Инвестициялық жобалар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2013 в 00:34, дипломная работа

Описание работы

Диплом жұмысымның бірінші бөлімінде жалпы инвестицияның және инвестициялық жобалардың теориялық негіздері қарастырылып отыр, яғни «Инвестициялар туралы» Заң қашан қабылданды және инвестициялық жобалардың жіктелуі мен түрлері барынша кең ашылған. Сонымен қатар, инвестициялық жобалрдың өмірлік циклы мен кезеңдері берілген.
Инвестициялық жобаны қабылдаудан бұрын – бірнеше талдау формалары жүргізіледі, яғни оларға коммерциялық, әлеуметтік, экологиялық, институционалдық, экономикалық және қаржылық талдаулар жатады және де осы талдау мен бағалауды жүргізу үшін қажетті формулалар мен есептеулер көрсетілген. Осы формаларды барынша дұрыс және білікті түрде қолдану арқылы инвестициялық жобаның тиімділігін және тартымдылығын анықтауға болады. Инвестициялық жобаның тиімділігін анықтау үшін көптеген әдістер қолданылады, оларға: қарапайым немесе статистикалық, дисконттау әдiстерi, aғымдағы таза құндылық, табыстылық индексi, пайданың шығындаpғa қатынасы, жоба табыстылығының iшкi нормасы, өтiмдiлiк мерзiмi және тағы басқа.

Содержание работы

Кіріспе..........................................................................................................................7
Бөлім-I Инвестициялық жобалардың теориялық негіздері...................................11
1.1 Инвестициялық жобаның түсінігі,түрлері...................................................11
1.2 Инвестициялық жобаларды талдау формалары..........................................19
1.3 Инвестициялық жобаларды бағалау әдістері..............................................33
Бөлім-II Нақтылы инвестициялық жобаларды бағалау.........................................45
2.1 ЖШС «Тамир» инвестициялық жобасы......................................................45
2.2 Акционерлік қоғам «Ертіс-ГЭС» инвестициялық жобасын бағалау ерекшеліктері...................................................................................................48
Бөлім-III Инвестициялық жобаны экономикалық дәлелдеу.................................53
3.1 Инвестициялық жобаның экономикалық мәні және оның мәселелері....53
3.2 Инвестициялық жобаны экономикалық талдау..........................................62
3.3 Инвестициялық жобаларды қарастыру және іске асыру регламенті. Перспективалы жобалар......................................................................................65
Қорытынды................................................................................................................72
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.................................................................................75

Файлы: 1 файл

stud.kz_5049971361.doc

— 523.00 Кб (Скачать файл)
    1. Жобаны қаржымен қаржылануына сипаттама және оның тиімділігін бағалау.

 

 

 

 

Кесте 1.1 – Инвестициялық  жобалардың талдауы және жіктелуі

Жіктелуі

Түрлері

  1. Қажетті инвестицияның көлемі бойынша:

- Кіші жоба

- Мега жоба

  1. Жобаны жүзеге асыру мерзімі бойынша:

- Қысқа

- Орта

- Ұзақ

  1. Тәуекелге қатысты:

- Тәуекелді

- Тәуекелсіз

  1. Жобаның қатысушысы бойынша:

- Мемлекеттік

- Біріккен

     -  Шетел инвесторлар

  1. Ақша ағымының типі бойынша:

- Жай

- Жай емес

  1. Жобалар арасындағы қарым-қатынастары бойынша:

- Тәуелсіз

- Өзара бірін-бірі жоққа шығару

- Орнын толтыру

- Өзара әсер ету


 

Кәсіпорынның нақты  бір жобаға қатысты инвестициялық  іскерлігінің жалпы реттелуі жобалық  цикл түрінде қалыптасады және ол цикл келесі кезеңдерге ие:

  1. Жобаның тұжырымдалуы – бұл кезеңде кәсіпорын жетекшілерінің жоғары құрамы кәсіпорынның ағымдағы жағдайына талдау жасап, кәсіпорынның ары қарай дамуының пайдалы бағыттарын анықтайды. Талдау нәтижесі бизнес идеясы түрінде рәсімделіп, кәсіпорынның неғұрлым маңызды міндеттерін шешуге бағытталады. Бұл кезеңде идеяны жүзеге асыруға қатысты едәуір дәлелді аргументтер болуы тиіс. Егер олардың барлығы бірдей дәрежеде пайдалы және іске асырымды болса, онда даярлаудың соңғы кезеңінде олардың ішінен неғұрлым тиімдірегін қабылдау үшін бір мезгілде бірнеше инвестициялық жобалар әзірленеді.
  2. Жобаны дайындау - жобаның бизнес-идеясы бірінші тексерілімнен өткеннен кейін, оң немесе теріс деген нақты шешімді қабылдауға болғанға дейін оны ары қарай дамыту керек. Бұл кезеңде жоба жоспарының барлық бағыттарында – коммерциялық, техникалық, қаржылық, экономикалық, институционалдық және тағы басқа – оны бірте-бірте нақтылау мен жетілдіру талап етіледі. Жобаның жекелеген міндеттерін шешу үшін бастапқы ақпараттарды іздеу немесе жинақтау аса маңызды болып табылады.
  3. Жобаны сараптау - жобаны жүзеге асыру алдында оның білікті сараптамасы – жобаның өмірлік циклына аса қажетті саты жүргізілу қажет. Егер жоба негізінен стратегиялық инвестор есебінен қаржыландырылатын (несиелік, тікелей) болса, онда инвестордың өзі сараптама жүргізеді, мысалы, болашақта жобаны іске асыру процесінде ақшаның көп бөлігін жоғалтудан гөрі, бұл кезеңде беделді бір консалтингтік фирмаға ақшаның кейбір бөлігін жұмсауы мүмкін. Егер кәсіпорын инвестициялық жобаны негізінен өз ақша құралдарының көмегімен іске асыруды жоспарласа, онда жобаның негізгі жағдайларының дұрыстығын тексеру үшін де сараптама қажет.
  4. Жобаны жүзеге асыру - бұл кезең бизнес-идеяның дамуынан бастап, жобаның іске қосылу мезетіне дейін толық қамтиды. Мұнда қызметтің барлық түрінің орындалуын қадағалау және мемлекеттің ішіндегі реттеуші органдар мен шетелдік немесе отандық инвесторларының бақылауы кіреді.
  5. Нәтижелерді бағалау - бұл жобаның соңында, сондай-ақ жобаны орындау процесі кезінде жүргізіледі. Бұл қызмет түрінің негізгі мақсаты жобаға салынған идеялар мен олардың іс жүзіндегі орындалу дәрежесі арасындағы нақты кері байланысты алу болып табылады.

Шетелдік тәжірибеде кездесетін инвестициялық жобалардың негізгі түрлері төменде келтірілген:

        1. Тұрақты масштабтағы бизнестің табиғи жалғасуы ретінде ескірген қондырғыларды ауыстыру. Әдетте, осыған ұқсас жобалар ұзақ және күрделі дәлелдемелерді, шешім қабылдауды талап етеді.
        2. Ағымдағы өндірістік шығындарды азайту мақсатында қондырғыларды ауыстыру. Осындай жобалардың мақсаты – жұмыс істеп жатқан қондырғының орнына неғұрлым жетілгенін қолдану.
        3. Өнім шығаруды арттыру және қызмет көрсету нарығын кеңейту. Жобалардың бұл түрі әдетте кәсіпорын басқармасының жоғарғы деңгейі қабылдайтын жауапты шешімді талап етеді.
        4. Жаңа өнім шығару мақсатында кәсіпорынды кеңейту. Жобалардың бұл түрі жаңа стратегиялық шешімдердің нәтижесі болып табылады және бизнестің мәнінің өзгерісін қозғауы мүмкін. Жобалардың осы түрлерін әзірлеген кезде жіберілген қате кәсіпорынды неғұрлым сәтсіз жағдайларға алып келетінін атап өткен жөн.
        5. Экологиялық жүгі бар жобалар. Экологиялық жүгі бар жобалар өздерінің табиғаты бойынша қоршаған ортаны ластауымен әрқашан байланысты болғандықтан, талдаудың осы бөлігі барынша қиын болып табылады.
        6. Шешім қабылдаудағы маңыздылығы аса жоғары емес жобалардың түрі. Мұндай жобалар жаңа офис салу, жаңа автомобиль сатып алу және тағы басқаларды қамтиды.

Болашақ инвестициялық  жобаның бизнес-идеясы тұжырымдалғаннан кейін, кәсіпорын сол бизнес-идеясын  жүзеге асыры ала ма деген сұрақ  туады. Ол үшін кәсіпорынның тиісті экономикалық саласының жағдайы мен сала шеңберіндегі кәсіпорынның салыстырмалы жағдайын талдау керек. Батыстық жобаларды талдау тіжірибесінде төмендегі критерийлерді қолданады:

     - Саланың жетілуі;

     - Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігі (оның нарықтағы жағдайы).

  Саланың жетілуін  оны даму жағдайының 4 түрінің  біреуіне жатқызу арқылы талдау қалыптасқан: эмбрионалдық, өспелілік, жетілген немесе ескірген.

Екінші критерийге сәйкес, кәсіпорынның тиісті сала шеңберінде оның бәсеке қабілеттілігін орнату керек. Басқаша айтқанда, тауар мен қызмет көрсетудің мақсатты нарығында берілген кәсіпорынның басқа кәсіпорындармен салыстырмалы жағдайын анықтау.

Кәсіпорынның жетілу критерийі мен бәсекелік қабілетін  салыстыру арқылы кәсіпорынның өмір сүру циклының матрицасын құруға болады және ол матрица конструктивті сипатқа  ие болады: кәсіпорынның жағдайын қалыптастырып қана қоймай, ары қарай дамуы бойынша қағидалық кеңестер береді.

Жобаның көп түрлiлiгiне қapaмaстaн, оларды талдау әдетте кейбiр жалпы сызбаға сәйкес келедi, ол жобаның коммерциялық, техникалық, қаржылық, экономикалық және институционалдық орындалуын бaғалайтын арнайы бөлiмшелерден тұрады. Стратегиялық инвестордың көзқарасы бойынша, дұрыс жоба тәуекелдi талдаумен аяқталуы керек. Сызбада қолданылатын «жоба қабылданбайды» резолюциясы шарттық сипаттa болатынын атап өткен жөн. Шыңдығында да жоба бастапқы қалпымен қабылданбауы қажет. Сонымен қатар жобаның түpi,  мысалы, оның техникалық орындалмауы жағынан өзгеруi мүмкiн және жаңартылған жобаны талдау басынан басталуы керек.

Жобаны алдын-ала әзірлеу  және талдау кезеңі: Болашақ инвестициялық жобаның бизнес-идеясын тұжырымдаған соң,бұл идеяны кәсіпорын іс жүзінде іске асыра алады ма деген сұрақ туады. Бұл сұраққа жауап беру үшін кәсіпорынның қарасты экономика саласын анализдеу қажет.  Мұндай анализ инвестициялық жобаны алдын-ала әзірлеу және анализдеу мазмұнын құрайды. Батыс елдерінің практикасында келесі критерийлерді қолданады:

- саланың кемелділігі;

- кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі (оның нарықтағы орны).

Саланың кемелділігін анализдеуді  оның дамудың мына төрт жағдайының біреуіне жатқызып қарастырады: эмбриональді, өсуші, кемелдік және қартайған.

Екінші критерийге бойынша, кәсіпорынның қандай салаға жататынына сәйкес сол саладағы  бәсекеге қабілеттілігін анықтау қажет. Басқа сөзбен айтсақ, бұл кәсіпорынды заттар мен қызметтер  нарығындағы басқа кәсіпорындармен салыстырады. Кәсіпорынның негізі алты жағдайын қолданады: басымдық, күштілігі, қолайлығы,  тұрақсыздығы, әлсіздігі, тіршілік етуге қабілетсіздігі. Саланың кәмелеттік және бәсекеге қабілеттілігін салыстырып кәсіпорынның тіршілік циклінің  қалыптамасын құруға болады, ол құрылымды сипатты болып тек кәсіпорынның жағдайын белгілеп қана қоймай, сондай-ақ ары қарай дамуының қағидалық ұсыныстарын жасайды.

Жобаны алдын-ала анализдеу  кезеңінің соңғы нәтижесі - көрсетілген  критерийлер бойынша нақты кәсіпорынның жағдайын белгілеу болып табылады, яғни, кәсіпорынның қалыптамадағы нақты орнын көрсету.

Алдын-ала анализдеу кезеңі аса ұзақ болмауы тиіс, ал нәтижелер оның алдындағы кезеңде шығарылады да, сапалы бағаларда негізделеді.  Бұл кезең кем дегенде мына екі себептермен қажет:

- стратегиялық инвестормен ары қарай жұмыс істегенде саланың кемелдігі және кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі туралы мәселелер міндетті түрде қарастырылады, сондықтан оған алдын-ала дайын болу қажет;

- егер кәсіпорын менеджерлері анализдеуді қолға алмаса, оны стратегиялық инвестордың өзі жасайды, ал оның нәтижелері қолайлы болмауы мүмкін.

 

Кәмелеттілік кезеңі

эмбриональді

өсуші

кәмелеттік

қартайған

Күн энергетикасы

Видеотаспаларды өндіру

 

Кеме жасау (Европа)

 

Көмір өндіру (АҚШ)

   

Үй компьютерлері

 

Сағат жасау

 
   

Велосипед жасау

 

 

Сурет 1.1 -  Экономика  саласының кәмелеттігінің мысалдары

 

Жобалардың сан алуандығына  қарамастан, оларды анализдеу біршама  жалпы сызба нұсқа бойынша  жасалады, ол жобаның коммерциялық, техникалық, қаржылық, экономикалық және институциональді орындалуын бақылаутын арнайы бөлімдерден тұрады. Стратегиялық инвестордың пікірі бойынша дұрыс жоба тәуекел анализімен аяқталуы тиіс. Суретте «Жоба қабылданбайды» қарарының қолданылуы шартты сипатты болып келетіні ескеру қажет. Жоба бастапқы түрінде қабылданбауы тиіс еді. Сондай-ақ жобаның мысалы, оның техникалық орындалмауына байланысты түрі өзгертілуі мүмкін, өзгертілген жобаның анализі басынан қайта басталуы тиісті.

 

1.2  Инвестициялық жобаны талдау формалары

 

Жобаның коммерциялық орындалуын бағалау - инвестиция алдындағы зерттеу жүргізуде қорытынды звеносы. Ол барлық өткен этаптардан алынған және талдаудан өткен ақпараттарға негізделуі керек. Коммерциялық бағалау инвестициялық жобаның интегралдық жағдайын көрсетуі қажет.

Инвестициялық жобаның  коммерциялық қызығушылығында 2 критерий бар:

    1. қаржылық дербестігі (қаржылық баға);
    2. тиімділік (экономикалық баға).

Бірінші жағдайда, жобаны іске асыру барысында өтімділік  талданады (төлем қабілеттілігі). Екіншіден жобаның сатып алушылық құндылығының сақтап қалуында, салынған қаражаттар және де олардың қайтадамып өсуі.

 

1.2 – ші суреттен әрбір критерий бойынша бірнеше әдіс берілген.

 

 

 

 

 





 

 


 

 





 

 

 

                            Сурет 1.2 - Инвестициялық жобаның коммерциялық бағалануы

 

Ұстаным бойынша маркетингтік талдаудың негізгі мағынасы екі жәй сұрақтың жауаптарында:

  1. Жобаның іске асырылуының нәтижесі болып табылатын өнімді сата аламыз ба?
  2. Бұдан инвестициялық жобаның шығындарын ақтайтын жеткілікті пайда түсіреміз бе?

Статистика бойынша, үшінші әлем елдеріндегі фирмалардың күйзеліске ұшырауының деңгейі 80%. Күйзелістің  басты себебі – жеткіліксіз маркетинг.

Маркетингтік талдаудың базалық мәселелері мыналар:

  1. Жоба қай нарыққа бағытталған? Халықаралық па, әлде ішкі нарыққа ма?
  2. Жоба халықаралық және ішкі нарықтар арасындағы балансты долбарлайды ма?
  3. Егер жоба халықаралық нарыққа бағытталса, оның мақсаты мемлекет саясатының шешімдеріне бағыттас па?
  4. Егер жоба ішкі нарыққа бағытталса, оның мақсаты мемлекеттің ішкі саясатына бағыттас па?
  5. Егер жоба мемлекеттің саясатымен сыйыспаса, оны қарастыру керек пе?

Жобалар қазіргі нарықта  іске асырылатындықтан, жобада оның сипаттамасы  көрсетілуі тиіс. Маркетингтік талдау сондай-ақ өзінде тұтынушылар мен бәсекелестердің талдауын қамтуы тиіс. Тұтынушылар талдауы  тұтынушылар қажеттіліктер, нарықтың патенциальді сегментін және сатып алу үрдісінің сипаттамасын анықтауы тиіс. Бұл үшін жобаны әзірлеуші нарықты жан-жақты зерттеп, нарықтық құрылым және оған әсер етуші институциональді шектеулер аумағында  негізгі бәсекелестердіталдайды. Маркетингтік талдау нәтижесінде маркетингтік жоспар әзірленеді.  Онда өнімді әзірлеу, бағалау оны базарға өткізу және пайдалану стратегиялары көрсетіледі. Бұл «маркетингтік қоспа» элементтері бірігіп, өнімнің нарықтағы қолайлы бәсекелестік жағдайын қамтамасыз етеуі керек. Маркетингтік жоспар кәсіпорындағы басқа өнімдердің болуын, сондай-ақ жұмыстың ұйымдастырушылық, қаржы, өндірістік және қамту аспектілерін ескеруі тиіс. Маркетингтік жоспар аумағында бәсекелестер реакциясын және оның жоспарының ары қарай орындалуына әсерін мүмкіндігінше болжай алу керек.

Маркетингтік жоспарға сондай-ақ сұранысты болжау да енеді. Инвестициялық жоспардың әзірленуі  бойынша болжаудың анықтығын тексереді және алынған нәтижені қалаған нақтылықпен салыстырады. Шешімді қабылдау үрдісі анықталмағандық жағдайда жүзеге асса да, дұрыс болжау осы анықталмағандықтың дәрежесін төмендете алады.

Инвестициялық жоспардың  барлық маркетингтік аспектілерін қарастыру мүмкін еместігін түсіне отырып, маркетингтің негізгі түсінікті бөлімдерін анықтап көрейік. Маркетингтің барлық сұрақтарының толық тұйықталуы келесі блоктарды атап көрсетуге мүмкіндік береді: нарық анализі, бәсекелестік орта анализі, өнімнің маркетингтік жоспарын әзірлеу. Алдыңғы бөлімге қолданылатын ақпараттың растығы қажетті шарт екендігін ескеру қажет.

Информация о работе Инвестициялық жобалар