Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Декабря 2013 в 21:13, реферат
Нарықтық экономика жағдайында тәуекел – бұл кәсіпкерліктің маңызды элементі. Тәуекел адамдардың кабылдайтын шешімдерінің дұрыс нәтижелілігіне әсер ететін көптеген шарттар және факторлармен байланысты қызметтердің кез келген түрлеріне тән. Тарихи тәжірибе көзделген нәтижелерге жетпеу тәуекелі тауарлы-ақшалай қатынастар және шаруашылық айналым қатысушыларының бәсекелестігі жалпылылығында көрінетіндігін көрсетеді. Сондықтан капиталдық қатынастардың пайда болуы және дамуымен байланысты тәуекелдің түрлі теориялары пайда болады, ал экономикалық теорияның классиктері шаруашылық қызметтегі тәуекел мәселелерін зерттеуге көп көңіл бөледі.
Кіріспе
1-бөлім. Тәуекелдердің теориялық негіздері
1.1. Тәуекелдердің мәні мен түсінігі
1.2. Қаржылық тәуекелдердің сыныпталуы
2-бөлім. Тәуекелдерді басқару – табыстылық алғышарты
2.1. Тәуекелдердің деңгейін бағалау әдістері
2.2 Тәуекелдерді басқару
2.3. Тәуекелдерді бейтараптандыру тетіктері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Осылайша, қаржылық тәуекелдерді бағалау негізінде кәсіпорынның белгілі бір залалдарының мөлшері мен олардың пайда болу ықтималдылығының арасындағы тәуелділікті анықтау жатыр. Бұл тәуелділік залалдардың белгілі бір деңгейінің пайда болу ықтималдылығының қисығында көрініс табады.
Қисықты тұрғызу
– қаржылық тәуекел сұрақтарымен
айналысатын қызметкерлердің
Әрине, тәуекел – бұл ықтималдылық категориясы. Ал қаржылық тәуекелдің сандық мөлшерін есептеу үшін қандай да бір әрекеттің барлық мүмкін болатын салдарларын білу қажет.
Қаржылық тәуекелді есептеудің статистикалық әдісінің негізгі инструменттері: вариация, дисперсия және стандартты (орташа квадратталған) ауытқу.
Вариация – бір варианттан екінші вариантқа көшуде сандық көрсеткіштердің өзгеруі.
Дисперсия – нақты мәннің орташа мәннен ауытқу өлшемі.
Осылайша, тәуекел мөлшері немесе тәуекел дәрежесі белгісіз оқиғамен байланысты. Ол барлық мүмкін нәтижелердің орташа есептелген мәні болып табылады. Ал әр нәтиженің ықтималдылығы жиілік немесе сәйкес мәннің үлес салмағы ретінде қолданылады. Осылайша, күтілетін нәтиже есептеледі.
Бұл әдіс залалдардың
әртүрлі деңгейлерінің пайда
болу ықтималдылығына әртүрлі
Моделдің сезімталдығын талдау келесі қадамдардан тұрады: қандай да бір кілтті көрсеткіш таңдалады және осы көрсеткішке қатысты сезімталдық (табыстылықтың ішкі нормасы, таза табыс және тағы басқа) бағаланады; факторларды таңдау (инфляция деңгейі, экономика жағдайының дәрежесі және басқалар); жобаны жүзеге асырудың әртүрлі кезеңдеріндегі (шикізат сатып алу, өндіріс, сату, жөнелту тағы сол сияқты) кілтті көрсеткіштердің мәндерін есептеу. Осындай жолмен қалыптастырылған шығындар мен қаржылық ресурстардың түсу кезектілігі әр кезең үшін ақша қаражаттары қорының ағындарын анықтауға мүмкіндік береді, яғни тиімділік көрсеткіштерін анықтауға мүмкіндік береді. Таңдалған нәтижелілік көрсеткіштерінің бастапқы параметрлер мөлшеріне тәуелділігін көрсететін диаграммалар құрылады. Диаграммаларды өзара салыстыра отырып, жобаның табыстылығына айтарлықтай әсер ететін көрсеткіштерді анықтауға болады.
Сезімталдықты таңдаудың кемшіліктері де бар: ол барлық факторларды қамтымайды және баламалы жобаларды жүзеге асыру ықтималдылығы нақтыланбайды.
Осылайша, залалдардың белгілі бір деңгейінің пайда болу ықтималдылығының қисығын тұрғызудың әдістері нақты емес, бірақ қаржылық тәуекелдердің жалпы көлемін шамалап болса да бағалауға мүмкіндік береді.
Кәсіпорынның қаржылық тәуекелдерін басқару қаржы менеджментінің айрықшалықты сферасы болып табылады. Кейінгі жылдары бұл сфера білімнің жеке облысына бөлініп шығып, “риск-менеджмент” деп аталып жүр. Бұл сферада қызмет ететін мамандарға ерекше кәсіби талаптар қойылады, атап айтқанда, кәсіпорынның қаржысы мен экономиканың негіздері туралы білу, математикалық әдістерді, статистика негіздерін, сақтандыру ісінің негіздерін және тағы басқаларды білу. Мұндай мамандардың (“риск-менеджерлер”) негізгі функциясы болып кәсіпорынның қаржылық тәуекелдерін басқару табылады.
Кәсіпорынның қаржылық тәуекелдерін басқару – тәуекелдердің теріс қаржылық салдарларын алдын ала көре білу және бейтараптандырудың тәуекелдерді анықтау, бағалау, сақтандырумен байланысты процесі.
Кәсіпорынның қаржылық тәуекелдерін басқару белгілі бір қағидаларға негізделеді. Олардың негізгілері 3-суретте көрсетілген.
3-сурет. Кәсіпорынның
қаржылық тәуекелдерін
1.
Тәуекелдерді өздігінен
2.
Қабылданған тәуекелдердің
3. Жеке тәуекелдерді басқарудың дербестігі. Риск-менеджменттің негізгі ережелерінің біріне сәйкес, тәуекелдер бір-бірінен тәуелсіз және портфелдің бір тәуекелі бойынша қаржылық залалдардың болуы басқа қаржылық тәуекел бойынша тәуекелдік жағдайдың пайда болу ықтималдылығын ұлғайтуы міндетті емес. Басқа сөзбен айтқанда, тәуекелдердің әртүрлі түрлері бойынша қаржылық залалдар бір-бірінен тәуелсіз және басқару процесінде оларды бейтараптандыру жеке-жеке жүргізілуі мүмкін.
4.
Қабылданатын тәуекелдердің
5.
Қабылданатын тәуекелдер
6.
Тәуекелдерді басқарудың
7. Тәуекелдерді басқаруда уақыт факторын ескеру. Қаржылық операцияны жүзеге асыру кезеңі ұзақ болған сайын, бұл операцияға тән тәуекелдердің диапазоны соғұрлым кеңейе түседі, тәуекелдерді басқару үнемділігі критериі бойынша олардың теріс қаржылық салдарларын бейтараптандыруды қамтамасыз ету мүмкіндігі де соғұрлым азая түседі. Мұндай қаржылық операцияларды жүзеге асыру қажеттілігі кезінде кәсіпорын бұл операция бойынша тек ғана тәуекел үшін сыйақы есебінен ғана емес, сондай-ақ өтімділік үшін сыйақы есебінен де қажетті қосымша табыстылық деңгейін қамтамасыз ету керек (себебі қаржылық операцияны жүргізу кезеңі оған салынған капиталдың “өтімділігі қатырылған” кезеңін білдіреді). Тек осы жағдайда ғана кәсіпорынның тәуекелді жағдай туындаған кезде осындай операция бойынша теріс қаржылық салдарларды бейтараптандыру үшін қажетті қаржылық потенциалы қалыптасады.
8.
Тәуекелдерді басқару
9. Тәуекелдерді беру мүмкіндігін ескеру. Кейде қаржылық тәуекелдердің бірқатарын қабылдау кәсіпорынның тәуекелді жағдай туындаған кезде олардың, яғни тәуекелдердің теріс қаржылық салдарларын бейтараптандыру бойынша қаржылық мүмкіндіктерімен сәйкес келмейді. Сонымен бірге, сәйкес қаржылық операцияны жүзеге асыру қаржылық қызметтің бағыттылығымен немесе стратегияның талаптарымен сәйкестендіріліп отырылуы керек. Мұндай тәуекелдерді жиынтық қаржылық тәуекелдердің портфеліне тек осы тәуекелдерді қаржылық операция бойынша серіктестерге немесе сыртқы сақтандырушыға бөлшектей немесе толығымен беру мүмкіндігі болған жағдайда ғана қосуға болады. Тәуекелдердің сыртқы сақтандырылу критериі кәсіпорынның қаржылық тәуекелдер портфелін қалыптастыру кезінде міндетті түрде ескерілуі қажет.
Осы қарастырылған принциптерді ескере отырып, кәсіпорында қаржылық тәуекелдерді басқарудың арнайы саясаты қалыптастырылады.
Қаржылық тәуекелдерді басқару саясаты – бұл кәсіпорынның қаржылық қызметінің әртүрлі аспектілерін жүзеге асырумен байланысты тәуекелдердің мүмкін болатын теріс қаржылық салдарларын бейтараптандыру бойынша шаралар жүйесін дайындауды қамтитын кәсіпорынның жалпы қаржылық стратегиясының бір бөлігі.
Қаржылық тәуекелдерді басқару саясатының қалыптасуы мен жүзеге асырылуы келесідей шаралардың өткізілуін көздейді:
1. Кәсіпорынның
қаржылық қызметімен
2. Қаржылық
тәуекелдердің деңгейін
3. Тәуекелдердің
жекелеген түрлері бойынша
4. Тәуекелдердің
жекелеген түрлері бойынша
5. Кәсіпорынның
қаржылық тәуекелінің
6. Жекелеген
қаржылық операциялар бойынша
және қаржылық қызметтің
7. Қаржылық
тәуекелдердің жекелеген
8. Қаржылық
тәуекелдердің жекелеген
9. Кәсіпорынның
жеке қаржылық тәуекелдерін
Информация о работе Тәуекелдерді басқару – табыстылық алғышарты