Инвестициялық жобалар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2013 в 00:34, дипломная работа

Описание работы

Диплом жұмысымның бірінші бөлімінде жалпы инвестицияның және инвестициялық жобалардың теориялық негіздері қарастырылып отыр, яғни «Инвестициялар туралы» Заң қашан қабылданды және инвестициялық жобалардың жіктелуі мен түрлері барынша кең ашылған. Сонымен қатар, инвестициялық жобалрдың өмірлік циклы мен кезеңдері берілген.
Инвестициялық жобаны қабылдаудан бұрын – бірнеше талдау формалары жүргізіледі, яғни оларға коммерциялық, әлеуметтік, экологиялық, институционалдық, экономикалық және қаржылық талдаулар жатады және де осы талдау мен бағалауды жүргізу үшін қажетті формулалар мен есептеулер көрсетілген. Осы формаларды барынша дұрыс және білікті түрде қолдану арқылы инвестициялық жобаның тиімділігін және тартымдылығын анықтауға болады. Инвестициялық жобаның тиімділігін анықтау үшін көптеген әдістер қолданылады, оларға: қарапайым немесе статистикалық, дисконттау әдiстерi, aғымдағы таза құндылық, табыстылық индексi, пайданың шығындаpғa қатынасы, жоба табыстылығының iшкi нормасы, өтiмдiлiк мерзiмi және тағы басқа.

Содержание работы

Кіріспе..........................................................................................................................7
Бөлім-I Инвестициялық жобалардың теориялық негіздері...................................11
1.1 Инвестициялық жобаның түсінігі,түрлері...................................................11
1.2 Инвестициялық жобаларды талдау формалары..........................................19
1.3 Инвестициялық жобаларды бағалау әдістері..............................................33
Бөлім-II Нақтылы инвестициялық жобаларды бағалау.........................................45
2.1 ЖШС «Тамир» инвестициялық жобасы......................................................45
2.2 Акционерлік қоғам «Ертіс-ГЭС» инвестициялық жобасын бағалау ерекшеліктері...................................................................................................48
Бөлім-III Инвестициялық жобаны экономикалық дәлелдеу.................................53
3.1 Инвестициялық жобаның экономикалық мәні және оның мәселелері....53
3.2 Инвестициялық жобаны экономикалық талдау..........................................62
3.3 Инвестициялық жобаларды қарастыру және іске асыру регламенті. Перспективалы жобалар......................................................................................65
Қорытынды................................................................................................................72
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.................................................................................75

Файлы: 1 файл

stud.kz_5049971361.doc

— 523.00 Кб (Скачать файл)

МАЗМҰНЫ:

Kipicпe

                 Қазақстан өз тәуелсіздігінің  қысқа кезеңінде экономикалық жекешелендіру процесінде мәнді дамуға жетті. Қазақстан мемлекет экономикасына инвестицияны тарту жөнінде басқа елдер арасында алдынғы қатарда келеді. Қазақстан тек маңызды өнімдер түрінің 
экспортері ғана емес сонымен бipгe инвестицияны icкe асыруға 
қажетті құқықтың негізі бар және оған қолайлы жағдай жасалған 
мемлекет. Бүгінгі күні Қазақстан экономикасының негізгі 
инвесторлары болып АҚШ, Азия және Европа елдерінің 
компаниялары табылады. Егер бұл жобалардың инвестициялық 
сиымдылығын ескерсек, бұл Қазақстан дамуының ұзақ мерзімге арналған ерекшеліктерінің бipi "Қазақстан халқына арналған Президент үндеуінде" көрсетілгендей (Қазақстан 2030) "жоғары деңгейлі шетел инвестициясының дамыған экономикасына негізделген, экономикалық даму" болып табылады. Қазақстан  Республикасының  экономикасының тұрақты  өcyi, оның   барлық   ресурстарының   барлық   құраушылары,    жоғары технологияны пайдалана отырып  және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету инвестициялық мүмкін емес.

        Қазіргі таңға дейін экономикалық әдебиеттерде “инвестиция” сөзі әртүрлі мағынада қолданылды. Көптеген авторлар капитал салымы мен (күрделі қаржы) мен инвестицияның арасындағы айырмашылықтарды ажыратпайды; ал басқалары барлық салымдарды, олардың бағытталған мақсатына қарамастан инвестиция деп атайды.

Негізінді инвестициялық  процеспен  2 фактор байланысты –  олар уақыт  және тәуекел. Қазір белгілі бір мөлшерде ақша-қаражаттарды  салып, белгілі бір уақыт өткеннен кейін, кеш болсада да оған табыс түседі; бірақ түсетін табыс мөлшері  өзгеруі мүмкін.

Ең кең мағынада инвестиция еліміздің экономикасының дамуы  мен өсуін қаржыландыруға қажетті  механизмді қанағаттандыру болып табылады. Инвестиция бұл кәсіпкерлік және т.б қызмет түрлерінің объектілеріне салынатын құндылықтардың нәтижесінде пайда болатын табыс немесе әлеуметтік тиімділік.

Менің осы «Инвестициялық жобаларды дайындау және экономикалық дәлелдеу » деген тақырыптағы диплом жұмысын жазуымның ең басты себебі, ол қазіргі таңда біздің экономикамызда көптеген жобалар қабылданып отыр, соған сәйкес осы жобалардың болашақта қандай пайдалылықты әкелетінің білу үшін, оларды дайындау, бағалау және талдау қажет.

Диплом жұмысымның бірінші  бөлімінде жалпы инвестицияның  және инвестициялық жобалардың теориялық  негіздері қарастырылып отыр, яғни «Инвестициялар туралы» Заң қашан  қабылданды және инвестициялық жобалардың жіктелуі мен түрлері барынша  кең ашылған. Сонымен қатар, инвестициялық жобалрдың өмірлік циклы мен кезеңдері берілген.

Инвестициялық жобаны қабылдаудан  бұрын – бірнеше талдау формалары  жүргізіледі, яғни оларға коммерциялық, әлеуметтік, экологиялық, институционалдық, экономикалық және қаржылық талдаулар жатады және де осы талдау мен бағалауды жүргізу үшін қажетті формулалар мен есептеулер көрсетілген. Осы формаларды барынша дұрыс және білікті түрде қолдану арқылы инвестициялық жобаның тиімділігін және тартымдылығын анықтауға болады. Инвестициялық жобаның тиімділігін анықтау үшін көптеген әдістер қолданылады, оларға: қарапайым немесе статистикалық, дисконттау әдiстерi, aғымдағы таза құндылық, табыстылық индексi, пайданың шығындаpғa қатынасы, жоба табыстылығының iшкi нормасы, өтiмдiлiк мерзiмi және тағы басқа.

           Диплом жұмыстың екінші бөлімінде, өзiмiзге мәлiм болғандай әрбiр кәсiпорын өз қызметi барысында мiндеттi түрде пайдасын максималдағысы келедi. Осыған орай олар максималдаудың әртүрлi жолдарын iздейдi. Сондай жолдардың бiрi инветицияларды құю болып табылады.

  Компания қандай  да бiр инвестициялық жобаны  бағалау немесе таңдау кезiнде,  оны зен қойып талдауы керек.  Өйткені қаншалықты оны нақты бағалап, нәтиже шығарсa, онда соншалықты ол тиiмдiрек болады.

  Қаржылық менеджерлер  инвестициялық жобаларды бағалаудың әртүрлi әдiстерiн қолданады. Жалпы олардың негiзгiлерi болып келесiлер табылады: таза келтiрiлген кұн, таза терминалдық кұн, инвестицияның қайту деңгейi, инвестицияның тиiмдiлiк коэффициентi, инвестицияның кайту мерзiмi.

  Компания үшiн инвестициялық жоба тек қана пайда табумен байланысты болмайды, ол сонымен қатар компанияның нарықты жаулап алу саясатына да байланысты болуы мүмкiн. Қаржы менеджерi өз қызметi барысында компанияның инвестициялық саясатын даярлайды, сонымен қатар жобаның осы саясатқа сәйкестiгiн анықтауы тиiс.

           Диплом жұмыстың үшінші бөлімінде, Инвестициялық құрылымдардың барынша шектелуі жағдайына байланысты, оны жүзеге асыруда ұлттық приоритетерді таңдаудың дәстүрлі мәселесі туындайды.

Сондықтан, инвестициялық ресурстардың белгіленген приоритеттері буындарға дұрыс жетуін және олардың тиімді пайдалануына жауапкершілікті қамтамасыз ететін механизм қажет. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі орталықтандырылған ресурстар көзінен үкімет бекіткен приоритетті мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландыру үшін жеңілдік процентпен несиелер ел аумағының ішінде бөлімшелері кең таралған ірі коммерциялық банктерге беріледі. Өз кезегінде, осы банктер (мәселен 3%) тиісті өткізе отырып, шаруашылық субъектілеріне бағытталған. Коммерциялық банктер берілген несиелердің орынды жұмсалуы мен уақтылы қайтарылуына тікелей жауапкершілік алады.

Сондықтан, халық шаруашылығын қаржыландыруға қажетті орталықтандырылған несие ресурстарының бөліну қарқынын төмендету инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асыруға орасан зор нұсқан келтірмек.

Сонымен қатар, жоғарыда аталып кеткендей, қазіргі кезде  біздің мемлекетімізде экономиканы  дамытуға бағытталған көптеген жобалар  әзірленіп жатыр және кейбіреулері әлі қарастырылуда болып келеді. Бұл жобалар жалпы Қазақстанның экономикасын көтеріп, яғни жоғарғы деңгейге жетуіне ықпал жасайды, өйткені біздің Елбасшымыздың алдындағы тұрған ең басты мақсаты – ол экономикасы дамыған 50 мемлекеттің қатарына кіру болып табылады. Ал олардың қатарына кіру үшін біз ең алдымен өзіміздің ауылшаруашылық, мұнай және химиялық, сонымен қатар басқа да өнеркәсіптерімізді дамытуын қажетпіз.

Айта кететін бір  жәйт, ол егер біздің мемлекетіміз Халықаралық  сауда ұйымына кіретін болса, онда біздің өнімдеріміздің бәсеке қабілеттілігі төмен болып келеді, соған орай біз өзіміздің өнеркәсіптік және ауылшаруашылық сфераларымызға инвестициялардың құйылуын және инвестициялық жобалардың қабылдауын ұлғайту және жақсарту жұмыстары жүргізілуі тиіс..

Бөлім-I   Инвестициялық жобалардың теориялық негіздері

1.1  Инвестициялық жобаның түсінігі, түрлері

Инвестициялар – біздің экономикамызда бұл жаңа термин болып табылмайды. Орталықтанған жоспарлық жүйе кезінде тек "капиталдық салымдар" деген түсінік қана қолданылды. Бұл түсінікте, негізгі қорлардың қайта өндірісі және оларды жөңдеуге кеткен шығындар да еңгізіледі.

1994 жылғы 27 желтоқсандағы  Қазақстан Республикасының Заңына  сай инвестицияларға келесідей  анықтама берілді. "Инвестициялар  – бұл, пайда алу мақсатында  өндірістік қызмет объектілеріне салынатын мүліктік және интеллектуалдық құндылықтардың барлық түрі, сонымен қатар:

- акциялар және өзге  де коммерциялық ұйымдарға қатысу  формалары;

- облигациялар және  өзге де қарыздық міндеттемелер;

- қозғалатын, қозғалмайтын  мүлік және мүліктік құқық, ұстау құқығы мен тауарлардан басқа, импортталатын және өткізуге арналған, қайта өңделмейтін мүліктер;

- интеллектуалдық қызметке, авторлық құқыққа, патентке, тауарлық  белгілерге, өндірістік үлгілерге,  технологиялық процесстерге, ноу-хауға құқық;

- лицензияға негізделген  қызметтерді жүзеге асыру құқығы".

Инвестициялық жоба деген  не?

Капиталдың ең маңызды  белгісі - оның иесіне пайда әкелу  мүмкіндігі. Капиталды ұзақ мерзімде салу немесе инвестициялау – мұндай мүмкіндікті пайдалану формаларының бірі.

Инвестор тарапынан  алғанда инвестициялаудың мәні -  «ертеңгі күні» пайда алу үшін «бүгінгі» пайданы алудан бас  тарту. Мұндай операциялар банктермен ссуда беруге ұқсас келеді. Сәйкесінше, капиталды ұзақ мерзімге салу туралы шешім қабылдау үшін екі негізгі болжамды белгілі бір дәрежеде дәлелдейтін ақпарат болуы тиіс:

1) салынған қаражаттар толығымен өзін-өзі өтеуі тиіс;

  1. бұл операция салдарынан пайда жоғары болу қажет. Яғни тәуекелдерді жабу үшін.

Инвестициялық жобалардың түрлері және мазмұны әр түрлі болуы мүмкін. Яғни бұлар құрылыс жобаларынын мүлікті бағалауға дейін жоба сәйкес келмеуі мүмкін.

Уақытша фактор – инвестициялық  жобаны бағалауда негізгі рольді атқарады. Бұл графикте 3 даму фазаларын  атап айтуға болады. Осы кезеңдер жобаның  өмір сүру уақытын білдіреді.

Бірінші фаза. Кей жағдайларда  толығыменен анықтала алмайды. Бұл  кезеңде оның техника-экономикалық жағдайлары талданады, маркетингтік зерттеулер жүргізіледі, жабдықтаушылар таңдалынады, потенциалды инвесторлармен тікелей  жұмыс жүргізіледі.

Инвестицияны алдын-алу фазасының соңында инвестициялық жобаның бизнес-жоспары болуы қажет. Жоғарыда аталып кеткендей, көп уақыт пен ақша қаражаттарын талап етеді.

Келесі бөлім инвестииялауды білдіреді немесе жүзеге асыру фазасы. Бұл фазаның басқалардан ерекшелігі – бұл дамуы кезінде алдағы фазалардын едәуір мөлшерде шығындарды талап етеді.

Бұл бөлімде кәсіпорынның тұрақты активтері қалыптасады. Кейбір шығындар өнімнің өзіндік  құнына енгізілуі мүмкін.

Негізгі құралдың жұмыс  істегенінен бастап, үшінші фаза, эксплуатациялық фаза іске қосады. Бұл фазада өнімді өндіру басталуымен және қызмет көрсетулермен сипатталады.

Халықаралық тәжірибеде кәсіпорынның даму жоспары бизнес-жоспар ретінде көрсетіледі, ол негізінен кәсіпорынның даму жоспарының құрылымдастырылған сипаты болып табылады. Егер жоба инвестицияны тартумен байланысты болса, онда ол «инвестициялық жоба» деп аталады.

Жалпы түсінігі бойынша  жоба – бұл белгілі бір мақсатқа көзделетін

кәсіпорынның іскерлігін жақсарту жайлы арнайы ұсыныс.

Жобаларды әдетте тактикалық және стратегиялық деп бөледі. Стратегиялық жобаның қатарына меншік түрінің өзгерісін (арендалық кәсіпорынды, акционерлік қоғамды, жеке кәсіпорынды құру) немесе өндіріс сипатының түбегейлі (жаңа өнім өндірісі, толық автоматтандырылған өндіріске көшу) өзгерісін қарастыратын жобаларды жатқызамыз. Тактикалық жобалар, әдетте, шығарылатын өнім көлемінің өзгеруімен, өнім сапасын жоғарылатумен және қондырғыларды жаңартуымен байланысты болады.

Қазақстанның тәжірибесінде  жоба түсінігі жаңа ұғым емес. Жаңа экономикалық жағдайларда кәсіпорын, яғни оның иелері және жоғары басқару құрамы өз келешектерін өз бетінше шешеді. Мұндай іскерлік инвестициялық жобалау тұрғысынан ерекше ұйымдастырылуы тиіс.

Инвестициялық жобалардың талдауы олардың жіктеулеріне негізделуі қажет, оны біз 1.1 - ші кестеден көре аламыз.

Инвестициялық жобаның  негізгі бөлімдері:

1) Инвестициялық жобаның қысқаша сипаттамасы.

    1. Жобаның негізгі идеясы.

     3) Нарықты талдау және маркетинг тұжырымдамасы.

     4) Инвестициялық жобаны орындау процесіне қажетті материалдық ресурстардың көлемін негіздеу.

  1. Жобаның орындалуының техникалық негізіне сипаттама.
  2. Жобаның тұрған жері.
  3. Басқаруды ұйымдастыру.
  4. Қажетті еңбек ресурстары.
  5. Жобаның орындалу кестесі.

Информация о работе Инвестициялық жобалар