Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Апреля 2014 в 15:25, курсовая работа
Зерттеудің мақсаты мен міндеті; шағын кәсіпкерліктің мемлекеттегі нарықтық экономикалық қатынастарды құруда алатын манызды роліне байланысты бұл жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті дамытуды басқару мен оны қолдау мәселелерін зерттеу болып табылады, яғни қолдау оның даму үрдістерін айқындаумен оған мемлекеттік қолдау қажеттілігін негіздеуді талдау. Қойылған мақсатқа жету үшін келесі мәселелер анықталды:
- кәсіпкерліктің теориялық негіздері мен оның даму эволюциясы сипатталынды;
- әлемдік тәжірибелер негізінде шағын кәсіпкерліктің экономикадағы ролі мен орны анықталды;
- Қазақстандағы шағын кәсіпкерлікті ұйымдастыру тенденциялары мен жағдайы зерттелінді;
- ҚР-ғы шағын кәсіпкерліктің даму үрдістері айқындалған;
Кіріспе
4
1 Шағын кәсіпкерліктің теориялық негіздері
1.1 Кәсіпкерліктің мәні және маңызы
6
1.2 Шағын кәсіпкерліктің қызметі мен бағалау әдістері
9
1.3 Шағын кәсіпкерлікті несиелендіру
11
2 ҚР-дағы шағын кәсіпкерліктің экономикадағы рөлі және даму бағыттары
2.1 ҚР-да шағын кәсіпкерліктің қазіргі жағыдайын талдау
13
2.2 Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың негізгі бағыттары
18
2.3”Даму”қоры
23
3 Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың шетелдік тәжірибелері
3.1 АҚШ-та шағын кәсіпкерлікті ұйымдастыру ерекшеліктері
27
3.2 Германиядағы шағын кәсіпкертің қолдау тетіктері
29
Қорытынды
32
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
АҚШ экномикасында олар ғылыми – техникалық прогресс сферасына жататын барлық жаңалықтарды жасаудың, игерудің және өндіріске енгізу тең жартысына жуығын қаматамасыз етеді. Өндіріске жұмсалған әрбір доллар шығынға олар ірі кәсіпорындармен салыстырғанда орташа есеппен алғанда 17 еседен көп ғылыми жаңалықтар енгізуде. Шағын инновациялы өндіріс мұнда ғалымдар және инжинерлер, сол сияқты тапқырлардың еңбегінде ұйымдастырылады. Бүгінгі таңда жыл сайын құрылатын 600-700 мың фирмалардың 1/8 бөлігін ғылыми-техникалық жаңашылдық өндірісінде мамандандырылған, сонымен қатар, АҚШ-тың инновациялық саясатының негізгі бағыттарының бірі – ол қаржы түсімдерін реттеу болып табылады. Ол екі бағытта құрылады:
Бұл бағытты іске асыруда АҚШ-та шағын бизнестің әкімшілігі
( ШБӘ) құрылған және ол шағын
кәсіпкерлікке қаржылық, консультациялық,
материалдық көмектеседі, кәсіпкерлерді
оқыту мен дайындауды жүзеге
асырады. Шағын бизнес әкімшілігі
шеңберінде АҚШ-та келесі
Сонымен қатар, АҚШ-та шағын кәсіпкерліктің субьектілеріне қаржы ресурстарын қамтамасыз ету келесі бағыттарды қарастырады:
Сонымен қатар, АҚШ-та қолдау жұмыстары шағын кәсіпкерлік субьектілеріне салықтық жеңілдіктер берумен ерекшелінеді. Мысалы, табысы 50 мың доллар кәсіпорындарға 15% салық мөлшерлемесі бекітілген, 70 мың долларға дейін табысы бар шағын фирма салық нормасы 25 %; ал ең жоғарғы мөлшері 34%. Барлық федералды ведомоствалар мен 12 шағын бизнесті дамыту мекемелерінің 100млн. долларлық бюджетінен шағын ғылыми зерттеу фирмалар қызметін қаржыландыруға өздерінің 1,25% қаржы ресурстарын бөлуге міндетті болып табылады.
Өтпелі кезең экономикасында шағын кәсіпкерлік мәселесі дамыған мемлекеттер тәжірибелерін талдау маңызы өседі. Дамыған капиталистік мемлекеттердің тәжірибелерге талдау көпшілігінде шағын және орта фирмалардың жалпы жұмысбастылықтағы үлесінің артуын көрсетеді.
3- кесте.ЖҰӨ-гі шағын кәсіпорындар үлесі, 2009ж.
№ |
Мемлекет |
Шағын кәсіпорындар саны |
Жұмысбасы |
Шағын кәсіпорындар үлесі | ||
Мың бір. |
Мың адамға |
Мың адам |
Жұмысбастылық үлесі, % |
ЖҰӨ, % | ||
1 |
Япония |
6450 |
49,6 |
39,5 |
78 |
52-55 |
2 |
АҚШ |
19300 |
74,2 |
70,2 |
54 |
50-52 |
3 |
Еуропа елдері |
15770 |
45 |
68,0 |
72 |
63-67 |
4 |
Германия |
2590 |
37,0 |
18,5 |
46 |
50-54 |
5 |
Ресей |
870,6 |
5,9 |
8,5 |
10,1 |
10-12 |
Е с к е р т у- [16,18]әдебиеттер негізінде автор қүрастырған |
Сонымен қатар, мемлекеттерде шағын бизнестің ұйымдастырылуы әр түрлі қаржыландыру көздері арқылы, техникалық және технологиялық көмек көрсетуге, бюджетті – қаржылай жеңілдіктер болуы, инфраструктуралық қолдау шаралары және шағын кәсіпкерлікті қолдау, дамыту іс-шаралары жатады.
3.2 Германиядағы шағын кәсіпкерліктің даму тетіктері
Германияда шағын және орта кәсіпкерліктің басты сипаттамасы ең алдымен меншік құқы мен кәсіпорынды тікелей басқарудың бірлігі болып табылады. Екінші сипаттама - кәсіпорынды тікелей басқарудың айқындылығы, яғни кәсіпорын қызметінің айқындылығы: оның көлемінің шектеулілігі қожайын мен жұмыскер арасындағы өзіндік ерекше қатынастар сипаттарын білдіріп, өндірістің түпкі нәтижесі үшін екі жақтың да бірдей мүдделігін, ынталылығын тудырады.
Үшіншіден, кәсіпорындар өмірінде басқарушы рөлінің ерекше маңыздылығы: ол шаруашылықтың нәтижелілігіне тек қана мүлік иесі болғандықтан тәуекелге бел буатындығынан ғана емес, сонымен бірге оның өзінің де өндіріспен тікелей айналысып, оны ұйымдастыруға барлық жағынан қатысуынан көрінеді.
Төртінші – істі жанұялық негізде жүргізу, кәсіпорындар қызметін нәтижелі жүргізу, ұйымдастыруға атадан балаға мұра ретінде машықтану.
Бесіншіден – шағын кәсіпкерліктің тағы бір сипатты белгісі ретінде кәсіпорынды қаржыландыру мәселесін айтуға болады.
Егер «алыптар» қажетті ресурстарды негізінен капиталдар нарығы (қор биржалары) арқылы алатын болса, ал шағын және орта кәсіпорындар банктердің аздаған несиесіне арқа сүиейді, сондықтан да олар үшін қаржылындыру мәселесі басты проблема болып табылады.
Шағын кәсіпкерліктің жоғарыдағы аталған сапалық жақтарымен бірге сандық жағынан да сипаттамалары бар. Олар екі көрсеткішке негізделеді: жылдық айналым сапасы мен еңбекпен қамтылғандар саны. Германияда қабылданған есептеу методологиясына сәйкес халық шаруашылығының бұл секторына мыналар жатқызылады:
Германияда 2005 ж. аяғына қарай жоғарыда көрсетілеген сипаттың статистикалық есептеу тәртібіне байланысты 1.9 млн. шағын және орта кәсіпорындар жұмыс істеп, олар халық шаруашылығының салалары бойынша мынадай негізде бөлінеді (мың есебінде):
Германиядағы шағын бизнестің экономикалық маңызы, біріншіден барлық еңбекке жарамды халықтың 2/3 бөлігін қамтып отырған жұмыс беруші ретіндегі, екіншіден елдің жалпы ішкі өнімінің жартысына жуығын құрайтын өнім өндіруші мен қызмет көрсетуші ретіндегі; үшіншіден барлық инвестициялар мен тіркелген потенттердің жартысынан артығының өндіріске еңгізудегі үлесіне 2/5 бөлігі келетін ғылыми-техникалық прогрестің катализаторы ретіндегі; төртіншіден Германиядағы барлық өндірістік оқу орындарының 85 процентін қамтитын кадрлар дайындау көзі ретіндегі рольмен анықталады.
Шағын кәсіпкерліктің барлық кешенді ішкі және сыртқы проблемалары олардың өз күшімен шешілуі мүмкін емес. Қазіргі кезеңде Германияда бірқатар жағдайлар шағын және орта бизнеске мемлекеттік қолдау жүйесінің қажеттілігінің өте бір маңызды, көкейтесті мәселеге айналып отыр. Олардың ішінде:
Германияда шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау жүйесінің негізінде жатқан басты принцип өздігінен, мүмкіндігінше өз бетінше дамуы барынша ынталандыратын негізде көмек беру болып табылады. Бағдарламаның жалпы мақсаты – ол шағын кәсіпкерліктің тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Қазіргі кезде бірінші орынға арнайы шаралардың жиынтығы мен нақты бағдарламалардың өмірге келуіне талап етіп отырған Германияның жаңа аймақтарындағы шағын және орта кәсіпорындарды ынталандыру проблемасы қойылып отыр. Осыған орай мынандай шараларды атап өтуге болады: Гермианияның федералді өкіметі іс жүзіне асырып отырған құрылымдық-саяси шаралар. Олар шағын фирмалар үшін қалыпты бәсеке жағдайын қамтамасыз етуге бағытталған бұл жердегі басты тетік 2007 жылы заңды түрде бекітілген және шағын фирмалардың позицияарын нығайтуға байланысты бірінші рет қайта қарасытрылған- картелдік құқық. Картельдердің қызметін қадағалаушы ведомство ( біздіңше , монополияға қарсы комитет), біріншіден, ірі фирмалардың бір-біріне қосылып кетуін қатаң бақылап отырады, екіншіден, орынсыз тыйым салуларды алып тастап , шағын кәсіпорындардың кооперациялануына жеңілдік жасайды.
Шағын кәсіпкерлікке қолдау жасауға құрылымдық-саяси шаралардң екінші бір құрамды бөлігі – мемлекеттік келісім шарттарды бөлуге қатысудағы олардың құқықтық бұлардың құқықтық жағынан тңдегін қамтамасыз ету. 2007 жылдан бастап Германияда мемлекеттік тапсырмаларды бөлу шағын және орта фирмалардың да міндетті түрде қатысуын реттейтін ерекше ережесі бар.
Германиядағы салық салу жеңілдіктер. Германияның жаңа аймақтарында қазіргі кезде кеңінен пайдаланып жүрген бұл инстументің басты үш түрі бар:
Енді арқайсысына жекелеп тоқталсақ:
Амортизациялық аударымдардың арнайы нормалары барлық инвестицияларға қолданылып, жаңа жұмыс орнын ашуға, қоршаған ортаны қорғауға, техникалық жағынан алдыңғы қатарлы өнім өндіруге, сыртқа тауар шығаруға бағытталады. Жұмсалған қаражаттар үш жыл ішінде есеп ретінде шығарылады, бірінші жылы жұмсалған капиталдың 50% амортизацияланады, екінші жылы 30% және үшінші жылы 20%. Салықтан босатылған пайда резервтерін жасауға қол өнері өндірісінде, саудада, өнеркәсіпте, еркін мамандық секторларында, сондай-ақ мүліктерді жалдау мен жалға беру қызметі сферасында қолдануға рұқсат етілген. Резерв бір жыл ішінде түскен пайданың 20% дейінгі мөлшерін құрауы мүмкін.
Қаржы жағынан қолдау. Федералдық өкімет тарапынан берілетін салыстырмалы түрде процент ставкасы төмен және жеңілдік жағдайын падалана отырып, ақшаны қайтаруға мүмкіндіктер тудыратын несиелер – шағын бизнес үшін қамқорлық болып саналады. Қазіргі кезде бұл шағын кәсіпкерлікке қаржы бөлудің негізгі көзі федералдық бюджет, оның қорлары;
«Кредитонитальт фюр Видерауфбау»(Маин);
«Дойче асглейхсбанк» (Бонн);
«Берлиндер индустри банк» (Берлин) сияқты үш арнайы банк арқылы бөлінеді.
Жалпы қорытындылай келе, шағын кәсіпкерлік қай ел болмасын экономиканың дамуының негізгі тұтқасы деуге болады.Ол өркениетті елдерде бұл саланы дамыту басты назардағы мселені құрайды. Мысалы, АҚШ-та шағын кәсіпкерлікпен айналысатындар саны 53%, Германияда 63%, Жапонияда 73%, Ұлыбританияда 75%, Италияда 80% жетіп отыр. Ал бұл салада қазір Ресейде 10%, Беларусияда 8% шамасында, ал Қазақстанда бұл көрсеткіш 6%-дан аспай отыр. Жалпы бүгінгі таңда шағын кәсіпкерлікті дамыту мен оны қолдау ел экономикасының реформалаудың басым бағыттарының бірі. Сондықтан, бұл жұмыстар шағын кәсіпкерліктің дамыған, өркениеттегі елдердегі даму сипаты мен барысын сипаттай келіп, оның негізгі ұйымдастыру шаралары мен әдістері кеңінен талқыланды. Сонымен бірге, АҚШ-та және Германиядағы шағын кәсіпкерліктің дамуы мен қалыптасуы туралы мәселелер жүзеге асырылуы мен іске асыруы сияқты маңызды шаралар зерттелінді. Бұл елдердегі шағын кәсіпкерлікке көрсетілетін қолдау іс шараларының қалыптасу ерекшеліктері мен оның тиімділігі қарастырылды. Оған мысалы, АҚШ-ғы әртүрлі шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қорғауға байланысты бағдарламалар мен атқару жұмыстары арқылы жүзеге асырылады. Сонымен бірге, ол шағын бизнестің әкімшілігі арқылы қолдау табатындығы айқындалды.
Информация о работе Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту («Даму қоры» мысалында)