Инвестициялық жоба, құрылымы мен өмірлік циклі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2013 в 17:49, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың тақырыбы «Инвестициялық жоба, құрылымы мен өмірлік цикілі». Жұмыста негізінен инвестициялық жоба, оның түсінігі, құрылымы сонымен қатар өмірлік циклі және инвестициялық жобаның Қазақстандағы және Ресейдегі жағдайы қарастырылып және инвестициялық жобалардың тиімділігін арттыру жолдары қарастырылады.
Еліміздегі болып жатқан глобальді өзгерістер қоғамдық өмірдің барлық тараптарына әсерін тигізеді. Осындай өзгерістер аясында біз өз тәжірибемізге әлемдік бизнестің қолдағы бар шектеулі ресурстарын пайдалы және тиімді пайдалану, жоғары кірістер алу, капиталды құнсызданудан сақтау сияқты т.б. жұмыс істеу тәсілдерін күннен күнге тереңдете енгізіп келеміз.

Файлы: 1 файл

КІРІСПЕ (Восстановлен).docx

— 66.49 Кб (Скачать файл)

      Бірінші принцип бойынша, жобаны жан-жақы құрастырған тұлғалардан артық басқа ешкім біле алмайды. Екінші принципіне сәйкес жоба күрделі болған сайын, тәуекел де жоғары болады, сол себепті жоба терең зерттелуі тиіс.

       Объективтілік принципін сақтау үшін жобаны құрастырған тұлғалардан басқа сырттан тәуелсіз сарапшыларды тартған жөн.

      Болашақта жіберілген қателіктерді қайталамас үшін бағалау нәтижесі туралы мәліметті ашық түрде интернетте, басылымдарда, конференцияларда жариялаған маңызды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ  ЖӘНЕ РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНДАҒЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАТЫН ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР

        Инвестициялау алдындағы кезеңде, ең алдымен, жобаны талдайды, есептейді, сайып келгенде, оның тиімділігін бағалайды. Осы мақсатта жобалық шешімдерді негіздеу және дайындау үшін әдістемелік тәсілдер жиынтығы , яғни, инвестициялық жобаларды талдауды қолданды. Жобалық таладудың мақсаты – іске асырылатын жобаның нәтижелерін анықтау. Жобаның нәтижелілігі жобадан түсетін табыстар мен жобаға жұмсалатын ресурстардың арасындағы айырмамен сипатталады.

       Қойылған мақсатқа жету үшін жобалық талдаудың алдына міндеттер белгіленеді:

         1.іске асырылатын жобалардың іс жүзінде кедергі болар шектеулерді және шаралардың өзгерістерін есепке ала отырып, қол жеткізетін нәтижеге баға беру.

         2.жоба бойынша жұмсалатын қажетті ресурстардың көлемін анықтау және оларды әр түрлі шаралар бойынша салыстыру.

         3.жобаның және оны іске асырылу жолдарының бірнеше болуына қарай ең тиімді жобаның қабылдауға немесе ең тиімді нұсқаны таңдауға шешім шығару.

        4.жобаны іске асырудан түсетін табыстарды бағалау және инвесторлар арасында бөлу.

           Жобаны талдаудың міндеттеріне инвестициялық жобаның іске асырылуын бағалау, жобаның нәтижелілігін бағалау, жобаның тиімділігін бағалау және оптимизациялау жатады.

       Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында индустриаландыру картасы 2010-2014ж бойынша аймақтарда қанша инвестициялық жобалар жүзеге асатынын қарайық(6кесте.)

 

Аймақтар

Жоба саны

Жоба құны

Қарағанды обл

48 жоба

298,1 млрд тг

Қостанай обл

53 жоба

281,7 млрд тг

Солт.Қаз.обл

22 жоба

28,3 млрд тг

Ақмола обл

41 жоба

736,9 млрд тг

Павлодар обл

65 жоба

667,6 млдр тг

Астана 

14 жоба

387,7 млрд тг

Шығ.Қаз.обл

37 жоба

609,6 млрд тг

Алматы обл

42 жоба

1 792,3 млрд тг

Алматы

29 жоба

305,6 млрд тг

Жамбыл обл

23 жоба

135,5 млрд тг

Оңт.Қаз.обл

54 жоба

353,4 млрд тг

Қызылорда обл

28 жоба

178,2 млрд тг

Маңғыстау обл

32 жоба

969,1 млрд тг

Атырау обл

26 жоба

1 343,9 млрд тг

Батыс Қаз.обл

29 жоба

254,4 млрд тг

Ақтөбе обл

64 жоба

1 354,8 млрд тг


 

 

 Сол сияқты Қазақстан Республикасында инвестициялық процесті басқару жүйесі сайтынан алынған мәліметтер бойынша , инвестициялық жобалар салаларға мынандай көлемде құйылған (млрд тг)

 

 

Индустриаландыру картасы бойынша инвестициялық жобалардың жалпы жағдайы (7кесте.)

 

  Соның ішінде                                              Соның ішінде

  Мерзімінде орындалатын                       Ресурс жетіспеушілігі 20(194,2млрд тг)

   608(9 696,9млрд тг)                                жер сатып алу 6 (22,4 млрд тг)

  Мерзімінен ауытқу 0                              қаржы жетіспеушілігі 71 (3 314,8млрд )

 

Жобалардың жалпы саны: 608

Қиындық тудыратын жобалар, барлығы: 157


                                                              


     7-кестенің жалғасы                             Инфрақұрылым жетіспеушілігі


                                                                      26(100,2 млрд тг)

 

                                                                 Өткізу нарығының болмауы 

                                                                5(5,0 млрд тг)

                                                            Ұйымдастырушылық 33(2 087,3 млрд)

                                                               Басқа 17(239,6 млрд тг)



                                    Жобалардың жалпы құны 9 696,9 млрд тг

           Соның ішінде 

                расталған қаражат көлемі 7 561,57 млрд тг

                расталмаған қаражат көлемі 2 135,36 млрд тг


 

 

 

Бизнесті жүргізуге келесідей  жеңілдіктер берілген

 

 

Субсидирленліру

Кепілдендіру

Инқұрылым

Старт – ап

Қызмет

Топ-менеджмента МСБ

Іскерлік байланыстар

Кадрлар

Барлығы

Жаңа бизнес инициативаларды  қолдау

782

75

262

         

1 119

Кәсіпкерлік секторын оңалту

189

0

0

         

189

Кәсіпкерлерге бағам тәуекелдерін төмендету

74

0

0

         

74

Кәсіпкерлік потенциалды  күшейту

     

0

0

0

0

0

0

Барлығы

1 045

75

262

0


       

 

       2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының үдемелi индустриялық-инновациялық дамуының мемлекеттiк бағдарламасының (бұдан әрі – Мемлекеттік бағдарламасы) негiзгi тетiгi Қазақстанды индустрияландыру картасы болып табылады. Карта мемлекетке бизнеспен бiрлесiп дұрыс инвестициялық шешімдер қабылдауға және жеке сектор жобаларының іске асырылуының елдегі инфрақұрылымның дамуымен және ресурстық әлеуетiмен байланысын қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.

             Карта жобаларының тiзбесiне, жоғары деңгейде пысықталған және Мемлекеттік бағдарлама өлшемдерiне сәйкес келетiн Қазақстан экономикасы үшін ең маңызды барлық жобалар енілген.

      Қазіргі уақытта Қазақстанды  индустрияландырудың картасына (бұдан әрі – Карта) құрылыс кезеңінде 220 мыңнан астам жұмыс орнын және пайдалану кезеңінде 181 мың жұмыс орнын құра отырып, 11,2 трлн. теңге сомасына 779 жоба еніп отыр.

3 жыл ішінде  жалпы 2,1 трлн. теңге сомасына  барлығы 537 жоба іске қосылды, 57 мыңнан астам тұрақты жұмыс  орны құрылды.

2010-2012 жылдары  және 2013 жылдың 3 айы ішінде Статистика  агентігінің мәліметтері бойынша  іске қосылған жобалармен  
1,7 триллион теңгеден астам сомада өнім өндірілген, оның ішінде 2012 жылда– 913 млрд. теңге (2011 жылда – 501 млрд. тенге, 2010 жылда – 110 млрд. тенге, 2013 жылдың 3 айы ішінде – 235,5 млрд. тенге).

        Карта жобалары өнімдерінің өнеркәсіптегі үлесі 2012 жылы 5,5%, өңдеуші өнеркәсіпте 8% құрады.

ЭБЖМ есептерінің  көрсетуі бойынша («Экономикалық зерттеулер институты» АҚ), 2012 жылда ЖІӨ-нің өсіміндегі Карта жобаларының үлесі 1,3% құрды.

Индустрияландыру  картасы жобалары шеңберінде Қазақстанда  бұрын шығарылмаған 265 жаңа өнім шығаруы жоспарланып отыр.

3 жыл ішінде  Карта жобаларымен бүгінгі күннің  өзінде 142 жаңа өнім өндірісі игерілген.

       Карта жобаларының табысты іске асыру мақсатында мемлекет тарапынан әр түрлі мемлекеттiк қолдау шаралары көрсетіледі.

       Мемлекеттiк қолдау шараларымен Картаның барлық жобалары қамтылған, оның ішінде «Бизнестiң жол картасы – 2020» және  «Өнiмдiлiк -2020» бағдарламалары шеңберiнде қолдау, инвестиция туралы Заң шеңберiнде преференциялар берілген, инновациялық технологиялар  алуға гранттар берілген, визалық қолдау, жер учаскесін беру, рұқсат рәсiмiнiң жеделдету және басқалар.

 

 

2.2. Ресей Федерациясындағы инвестициялық жобалар

 

Ресей Федерациясындағы инвестициялық  жобаларды жазғанда АҚШ –пен екіжақты қарым-қатынас аясында жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалар қарастырылды.  2006-2012жылдар

 

млн. долл. (8кесте.)

Көрсеткіш

2006

2007

2008

2009

2010

2011

2012

АҚШтан Ресейге жиналған инвестициялар көлемі

6 844

7 698

8 579

8 769

7 161

7 263

7 015

Тікелей

4 361

4 588

3 635

3 193

2 964

3 265

3 375

               

Қоржынды

404

507

1 207

662

453

591

595

Басқа

2 079

2 603

3 737

4 914

3 743

3 407

3 045

Қызмет түрі бойынша

             

Шикі мұнайды өндіру

720

1 077

1 537

2 592

1 678

1 501

1 516

Мұнайды құбырмен жеткізу

1 184

1 131

1 063

720

720

720

720

Электрбайланыс аясындағы  қызмет

580

644

658

474

369

146

89

Сусындарды қосқанда,тағам  өнімдерін өндіру

858

966

963

834

767

790

793

Көлік құралдары мен құрылғыларды шығару

233

146

163

143

185

141

122

Металлургиялық өндіріс пен дайын металл бұйымдарын шығару

732

748

748

55

80

90

59

Жылжымайтын мүлікпен қызмет,жалға  беру

571

608

832

1 722

586

431

472

Сауда агенттерін қоса алғандағы  көтерме сауда

559

705

683

499

568

1 099

1 120

Сатуға арналмаған тауарларды көтерме сату

89

67

134

166

181

610

775


 

2010-2012 жылдары  АҚШтан келетін инвестициялар  көбінесе мына салаларға бағытталған:

Ресейдің мұнайгаз секторындағы жобалары:

  • «Каспийлік құбыр консорциумы» - АҚШтан Ресейге келетін тікелей инвестицялардың көп бөлігі осы жобаға келеді. Америка жақтан «Шеврон» және «Эксонмобил» қатысушылар болып келетін жобаның мақсаты болашақта жылына құбыр арқылы 67 млн тонна мұнай тасу.
  • «КонокоФиллипс» -«Нарьянмарнефтегаз»  акционерлік жобасының құрамына кірген. 2012 жылы оның 30 пайызын «ЛУКОЙЛ» сатып алды.

 

Әуеғарыштық өнеркәсіптегі  жобалар:

  • «Ural Boeing Manufacturing» – «Ависма» және«Боинг» пен біріккен кәсіпорын, жақын арада 18 млнға титан өнімдерін сатып алмақшы.

Тағам өнеркәсібіндегі жобалар:

  • «Кока-Кола» Корпорациясы  Ресейде «Кока-Кола Кампани» және «Кока-Кола ЭйчБиСи Евразия» компанияларымен ұсынылған. АҚШтың ұзақ мерзімді даму стратегиясына байланысты олар 2012 жылы Ресей экономикасына 3 млн долларды инвестициялауды жоспарлауда.
  • «Крафт Фудс» Компаниясы Ленинград облысында кофе өндірісімен айналысатын американдық компания. 2011 жылдың аяғында компания 2013жылға дейін 100 млн долларды инвестициялауды жоспарлап қойды.

Материалдар мен  жабдықтарды өндіру саласындағы  жобалар:

  • «ПраксЭйр» компаниясы СИБУР компаниясымен 2011 жылы «Волжский Азот» кәсіпорнын сатып алып, ауабөлгіш комбинатын салуға кірісуде.
  • «Проктер энд Гэмбл» компаниясы бірқатар Ресейдегі еншілес кәсіпорындарын ашпақшы.

 

         Сарапшылардың болжамы бойынша  2013 жылы Ресейде шетел инвестициялары  азаяды. Росстат мәліметтері бойынша  2012 жылы Ресей экономикасына соңғы  айлары 115 млдр доллар түскен, ол 2011 жылға қарағанда 15%-ға төмен.

        2012жылда  Ресей экономикасына тікелей  инвестицялар 13 млрд доллар көлемінде  түскен, ол 2011 жылға қарағанда 4,6%-ға көбірек. Сонымен қатар қоржынды инвестициялардың көлемі 3 есе өскен және 1,5 млрд долларды құрады. Басқа инвестициялар 17,2%-ға  төмендеп 101 млрд долларды құрады.

            Тағы да  Ресейге шетелден  келетін   өтелген инвестициялар  көлемі 17,2%-ға  төмендеген. Ол көрсеткіш 99,7 млрд долларды құрады. Экономикада жиналған шетел инвестициялары 2012 жылдың қыркүйек соңына 353 млрд долларды құрады. Ресейде шетелден келетін тікелей инвестициялардың көлемі азайғандығы байқалады, ол бүкіләлемдік сауда ұйымына кіруінің әсері болып табылады, өйткені сол арқылы Ресей территориясына импорт көлемінің көбеюіне әкелді.

Информация о работе Инвестициялық жоба, құрылымы мен өмірлік циклі