Инвестиция түсінігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Апреля 2013 в 17:03, курсовая работа

Описание работы

Кәсіпорынның инвестициялық саясаты елдің экономикалық жағдайына және мемлекеттің қаржы саясатына да, сонымен қатар кәсіпорынның таңдап алған экономикалық және қаржылық стратегиясының белсенділігіне де тәуелді болып келеді. Сондай-ақ, олар өзара байланысты болғандықтан кәсіпорын басшылары инвестициялық басқаруына көп көңіл бөлу керек. Ұйымдардың, компаниялардың, холдингтердің, саланың және жалпы елдің тиімділік дәрежесі инвестицияның дұрыс жүргізілуіне тәуелді. Сондықтан тәжірибеде инвестицияны тиімді ұйымдастыру ең бірінші орында.

Содержание работы

Кіріспе 2
I тарау. Инвестиция түсінігі 3
1.1 Инвестициялық қызметті іске асыру принципі 3
1.2 ҚР-ғы иновациялық және инвестициялық жағдай 4
1.3 Мемлекеттік инвестициялық саясаттың өзекті мәселелері 6
IІ тарау. Қазақстан Республикасында инвестициялық саясаттың негізі, мәні және құрылымы 8
2.1 Қазақстан Республикасындағы инвестициялардың ұғымдары мен түрлері 8
2.2. Инвестицияландырудың әлемдік тәжірибесі 10
2.3. Инвестициялық қызметті реттеудің теориялық негізі 12
IІI тарау. Кәсіпорынның инвестициялық саясатын талдау 15
3.1 Инвестициялық саясат - дамудың алғы шарты 15
3.2 Қоржындық инвестиция қарекеті 19
3.3 Кәсіпорындағы инвестициялаудың ішкі көздері мен әдістері 21
3.4 Инвестициялық жобаны бағалау әдістері 24
IV тарау. ҚР-да инвестициялық саясаттың проблемалары мен жетілдіру көздері және даму перспективалары 29
4.1 Әлеуметтік салада инвестициялық процесті реттейтін құралдар 29
4.2 Инвестицияның әлемдік экономикаға қозғалысының қазіргі кездегі тенденциялары 30
Қорытынды 32
Қолданған әдебиеттер тізімі 33

Файлы: 1 файл

Инвестиция Курстық жұмыс (1).DOC

— 272.00 Кб (Скачать файл)

Заңды және жеке тұлғалардың банкпен несиелік қатынасының негізі болып несиелік келісім шарт табылады. Осы құжаттарда мыналар қарастырылады:

  • берілетін ссуданың сомасы;
  • оны пайдалану және өтеу мерзімі;
  • пайыз ставкалары;
  • міндеттемені қамтамасыз ету формалары;
  • банке беретін құжаттар тізімі.

 

                        

Лизинг инвестициялаудың әдісі сияқты

   Лизинг ұзақ мерзімге машиналарды, жабдықтарды, транспорттық құралдарды арендаға алу, яғни инвестициялаудың нысаны болып табылады. Барлық лизингтік операциялар екіге бөлінеді:

  • оперативтік – толық өтелмейтін,
  • қаржылық – толық өтелетін

       Оперативті лизингке арендаға беретін мүлікті сатып алумен байланысты аренданың бастапқы мезгілінде бөлшектеп өтелетін келісімдер жатады.

Қаржылық лизинг тұрақты пайданы қамтамасыз ете алатын машиналар мен жабдықтардың амортизациясын толығымен жаба алатын аренда мезгілі кезінде арендалық төлемдердің сомасын нақты бекітетін төлемдерді қарастырады.

                   

Инвестицияны  салықтық реттеу

      Салықтар мен инвестицияның жалпы көлемін реттейтін нақты құрал  болып төлеушілердің жеке категорияларына ұсынылатын салықтық жеңілдіктер табылады.

       Инвестициялық жобаларды өткізудегі қолайлы жағдай акционерлік қоғам құрылғанда немесе оның өндірістік қаржылық топтарға кіргенде пайда болады.

      Мынадай ұйымдық – формадағы кәсіпорындарға заңмен жеңілдіктер беру қарастырылған:

  • инвестициялауды мемлекеттік қолдау, соның ішінде кепілдік нысанында;
  • инвестициялық конкурстың қорытындысы бойынша кәсіпорындардың қарызын есептеу;
  • сенімді бақылауда, федералдық меншікте бекітілген акция пакеттерін алу құқығы.

Республикалық манызы бар ірі және маңызды объектілердің мақсатты комплексті бағдарламаларының инвестициялық жобаларының шығындары бюджетте қаралуы керек.

            

Инвестициялық жобаларды бағалауда бизнес-жоспардың ролі.

      Фирма  барлық инвестициялық ұсыныстарды «жинағанда» оларды бағалау және ранжирлеу процесі басталды. Сонымен катар инвестицияның нәтижелік көрсеткішін есептейтін жобаның бизнес жоспары құрылады, олар оз кезегінде, банк кредиторға ұсынылатын техника-экономикалық жағдайда жүзеге асыра алады.

      Бизнес  жоспар инвесторға жобаның комплекстік бағалауын құрауға комплекстеу керек және біріншіден, мыналарға көрсету керек:

  • ұсынылатын тауар бәсекелесуші болып табылады және оған жеткілікті төлем қабілетті сұраныс бар;
  • қажетті өндірістік және өндірістік емес мүмкіншіліктер бар;
  • белгілі мезгілде жобаны өткізу мүмкіндігі.

3.4 Инвестициялық жобаны бағалау әдістері

 

Барлық кәсіпорындар инвестициялық қарекетпен байланысты. Инвестициялық жоба бойынша шешім қабылдау көптеген факторлармен қиындатылады. Олар: инвестицияның түрі, инвестициялық жобаның құны, қаржы ресурстарының шектеулігі, шешім қабылдаумен байланысты тәуекел.

   Инвестицияны  қажет ететін себептер көп  болуы мүмкін, бірақ жалпы оларды  үш түрге бөлуге болады: қолда бар материалды-техникалық базаны жаңарту, өндірістік қарекеттің көлемін ұлғайту, жаңа қарекеттердің түрін меңгеру. Инвестициялық жобаны қабылдау міндеті әр бағытта әртүрлі. Егер бар өндірістік қуатты ауыстыру керек болса, онда шешім оңай қабылданады, себебі кәсіпорынның басшылары жаңа өндірістің қандай сиппаттамалары мен қанша керектігін нақты біледі. Ал егер негізгі қарекетті кеңейтумен байланысты инвестиция туралы шешімді қабылдау қиынға түседі. Осы жағдайда жаңа туындайтын факторларды ескеру қажет. Олар: тауар нарығында фирманың жағдайының өзгеруі, қосымша еңбекті игеру және т.б.

   Болжанған инвестиция көлемі маңызды болып келеді. 100 мың $ мен 1млн. $ тұратын инвестициялық жобамен байланысты жауапкершілік деңгейі әртүрлі. Сол себептен экономикалық тұрғыдан анализдік зерттеудің деңгейі әртүрлі болуы керек. Сол себептен инвестициялық сипатты шешім қабылдауда дифференциалдық құқық тәжірибесі көптеген фирмаларда күнделікті бекітіледі, яғни инвестицияның максималды көлеміне шектеу қойылып, кәсіпорынның басшылары өзіндік шешім қабылдайды.

Инвестициялық сипаттағы бақылау шешімін қабылдау процесі негізінде болашақ ақша түсімдері мен болжаулы инвестиция көлемін салыстыру және бағалау жатыр. Өйткені салыстырылатын көрсеткіштер әр түрлі уақытқа қатысты, осындағы ең негізгі проблема оларды салыстыру. Оған әртүрлі қарауға болады, объективті және субъективті жағдайға байланысты инфляция қарқыны болатын түсімдердің көлемі, болжау горизонты, аналитиктердің білім деңгейі және т.б.

Қаржылық менеджмент тәжірибесі инвестициялық жобаларды  бағалаудың келесі әдістерін атап көрсетеді.

Капитал мен  табысты дисконттау. Матариалдық негізін ақша құрайтың қаржы ресурстары уақытша құндылыққа ие. Қаржы ресурстардың уақытша құндылығы екі аспектіде қарастырылады. Бірінші аспект ақшаны сатып алу қабілеттілігімен байланысты. Екінші аспект ақша қаражаты капитал сияқты айналымымен және осы айналымнан табыс алумен байланысты. Ақша жаңа ақшаларды тезірек жасау керек.

   Табысты дисконттау - капитал салу мерзіміне байланысты табысты әкелу. Дисконттау есебімен өскен капитал мен қосымша табысты аудару үшін келесі формула анықталынады:

К = К*(1+n),

 К- салымдардың  бастапқы сомасынан t-мерзімінің  аяғында капиталдың салымдарының  мөлшері.

К- салынған капиталдың  мөлшерін ағымдағы бағалау, яғни бастапқы салым салынғаннан кейін бастапқы мерзімнің позициясынан.

n-дисконттау коэфициенті (яғни табыстылық нормасы немесе пайыз мөлшерлемесі) бірлік үлесі.

Д=К (1+n)-К,

Д- қосымша табыс, теңгемен

  Ағымдағы мезгіл позициясынан болашақ ақша түсімдерін бағалау үшін табысты дисконттау қолданылады. Инвестор капиталды салғаннан кейін, келесі жағдаймен қолбасшылықтанады.

   Біріншіден, әр уақытта ақшаның құнсыздануы болады, екіншіден, анықталған минимум мөлшерінен төмен емес капиталға табыстың мезгілдік түсуі. Инвестор болашақта қандай табыс алатынын бағалау керек және табыстың болжанған деңгейінен жұмыстың басталуына максималды мүмкін болатын қаржылық ресурстар сомасына салуды жіберу.

Таза пайданы келтірілген  эффекті есептеу әдісі. Бұл әдіс бастапқы инвестиция көлемін дисконттау таза ақша түсімдерінің жалпы сомасын келтірілгеннен құралған. Өйткені ақша қаражаттардың құйылымы уақыт бойынша бөлінген. Ол аналитик инвестициялығысы келетін немесе инвестициялай алатынның жылдық қайтарылу пайызынан шыға қоятын r-коэффициенті арқылы дисконттталады. Мысалы мынадай болжам жасалынады, инвестиция (IC) жыл ішінде басқарылады, ал жылдық табыстар P1, P2,.... Pn көлемінде. (NPV) сәйкесінше мына формулалар бойынша есептелінеді:  PV

     NPV

 Егер: NPV> 0, онда жобаны  қабылдау керек

            NPV<0, онда жобаны қабылдамау  керек

            NPV=0, жоба не пайдалы емес, не зиянды емес.

Егер жоба бір ретті  инвестицияны емес, ал m-жыл ішіндегі қаржылық ресурстарды қалыпты инвестициялауды  ұсынса, онда NPV мына формула бойынша  есептелінеді:

NPV

i – инфляцияның болжанған  орташа деңгейі

   Мынаны ескеру қажет, NPV көрсеткіші қаралып отырған жобаны қабылдау кезде кәсіпорынның экономикалық потенциалының өзгеруінің болжамдық бағалауын көрсетеді. Бұл жоба уақыт бойынша әр түрлі жобалардың NPV сомалауға болады. Бұл өте ерекше белгі, бұл критерийді басқалардан ерекшелейтін және оптималды инвестицияланған қоржынды талдау кезінде оны негізгі етіп қоятындығы.

Инвестицияның пайдалылық индексін есептеу әдісі. Бұл әдістің мәні бойынша алдыңғының жалғасы болып табылады. Пайдалылық индексі PI мына формула бойынша есептелінеді. PI

Егер :PI>1, жобаны қабылдау керек

PI<1, жобаны қабылдамау  керек.

PI=1, жоба не пайдалы  емес не зиянды емес.

Таза келтірілген эффектімен салыстырған да пайдалылық индексі  қатынасты көрсеткіш болады. Осыған орай, NPV мәні бірдей альтернативті жобалардың ішінен біреуін таңдап алуға қолайлы.

Инвестицияны пайдалылық үлесін есептеу әдісі. Инвестицияның пайдалылық нормасының түсінігінің астында дисконттау коэффициентінің мәні жатыр. Сонымен қатар, жобаның NPV=0:

IRR=r, бұнда   NPV=f(r)=0

Жоспарланған инвестицияның нәтижелігін  талдауда бұл коэффициенттердің  мәні мынада жатыр: IRR- берілген жобамен ассоциацияланатын шығындарды максималды қатысты жіберу деңгейін көрсетеді. Мысалы, егер жоба толығымен банктің ссудасы арқылы қаржыландырылса, онда IRR-банктің пайыздық мөлшерлемесінің жіберілу деңгейінің жоғарғы шекарасын көрсетеді, оның жоғарлауы жобаны зиянды қылады.

Инвестицияның нәтижелік  коэффициенттерін есептеу әдісі. Бұл әдістің екі белгісі бар: ол табыстың көрсеткіштерін дисконттауды ұсынбайды; табыс таза пайданы PN көрсеткіштерімен сипатталады. Есептеудің алгоритмін ерекше оңай, сондықтан бұл коэффициенті тәжірибеде көп қолданады. Инвестицияны нәтижелік коэффициенті  ARR орта жылдық пайданы PN инвестицияның орта көлеміне (коэффициент % алынады) бөлумен есептелінеді. Инвестицияның орта шамасы капиталды салымдардың бастапқы сомасын 2 бөлгенде табылады, егер талданатын жобаны өткізу мерзімі өткенде барлық капиталды шығындар шығарылып тасталынады немесе қолдық  құнының қолма-қолдығын жіберсе RV) онда оны бағалау шығарылып тасталу керек.

 ARR=             PN


                                         ½ (IC-RV)

Осы көрсеткіш кәсіпорынның жалпы таза пайдасын оның қарекетіне авансталған (орта баланстың нетто қорытындысы) қаражаттың жалпы соммасына болумен анықталады, авансталған капиталдың пайдалылық коэффициентімен салыстырылыды.

Инвестицияның өтелу мерзімін анықтау әдісі. Бұл әдіс әлемдік тәжірибеде ең оңай және кең таралған әдістердің бірі.

Өтелу мерзімін есептеу  алгоритмі (РР) инвестициялаудан түсетін болжанған табыстарды бөлудің бірқалыптылығына тәуелді. Егер пайда жылдарға бір қалыпты бөлінсе онда өтелу мерзімі жылдық табыстың көлеміне бір уақтылы шығындарды бөлумен анықталады. Бөлшек сан шыққанда оны бүтін жақын санға айналдырамыз. Егер пайда бір қалыпты бөлінбесе, онда өтелу мерзімі жылдар санын тура есептеумен анықталады, ол сол жылдар ішінде инвестиция кумулятивті табыспен жабылады. РР көрсеткіші есептеудің жалпы формуласы мынадай болады.

PP=n, бұнда Pk >IC

Инвестицияны өтелу  мерзімінің көрсеткішін есептеу де оңай. Сонымен қатар талдауда ескеретін бірқатар кемшіліктер бар. Біріншіден, ол соңғы мезгілдердегі табыстың әсерін ескермейді. Екіншіден, ол кумулятивті табыстардың сомасы бірдей жобаларды ерекшелемейді, бірақ оларды жылдар бойынша бөлуді ерекшелейді. Бірқатар жағдайларда өтелу мерзімін есептегеннен тұратын әдістерді қолдану дұрыс бола алады. Мынадай жағдайларда:

    • кәсіпорын басшылары жобаның пайдалы емес, көбінесе өтімділік проблемасын шешумен айналысуда
    • инвестиция тәуекелділіктің жоғарғы деңгейімен байланысты, сондықтан өтелу мерзімі қысқа болған сайын жобаның тәуекелделігі де аз болады.

Мұндай жағдай тез  техникалық өзгерістер болатын қарекеттің түрлеріне немесе салаларына сәйкес келеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

IV тарау.  ҚР-да инвестициялық саясаттың проблемалары мен жетілдіру көздері және даму перспективалары

4.1 Әлеуметтік салада инвестициялық процесті реттейтін құралдар

 

     Әлеуметтік сферадағы инвестициялық үрдіс дегеніміз әлеуметтік мақсатты объектіні құру, жөндеу модернизациялау және басқада әлеуметтік қажеттілікті қанағаттандыруға қажетті формаларды игеруге және кешенді эффект алу үшін қаржы ресурстарының қозғалысы, концентрациясы, бөлінуі және қайта бөлінуі. Инвестициялық қарекет инвестициялық сураныс пен инвестициялық ұсыныстың тепе-теңдігі негізінде ресурстарды салу және болашақта одан табыс алу бір үрдіс ретінде тиімді жүргізілуі және дамытылуы мүмкін. Тұрақсыз экономикалық жүйесінің қатынасы инвестициялық процестерді модельдеу және оларды талдау кезіндегі есеп арқылы инвестициялық сфераның өзін реттеу механизмі мен мемлекеттің реттеу әсерінің мақсаты инвестициялық сфераның бейімделу жолдарының анықтауын негіздеу.

<p class="das

Информация о работе Инвестиция түсінігі