Инновациялық қызмет. Инновациялық цикл.

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2012 в 14:44, реферат

Описание работы

Инновация және инновациялық қызметті бұл курста тек бизнеске қатысты қарастырамыз. Осыған орай біз бизнесті адамзаттың бағалы бір құралы ретінде халыққа тиімді бағамен сапалы қызмет көрсету және тауармен қамтамасыз етуді қарастырамыз. Еңбектің бөлінуіне байланысты бизнес қазіргі уақытта халықты кажетті заттармен қамтамасыз етудің тиімді әдісі болып табылады. Бизнесті қолданудың ең бастысы бос уақыттың болуы, яғни тек жұмыспен ғана емес озінің болашаға ойлауға және басқа да қызығушылықтарын дамыту отбасы, мәдениет, политикасын, өнер, ғылым, спорт т.б.

Файлы: 1 файл

Лекция.docx

— 62.10 Кб (Скачать файл)

"Есептеудің реттеу " —>"нақтылау": Бәрін қосу

Мәліметтерді тексеру (егер жобаның файлы стандартты үлгі негізінде жасалынса)

Қажетті ақпаратты енгізу

Назар аударыңыз! "Бастамалық теңгерімде" жобаның басталу сәтіндегі қолданыстағы активтер мен міндеттемелер туралы ақпарат болады

Күнтізбелік жоспар

Іс-шаралар жоспарын (активтерді сатып алу/құру, басқа да шығындар) және кезеңдер арасында қисынды өзара  байланыстарды ендіру

Назар аударыңыз! Инвестициялық жоспар – бұл маркетинг жоспарын және өндіріс жоспарын (бұл жоспарлар дайындалуы керек) құрастыру нәтижесі

Жоба шеңберінде құрастырылатын/сатып  алынатын барлық активтерді сипаттау

"Өндіріс" кезеңі - "сатудың басталу мерзімін  өндірістің басталу мерзіміне  байланыстыру" опциясын орнату

 

Жұмсаулар байланыстарын  сипаттау (әрбір өнім/қызмет және толық  компания бойынша). Жұмыс істеу тәртібі:

  1. Сату жоспары
  2. Материалдар мен жинақтаушылар (ауыспалы жұмсаулар)
  3. Өндіріс жоспары
  4. Қызмкеткерлер бойынша жоспар және Жалпы жұмсаулар

 

Өзгерістер күшіне ену (болжамдық қаржы құжаттарында көрініс  табу) үшін есептерді жүргізу қажет.

Нәтижелер:

  • Нәижелер (Пайда/шығын; Кэш фло; Теңгерім; Нәтижелерді нақтылау)
  • Жобаны талдау (Бөлімшелердің табыстары)

 

Модельді тексеруге  арналған негіз - "Кэш-фло" кестесінде көрсетілген мәліметтерді талдау. Қосымша ақпаратты "Нәтижелерді нақтылауда" көруге болады.

Талдау: Жобаны талдау (Қаржы көрсеткіштері, Инвестицияның тиімділігі, Қатысушылардың табыстары, Өзгерістерді талдау, қауіптерді сандық бағалаудың бірнеше түрлері және т.б.)

 

Қаржы жоспарын құрастыру  – "Қаржыландыру" тарауы арқылы (сонымен қатар Кэш-фло кестесіндегі мәліметтерге сүйеніп) қаржыландырудың әртүрлі схемалары мен құрал-саймандарын сипаттай

2 схема. Project Expert бағдарламасының тарауларымен жұмыс істеу тәртібі

1 тарау. «Жоба»

«Жоба» тарауы жоба туралы жалпы ақпаратты енгізуге, есептеу  параметрлерін реттеуге және мәліметтерді көрсетуге арналған. Жаңа жобаны құрастыру  негізі бағдарламаның осы тарауындағы  мәліметтерді қалыптастырудан басталады.

3. РЕ жүйесінде модельдеу  ерекшеліктері:

  • жобаның басталу мерзімі – науқандық фактор болған жағдайда; «күнтізбені» қолданғанда есептердің нәтижелеріне әсер етеді; басталу мерзімінде әрекеттегі кәсіпорын үшін белгілі бір мерзімге қаржы есебінің бар/жоқтығына шектеу қояды.
  • бастамалық теңгерімде не көрсету керек – қарастырылатын жобаға/шешімге қатысы бар – ақша ағынына әсер ететін баптар ғана көрсетіледі.
  • өнімдердің тізімі – РЕ жүйесі ерекше талаптар қояды - өнім/қызмет "өндірісінің технологиясы" (тұтынушыларға арналған құндылықты құруға келтіретін, сәйкесінше бизнес-үрдістерді жүргізу технологиясы – жұмсауларды қалыптастыру байланысы) жобаның барлық кезеңдерінде өзгермеуі керек (осыған байланысты кейбір жағдайларда РЕ жүйесінде сипаттағанда 1 шынайы өнімді бірнеше өнімдерге өнімдерге бөлу қажет).
  • жоспарлау аралығы – РЕ жүйесінде жоспарлаудың ең төменгі аралығы 1 айды құрайды; күрделі шешімдерді биязы (корректный) талдау үшін қосымша реттеулерді (жоспарлаудың ең төменгі аралық шеңберінде ақша ағынының құрылымын есепке алу) қолдану керек.
  • РЕ жүйесінде өнімнің өзіндік құнын есептеу үшін директ  костинг әдіс қолданады (жұмсауларды реттестіру сұрақтары арнайы функцияларды пайдалану арқылы талдануы мүмкін).

2. «Компания» тарауы

«Компания» тарауында  жобаның басталу сәтіндегі кәсіпорынның қаржы-экономикалық күйін сипаттайтын  мәліметтерді енгізу орындалады.

Компанияның моделі

Кәсіпорын іс-әрекетінің моделін құрастыру үрдісі көп  еңбекті және бастапқы мәліметтерді жинау және талдау бойынша алдын-ала  дайындық жұмыстарын қажет етеді. Project Expert жүйесін қолданғанда математиканы толық игерудің де, бағдарламалау білімі де сізге қажет емес – сипатталатын бизнесті жақсы білу керек.

Project Expert жүйесі сізге  азғана уақыт аралығында компанияның  қаржы моделін әзірлеуге мүмкіндік  береді. Әрекеттегі кәсіпорынның  инвестициялық жобасы әзірленген  жағдайда, жобаның басталу сәтіндегі  оның қаржы күйін, яғни бастамалық теңгерімді сипаттау керек. Сонымен бірге, бөлімшелер бойынша кәсіпорынның құрылымы туралы бастапқы мәліметтерді енгізу және материалдық қорды есепке алу қағидаттарын беру керек.

2 сурет. Жобаның басталуындағы  компанияның агрегирленген теңгерімі

Есепке алу  саясаты

Есепке алу саясаты  кәсіпорын қабылдаған бухгалтерлік есепке алуды жүргізу тәсілдерінің жиынтығы болып саналады, яғни біріншілей байқау, құнын өлшеу, шаруашылық (жарғылық және т.б.) іс-әрекеттерінің фактілерін жалпы қорытындылау.

Кәсіпорынның есепке алу саясатының негізгі элементтері:

  • Шаруашылық іс-әрекеттерінің фактілерін топтастыру және бағалау әдістері;
  • активтердің құнын өтеу әдістері;
  • құжаттардың айналымын ұйымдастыру тәсілдері;
  • инвентаризацияны ұйымдастыру әдістері;
  • бухгалтерлік есепке алу шоттарын қолдану тәсілдері;
  • есепке алу регистрлер жүйесі;
  • ақпаратты өңдеу тәсілдері.

Есепке алу  саясатын қалыптастыру:

  • заңнамалық күші бар тәсілдердің біреуін қабылдау арқылы бухгалтерлік есепке алудың нақты бағыты бойынша жүргізіледі;
  • меншік түріне және қаржыландыру көзіне қарамастан барлық компанияларда қалыптасады;
  • компанияның жарлықшы құжаттарымен (бұйырықтарымен, қаулыларымен және т.б.) рәсімделеді;
  • әрекеттегі компаниялар сәйкесінше жарлықшы құжаттың жариялану жылынан кейінгі жылдың 1-ші қаңтарынан бастап бухгалтерлік есепке алуды жүргізудің таңдамалы тәсілдерін (соның ішінде есепке алу саясаты өзгергенде де) қолданады;
  • жаңадан құрылған компаниялар олар қабылдаған есепке алу саясатты бухгалтерлік есептілікті алғашқы рет беруге дейін, бірақ мемлекеттік тіркеу күнінен 90 күн кешіктірмей рәсімдейді.

Есепке алу саясатын қалыптастыруға ықпал ететін факторлар:

  • кәсіпорынның ұйымдастыру-құқықтық түрі;
  • кәсіпорынның іс-әрекет түрі;
  • кәсіпорынның өлшемі;
  • іс-әрекеттің мақсаттары;
  • қаржы-шаруашылық іс-әрекеттің ерекшеліктері;
  • кадрлар (біліктілігі, кәсібилілігі);
  • шаруашылық жағдай (заңнамалық деңгейі).

Тауарлы-материалдық қорды  бағалау:

  • Орташа бойынша;
  • LIFO;
  • FIFO.

Алғашқы сатып алу бағасы бойынша қорды бағалау әдісі (FIFO).

  • бірінші кезекте сатып алынған тауардың өзіндік құны бірінші кезекте сатылған тауарларға жатқызылуы керек деген жорамалға негізделген;
  • FIFO әдісін қолдану тиімділігінің мағынасы мерзімнің соңындағы материалдық қорлар соңғы сатып алу бағалары бойынша бағаланатынында, ал сатылған өнімнің өзіндік құнында тауарларды бірінші рет сатып алу бағалары қолданылатындығында.

Соңғы сатып алу бағалары бойынша қорларды бағалау әдісі (LIFO).

  • мына хабарламаға негізделеді: соңғылары сатып алған тауарлардың өзіндік құны, бірінші кезекте сатылған тауарлардың құнын анықтау үшін қолданылады, ал мерзімнің соңындағы қорлардың өзіндің құны біріншілері сатып алған тауарлардың өзіндік құны негізінде есептеледі;
  • бағалар төменге немесе жоғарыға ұмтылғанда да LIFO әдісі, сатылған өнімнің өзіндік құны сату сәтіндегі бағаның құнына сәйкес жұмсауларды көрсететіндігін жорамалдайды.

Орташа құны әдісі (орташа бойынша).

Материалдық қорлар құны – бұл  есеп беру мерзімінің басында қолданыстағы тауарлар мен нақты мерзім аралығында сатып алынған барлық тауарлар қосындысының орташа құны, деп жорамалданады.

3. тарау «Орта»

«Орта» тарауында жобаның  іске асырылуы жоспарланған қаржы-экономикалық орта сипатталады. Мұнда кәсіпорынның шаруашылық іс-әрекетінің сыртқы шарттарын  анықтайтын мәліметтер енгізіледі, олар: валюталардың параметрлері, инфляция көрсеткіштері, салық салу шарттары.

Экономикалық  ортаның сипатталуы

Кәсіпорынның іс-әрекетін модельдегенде және жобаны құрастырғанда  сыртқы орта факторларының ықпалын  ескеру қажет: салық ортасының, инфляцияның, ақша есебін жасау үшін кәсіпорын  қолданатын валюта курсының өзгеруі.

Project Expert талдау жүйесімен  сіз жобаның іске асылуы жоспарланған  қаржы-экономикалық ортасын оңай  сипаттайсыз және экономикалық  ортадағы өзгерістерді болжамдайсыз.

Жобаны құрастырғанда ақша құралдарының ұлттық валютамен қатар шетелдік валютаның жүрісін де, мысалы импорттық-экспорттық келісімдер жасағанда есепке алу  тапсырмасы жиі қойылады. Ол үшін жүйеде жобадағы негізгі және қосымша валюталарды  таңдау мүмкіндігі ескерілген. Жобадағы екінші валюта инвестиция тиімділігінің  көрсеткіштерін биязы есептеудің қажетті  шарты болып саналады. Жүйеде формулалар арқылы жобадағы негізгі және қосымша  валюталардың бағытын әртүрлі базалармен байланыстырып, бағыттық инфляцияның  күрделі схемасын сипаттауға болады.

3 сурет. Project Expert-те салықтарды  сипаттау

Бұл жүйе жобаның инфляциялық  суретін қалыптастыруға мүмкіндік  береді. Сіз инфляцияның жеке көрсеткіштерін және белгілі бір топты (шығындар баптарын), сонымен қатар өнімдер  мен қызметтердің жеке түрлерін сипаттайтын  жылдық және ай сайынғы көрсеткіштердің  өзгеру келешегін енгізесіз.

Project Expert салық жүйесінің  ерекшеліктерін көрсетуге көмектеседі.  Осы жүйе ұсынылатын салықтар  үшін төлемдердің күші бар  мөлшерлемелерін ескеріп, қазақстан  заңнамаларында бекітілген негізгі  салықтар түрлерінің тізімін  береді және ұсынылған тізімнен  салық салу базасын таңдауға  және формула бойынша кез келген  салық үшін өз бетінше анықтауға  мүмкіндік береді.

8 тақырып. Project Expert жүйесінде инвестицияларды жоспарлау

  1. Инвестициялық жобаның күнтізбелік жоспарын әзірлеу
  2. Жоба кезеңдері, олардың ұзақтығы, құны, активтер жөнінде ақпараттар, қажетті рерустар мен өндірісті іске қосу туралы бастапқы мәліметтерді енгізу
  3. Күнтізбелік жоспарда кезеңдердің өзара байланыстылығын анықтау
  4. Инвестициялық жобаның күнтізбелік жоспарын әзірлеу

4-тарау «Инвестициялық жоспар»

«Инвестициялық жоспар»  тарауында бастапқы күрделі салымдар мен дайындық жұмыстардың күнтізбелік  кестесін құрастыруға болады. Мұнда  жұмыстардың кезеңдерін анықтауға, осы кезеңдерді орындауға қажетті  ресурстарды және олардың құнын  көрсетуге, кезеңдер арасындағы өзара  байланыстарды орнатуға, кәсіпорындардың  активтерін қалыптастыруға, активтердің  амортизация тәсілдері мен мерзімдерін  сипаттауға болады.

Жобаның күнтізбелік жоспары

Кез-келген жобаның инвестиция алдындағы және инвестициялық фазалары жұмыс кестесі мен тартылатын ресурстар тізімін мұқият талқылауды қажет етеді. Project Expert жүйесі алдын ала күрделі салымдар мен дайындық жұмыстардың күнтізбелік кестесін, яғни GANTT диаграммасын қалыптастырады.

Бұл жүйе, инвестициялық және келесі операциялық іс-әрекеттердің барлық кезеңдерін байланыстыруға немесе жобаның  осындай сатыларын тәуелсіз сипаттауға мүмкіндік беріп, жоба туралы мәліметтерді икемді көрсетеді.

4 сурет. Project Expert-тегі күнтізбелік  жоспар

Осы жүйе жұмыстардың кезеңдерін анықтауға, осы кезеңдерді орындауға  қажетті қолданылатын ресурстарды  және оларды төлеу тәртібін көрсетуге, кезеңдер арасындағы өзара байланыстарды  орнатуға және кәсіпорынның активтерін қалыптастыруға көмектеседі.

Егер өндірістің дайындық кезеңдері  ғимараттар құрылысымен, жабдықтарды, жерді немесе басқа негізгі өндірістік қорларды сатып алумен байланысты болса, онда Project Expert олардың амортизация тәсілдері мен мерзімдерін, яғни өндіріс бойынша, сызықтық, қалдық құны және схемасы бойынша таңдауға мүмкіндік береді. Жүйеде активтердің қайта бағалануын, оларды іске асырылуын және қосымша инвестицияларды есепке алу қарастырылған. Күнтізбелік жоспардың мысалы 4 суретте келтірілген.

Жобаның басқа да басқару жүйелерінің  мүмкіндіктерін қайталау арқылы, Project Expert Сізді өзінің орнатылған ішкі жүйелерінің күнтізбелік жоспарлауын қолдануға шектеу қоймайды. Бұл жүйе MS Project жүйесімен мәліметтердің алмасуын қамтамасыз етеді, ол осы бағдарламаларда дайындалған жобаларды бизнес-жоспарды құрастырғанда қолдануға және керісінше, бизнес-жоспардағы мәліметтерді жобалардың орындалуын бақылауға бағытталған жүйелерге ауыстыруға ықпал етеді.

  1. Жоба кезеңдері, олардың ұзақтығы, құны, активтер жөнінде ақпараттар, қажетті рерустар мен өндірісті іске қосу туралы бастапқы мәліметтерді енгізу

Project Expert жүйесінде күнтізбелік  жоспарды алдыңғы тараулардағы  ақпараттар негізінде құрастырады.  Күнтізбелік жоспарға жоба кезеңдері,  олардың ұзақтығы, құны, активтер, қажетті  ресурстар және өндірісті іске  қосу жөніндегі ақпараттар туралы  мәліметтер енгізіледі.

Күнтізбелік жоспарды құрудың мақсаты  – жоба туралы толық түсініктің (бағдарлама, тапсырма) болуы және оны  орындау мерзімін байқау.

Базалық түсініктер:

  • жолы – бастапқы түйінді нүктеден соңғысына дейін өтетін әрекеттердің реті;
  • сынды жол – жобадағы ең ұзақ жол, жобаның жалпы ұзақтығын анықтайды;
  • сынды жолға қатысы бар әрекеттер – сынды әрекеттер;
  • уақыт қоры – жолға арналған рұқсат етілген тоқтауы.

Тапсырма – белгіленген  мерзімде жұмысты орындау мақсатында ресурстарды тиімді және дұрыс қолдану.

Жобадағы әрекеттер уақытын  бағалауды негізі ресурстардың белгілі  бір деңгейіне қояды. Көптеген жағдайларда  жобаның ұзақтығын қысқарту (қосымша  ресурстарды енгізу арқылы) немесе ресурстық қажеттілікті төмендету (жобаның мерзімін саналы ұзарту мүмкіндігінде) қажет.

Информация о работе Инновациялық қызмет. Инновациялық цикл.