Инвестиция түсінігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Апреля 2013 в 17:03, курсовая работа

Описание работы

Кәсіпорынның инвестициялық саясаты елдің экономикалық жағдайына және мемлекеттің қаржы саясатына да, сонымен қатар кәсіпорынның таңдап алған экономикалық және қаржылық стратегиясының белсенділігіне де тәуелді болып келеді. Сондай-ақ, олар өзара байланысты болғандықтан кәсіпорын басшылары инвестициялық басқаруына көп көңіл бөлу керек. Ұйымдардың, компаниялардың, холдингтердің, саланың және жалпы елдің тиімділік дәрежесі инвестицияның дұрыс жүргізілуіне тәуелді. Сондықтан тәжірибеде инвестицияны тиімді ұйымдастыру ең бірінші орында.

Содержание работы

Кіріспе 2
I тарау. Инвестиция түсінігі 3
1.1 Инвестициялық қызметті іске асыру принципі 3
1.2 ҚР-ғы иновациялық және инвестициялық жағдай 4
1.3 Мемлекеттік инвестициялық саясаттың өзекті мәселелері 6
IІ тарау. Қазақстан Республикасында инвестициялық саясаттың негізі, мәні және құрылымы 8
2.1 Қазақстан Республикасындағы инвестициялардың ұғымдары мен түрлері 8
2.2. Инвестицияландырудың әлемдік тәжірибесі 10
2.3. Инвестициялық қызметті реттеудің теориялық негізі 12
IІI тарау. Кәсіпорынның инвестициялық саясатын талдау 15
3.1 Инвестициялық саясат - дамудың алғы шарты 15
3.2 Қоржындық инвестиция қарекеті 19
3.3 Кәсіпорындағы инвестициялаудың ішкі көздері мен әдістері 21
3.4 Инвестициялық жобаны бағалау әдістері 24
IV тарау. ҚР-да инвестициялық саясаттың проблемалары мен жетілдіру көздері және даму перспективалары 29
4.1 Әлеуметтік салада инвестициялық процесті реттейтін құралдар 29
4.2 Инвестицияның әлемдік экономикаға қозғалысының қазіргі кездегі тенденциялары 30
Қорытынды 32
Қолданған әдебиеттер тізімі 33

Файлы: 1 файл

Инвестиция Курстық жұмыс (1).DOC

— 272.00 Кб (Скачать файл)

Сонымен  бірге   экономиканың   қалыптасқан  жағдайларын   есепке  ала  отырудың  негізінде   қалыптасқан   нарық  талаптарына  пайдалануға  шығарылған мемлекеттік экономикалық тұжырымдамаларының  ұсыныстарын қолдануды саралау қажет.

 Инвестициялық   үрдісті  мемлекеттік  реттеу  белгілі  теориялық   тұжырымдарға  сүйенеді. Батыстың экономикалық  тәжірибесінде   негізгі   экономикалық реттеу тұжырымдамалары ретінде инвестициялық үрдісті мемлекеттік реттеудің түрлі әдістерін қамтитын кейнсиандық пен монетаризм қолданылады. Сонымен қатар кейнсиандық теорияны   жақтаушылар басты   назарын экономикалық өсу мақсаттарына  жетуді   қойса, монетаризмді қолдаушылар ақша айналымының,  баға  деңгейінің  және  валюта  бағыттарының   тұрақталуына   аударады.

Кейнсиандық доктринаға сәйкес инвестициялық сұраныс жалпы  ұлттық өнімнің динамикасын анықтайтын басты құраушы болып   табылады.  Жеке меншік инвестициялық сұраныс үнемі өзгерісте болып тұрады. Ол  келесі  факторлармен шартталады:

1) жиналым және  инвестиция  субъектілері түрлі негізде жиналым  және  инвестиция  туралы   шешімдер  қабылдаушы   топтар  ретінде  болуы;

2)  инвестицияны  қаржыландырудың негізгі көзі болып  тек  қана  ағымдағы   жиналымдар емес, сонымен бірге жеке қожалықтардағы жеке жиналымдар, несиелік ұйымдардың ақша қаражаттарының эмиссиясы да болуы мүмкін.

Осыған орай кейнсиандық  тұжырымдама жеке қожалықтардағы  жеке   жиналымдары мен коммерциялық банктердің несиелерінің өзгеруі   жағдайында   инвестициялар  мен  жиналым  көлемдері  арсындағы  үзілуді   қарастырады. Жеке сұраныстың өзгермелілігі экономиканың   тұрақсыздығын тудырады  да, мемлекеттің  іске  араласуын  қажет  етеді.

Кейнсиандық  тұжырымдама  моделінің логикасы келесіден тұрады. Ең  алдымен, жорамалданып отырған  ақша көлемінде, айналымда, несиелік  мөлшерлеме бекітілді делік. Кейнсиандық  ұсыныс хаттарына сәйкес  инвестицияны ынталандыру мақсатында мемлекет ақша ұсыныстарын  көбейтеді. Сақталып  отырған  ақшаға  деген  сұраныс  кезінде  нарық  атаулы ықпалға  пайыз  мөлшерлемесін   төмендетумен  жауап  береді.  Ақша  нарығындағы   өзгерістер   инвестициялық    нарықтың жауап  беруіне  түрткі  болады:   несиелік  мөлшерлеменің азаюы  несиенің арзандауы  мен құнды  қағаздар   бағытының  өсуі  салдарынан  инвестицияның  өсуіне әкеледі.  Өндіріске  құятын  салынымдарды ұлғайту кезінде ұлттық  өнім  көлемі  өсіп,   табыс салмағы  өседі. Сонымен,  мемлекеттің  қысқа  мерзімді   араласуы   нвестицияның  және  өндірістің өсуіне әкеледі.  Алайда  нарықтық  механизм   табыстың  көтерілген  деңгейіне және  сәйкес келген  ақша  сұранысының  өсуіне жауап бере отырып, пайыз мөлшерлемесін ұлғайтады да, инвестицияның  тоқтауына әкеліп  соқтырады.  Сонымен,  нарықтық  механизм,  мемлекеттің  араласуына  жауап  беріп,  аяққы  кезде  алғашында  пайда  болған  ұмтылысты бәсеңдетеді. Ақша  салмағын ары  қарай   өсіру   саясаты инфляциялық қаржыландыруға әкеліп қана қоймай, пайыз  бойынша  ақшаға  деген  икемді сұранысқа да  әкеледі. Соның  нәтижесінде экономика Д. Робертсон бейнелеген өтімді тұзаққа тап болады. Ақша салмағын  әрі қарай өсіру ешқандай  тиімділік бермейді, себебі пайыз мөлшерлемесі белгіленген минимумнан төмен түспейді. Бұл жағдайда инвестициялық нарық ақшадан түрткі алмай, өндірістің төмендеуін  тудырады.

Демек, депрессия жағдайында, пайыз мөлшерлемесі азаймаған  жағдайда, пайыз  нормасының динамикасы  арқылы инвестицияға  ықпал  ету  механизмі   іске  аспайды. Арзан  ақша  саясаты банктердің несие  беруге  әзір  екенін білдірмейді.  Төменгі  пайыз құнды  қағаздар  бағытының  өсуін шарттағанымен, фирмалар  өз  құнды  қағаздарын сатудан  пайда  түсірмейді. Сол  себептен  өтімділікке  бас  бұру ұлғаяды, ақша  салмағының  өсуі   төлеуге қабілетті тұтынушылық сұранысты өсіреді де, тауар ұсынысының  азаюына байланысты бағалардың инфляциясының өсуіне әкеліп  соқтыртады. Ақша-несие саясаты жарамсыз болғандықтан, кейнсиандық үлгі  экономиканы тұрақтандыру үшін фискалды саясатты қолдануды  қарастырады.  Бұл  шара  инвестициялық сұранысқа ынталандыру  ықпалын  тигізгенмен, мемлекеттік бюджеттің ұлғаюына әкелмек. Ал оны  қаржыландыру   нарықтың  тепе-теңдігінің  бұзылуына әкеледі.  Біріншіден,  ол жеке меншік инвестициялар нарығынан ақшаның мемлекеттік  міндеттемелерге кетіп  қалуына  себепкер  болады. Соның  нәтижесінде   жиналымдар  мемлекеттік  бюджеттің  дефицитін  жабуға (өтеуге)  жұмсалып кетеді. Екіншіден,   несиелік  капитал   нарығында  ақша  қаражаттарының  жетіспеушілігі банк несиесінің мөлшерінің өсуін, құнды қағаздар  бағытының   төмендеуін  шарттап,  инвестицияның  азаюына  әкеледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

IІI тарау.  Кәсіпорынның инвестициялық саясатын талдау

3.1  Инвестициялық саясат - дамудың алғы шарты

 

      Әрбір  кәсіпорын өзінің инвестициялық  саясатын жүргізуі керек, ол үшін оның тактикасы болуы керек. Біз оны стратегиялық инвестициялық саясат дейміз.

      Инвестициялық саясат дегеніміз – инвестицияның жиынтық көрсеткішін іске асыру және сол іске асырудың механизмі.

      Пайда  алу мақсатында көлемді құрылымды белгілейтін шаруашылық шешімдердің жүйесі және инвестицияны шаруашылық объект бағытында (кәсіпорын, фирма, компания) жүргізетін негіз – кәсіпорынның инвестициялық саясатын құрайды. Осының арқасында көптеген мәселелер шешіледі. Мысалы: өндірістің құрылымын жетілдіру, даму қарқынын жылдамдату және т.б. Ерекше орын алатын – жұмысшылардың кәсіби деңгейін, білімдерін және тәжірибесін жоғарылату.

      Басқарудың  экономикалық әдісін кең қолдану жағдайында кредиттік жағдайды кешіру және нарықтық қатынастарға өтуде перспективаға инвестициялық саясаттың ғылыми дәлелдігін қамтамасыз ету керек, жаңа шаруашылық механизмімен инвестицияны болжау мен жоспарлау тәжірибесін байланыстыру және салымдардың рационалды пайдасын қамтамасыз ету, елдің әлеуметтік–экономикалық дамуының негізгі бағдарламасының бірі сияқты оның нәтижелігін жоғарлату болып табылады.        

      Кәсіпорында инвестицияны тиімді пайдалану үшін мынадай шараларды қолдану керек:

  • экономикалық, ғылыми техникалық, әлеуметтік жетістіктерге жетудің жолдарын табу;
  • пайданы көздеу;
  • жалпы шығындарды азайту;
  • мемлекеттен келген, бюджеттен келген қаржыны, кредиттік қаржыны, гранттан келген қаржыны дұрыс пайдалану;
  • дүние жүзілік мүмкіндіктерді пайдалану, жеңілдетілген гранттар алу;
  • инвестициялық тәуекелділік;
  • инвестицияның өтімділігі.

      Қазіргі кездегі  инвестициялық саясаттың ерекшелігі техникалық қаруландыруға салымдар және өндірістік кәсіпорынды қайта жөндеу, инвестицияны базалық машина жасау саласына, ауыл шаруашылық саласына жіберу, ресурс алатын, өндірістің және пайдалану саласына бағыттау.

      Кәсіпорында  инвестициялық саясатты жүргізген  кезде мыналарды ескеру керек:

  • өндіріс орынның қаржылық ахуалы;
  • өндірістің техникалық дәрежесі;
  • бітпеген құрылыс;
  • лизинг арқылы құрал-жабдықтарды алу мүмкіншілігі;
  • меншікті қаржының жеткіліктілігі;
  • капитал нарығының конъюктурасы;
  • мемлекеттен келетін жеңілдіктер;
  • инвестициялық бағдарламаның коммерциялық және бюджеттік тиімділігі;
  • сақтандыру қызметі;
  • салық;
  • маркетингтік зерттеу;
  • өнімнің сату бағасы;
  • өнімді сатудағы географиялық шекараның жағдайы;
  • жалпы өнімнің мөлшері;
  • инвестициялық саясат жүргізетін уақытта тұтынушылардың сұранысының динамикасы;
  • нарықтағы бәсекелестік дәрежесі;
  • техникалық мүмкіншілігі және дамыту мүмкіншілігі.  

      Инвестициялық жобалау дегеніміз – техника-экономикалық негізі бар (сызулар, түсіндірмелі хаттар, инвестициялық жобаның бизнес-жоспары және жобаны жүзеге асыру үшін қажетті басқа материалдар) материалдар. Оның ажырамас бөлігі болып инвестициялық жобаның құнын анықтайтын смета табылады.

      Жоба – бұл  техникалық материалдар (сызба, есептер, жаңа құрылған ғимараттардың макеті, құрылыстар т.б) белгілі бір құжаттардың алдын-ала тексті.

      Ең алдымен өндірістік  бағытта инвестициялық жобаны  өндеу ұзақ мерзім уақыт бойы жүзеге асады - идеядан бастап материалдық деңгейге дейін.

      Инвестициялық жобаны  нарықтық көрсеткіштердің көмегімен тиімді бағалау үшін жұмыстың басталуы мен аяқталуын нақты білу керек. Зерттеуші ғалым үшін жобаның басталуы идеяның туындауы болса, бизнесмендер үшін - алғашқы ақша қаражатын жобаны жүзеге асыру үшін салу болып табылады.

      Жобаны  қаржыландыратын инвесторларды  процестің жасалуы емес, оны өткізуден алатын пайда қызықтырады. Ал жобаны жүзеге асыратын мекемелер үшін – жұмыстың аяқталуы. Кейбір жобалар үшін жұмыстың аяқталуы – қаржыландырудың тоқтатылуынан, объектіні пайдалануға шығару, жобалық қуаттылықты толығымен игеру болады.

      Жобамен  жұмыс істеу мезгілінің басталуы  мен аяқталуы құжатты түрде  негізделу керек.

      Жобаның  басталу кезінен өтімділік кезеңге дейінгі уақыт аралығы инвестициялық цикл деп аталады.

      Инвестициялық  циклды 3 топқа бөлуге болады. Оның  әрқайсысының өз мақсаттары мен міндеттері бар:

  • инвестицияға дейінгі - бастапқы зерттеулерден инвестициялық жобаны қабылдау шешіміне дейін, яғни соңғы зерттеулерге дейін
  • инвестиция кезеңі - келісім шарт жасау кезеңі
  • өндірістік кәсіпорынның немесе объектінің шаруашылық қарекет ету кезеңі.

      Инвестициялауға  дейінгі және инвестициялау кезіндегі этаптар инвестициялық жобалау облысына кіреді. Ал өндірістік кезең арнайы жүргізуші пәндер (өндірістік мекеме және еңбек күші, болжау, қаржыландыру, анализ т.б ) облысына кіреді.

      Инвестицияға дейінгі  кезде болашақ объектіні жобалау  қарастырылады. Кәсіпорын инвестиция туралы алдын-ала шешім қабылдайды, салынып жатқан объектілерінің директорын тағайындайды. Жобаның техникалық экономикалық бағалауын, өтімділік бағасын зерттеуді кәсіпорынның өзі жүргізеді немесе мамандандырылған мекемелердің көмегіне жүгінуге болады.

      Дамыған елдерде  инвестицияға дейінгі кезеңді  орындау шығындары жобаның сомасынан  1,5-5,5 %  құрайды, соның ішінде: инвестициялық мүмкіншіліктің құрылуы 0,2-1%, инвестиция негізінде 0,25-1,5% шағын жобалар үшін техника-экономикалық зерттеулер үшін 1,0-3,0 %, ірі жобаларға 0,2-1,2 %.

Жобаның алғашқы кезінде күтпеген жағдайларды ескеруге болады. Ол үшін ең экономикалық жолдарды табу, жобаның өтімділігін бағалау, оның бизнес-жоспарын құру. Бірақ, уақытында тоқтау деген принципке сүйене жүру керек, яғни жұмыстың басында тиімсіз жобадан бас тартқан жөн.

      Екінші инвестициялық  кезеңде жоба мыналарды енгізеді:

  • жобалық кәсіпорынды таңдау;
  • жобалық сызуларды және модельді объектілерді дайындау;
  • жобалық және құрылыстық жұмыстың алдын-ала жоспары;
  • детальдық жоспарлау және спецификация;
  • құрылыстық орындардың сызбасы.

      Осы кезеңде бас  мердігер және субмердігер тағайындалады.  Мердігерлермен, жабдықтаушылармен есеп айырысу үшін қысқа мерзімді займдар анықталады.

      Инвестициялық кезеңде  орындалған көп нұсқаулы есептер нақты жобаны, оның техникасын және жабдықтарды анықтауға мүмкіндік береді. Осы кезеңде қабылданатын шешімдер техникалық деңгейін, құрылымын құрылыстық өндірістік жобаны жүзеге асыру шығындары ғана емес, сонымен қатар пайдалану шығындарына да тәуелді.

      Жобалау  процесін 2 кезеңге бөлуге болады:

  • жоба алдындағы;
  • нақты жобалау.

Нақты жобалау өзі екі кезеңді  енгізеді: бастапқы және соңғы жоба. Әр кезеңде болашақ объектінің сметасы анықталады.

      Проектілеу  процесінде болашақ объектінің негізгі мәселелері шешіледі. Олар: өз белгілеуіне сәйкестілігі; прогресті пайдалану талаптары; қысқа мерзім ішінде аз ғана еңбек күшін, материалды және ақша қаражатын пайдалануда. 

      Отандық  тәжірибеде кәсіпорынның жобасын  жасау, өңдеу кезінде мынадай бөлімдерді өзіне енгізеді:

  • түсіндірмелі хат;
  • техника-экономикалық бөлім;
  • бас жоспар;
  • еңбек күші;
  • құрылыстық бөлім;
  • өндірісті басқару жүйесі;
  • сметалық құжаттар.

      Инвестициялық  жобаның әр жұмысының кезеңінде оның құндық бағасы анықталады. Шетелдік тәжірибеде оның кем дегенде төрт түрін есептейді және олардың нақты деңгейі жобаны өңдеу кезінде өседі. Инвестициялық мүмкіншілікті зерттеу кезінде алдын-ала құнның бағасы есептелінеді. Оның мөлшері 25-40% аралығында болу керек.

      Инвестициялық процестің әр кезеңінде жобаның экономикалық өтімділігі, табыстылығы анықталады. Басқа сөзбен айтқанда шығындарды алынатын табыстылықпен салыстырғанда алатын жобалық анализ жоспарланады.

       Инвестицияны  өндіріс орнында басқаруды жақсарту  үшін мынадай шараларды қолдану керек:

  • инвестиция қызметінің қажеттілігін табу;
  • инвестициялық пайданың программасын жасау;
  • осы программаның тиімділігін тексеру;
  • инвестициялық жұмыстарды жақсарту;
  • инвестицияны қаржылай қамтамасыз ету;
  • әрбір объект үшін жоба жасау;
  • мониторинг жасау;
  • инвестициялық нәтиже жүргізу.

Информация о работе Инвестиция түсінігі