін, қатысу үлестерін басқару болып табылатын ұлттық басқарушы холдинг ретінде белгіленді.

Бүгінде «Даму» Қоры 100% акциясы «Самұрық - Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ тиесілі ұлттық даму институты болып отыр.

«Даму» Қорының миссиясы– қаржылық, консалтингтік қызметтерді ұсыну интеграторы және операторы рөлінде ШОБ-ң, сонымен бірге Қазақстанның микроқаржы ұйымдарының сапалы дамуына жәрдемдесу.

 

 

3 Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың шетелдік тәжірибелері

                3.1 АҚШ-та шағын кәсіпкерлікті ұйымдастыру ерекшеліктері

 

Бүкіл дүние жүзінде шағын және орта бизнестің экономика құрылымындағы  үлесі жоғары.  Сол шағын кәсіпкерліктің даму деңгейіне елдің экономикалық дамуының өсуі тәуелді болады. Әсіресе соңғы кезеңдерде АҚШ-та шағын кәсіпкерліктің кеңінен дамуы орын алып отырғандығы байқалып отыр. АҚШ-та шағын бизнеске жұмыскерлер саны 50 адамға дейінгі шағын және орта фирмалардың жиынтығына тең формалар болып табылады. Бұл фирмалар американдық фирмалардың 99% қамтиды. Бұлардың негізгі бөлігі ұсақ, көбінесе жанұялық немесе жеке кәсіпорындар. Мұндай фирмалардың 87% саны 20-дан аспайтын, ал 80% 10-нан аспайтын адамдар жұмыс істейді. 2005 жылдардың аяғында АҚШ-та шағын фирмалардың өсуі сандық және сапалық жағынанда ерекше байқалады. Мысалы үшін тек 2008 жылдардың өзінде ғана 1млн. шағын кәсіпорындар пайда болса, ал 2010 жылы 1,3 млн. шағын фирмалар құрылды. Мұның алдындағы жылдары жыл сайын 600 мыңға жуық қана шағын кәсіпорындар өмірге келіп отыратын болатын. АҚШ-та шағын және орта фирмалар жалпы ұлттық өнімнің 40% өндіреді, оның ішінде өңдеуші өнеркәсіпте 21%, құрылыста 80%, көтерме саудада 86%, қызмет көрсету саласында 81% құрайды.

Информация о работе Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту («Даму қоры» мысалында)