Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Сентября 2013 в 20:18, реферат
ХХ ғасырдың екінші жартысында жұмыспен толық қамту, еркін бәсекелік нарық жағдайы, бағалардың ұзақ мерзімдік тұрақтылығы әлемнің бірде-бір елінде қатар қалыптаспағанын айту қажет. Бұл кезеңде бағалар тоқтаусыз өсіп отырды, ал 60-шы жылдардың соңынан бастап экономиканың құлдырау жағдайында да бағалар өсті. Дағдарыс фазасында бағалардың өсуі ХІХ ғасырдағы циклдер үшін болмаған жағдай. Бұл құбылыс экономикада «стагфляция» деп аталады.
Кіріспе.......................................................................................................................3
1 Инфляция – басты макроэкономикалық мәселе ретінде
Инфляция түсінігі, пайда болу себептері.........................................................4
1.2 Инфляцияның түрлері мен факторлары..........................................................6
1.3 Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салдары......................................12
2 Қазақстан Республикасындағы инфляция және оны реттеу негіздері
2.1 Қазақстандағы инфляцияның пайда болуы және оның ерекшеліктері.........................................................................................................15
2.2 Инфляция салдарынан туындайтын проблемаларды талдау..................................................................................................................... 17
Қорытынды..................................................................................................20
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.............................................................. 21
Мазмұны
Кіріспе.......................
1 Инфляция – басты
макроэкономикалық мәселе
1.2 Инфляцияның түрлері
мен факторлары................
1.3 Инфляцияның әлеуметтік-
2 Қазақстан Республикасындағы
инфляция және оны реттеу
2.1 Қазақстандағы инфляцияның
пайда болуы және оның
2.2 Инфляция салдарынан
туындайтын проблемаларды
Қорытынды.....................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі:
Қазіргі кезде инфляция Қазақстан
экономикасындағы ең шешімі қиын мәселелердің
бірі болып отыр. Инфляция экономикадағы
сәйкессіздікті күшейтеді, ұзақ мерзімді
инвестицияларды
жұмыстың мақсаты:
- Инфляцияның басты
- Қазақстан Республикасындағы
инфляция және оны реттеу
- Қазақстан Республикасының инфляциямен күресу шараларын жетілдіру жолдарын табу.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- инфляция түсінігін, пайда болу себептерін анықтау;
- инфляцияның түрлері мен факторларын қарастыру;
- инфляцияның әлеуметтік
–экономикалық салдарын
- Қазақстандағы инфляцияның
пайда болуы және оның
- Инфляция салдарынан
туындайтын проблемаларды
- Қазақстан Республикасындағы инфляцияның қазіргі кездегі даму қарқынын көрсету.
Курстық жұмыстың зерттеу пәні – экономикадағы өзекті мәселелердің бірі – инфляция, оның мәні және пайда болу себептері мен салдары, онымен алдағы уақытта күресу жолдары.
Курстық жұмыстың объектісі – Қазақстан Республикасының экономикасындағы инфляция құбылысы.
Экономикалық құбылыс ретінде инфляция көптен бері өмір сүріп келеді. Оны тіпті ақшаның қызметімен тығыз байланысты деп санайды. «Инфляция» термині (латынның inflasio сөзінен шыққан – кебіну, ісіну) ақша айналысына қатысты ХІХ ғасырдың орта шенінде пайда болды және АҚШ-тың Азамат соғысы жылдары (1861-1865) қағаз долларының қисапсыз көп шығарылуымен байланысты болды. ХІХ ғасырда бұл термин сондай-ақ Англия мен Францияда қолданылды. Экономикалық әдебиеттерде инфляция ұғымы ХХ ғасырда бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін кеңінен таралды, ал бұрынғы кеңестік экономикалық әдебиеттерде 20-жылдары жазыла бастады.
Сонымен, инфляция дегеніміз – бағалардың жалпы өсуі, табыстардың құнсыздануы. Елдегі тауар рыноктарының көбінде тепе-тендік бұзылса, бағалар тоқтаусыз өседі. Инфляция – бұл нарықтың көбінде сұранымның артуынан қалыптасқан тепе-теңдіктің бұзылуына байланысты пайда болған елдегі баға деңгейінің жалпы өсуі.
Инфляцияның салдары өте күрделі де көп қырлы. Қарқыны баяу инфляция баға деңгейі мен пайда нормасын өсіреді, сондықтан экономикалық жағдайдың уақытша жандануына ықпал жасайтын фактор болады. Бірақ, уақыт артып инфляция тереңдегенде ол ұдайы өндірістің кедергісіне айналады, қоғамда экономикалық және әлеуметтік жағдай қиындайды.
Экономиканың интернациялануы (ұлттық шеңберден шығуы) инфляцияның бір елден екінші елге ауысуына мүмкіндік береді, бұл халықаралық валюта және төлем қатынастарын қиындатады.
Инфляцияның негізгі себептері: ақша тауарларды сатып алу қабілеті күшті валютамен салыстырғанда құнсызданады. Инфляцияны былай түсіндіру, яғни, ақшаның алтынға қатысты құнсыздануы, алтынды бұрынғыша ақша сияқты жалпылама эквивалент деп қарастыруда жатыр. Ең алдымен, бағаның өсуі – тауарға сұраныстың оның ұсынысынан артық болуымен байланысты
Мемлекет инфляцияны тежеу үшін антиинфляциялық саясатты қолданады. Антиинфляциялық саясат инфляцияны шектеуге бағытталған экономиканы мемлекеттік реттеу жөніндегі кешенді шаралар болып табылады. Мұндай шараларды ұзақ мерзімді сипаттағы мақсаттар мен әдістерді енгізген стратегиялық және қысқа мерзімді нәтижелер алуға бағдарланған тактикалық деп ажыратуға болады.
ХХ ғасырдың екінші жартысында жұмыспен толық қамту, еркін бәсекелік нарық жағдайы, бағалардың ұзақ мерзімдік тұрақтылығы әлемнің бірде-бір елінде қатар қалыптаспағанын айту қажет. Бұл кезеңде бағалар тоқтаусыз өсіп отырды, ал 60-шы жылдардың соңынан бастап экономиканың құлдырау жағдайында да бағалар өсті. Дағдарыс фазасында бағалардың өсуі ХІХ ғасырдағы циклдер үшін болмаған жағдай. Бұл құбылыс экономикада «стагфляция» деп аталады.
Курстық жұмысты жазу барысында
Қазақстан Республикасының
1 Инфляция – басты
макроэкономикалық мәселе
Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде жалпы инфляция туралы түсінік, оның макроэкономикалық мәселе ретінде пайда болуы туралы жазылған.
Инфляция – бұл күрделі де көп факторлы құбылыс. Ол ақша айналым арналарының артық ақша белгілерімен аса толып кетуінің нәтижесінде тауар мен көрсетілетін қызметтердің бағасының өсуі. Ол қағаз ақша айналымына негізделген экономикаға тән және ұдайы өндіріс процесінің бұзылуымен сипатталады.
Инфляция ең алдымен тауар бағаларының өсуі және шетел валюталарының қымбаттауы ретінде көрінеді.
Экономикалық құбылыс ретінде инфляция әлем экономикасында ұзақ уақыт бойы тарихи негізінде қалыптасып дамуда. Оның пайда болуын негізінен, ақшаның шығуымен және оның қызметімен байланыстырады. «Инфляция» термині латын сөзі – «inflatio» – қампаю, тұнғыш рет Солтүстік Америкада 1861-1865 жылғы азамат соғысы кезінде пайда болып, айналымдағы қағаз ақшалардың тым көбейіп кетуі процесін білдірген. Осы түсінік ХІХ ғасырда Англия мен Францияда қолданыла бастады. Экономикалық әдебиеттерде инфляция түсінігі ХХ ғасырда бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін жиі қолданылып, кеңес өкіметінің экономикалық әдебиеттерінде 20-шы жылдардың орта кезінде көрінді.
Ақша тауарларды сатып
алу қабілеті күшті валютамен
салыстырғанда құнсызданады. Инфляцияны
былай түсіндіру, яғни, ақшаның алтынға
қатысты құнсыздануы, алтынды бұрынғыша
ақша сияқты жалпылама эквивалент деп
қарастыруда жатыр. Ең алдымен, бағаның
өсуі, тауарға сұраныстың оның ұсынысынан
артық болуымен байланысты. Белгілі
тауар рыногында сұраныс пен
ұсыныстың сәйкестілігінің
Инфляция негізінен
1-кесте. Инфляцияның пайда болу себептері.
№ |
Пайда болу себептерінің аты |
Себептердің маңызы, ерекшелігі |
1. |
Мемлекеттік шығындар
мен табыстар арасындағы |
Бұл мемлекет бюджетінің тапшылығы түрінде көрінеді. Егер тапшылық Орталық банктің несиесі, яғни, айналымға қосымша ақша шығару арқылы қаржыланған болса, онда бұл айналымдағы ақша массасын арттырады, сондықтан инфляцияны қалыптастыруы мүмкін. |
2. |
Инвестицияны қаржыландыру |
Егер инвистицияларды қаржыландыру, жоғарыда айтылған әдіспен, яғни Орталық банктің несие беруімен жүргізілетін болса, онда бұл да инфляцияның себебіне айналуы мүмкін. |
3. |
Олигополиялық фирмалар. |
Осы күнгі экономикалық теория
бағалардың жалпы өсуін ХХ ғасырда
нарық құрылымының өсуімен |
4. |
Инфляцияның бір елден екінші елге ауысуы |
Ұлттық экономикалардың «ашыла» түсуіне, олардың дүниежүзілік шаруашылық қатынастары жүйесіне тартылуына байланысты инфляцияның бір елден екінші елге ауысу қаупі артады. «Импортталған инфляциямен» күресу мүмкіншіліктері де шектеулі келеді. Әрине, ұлттық валютаның бағасын арттырып импортты арзандатуға болады, бірақ бұл жағдайда экспорт қымбаттап, ұлттық өнімнің әлем нарығындағы өтімділігі кемиді.
|
5. |
«Инфляцияны күту» |
Осы жағдайға байланысты инфляциялық
процесс өзін-өзі қолдап жалғаса
береді. Батыс елдерінде, көптеген экономистердің
пікірінше, «инфляцияны күту» |
Ескерту: Райханов Н. «Қазақстанның экономикалық реформа жолы өзінше» // Ақиқат, 1996 ж. [2,110б]. |
«Инфляцияны күту»
механизмі экономикаға қалай
әсер етеді? Мәселе мынада: адамдар
біраз уақыт бағалардың өсуін
көріп, олардың болашақта
Инфляцияның себептері сан
қилы, бірақ әр кезде олардың белгілі
бір комбинациясы (құрамасы) қалыптасады.
Айталық, Екінші дүниежүзілік соғыстан
кейін Батыс Европа елдерінде
тапшылыққа байланысты өте күшті
инфляция қалыптасқан. Соңғы жылдары
Батыс елдерінде инфляцияның
негізгі себебі мемлекет шығындарының
өсуі, «баға – еңбеқақы», «инфляциялық
күту», «инфляцияның бір елден екінші
елге ауысуы» және басқалары болды.
Бұрынғы Кеңес Одағындағы инфляцияның
негізгі себебі ретінде әкімшілік
жоспарлау жүйесінде
1.2 Инфляцияның түрлері мен факторлары
Инфляцияның пайда болу себептері монетарлық және монетарлық емес болып бөлінеді (2-кестеде көрсетілген).
2-кесте. Инфляцияның пайда болу себептері.
№ |
Монетарлық себептері |
Монетарлық емес себептері |
1. |
Мемлекеттік бюджеттің тапшылығы |
Экономикадағы диспропорциялар |
2. |
Ақша массасы көлемінің инфляция қарқынына әсері. |
Әскери –өнеркәсіптік кешеннің дамуына шектен тыс ақшаның бөлінуі |
3. |
Ақша айналымы жылдамдығының артуы |
ЖІӨ көлемінің құлдырауы |
4 |
- |
Халықтың инфляциялық күтулері |
5. |
- |
Тым күшті импорттық тәуелділікте болу кезінде экспорттық сектордың әлсіз дамуы |
Ескерту: Мәлімет Жүнісов Б., МәмбетовҰ., Байжомартов Ү. «Нарықтық экономика негіздері» Алматы «Экономика», 2000 ж. [3, 25-б.]. |
Бұл кестеде инфляцияның монетарлық және монетарлық емес пайда болу себептері жазылған. Монетарлық себептері ақшаға байланысты болса, ал монетарлық емес себептері сәйкесінше ақшаға байланысты емес, ақшадан тыс себептер болып табылады.
Инфляцияның әртүрлі жіктелу критерийлеріне байланысты көптеген түрлерін ажыратуға болады:
Информация о работе Инфляция – басты макроэкономикалық мәселе ретінде