Инвестициялық жоба, құрылымы мен өмірлік циклі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2013 в 17:49, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың тақырыбы «Инвестициялық жоба, құрылымы мен өмірлік цикілі». Жұмыста негізінен инвестициялық жоба, оның түсінігі, құрылымы сонымен қатар өмірлік циклі және инвестициялық жобаның Қазақстандағы және Ресейдегі жағдайы қарастырылып және инвестициялық жобалардың тиімділігін арттыру жолдары қарастырылады.
Еліміздегі болып жатқан глобальді өзгерістер қоғамдық өмірдің барлық тараптарына әсерін тигізеді. Осындай өзгерістер аясында біз өз тәжірибемізге әлемдік бизнестің қолдағы бар шектеулі ресурстарын пайдалы және тиімді пайдалану, жоғары кірістер алу, капиталды құнсызданудан сақтау сияқты т.б. жұмыс істеу тәсілдерін күннен күнге тереңдете енгізіп келеміз.

Файлы: 1 файл

КІРІСПЕ (Восстановлен).docx

— 66.49 Кб (Скачать файл)

       Жұмыстардың нәтижесі технико-экономикалық негіздеме немесе жобаның бизнес-жоспары түрінде рәсімделеді. Технико-экономикалық негәздеме және бизнес-жоспар инвестордың шешіміне көмектесетін құжаттар болып табылады.

        Көптеген баламалы жобалардың ішінен ең қолайлы деп саналған біреуі таңдалынады. Оған шартты мысал келтіруге болады.

       Мысал: Алдын ала 50 жоба түрі (1кесте.) таңдалып алынды делік. Олардан алынатын нәтижені біз нақты біле алмаймыз, бірақ терең зерттеу жүргізілгенде алдыңғы 10 идея аса шығынды болып табылды (күтіліп отырған қорытынды нәтиже -1000 бірлік), тағы 10 онша шығынды емес (-100), келесі 10 идея шығынды емес, бірақ табысты да емес (0), 10-ы табысты (+100), қалған 10-ы жоғары табысты (+1000) деп анықталады.

 

1кесте. Жоба идеяларын  алдын-ала жинақтау

 

Күтіліп отырған таза нәтиже(1жобаға)

-1000

-100

0

100

1000

Барлығы

Жоба саны

10

10

10

10

10

50

Инвестиция қажеттілігі

100

100

100

100

100

5000

Күтіліп отырған нәтиженің  жалпы қосындысы

-10000

-1000

0

1000

10000

0


 

 

Әр жобаға 100 бірлікке тең  инвестиция қажет (50 жобаға 5000бірлік). Егер 50 жобаны да жүзеге асыру туралы шешім қабылданса, онда күтілетін  таза нәтиженің жалпы қосындысы  нөлге тең болады.

   Қаржылық ресурстар  әрқашан да шектеулі көлемде  болады. Жобаны іске асыруға 500 бірлік көлемінде ғана инвестиция  жасалынды делік. Демек біз  елу жобаның ішінен тек бірнешеуін  ғана таңдай аламыз.

 

2кесте. Арнайы әдісті  қолданбай жоба идеяларын таңдау

 

 

 

Күтіліп отырған таза нәтиже(1жобаға)

-1000

-100

0

100

1000

Барлығы

Жоба саны

1

1

1

1

1

5

Инвестиция қажеттілігі

100

100

100

100

100

5000

Күтіліп отырған нәтиженің  жалпы қосындысы

-1000

-100

0

100

1000

0


 

Таңдау жүргізгенде ең жақсы деген жобаларды таңдап алуға мүмкіншілік беретін арнайы әдістеме қолдану керек. Біз жобаны кездейсоқ таңдадық делік.

      Бұл кезде ақша бірлігінің нақты көлемі аса маңызды емес (ол миллион теңге, доллар және т.б. болуы мүмкін).

      Мұндай 500 бірлік суммаға кездейсоқ жобаларды таңдау тәсілі ешқандай таза нәтиже бермейді. Кездейсоқ таңдалынған жобадан оң немесе теріс нәтиже алға болады.

       Әрине, кездейсоқ таңдау тәсілі инвесторларды қанағаттандырмайды. Олар әрқашанда ең жоғары табыс алып келетін жобаны таңдауға ұмтылады.

      Жобаларға алдын ала бағалау жүргізіліп, олардың ішінен ең тиімділері таңдалып алынды делік. Осындай 13 жоба идеялары іріктелді делік. (3кесте.) Дегенмен де бұл фазада әлі жобадан алынатын таза нәтиже туралы қорытынды бағалау белгісіз болғандықтан, олардың арасында табыс алып келмейтіндер де болуы мүмкін.

 

3-кесте. Арнайы тәсілдеме  қолдану арқылы жоба идеяларын  таңдау

 

Күтіліп отырған таза нәтиже(1жобаға)

-1000

-100

0

100

1000

Барлығы

Жоба саны

1

2

2

3

5

13

Инвестиция қажеттілігі

100

100

100

100

100

1300

Күтіліп отырған нәтиженің  жалпы қосындысы

-1000

-200

0

300

5000

4100


 

  Келесі фазада (жобаны дайындау) таңдап алынған жобаларға терең зерттеу жұмыстары жүргізіліп, жобаның тиімділігі мен оның іске асырылу мүмкіндігі туралы соңғы қорытынды жасалынады. Сөйтіп, екінші ретті таңдау жүргізу арқылы 13 жобаның ішінен 7-уі іріктеледі (4кесте.).

   Бизес-жоспар мен  техникалық-экономикалық негіздеуіндегі  қорытындыға сәйкес барлық таңдап  алынған 7 жоба іске асырылады,  олардан күтіліп отырған жалпы  нәтиже 4300 бірлікті құрайды.

  Бірақ инвестиция  көлемі 500 бірлікті құрайтын болғандықтан, жоба санын азайту қажет болып  тұр (5кесте.).

  Сөйтіп алдын ала  таңдау мен одан кейін оларға  терең талдау жүргізе отырып, біз нақты іске асырылатын және табыс әкелетін 5 жобаны таңдап алдық. 500 бірлік көлемінде қаржы жұмсай отырып, 3200 бірлік көлемінде таза қосымша табыс аламыз.

 

    4 кесте. Жобаларды  екінші ретті таңдау қорытындысы

 

Күтіліп отырған таза нәтиже(1жобаға)

-1000

-100

0

100

1000

Барлығы

Жоба саны

0

0

0

3

4

7

Инвестиция қажеттілігі

100

100

100

100

100

700

Күтіліп отырған нәтиженің  жалпы қосындысы

0

0

0

300

4000

4300


 

 

5 кесте. Жобаларды іске  асырудың ақырғы таңдау нәтижелері

 

Күтіліп отырған таза нәтиже(1жобаға)

-1000

-100

0

100

1000

Барлығы

Жоба саны

0

0

0

2

3

5

Инвестиция қажеттілігі

100

100

100

100

100

500

Күтіліп отырған нәтиженің  жалпы қосындысы

0

0

0

200

3000

3200


 

 

   Үшінші сатысында жобаны сараптау, жобаның барлық техникалық және технологиялық бөліктерін, қаржылық және экономикалық есептеулермен сәйкестіре отырып, инвестициялық және ағымдағы шығындар сметасын құрастыру жұмыстары жүргізіледі.

      Техникалық жобалау жобаны іске асыру туралы жұмысты жоспарлаудың жалғасы болып табылады. Оның мақсаты инженерлік-техникалық деңгейде бизнес жоспарды негідеу болып келеді.

      Кез-келген жоба оған терең сараптама жүргізуді қажет етеді, ал ол өз кезегінде көп қаржы мен уақытты алады. Сол себепті, жобалардың ішінен ең тиімдісі алынып, оған жүргізілетін терең зерттеу жұмыстары келесі фазаға аударылып, жоба бюджетінен қаржыландырылуы мүмкін.

      Жобаны техника экономикалық жағынан негідеу жұмыстары аяқталғаннан кейін және оны инвесторлар тиімді деп тапқан жағдайда бұл жобаға сырттан тәуелсіз бағалауды, яғни «жобаны алдын ала сараптауды» қажет етеді.

     Бағалау әдістерін инвестордың мүддесін білдіре отырып, жобаның тиімділігі мен оның іске асырылу мүмкіндігін анықтайтын арнайы өлшеу тәсілдерін пайдаланып, әр түрлі сарапшылар жүргізеді.

      Сол сарапшылардың қорытындысыныа сүйене отырып, инвестор ол жобаны қаржыландыру туралы шешім қабылдайды. Сондықтан, бизнес жоспарды дұрыс құрастырған жөн.

       Инвестор шешім қабылдағаннан кейін, инвестор мен бенефициар арасында келіссөздер жүргізіледі.

   Келіссөздер негізінен  қаржылық мәселелерді қамтиды,  оның ішінде қарыздық ресурстарды  қалыптастыру шарттары:

  • Қарыз көлемі;
  • Қарыздың мерзімдік құрылымы;
  • Капитал салымында қарыздық қаражаттың алатын үлесі;
  • Несиені қайтару мерзімі;
  • Несие пайызы;
  • Негізгі соманы қайтару және несие пайызын төлеу нысаны;
  • Сақтандыру, кепіл шарттары.

   Келісімшартқа қол  қойылып, фирма шотына ақша  аударылуы келіссөздің сәтті  болғанын көрсетеді. Бұл инвестиция  алды сатысының аяқталып, оның  инвестициялық сатысының басталғанын  білдіреді.

      Жобаны іске асыру сатысы құрылған жоспарға түзетулер енгізуден басталады, бұл егер алдыңғы фазада жүргізілген тексеруде жобаға ескертулер мен өзгерістер енгізілетін болса қажет.

       Түзетуге жобаны басқару жүйесі, қатысушылар қызметін үйлестіру, жобаны іске асыруға баылау жасау жүйесі ұшырайды. Сонымен қатар шикізат пен материалдарды орналастыру жоспарына, құрылыс сызбаларына, құрылғыларды жөндеуге, ағымдық жөндеуге, қарыз қаражатты алу мен оны қайтару шарттарына да өзгерістер енгізілуі мүмкін.

   Жобаны жүзеге асырудың маңызды элементі атқарылатын жұмыстарды бақылау мониторингі болып табылады.

   Мониторинг инвестициялық  сатыдан бастап, жоба инвестицияланғаннан  кейін жоба іске асырылып біткенге  дейінгі мерзімді қамтиды. Мониторингті  бенефициар жүргізеді, оның негізгі  мақсаты жобаның жүзеге асырылуын  қадағалау.

   Мониторинг шегінде  келесі позициялар бойынша ағымдағы  бағалау жүргізіледі:

  • Өндірістік қуатылығының техникалық жоспарға сәйкестігіне;
  • Жобаны іске асыру кестесі сақталып жүргендігіне;
  • Жоспарланған көрсеткіштер экономикалық, институционалдық, әлеуметтік, экологиялық және саяси ортаға сай келуіне.

   Мониторинг жоспарланбаған  жағдайда және құбылмалы шарттарға  байланысты болатын уақтылыө  өзгерістер енгізу үшін қажет.  Өзгерістер туындаған жағдайда  тез арада шешім қабылдай алу  шығындарды төмендетуде маңызды. 

   Алтыншы фаза «жобаның  жүзеге асырылғандығы туралы  қорытынды бағалау жұмыстары»  болып табылады. Егер мониторинг  кезінде, жоба жүзеге асырылып  жатқанда оған өзгерістер енгізуге  мүмкіншілік болса, онда жоба  аяқталғаннан кейін оған өзгерістер  енгізуге болмайды.

   Бағалау не үшін  қажет? Оның негізгі міндеті  мыналар болып табылады: жоба  сәтті болды ма, жоспарланған  нәтижелерге қол жеткізілді ме, оны іске асыру кезінде қандай  кемшіліктер мен артықшылықтар  болды және олардың себептерін  анықтау.

  Жобаның әлсіз және  күшті жақтарын анықтау кім  үшін қажет? Бұл әсіресе, қаржыгерлер мен инвесторлар үшін болашақта осы қателіктерді қайталамас үшін, жаңа жоба идеяларын дайындау үшін маңызды.

  Қорытынды баға беру  негізгі екі функцияны атқарады. Бір жағынан бұл тәжірибеде  қамтылған оқу материалы, яғни  басқа менеджерлердің бұл тәжірибе  негізінде қосымша білім алуы, екінші жағынан жоба бойынша  қорытынды бағалау есеп құжатында  ресімделеді.

   Бұл фазада жоба  келесі бағыттар бойынша бағаланады:

  • Жобаның бастапқы мақсатының анықтығы;
  • Жобаның мақсаты мен міндеттеріне техникалық шешімдердің сай келуі;
  • Бенефициар мүмкіндіктерін дәл бағалау;
  • Жобаның орындалуына қажет қаражаттардың артық шығындалу себептері;
  • Жоспарланған және нақты алынған табысты салыстырмалы талдау.

   Тәжірибе көрсеткендей  барлық жобаны жүзеге асыруда  бірнеше принциптер қолданылуы  тиіс:

  1. Бағалау жүргізгенде жобаны құрастырған тұлғалар міндетті түрде қатысуы тиіс;
  2. Бағалау сапасы жобаның күрделілігіне сай болуы керек;
  3. Бағалауда объективтілік принципін ұстану;
  4. Мүдделі тұлғалардың бағалау нәтижесі туралы мәліметті ашық түрде пайдалана алу принципі

Информация о работе Инвестициялық жоба, құрылымы мен өмірлік циклі