Инвестициялық жоба ұғымына кең түсінік бере отырып, инвестициялық жобаны бизнес жоспарлаудың басты әдістеріне тоқталу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2012 в 09:31, курсовая работа

Описание работы

Инвестиция деңгейі қоғамның ұлттық табысының көлеміне ықпал етеді, ұлттық экономиканың көптеген макропропорциялары инвестиция қозғалысына тәуелді. Кейнсиандық теория бойынша, инвестициямен жинақ ахуалы әр түрлі пайыздар мен жағдайлар арқылы анықталады. Ел аумағындағы инвестициялар, күрделі қаржы ұлғаймалы, ол ұдайы өндіріс процесін анықтайды. Жаңа кәсіпорындар құрылысы, жол салу, соларға байланысты жаңа жұмыс орнын жасау, инвестициялық процестерге немесе капиталдың құрылуына тәуелді.

Содержание работы

Кіріспе............................................................................................3
1. Инвестициялық жобаны бизнес жоспарлау.................................4
1.1 Инвестициялық жоба мәні және оны жоспарлау негізі............4
1.2 Инвестициялық жобаның пайда болу кезеңдері........................6
1.3 Инвестициялық жобаның ақшалай ағымдарын жоспарлау.....8
1.4 Инвестициялық жобаның жоспарлаудың проблемалары .......10
2. ТҰРМЫСТЫҚ ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАЛДЫҚТАРДЫ ЖИНАУ ҚЫЗМЕТТЕРІН ҰСЫНУДЫҢ БИЗНЕС ЖОСПАРЫ ............................................................................13
2.1 БИЗНЕС ЖОСПАРДЫҢ РЕЗЮМЕСІ...............................................................................13
2.2 ЖОБАНЫҢ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ.......................................................................15 2.3 БИЗНЕС ЖОСПАРДЫҢ МАРКЕТИНГТІК СТРАТЕГИЯСЫ.......................................19
2.4 ЖОБАНЫ ІСКЕ АСЫРУ ШЫҒЫНДАРЫ...................................................22
2.5Жобаның тиімділігі...............................................................25
Қорытынды..................................................................................28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.....................................29

Файлы: 1 файл

Курсовая инвес жобаны баскару.doc

— 425.50 Кб (Скачать файл)

Жоба экономикалық көзқарас жағынан мыналарға ықпал ететін болады:

- Ақтөбе облысында бюджетіне қосымша кірістердің түсуіне;

-  кәсіпорындардың   ТТҚ шығарудың заманауи қызметтеріне  деген қажеттіліктерін қанағаттандыру.

ҚТҚ негізінен тұрғындардың өмірінде, сондай-ақ кәсіпорындардың қызмет процестерінде  пайда болған  тұтыну саласының қалдықтары болып табылады. Олар тұрмыста одан әрі пайдалануға келмейтін металл қалдықтары болып табылады. Бұл қылдықтар  тұрғын үйлерде, мекемелерде,  жалпы пайдаланудағы кәсіпорындарда  пайда болады және жинақталады.

Қазақстанның заманауи экономикасы жағдайларында техногендік  қалдықтарды басқару  командалық-әкімшілік  жүйе экономикасы кезеңіндегі  кезеңмен салыстырғанда жаңа мәнге ие болуда.

Біріншіден, жұмыс істеп тұрған тау-кен металлургия кәсіпорындарының материалдық-шикізаттық базасы не жеке меншікке не болмаса шетел компанияларына берілген, бұл мемлекеттік құрылымдардың, ғылыми бөлімшелердің немесе жаңа әлеуетті жер қойнауын пайдаланушылардың Қазақстанның табиғи байлақтарын игеру үлесін барынша қысқартты.

Екіншіден, көп жылдар бойы жинақталған тау үйінділері,  күл үйінділері,  қоймалар басқа  да өнеркәсіп қалдықтарын сақтау және көму  орындары  маңызды экологиялық  проблема - топырақтың, су мен ауаның ластану  көздеріне айналды.

Қалалардың өсуіне, қала халқының тез ұлғаюына және тауарлардың  көп тұтынылуына байланысты қалалық  қатты тұрмыстық қалдықтар көлемі орасан зор өсуде. Қазақстанның  экономиканың ресурстық ауқымдылық көрсеткіштері бойынша  әлемнің жетекші елдерін басып озуының себебі өндірістік базаның даму деңгейінің  барынша төмендігі мен  технологияның артта қалуы,  өнеркәсіптік құрылымның жетілдірілмеуі болып табылады. Қазақстанда  прогрессивті энергия үнемдеу технология лары бойынша  шығарылатын көптеген өнім түрлерінің үлесі  өте  төмен үлесті құрайды.

Экология проблемасы маңызды  бола түсуде. Қоршаған ортаны сақтаумен қатар біздер  кем  дегенде оған зиян келтірмеуіміз  қажет. Табиғатты  адам қызметінің зиянды әсері салдарынан қорғау тәсілдерінің бірі – бұл тұрмыстық көң-қоқыс пен тұрмыстық қалдықтарды  шығару. Оны  осы қызмет түрін көрсететін заманауи техникалар мен   компаниялардың көмегі арқылы  мүмкін болады. Тұрмыстық  қоқыс тез жиналады және  үйлердің маңы мен өнеркәсіптер аумақтарында қолайсыз көрініс жасайды, тіпті ол қалдықтар кеміргіштердің пайда болуына және  әртүрлі аулардың  туындауына себеп болады. Санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтау және  экологияға зиянды әсер етуге жол бермеу үшін  қоқыстарды шығарып отыру қажет.

2.2 Жобаның тұжырымдамасы

Жобаның тұжырымдамасы  Ақтөбе облысында  тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарды жинау  қызметтерін ұсынатын  кәсіпорын  құруды қарастырады.

Кәсіпорынның негізгі  қызмет түрі тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарды жинау және шығару болып табылады.

Нысаналы топтар мыналар:

- қызметі нәтижелерінде  әр түрлі ҚТҚ пайда болатын  өнеркәсіп кәсіпорындары, ұйымдар  және т.б.;

- халық.

Осы бизнес-жоспарда  жоспарланған  кәсіпорынның айналымдарын жеңілдетілген декларацияның негізінде  арнайы салық режимін қолдана отырып қызметті жеке кәсіпкер шеңберінде жүзеге асыру ұсынылады.

Осы бизнес-жоспар басшылыққа алатын соңғы нұсқа емес, тек осындай  бизнес-идеяны дамытудың әлеуетті мүмкіндігі ғана. Сондықтан да  жобаны іске асырған  кезде сату бағдарламасы сияқты көрсетілетін қызметтердің де өзгеруі мүмкін. Жоспарланған қызметтердің бәсекелестік басымдығын, сондай-ақ сатып алынатын жабдықтың ерекшелігін барынша ашып көрсету қажет болады.

Өнімнің (қызметтердің) сипаттамасы

Қатты тұрмыстық қалдықтарды (бұдан әрі – ҚТҚ) шығару, сақтау, қайта өңдеу -  муниципалды қызметтердің  ерекше және әлеуметтік саласы.

ҚТҚ жұмыс жасау саласы  қоғамдық игіліктің үлгісі болып  табылады, оған қоғамдық игіліктердің барлық белгілері тән: тұтынуда бәсекелестіктің  бөлінбейтіндігі, болмауы және иемденудің жоқтығы. Азаматтардың экологиялық қауіпсіздігі ҚТҚ жұмыс жасауды  ұйымдастыру нәтижесіне байланысты болады. Сондықтан да бұл сала мемлекеттің иелігінде.

Қалдықтарға жүгіну процесі  бірнеше өзара байланысты кезеңдерді қамтиды:

 

1-сурет – Қалдықтармен жұмыс жасау процесі


 

 

Қалдықтарды жинаумен үй иелері, ТҚШ, ТСЖ компанияларының  басшылары, жеке кәсіпорындар айналысады. ҚТҚ тасу – бұл қоқысты жинау  орнынан  іріктеу станциясына  дейін апару. ҚТҚ іріктеу  қоқысты іріктеу станцияларында жүргізіледі. ҚТҚ қайта өңдеу  қоқыстарды қайта өңдеу зауыттарында жүргізіледі. Қалдықтарды көму полигондарда жүзеге асырылады.

Адамның күнделікті тұрмысының нәтижесін,де өте көп тұрмыстық  қалдықтар пайда болады (ҚТҚ). Қалада қалыпты экологиялық жағдайлы ұстап тұру үшін тұрмыстық қоқысты уақытында шығару қажет. ҚТҚ жинау және шығару  көлемі 0,8 текше метр, 1,1 текше метр арнайы контейнерлермен, сондай-ақ тығыздау-контейнерлері мен бункерлерде жүзеге асырылады.

Кәсіпорын қызметтерінің түрлері:

- ҚТҚ жинау;

- ҚТҚ шығар.

Өндірістер бағдарламасы

1- кестеде өндірістің жылдар бойынша жоспарланған бағдарламасы берілген.

 

1-кесте – Өндірістің жылдар бойынша жоспарланған бағдарламасы

Көрсеткіш

2 013

2 014

2 015

2 016

2 017

2 018

Тех.құжат бойынша 1 авто. жүк көтергіштігі, м3

16

1 автоның есепті жүк  көтергіштігі, м3

14

Авто саны, бірлік

1

Толтырылу %

65%

70%

75%

75%

80%

80%

1 айда атқарылған рейстер  саны, бірлік

114

123

132

132

141

141

1 айда ҚТҚ тасымалдау., м3

1 602

1 725

1 848

1 848

1 971

1 971

1 айдағы табыс., мың тг.

1 522

1 639

1 756

1 756

1 873

1 873




 

Сату бағдарламасы жүргізілген  маркетингтік зерттеулер (тұтынушылардың ҚТҚ-ны үнемі шығарып отыруын  айқындау мақсатында) нәтижелерінің  негізінде, сондай-ақ жарнамалық акциялар арқылы жүзеге асырылатын болады.

 

2-кесте – Өнімнің жоспарлы бағалары, мың теңге

ҚТҚ шығару бағасы

тг./м3

950


Өнімдер (қызметтер) нарығының сипаттамасы

Осы уақытқа Қазақстанның аумағында 43 млрд. Тонна қатты тұрмыстық қалдық жинақталған.  Соның 600 млн. тоннасы – улы. Бұл ретте жыл сайын жинақталатын ҚТҚ көлемі  700 млн. тоннаға ұлғаюда. Ақтөбе облысында 5 000 000 тонна ҚТҚ жинақталған.  Облыста бүгінгі күнге 1 090 қалдық үйінділері бар.

Бүгінде Қазақстанда әрбір тұрғынға  жылына 2 мың тонна қалдықтан (тұрмыстық және өнеркәсіптік) келеді. Салыстыру үшін, Германияда  осындай көрсеткіш жылыны 400 кг құрайды. Бұл ретте Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің деректері бойынша  қоқыстың тек  3-5% немесе  шамамен 2,15 млрд. Тоннасы ғана қайта өңделеді. Қалған бөлігі бөлшектерге іріктелмей шығарылады Жәнке ашық үйінділерге төгіледі,  Қазақстанда мұндай үйінділер саны 4 525 (ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы агенттігінің – «Къ» деректері бойынша).

 

2-сурет – Ақтөбе облысы халқы санының серпіні, адам

         Ақпарат көзі: ҚР Статистика агенттігі

Суретте Ақтөбе облысы халқы  санының өсу серпінінің оң көрсеткіші  берілген. Суреттегі  қорытындылар бойынша облыстың барлық халқына жыл бойынша қанша қалдықтан келетінін есептеуге болады. Бұл үшін облыс халқының санын Қазақстанның бір тұрғынына келетін қалдықтар көлеміне  көбейтеміз.. Сонымен, 777 471 * 2 = 1 554 942 мың тонна. Осылайша,  кәсіпорын ұсынылатын қызметтерді тұтынушыларға  мұқтаж болмайды деп санауға болады. 

Бұл ретте барлығы 307 полигон (немесе 6,8%)  заңды болып табылады, яғни оларға арнайы жер учаскелері бөлінген, мемлекеттік сараптаманың санитарлық және экологиялық  оң қорытындылар алынған, қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаты бар. Тиісінше қалған  93,2% полигон республиканың табиғатты қорғау және санитарлық  талаптарына сәйкес келмейді.

3-суретте  Ақтөбе  облысын.да  ластаушы заттарды  кәдеге жарату серпіні  көрсетілген. 

3-сурет – Ақтөбе облысында ластаушы заттарды кәдеге жарату, мың тонна

             Ақпарат көзі: ҚР Статистика агенттігі

4-суретте Ақтөбе облысында   ластаушы заттарды кәдеге жаратудың  оң серпіні көрсетілген. Мысалы, 2010 жылы  Ақтөбе облысында 58,7 мың  тонна ластаушы заттар кәдеге жаратылды бұл 2009 жылға қарағанда 16,4 мың тоннаға (немесе 38,8%) көп.Барлығы ҚР-да 2010 жылы 6 432,4 мың тонна ластау заттар кәдеге жаратылды. Жалпы көлемде кәдеге жаратудағы Ақтөбе облысының үлесі 2010 жылы 0,9% құрады.

Осы деректерді ескере келе қалдықтарды жинау қызметтері әрқашан сұраныста болатыны анық.

Ақтөбе облысындағы  соңғы тарифтер мынадай:

- Қолайлы  сектор – 74,24 теңге

- Жеке сектор – 475,11 теңге

- Тұтыну қызметтері – 1238,78 теңге.

Ақтөбе қаласы бойынша  соңғы бекітілген ҚТҚ шығару тарифтері - 950 тг./м3, эмиссия - 469 тг./м3 (ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің деректері бойынша).

Негізгі және әлеуетті бәсекелестер

Кәсіпорынның  негізгі бәсекелестері Ақтөбе облысында  тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарды  жинау саласындағы қызметтерді ұсынатын компаниялар болып табылады.

 

3-кесте – ҚР тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарды жинау саласында қызметтер көрсететін компаниялар тізімі

 

Компанияның атауы

Облыс

Мекенжайы

АктобеЗащита ЖШС

Ақтөбе  облысы

Актөбе қаласы, Бр. Жұбановтар, 202, п. 43

Sa-Neko West (Са-Неко  ЖШС Вест)

Ақтөбе облысы

Актөбе қаласы, Г. Жубанова көшесі, 9-2

«Спецавтотранспорт»  АҚ

Ақтөбе облысы

 Актөбе, 30 ЛЕТ КАЗАХСТАНА көшесі, 2А

"АДАЙ"

Ақтөбе облысы

Актөбе қаласы, пр. Абилқайыр хан, 60/3/125

"АЙКА - 2030" ЖШС

Ақтөбе облысы

Актөбе қаласы, РЯХОВ көшесі, 169

"ТРАНССТРОЙКОММЕРЦ" ЖШС

Ақтөбе облысы

Актөбе қаласы, СКУЛКИНА көшесі, 5А, П 24

"ЭКО - СТРОЙ СЕРВИС" АҚ

Ақтөбе облысы

Актөбе қаласы, д. АБЫЛҚАЙЫР ХАН, 63/1, П 13

С

АБИРА ЖШС

Ақтөбе облысы

Актөбе қаласы,  ӘЙТЕКЕ БИ көшесі, 48, П 2

  АК ЖОЛ LTD ЖШС

Ақтөбе облысы

Актөбе қаласы, д. САНКИБАЙ, 22

ЭКОЛОГИЧЕСКИЕ ТЕХНОЛОГИИ-XXI ЖШС

Ақтөбе облысы

Актөбе қаласы, д.ӘЛИЯ МОЛДАҒҰЛОВА, 18, ОФИС 4

КАСТОР ЖШС

Ақтөбе облысы

Актөбе қаласы, д.МИР, 37

  НК СЕРВИС ЖШС

Ақтөбе облысы

Актөбе қаласы, д. Абилқайыр хан, 44В, П 64

  САНДОР ӨК

Ақтөбе облысы

Актөбе қаласы, д. ӘЛИЯ МОЛДАҒҰЛОВА,, СМУ ГАИ ауданы

ТАЗА-МУНАЙ АКТОБЕ

Ақтөбе облысы

Актөбе қаласы, ул.Есет батыра көшесі,116 «А»

  ЖАСЫЛ-АЛЕМ ЖШС

Ақтөбе облысы

Актөбе қаласы, НЕКРАСОВ көшесі, 50


 

Ақпарат көзі: портал ALL.BIZ параталы

 

Қазіргі уақытта Ақтөбе облысының аудандары орталықтарында  полигон салудың алты ТЭН әзірленді – Қандыағашта, Шұбарқұдықта, Хромтауда, Кобдеде, Мартукте және Қарауылкелдіде. Бастапқы екі ауданда жобаны іске асыру басталды.

Құрылатын кәсіпорындардың  негізгі басымдылықтары мыналар:

-  клиент үшін қолайлы шығару кестесі;

- клиентке келісімшартты тиісінше орындауға және  барлық мүмкін болатын мәселелерді шешуге  жауап беретін « дербес» менеджерді ю бекіту;

- GPS  датчиктерімен жабдықталған «Еуро-3» тиісті стандарты жаңа қоқыс шығару машинасымен қамтамасыз ету, бұл көлік құралының жүрісі мен тоқтап тұруын қадағалауға мүмкіндік береді;

- клиенттің  қаражатын  барынша үнемдеуге және табиғи ортаның жайын жақсартуға өз үлесін қосуға мүмкіндік беретін  қалдықтарды бөліп жи науды енгізу мүмкіндігі.

Нарықты дамытудың болжамды бағасы, күтілетін өзгерістер

 

Қазіргі уақытта республиканың  үкіметі  қоқыс мәселесіне назар  аударуда. Атап айтқанда,  Құрылыс және ТКЩ агенттігі  тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту  салалық бағдарламасын іске асыру шеңберінде  елдің 2012 жылы 2-3 ірі қаласында  қоқысты бөліп жинау технологиясын енгізудің  «пилоттық» жобасын іске асыруды жоспарлауда. Жергілікті атқарушы органдар уәкілетті органның көмегімен тұрғындармен  қоқысты бөліп жинауды түсіндіру және насихаттау  жұмысын жүргізетін болады.

Сондай-ақ қатты тұрмыстық  қалдықтарды бөліп жинау қағидалары мен ұсынымдары,  жаңа құрылыс  салу кезінде қоқыс жинайтын жерасты контейнерлерін енгізуге  бағытталған ереже әзірленетін болады. Жергілікті жұмыс жасау мақсатында ҚТҚ жинау мен тасымалдау үшін қоқысты реттеу желілері мен контейнерлер жобаларының  бастамашыларына көмек көрсету қажет. ТҚШ саласындағы уәкілетті орган осы жобаларды іске асыруға әдістемелік және қаржылық көмек көрсететін болады.

2.3 БИЗНЕС ЖОСПАРДЫҢ МАРКЕТИНГТІК СТРАТЕГИЯСЫ

 

Есептерге ай сайынғы  жарнамаға арналған шығындар қосылған. «Тікелей маркетиег», жеке кәсіпкерлердің күшімен  өнімдерді жеткізуге тікелей шарттар жасасу қолданылатын болады.

Кәсіпорында  өнімді сатуды ұйымдастыруды мынадай принциптер ескеріле отырып жүзеге асыру болжануда:

1. Бәсекеге қабілеттіліктің  тұрақты мониторингі және  оны  жетілдіру жолындағы жұмыс;

2. Сұранысты қалыптастыру және өткізуге ынталандыру , имиджді қалыптастыру және  тұрақты клиенттерді тарту  жөніндегі шаралар кешенін пайдалану.

Информация о работе Инвестициялық жоба ұғымына кең түсінік бере отырып, инвестициялық жобаны бизнес жоспарлаудың басты әдістеріне тоқталу