Инвестициялық жобалар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2013 в 00:34, дипломная работа

Описание работы

Диплом жұмысымның бірінші бөлімінде жалпы инвестицияның және инвестициялық жобалардың теориялық негіздері қарастырылып отыр, яғни «Инвестициялар туралы» Заң қашан қабылданды және инвестициялық жобалардың жіктелуі мен түрлері барынша кең ашылған. Сонымен қатар, инвестициялық жобалрдың өмірлік циклы мен кезеңдері берілген.
Инвестициялық жобаны қабылдаудан бұрын – бірнеше талдау формалары жүргізіледі, яғни оларға коммерциялық, әлеуметтік, экологиялық, институционалдық, экономикалық және қаржылық талдаулар жатады және де осы талдау мен бағалауды жүргізу үшін қажетті формулалар мен есептеулер көрсетілген. Осы формаларды барынша дұрыс және білікті түрде қолдану арқылы инвестициялық жобаның тиімділігін және тартымдылығын анықтауға болады. Инвестициялық жобаның тиімділігін анықтау үшін көптеген әдістер қолданылады, оларға: қарапайым немесе статистикалық, дисконттау әдiстерi, aғымдағы таза құндылық, табыстылық индексi, пайданың шығындаpғa қатынасы, жоба табыстылығының iшкi нормасы, өтiмдiлiк мерзiмi және тағы басқа.

Содержание работы

Кіріспе..........................................................................................................................7
Бөлім-I Инвестициялық жобалардың теориялық негіздері...................................11
1.1 Инвестициялық жобаның түсінігі,түрлері...................................................11
1.2 Инвестициялық жобаларды талдау формалары..........................................19
1.3 Инвестициялық жобаларды бағалау әдістері..............................................33
Бөлім-II Нақтылы инвестициялық жобаларды бағалау.........................................45
2.1 ЖШС «Тамир» инвестициялық жобасы......................................................45
2.2 Акционерлік қоғам «Ертіс-ГЭС» инвестициялық жобасын бағалау ерекшеліктері...................................................................................................48
Бөлім-III Инвестициялық жобаны экономикалық дәлелдеу.................................53
3.1 Инвестициялық жобаның экономикалық мәні және оның мәселелері....53
3.2 Инвестициялық жобаны экономикалық талдау..........................................62
3.3 Инвестициялық жобаларды қарастыру және іске асыру регламенті. Перспективалы жобалар......................................................................................65
Қорытынды................................................................................................................72
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.................................................................................75

Файлы: 1 файл

stud.kz_5049971361.doc

— 523.00 Кб (Скачать файл)

Төменде аталған блоктардың қысқаша сипаттамасы көрсетілген:

Нарықты зерттеу мақсаты – тұтынушылар сұранысын анықтау, нарық сегменттері мен маркетингтік шешімді қабылдау үрдісін тездету, сапасын жоғарылату үшін сатып алу үрдісін анықтау, сұраныс анализі кезінде келесі негізгі мәселелер қарастырылуы тиіс:

- Потенциальді сатып алушы кім?

- Өнімді сатып алу себептері?

- Сатып алу қалай жүзеге асырылады?

- Қандай ақпарат қажет және оны қалай жинайды?

Нарықтың құрамын зерттеу  бәсекелестер, мемлекеттік немесе жеке кәсіпорындар, жергілікті, ұлттық немесе марка қойылған немесе қойылмаған өнімдерден бастайды. Сондай-ақ нарыққа жаңа қатысушылар (болашақ бәсекелестер), орнын басушы өнім (мысалы, мақта үшін жасанды талшықтар, жеміс шырыны үшін алкогольсіз сусындар) тұрғысынан бәсекелестіктің енуі жатады. Жауапты міндетті түрде талап етуші негізгі сұрақтар:

- Берілген өнімнің нарығының қазіргі құрылымы қандай?

- Осы саладағы бәсекелестік  базасы?

- Институциональді шектеулер  бәсекелестік ортаға қалай әсер етеді?

Маркетингтік жоспар жобаның негізгі бөлімі болуы тиіс, оны әзірлеуде маркетологы мына сұрақтарға жауап беруі тиіс:

- Өнім қаншалықты жақсы даярланған?

- Бағалаудың стратегиясы дұрыс анықталған ба?

- Өнімнің нарыққа шығу стратегиясы дұрыс анықталған ба?

- Алып-сату жүйесі сатушы мен сатып алушыларының эффектілі байланысын қамтамасыз етеді ме?

- «Маркетингтік қоспа» элементтері біріңғай жұмыс істеп тұрған маркетингтік жоспарға біріктірілген бе?

Қорытындылай келсек, маркетингтік бөлім жобаны талдау кезінде анықтаушы мәнге ие, себебі ол жобаның іске асуын бағалау үшін қажетті нарықтық ақпаратты алуға мүмкіндік береді. 

Көп жағдайда кәсіпорында нашар маркетингтік талдау жіберілгендіктен, ол кәсіпорын алып-сату операцияларға көптеген қаражат жұмсайды, ол әрине қалаған пайда келтірмейді.

       Техникалық талдау - инвестициялық жобаны техникалық талдау мiндетiне мыналар жатады:

- Жоба мақсаттарының көзқарастарына неғұрлым сәйкес келетін технологияларды анықтау;

-  Жергiлiктi жaғдайларды талдау, оның iшiнде шикiзатқа, энергияға, жұмыс күшiне қол жеткiзудi және оның құнын;

- Жобаның iскe асуы мен жоспарлаудың потенциалды мүмкіндіктерін тексеру;

Техникалық талдауды, әдетте, кәсiпорынның жеке сарапшылар тобы арнайы мамандарды шақыру арқылы жүргiзедi. Техникалық талдаудың стандартты процедурасы қолда бар жеке технологияларды талдаудан басталады.Бұл кезде келесі критерийлерді басшылыққа алған жөн: 1) технология алдын-ала таныс, яғни, стандартты болуы тиіс;  2) Технология шет ел қондырғысы мен шикізаттарына бағытталмауы тиіс.

Eгep өз технологиясын  қолдану мүмкін болмаса, онда  төмендегi схемалардың бiрi бойынша  бiреуiмен шетелдiк технология  мен қондырғыларды тарту мүмкiндiгiне талдау жүргiзiледi:

- шетел фирмасымен бiрлескен кәсiпорын – бөлшектеп инвестицияландыру және барлық технологиялармен қамтамасыз ету;

- технологиялық «ноу-хауды» icке асыратын жаңа қондырғыны сатып алу;

- «Turn-key» - қондырғы сатып алу, зауыт салу, технологиялық процестi қалыптастыру;

- «Product-in-hand» - «turn-key» + кәсiпорынның қажеттi дайын өнім шығарғанға дейiн персоналды оқыту;

- өндiрic үшiн лицензиялар сатып алу;

шетелдiк технолог тарапынан  техникалық көмек. Технология таңдау ережесi кейбiр альтернативтi технологияларды кешендiк тaлдayды және қандай да бiр агрегаттaлған критерийдiң негiзiнде жақсы вариантты таңдауды қарастырады.

Альтернативті технологиялар  арасындағы кілттік факторларды  таңдау технологияларды қолданудың келесі аспектілерін талдауға әкеледі.

  1. Ұқсас масштабта таңдалған технологияларды бұрынғыдай қолдану (нақты нарық үшін масштабтар тым үлкен болуы мүмкін).
  2. Шикізаттың жергілікті болуы (потенциальді ұсынушылар, олардың өндірістік қуаты қандай, шикізат сапасы, осы шикізатты қолданушылардың саны, шикізат бағасы, әкелу қызметтерінің бағасы мен әдістері, қоршаған ортаға қатыстығы).
  3. Коммуналдық қызметтер және коммуникация.
  4. Технологияны сатушы мекеменің өнімге патенті немесе лицензиясының барына көз жеткізу.
  5. Ең болмағанда, бастапқы кезеңде технологияны сатушының өндірісте болуы.
  6. Технологияның жергілікті жағдайларға бейімделгендігі (температура, ылғал және т.б.)
  7. Жүктеуші фактор (жоба шарттары бойынша номинальді қуаттан пайыздар) және толық өндіруге қабілетті болғанға дейінгі уақыт.
  8. Экология және тіршілік қауіпсіздігі.
  9. Өндірістік және қаражат шығыны.

 

 

 

 

 

 

Кесте 1.2 - Қолайлы техникалық шешімді таңдау мысалы

 

Сәттіліктің кілттік  факторлары

Фактор мөлшері

Бәсекелестер

       А

В

С

D

Бұрынғы қолдану

3

6

3

2

0

Шикізаттың жеткілікті болуы

5

3

4

6

9

Коммуналдық қызметтер  және коммуникация

2

5

3

2

6

Патент немесе лицензиясының  бар болуы

1

0

0

10

10

Технологияның жергілікті жағдайларға бейімделгендігі

2

7

5

4

7

Жүктеуші фактор

 

7

4

6

8

Экология және тіршілік қауіпсіздігі

4

10

8

5

3

Капиталды және өндірістік шығындар

5

5

4

8

6

Есептелінген критерий шамасы

 

143

109

136

147


 

Бұл 1.2 - кестесінде әр фактор 10 баллдық шкала бойынша бағаланған көп альтернативті таңдау мысалы көрсетілген. Ортақ критерий мына формуламен есептеледі:

 

мұндағы - жеке критерий мөлшері,

                G – жеке критерий шамасы.

Критерий мәні жоғары болған техникалық жоба қолайлы деп  есептелінеді. Қарастырылған мысалдағы  А және D техникалық альтернативтері шамалас, бірақ  D-альтернативасын таңдаған дұрыс.

Әлеуметтік  талдау – мақсатты жоба жоспарының вариантын оны пайдаланушылар үшін жарамдылығын анықтау. Талдау жүргізу нәтижесінде жоба мен оны пайдаланушылар арасындағы өзара әрекет ету мүмкіншіліктерін қамтамасыз ету.

Экологиялық талдау – қоршаған ортаның шеккен зияндарын бағалайды. Егер экологиялық зиян орын алатын болса, оны тоқтату үшін қандай шаралар қолданатынын қарастырады.

Қаржылық талдау - инвестициялық жобаның бұл бөлiмiнiң көлемдi және еңбек сыйымдылығы жоғары. Бұл мәселенi түпкiлiктi қарастыруға жекелеген тараулар арналады. Қаржылық талдаудың өзара байланысты мәселелер кешенiн қарастырайық. Инвестициялық жобалаудың қаржылық бөлiмiнiң жалпы нұсқасы қарапайым тiзбекке негiзделген:

1. Кәсiпорын қызметiнiң соңғы 3 (дұрысы 5 жыл) жыл ішіндегi қаржылық жағдайына талдау жасау.

2. Инвестициялық жобаны  дайындау кезеңiндегi кәсiпорынның қаржылық жaғдайына талдау жасау.

  1. Негiзгi өнiм өңдiрiсiнiң залaлсыздығынына талдау жасау.

4. Инвестициялық жобаны жүзеге асыру барысындағы пайда мен ақша ағымдарын болжамдау.

5. Инвестициялық жобаның  тиiмдiлiк бағасы.

Кәсiпорынның бұдан бұрынғы  қызметi мен aғымдағы жағдайына қаржылық талдау жасау әдетте кәсiпорынның пайдалылығы  мен оның басқару тиiмдiлiгiн, несие  қабiлеттiлiгiн, өтемпаздығын көpceтeтiн негiзгi қаржылық коэффициенттерiнiң интерпритациясы мен есептеулерiне келтiрiледi. Әдетте бұл қиындық туғызбайды. Қаржылық бөлiмде кәсiпорынның өткен жылдардағы негiзгi қаржылық есебiн беру және негiзгi көрсеткiштердi салыстыру аса қажет. Егер инвестициялық жоба батыстық стратегиялық инвесторды тарту үшiн дайындалса, онда қаржылық есептi беруiн инвесторды тартқан батыс мемлекеттің форматтарына келтiру керек.

Шығынсыздықты талдау негiзгi өнiмдердi шығару мен өткiзудiң өзiндiк құн құрылымын талдау бойынша жүйелiк жұмыстарды және барлық шығындарының айнымалылар (өндipic көлемi мен сату көлемiнiң өзгеруiне орай өзгередi) мен тұрақтыға (өндipic көлемi өзгеруiне байланысты өзгермейтiн) бөлiнуiн қамтиды. Шығынсыздықты талдаудың негiзгi мaқcaты шығынсыздық нүктeciн анықтау, яғни пайданың нольдiк мәнiнe сәйкес келетiн тауар көлемiн сату. Шығынсыздықты талдаудың маңыздылығы нақты немесе жоспарланған пайданы инвестициялық жоба процесiнде шығынсыздық нүктeci мен кәсiпорынның пайданы алып келетiн iскерлiгi ceнiмiнiң кейiнгi бaғасы мен салыстыруына негізделген.

Жобаның қаржы бөлiмiнiң  неғұрлым жауапкершiлiгi мол бөлiгi оның инвестициялық бөлiгi болып табылады, ол мыналарды қамтиды:

- жоба бойынша кәсiпорынның инвестициялық қажеттіліктерін анықтау;

- инвестициялық қажеттiлiктердiң қайнар көздерiн белгiлеу (және ары қарайғы iзденiс);

- инвестициялық жобаны iскe асыру үшiн тартылған капиталдың құнын бaғалау;

- жобаның iскe асуы есебiнен түceтiн пайда мен ақша ағымдарын болжау;

- жоба көрсеткiштерiнiң тиiмдiлiгiнiң бағасы;

Қаржылық талдаудың  келесі әдістері бар:

  1. Горизонтальді талдау әдісі – базалық мәліметтерді есеп беру мәліметтермен салыстыруға негізделеді.
  2. Вертикальді талдау әдісі – бірнеше көлемдік көрсеткіштерін бір көрсеткішкеқатынасын есептеу. Бұл әдіс арқылы үлес салмақ есептеледі.
  3. Факторлы талдау әдісі – егер бір көрсеткіш жеке көрсетілсе, онда сол бір көрсеткішке көбейте және бөле отырып факторлы моделінің мультипликаторын алуға болады.
  4. Салыстырмалы талдау әдісі – кәсіпорынның алатын орнын анықтауда қолданады.
  5. Индекстік талдау әдісі – бұл уақыт пен кеңістікті қарастыратын көрсеткіштін мәнін сипаттайды. Бұл талдау әдісі арқылы жалпы көрсеткіштін өзгерісіне жеке факторлардың әсер ету деңгейін анықтауға болады.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын келесі түрлер бойынша бөледі:

  1. Мүліктік жағдайын бағалау – кәсіпорынның активтері мен құрылым жағдайын сипаттайды.
  2. Өтімділікті бағалау – яғни, активтік өтімділік (ақшаға айырбасталатын қабілеті) және баланс өтімділігі (кәсіпорынның айналым активтерін пайдалану арқылы қысқа мерзімді міндеттемелер бойынша есеп айырысу қабілеттілігі)
  3. Қаржылық тұрақтылығын бағалау – кәсіпорынның өз меншігіндегі қаражаттар есебінен қызмет ету мүмкіншілігі және оның сыртқы факторынан тәуелсіздік деңгейін анықтаумен сипатталады.
  4. Іскерлік белсенділікті бағалау – кәсіпорынның нәтижелігімен сипатталады.
  5. Рентабельділікті бағалау – бұл пайданың шығынға, өнім өндіру көлеміне, актив көлеміне, активтер құрылымына қатынасын сипаттайды.

Экономикалық  талдау - қаржылық талдаудың негiзгi cұрағы: жоба кәсiпорын иелерінің (акционерлерi) байлығын көбейте ала ма? Бұл жоғарыда көрсетiлгендей, ақша aғымдарын талдау арқылы жауап беруге болады. Экономuкалық талдау жобаның мемлекеттік (ұлттық) байлығын ұлғайтуға әсер emyін  бағалаудан тұрады.

Экономикалық талдау мiндетi қойылымынын мысалын қарастырайық.

А деген компания кез келген бiр тауарды келесi шарттармен өндірсін:

- компанияға шикiзатты арзан бaғамен мемлекеттiк ұйым сатсын;

- импортталатын қосалқы элементгердi де компанияға мемлекет халықаралық бaғалардан төмен сатсын;

- кәсіпорын өзiнiң жұмысшыларына еңбек ақысын мемлекеттік стандартынын деңгейiнде төлесiн;

- нәтижесінде кәсiпорын тауарларды мемлекеттiк кәсіпорындарға шетелдiң epкiн нарығындaғы бaғадан едәуiр төмен бағамен сатады.

Мұндағы мiндет - мемлкеттің осындай жобаны icкe асырудан табатын пайдасын төменде көрсетiлген нұсқалармен салыстыра отырып анықтау:

- компанияға шикiзат пен қосалқы бөлшектердi нарықтық бaғамен сату, жұмысшыларға еңбекақыны әлемдiк стандарттар бойынша төлеу, содан соң компаниялардан тауарларды epкiн бaғамен сатып алу;

- ұқcac тауарларды (ең бастысы, сапа көрсеткiштерi бойынша) шетелден сатып алу.

Осылайша, экономикалық талдау процесiнде бұл жобаның iскe асуының нәтижесiнде түскен кәсiпорын иелерiнiң пайдасын емес, мемлекеттің пайдасын анықтау керек.

Экономикалық талдаудың қажеттiгi неде? Егер нарық толығымен (идеалды) epкiн болса, онда экономикалық талдау жүргiзудiң кepeгi жоқ, себебi компанияның иелерiне не пайдалы болса, қалғандарға да сол пайдалы болып табылады. Еркін нарықтың негiзгi белгiлерiн көрсетейiк:

- сатушылар мен сатып алушылар санының көп болуы;

- барлық өндiрiс факторлары (еңбек, капитал, материалдар ) мобильдi болу керек;

- бағалар сатушылар мен сатып алушылардың қалауымен қалыптасады;

- нарыққа жаңа компаниялардың eнyiнe бөгеттер қойылмауы керек.

Осындай жaғдай алдыңғы қатарлы батыс елдерi үшiн де мiнсiз eкeнiн мойындау керек. Шынында да, көп тауарлардың бaғасын мемлекет жасанды түрде өзгертедi (көтередi немесе төмендетедi) және егер жобаның қаржылық үлесi белгiлi болса да, экономикалық үлес өте сирек бaғаланады. Сoндықтан да ipi инвестициялық жобалар үшiн олардың қаржылық тиiмдiлiгiнен гөpi, экономикалық тиiмдiлiгi мен экономикалық тартымдылығын талдау қалыптасқан (яғни жобаның ұлттық, басымдылық мiндеттерiне сәйкес дәрежесi).

Инвестициялық жобаның экономикалық тартымдылығын өлшеу келесi нұсқау бойынша iскe асуы мүмкін.

1 - қaдaм.. Мақсаттарды таңдап, оларды өлшейдi. Мысалы:

 

Мемлекеттiң  мaқcaттapы                                  Мақсаттың салмағы

Қатты валютаның ағылуы                                                            0,30

Информация о работе Инвестициялық жобалар