Тәуекелдерді басқару – табыстылық алғышарты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Декабря 2013 в 21:13, реферат

Описание работы

Нарықтық экономика жағдайында тәуекел – бұл кәсіпкерліктің маңызды элементі. Тәуекел адамдардың кабылдайтын шешімдерінің дұрыс нәтижелілігіне әсер ететін көптеген шарттар және факторлармен байланысты қызметтердің кез келген түрлеріне тән. Тарихи тәжірибе көзделген нәтижелерге жетпеу тәуекелі тауарлы-ақшалай қатынастар және шаруашылық айналым қатысушыларының бәсекелестігі жалпылылығында көрінетіндігін көрсетеді. Сондықтан капиталдық қатынастардың пайда болуы және дамуымен байланысты тәуекелдің түрлі теориялары пайда болады, ал экономикалық теорияның классиктері шаруашылық қызметтегі тәуекел мәселелерін зерттеуге көп көңіл бөледі.

Содержание работы

Кіріспе
1-бөлім. Тәуекелдердің теориялық негіздері
1.1. Тәуекелдердің мәні мен түсінігі
1.2. Қаржылық тәуекелдердің сыныпталуы
2-бөлім. Тәуекелдерді басқару – табыстылық алғышарты
2.1. Тәуекелдердің деңгейін бағалау әдістері
2.2 Тәуекелдерді басқару
2.3. Тәуекелдерді бейтараптандыру тетіктері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

реферат.docx

— 62.75 Кб (Скачать файл)

10. Қаржылық  тәуекелдерді бақылауды ұйымдастыру  мен тәуекелдерді бейтараптандыру  нәтижелілігін бағалау.

2.3. Тәуекелдерді  бейтараптандыру тетіктері

 

Кәсіпорынның  қаржылық тәуекелдерін басқарудың әдістерінің  ішінде негізгі рөл оларды бейтараптандырудың ішкі механизмдеріне тиесілі.

Қаржылық  тәуекелдерді бейтараптандырудың ішкі механизмдері – бұл тәуекелдердің теріс салдарларын минимизациялаудың кәсіпорынның өзінің ішінде таңдалатын және жүзеге асырылатын әдістерінің жүйесі.

Қаржылық  тәуекелдерді бейтараптандырудың ішкі механизмдерін пайдаланудың артықшылығы  болып басқа шаруашылық жүргізуші  субъектілерге тәуелсіз басқарушылық шешімдерді қабылдаудың баламалылық  дәрежесінің жоғарылығы табылады.

Қаржылық  тәуекелдерді бейтараптандырудың ішкі механизмдерінің жүйесі келесідей  негізгі әдістерді қолдануды  көздейді:

1. Тәуекелден қашу. Қаржылық тәуекелдерді бейтараптандырудың бұл әдісі ең кең тараған болып табылады. Ол қаржылық тәуекелдің нақты бір түрін мүлдем болдырмауға мүмкіндік беретін шараларды жүргізуді білдіреді. Мұндай шараларға төмендегілер жатады:

  • тәуекел деңгейі тым жоғары қаржылық операцияларды жүзеге асырудан бас тарту;
  • қарыз капиталын жоғары көлемде қолданудан бас тарту;
  • өтімділігі төмен формадағы айналым активтерін көп көлемде пайдаланудан бас тарту;
  • қысқа мерзімді қаржылық салымдардағы уақытша бос ақша қаражаттарын пайдаланудан бас тарту;

2. Тәуекелдің шоғырлануын шектеу (лимиттеу). Қаржылық тәуекелдерді шоғырландыруды шектеу механизмі әдетте апатты немесе сыни зонадағы жүзеге асырылатын қаржылық операциялар бойынша қолданылады. Мұндай шектеу кәсіпорында қаржылық қызметтің әртүрлі аспектілерін жүзеге асыру саясатын дайындау процесінде сәйкес ішкі қаржылық нормативтерді бекіту жолымен жүзеге асырылады.

Тәуекелдерді  шоғырландыруды лимиттеуді қамтамасыз ететін нормативтер  жүйесі келесілерді  қамтуы мүмкін:

  • шаруашылық қызметте қолданылатын қарыз қаражаттарының шекті мөлшері (үлес салмағы);
  • жоғары өтімді формадағы активтердің минималды мөлшері (үлес салмағы);
  • бір сатып алушыға берілетін тауарлық (коммерциялық) немесе тұтыну несиесінің максималды мөлшері;
  • бір банкте орналастырылған депозиттің максималды мөлшері;
  • бір эмитенттің бағалы қағазына салынған қаражаттардың максималды мөлшері;
  • дебиторлық қарызға қаражаттарды шегерудің максималды кезеңі.

3. Хеджирлеу. Хеджирлеу (сақтандыру) – нарық қатынасының дамуымен байланысты қаржы тәуекелінен болатын мүмкінді зиянды өтеудің жаңа әдісі. Жалпы түрде хеджирлеуді тауардың бағасын тәуекелден сақтандыру деп түсінуге болады. Кәсіпкерлікпен айналысатын кәсіпорындармен хеджирлеу болжамданған табыс деңгейін сақтандыру мақсатымен тәуекелді басқа жаққа беру үшін қолданылады. Пайдаланылатын туынды бағалы қағаздар түріне қарай қаржы тәуекелін хеджирлеудің бірнеше түрлері болады.

1. Опционды пайдалану арқылы хеджирлеу – бағалы қағаздармен, валютамен, нақтылы активтермен операциялар жасаудағы қаржы тәуекелін бейтараптандыруға мүмкіндік тудырады.

Опционды  пайдалана отырып хеджирлеудің екі  әдісі бар:

  • Опцион негізінде келісілген бағамен сатып алуды хеджирлеу;
  • Опцион негізінде келісілген бағамен сатуды хеджирлеу.

2. Фьючерстік шартты қолдану арқылы  хеджирлеу. Фьючерстік шарт – бұл биржада келісім жасалған уақыттағы бағамен шикізат тауарларын, алтын, валюта, бағалы қағаздарды сатып алу-сату мәмілесін шұғыл жасау.

Фьючерстік  шартты қолданумен хеджирлеудің механизмі  – кәсіпкерлікпен айналысушы  кәсіпорынның тауарларды жеткізу кезіндегі бағаның  өзгеруіне байланысты қаржы шығындарына  ұшырауына негізделген.

3. “Своп” (айырбас) операциясын қолдану арқылы хеджирлеу. “Своп“ – бұл сауда-қаржылық айырбас операциясы. Бұл жағдайда бағалы қағаздарды сатып алу (сату)  туралы мәміле қарсы мәміле жасауменен жалғастырылады. Яғни сол қаржы құралын белгілі бір уақыт өткеннен кейін қайта сату туралы мәміле жасалынады. Своп операцияларының бірнеше түрлері бар:

  • бағалы қағаздардың мерзімін ұзарту мақсатымен своп жасау – бағалы қағаздарды сату және сонымен бірге ұзақ мерзімді бағалы қағаздарды сатып алу;
  • валюталық своп-операция – шетел валютасын қолма-қол ұлттық валютамен сатып алуды, кейін оны қайта сат<span class="Normal__Char" style=" f

Информация о работе Тәуекелдерді басқару – табыстылық алғышарты