Инфляция – басты макроэкономикалық мәселе ретінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Сентября 2013 в 20:18, реферат

Описание работы

ХХ ғасырдың екінші жартысында жұмыспен толық қамту, еркін бәсекелік нарық жағдайы, бағалардың ұзақ мерзімдік тұрақтылығы әлемнің бірде-бір елінде қатар қалыптаспағанын айту қажет. Бұл кезеңде бағалар тоқтаусыз өсіп отырды, ал 60-шы жылдардың соңынан бастап экономиканың құлдырау жағдайында да бағалар өсті. Дағдарыс фазасында бағалардың өсуі ХІХ ғасырдағы циклдер үшін болмаған жағдай. Бұл құбылыс экономикада «стагфляция» деп аталады.

Содержание работы

Кіріспе.......................................................................................................................3
1 Инфляция – басты макроэкономикалық мәселе ретінде
Инфляция түсінігі, пайда болу себептері.........................................................4
1.2 Инфляцияның түрлері мен факторлары..........................................................6
1.3 Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салдары......................................12
2 Қазақстан Республикасындағы инфляция және оны реттеу негіздері
2.1 Қазақстандағы инфляцияның пайда болуы және оның ерекшеліктері.........................................................................................................15
2.2 Инфляция салдарынан туындайтын проблемаларды талдау..................................................................................................................... 17
Қорытынды..................................................................................................20
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.............................................................. 21

Файлы: 1 файл

инфляция реф.docx

— 120.85 Кб (Скачать файл)

Атаулы және нақты табыс  арасындағы айырмашылық бізге белгілі. Тұрақты атаулы табыс алған адамдарға  инфляция жазалаудың бір түрі. Инфляция тұрақты табыс алушылар арқылы, басқа  адамдар тобына табысты жіктейді.

Классикалық мысалға зейнеткерлерді алуға болады, оларға тұрақты зейнетақы  атаулы табыс әкеледі. 1980 жылы зейнеткерлікке шыққан адамның тауарларды мол сатып  алуға мүмкіншілігі бар еді, ал 1995 жылы сатып алу қабілеті жартысына  дейін төмендеп кетті, бұған жалдау төлемақысын жатқызуға болады.

Инфляция мүлікті сақтаушыларға  да үлкен зардап әкеледі. Баға өсуінен  нақты тауардың бағасы төмендейді. Мысалы, бір кісі 1980 жылдан бастап 1995 жылға дейін 1000 доллар тығып қойды  делік, сонда нақты баға құны жартысына  дейін төмендейді. Бірақ, сақтау формаларының бәрі пайыздық табыс әкеледі. Егер инфляция пайыздық мөлшерлемеден жоғары болса, онда сақтап қойған тауардың құны төмендейді. Мысалы, А. отбасы 1000 доллар 6%-бен банкке салды дейік. Инфляция 13%-ға өсті. Жылдың соңында 1000 доллар құны 938 доллар болады. Сонда ақша салушы 1060 алады (1000доллар + 60 доллар пайызбен) [11, 69-б.].

Қарыз алушы және несие  беруші (дебитор және кредитор).

Қарыз алушы және несие  беруші арасында инфляция табыстарды үйлестіреді. Болжалды инфляция қарыз  алушыларға несие берушілер арқылы пайда әкеледі. Мысалы, сіз банктен 1000 доллар алдыңыз, оны екі жылдан кейін қайтару керек; егер осы  екі жылдың ішінде жалпы баға деңгейі  өссе, онда 1000 доллардың орнына 500 доллардай  бересіз; сонымен инфляция кезінде  бағаның құны төмендейді [11, 71-б.].

2004 жылдан бастап Ұлттық  Банктің негізгі мақсаты ретінде   бағалардың тұрақтылығын  қамтамасыз  ету ақша–кредит саясатындағы  мүлдем жаңа айқындама болып  табылады.

Негізгі  мақсатты  орындау  үшін Ұлттық Банкке  мынадай  міндеттер  жүктелген:

- мемлекеттің ақша–кредит  саясатын әзірлеу және жүргізу;

- төлем жүйелерінің жұмыс  істеуін қамтамасыз  ету;

- валюталық реттеуді және  валюталық  бақылауды жүзеге  асыру;

- қаржы жүйесінің тұрақтылығын  қамтамасыз етуге ықпал  ету.

Ұлттық  Банктің  негізгі  мақсаты мен  міндеттерін осылайша түйіндеу инфляция бойынша мақсатты көрсеткіштер үшін  Ұлттық Банк жариялаған Еуроодақ стандартына  және  инфляциялық  таргеттеу принциптеріне көшуді едәуір нақты көрсетеді.

Инфляциялық таргеттеу принциптерін пайдаланатын көптеген  елдер  инфляция жөнінде қойылған мақсаттарға қол  жеткізу жауапкершілігін  күшейту  жағдайларында инфляция бойынша  бағдарлар ретіндегі тұтыну  бағаларының индексіне сүйенбейтін болады. Оның орнына инфляциялық  үрдістердің негізгі бағыттарын көрсететін баға индекстерін қарастырады және монетарлық емес тұрғыдағы («базалық инфляция» индекстері) түрлі дәрежедегі күйзелістердің ықпалын жояды.

Ұлттық Банк 2004 жылдан бастап «базалық инфляция» индексіне  қарай  бағдарлар белгіледі.

2004 жылы ақша–кредит саясатының  негізгі  мақсаты орташа жылдық  «базалық инфляцияны» 4-6% шегінде  ұстап тұру ретінде  қалыптастырылған. Инфляция жағдайында Үкімет «қымбат ақша саясатын ұстануға мәжбүр болды, Ұлттық банк несие  беру «пайызын және міндетті резерв нормасын өте жоғары деңгейде ұстап отырды. Осылай жүргізілген  монетарлық (ақша–қаржы) саясаттың нәтижесінде  инфляция  ауыздықталды, сонымен бірге ішкі  өндіріс пен нарық  екі–үш есе кысқарды,  ұлттық  өндіріс  орындары тоқтап қалды, жұмыссыздық  күрт өсті. Негізінен  сыртқа  өнім шығаратын шикізат өндіру салалары жұмысын тоқтатқан жоқ, керісінше  экспорт көлемін айтарлықтай өсірді. Нарыққа  көшу жылдары Қазақстанда  бұрынннан қалыптасқан өндірісаралық диспропорциялар қысқарғанның  орнына арта түсті [11, 75-б.].

Жалпы алғанда, инфляцияға  қарсы саясаттың ұзақ мерзімдік  стратегиялық  және  күнделікті  жүргізіліп  отыратын ағымдық, тоқтаусыз  тактикалық  түрі болды. Монетарлық саясат негізінен  күнделікті  жүргізіліп отыратын, айналымдағы ақша көлемін  қадағалап, реттейтін тактикалық  саясат түріне жатады. Әрине, белгілі  бір жағдайларда, мысалы, гиперинфляция  кезінде, бұл әдіс негізгі реттеу әдісіне  айналуы  заңды да. Бірақ, жалпы алғанда, дамыған Батыс  елдерінің тәжірибесі көрсеткендей, күнделікті тактикалық, ұзақ мерзімдік  стратегиялық даму саясатының  шеңберінде  жүргізіліп отырады екен. Қазақстанда  2001-2003 жж. арналған Ұлттық өндірісті  дамыту бағдарламасы жасалған. Қазақстан  Үкіметі 2001 – 2005 жж. арналған  қысқа  мерзімдік Ұлттық өндіріс салаларын  қолдау бағдарламасын бекіткен болатын. Сонымен қатар, қазіргі уақытта  Қазақстаннның барлық әкімшілік–экономикалық аймақтарының (облыстарының) Экономикалық - әлеуметтік  бағдарламалары  жасалып, іске  асырылуда. Осы бағдарламаның  барлығын стратегиялық саясаттың  құралы ретінде қарастыруға болады. Қазақстанда  да монетарлық қаржы саясаты ұзақ және орта мерзімдік шынайы экономиканы  қолдау және дамыту бағдарламаларының  шеңберінде жүргізілетін болады.

Құнсызданудың (инфляцияның) жағымсыз әлеуметтік және экономикалық салдары көптеген елдер үкіметтерін  белгілі экономикалық саясат жүргізуге  мәжбүр етеді. Бұл жерде экономистер  ең алдымен мына сұрақтың жауабын  табуға ұмтылады: күрделі де тегеурінді іс–шаралар арқылы инфлияцияны жою  керек пе, әлде инфляция жағдайына  икемделген дұрыс па?

 

 

Қорытынды

Инфляция қоғамда ақшаның  құнсыздануы, бұл процесс қарқынды да ұлғаймалы түрде жүреді, тауар  тапшылығы асқындайды, ақшалай қор  жинау мүддесі жойылады, ақша-несие  жүйесінің қызметі бұзылады, тауарды  тауарға тікелей айырбастау (бартер) кеңейеді.

Инфляция жағдайында Үкімет «қымбат – ақша»  саясатын ұстануға мәжбүр болды, Ұлттық банк несие  беру «процентін  және міндетті резерв нормасын өте жоғары деңгейде ұстап отырды. Осылай жүргізілген  монетарлық (ақша–қаржы) саясаттың нәтижесінде  инфляция  ауыздықталды, сонымен бірге ішкі  өндіріс пен нарық екі–үш есе  қысқарды,  ұлттық  өндіріс  орындары тоқтап қалды, жұмыссыздық  күрт өсті. Негізінен  сыртқа  өнім шығаратын  шикізат өндіру салалары жұмысын  тоқтатқан жоқ,  керісінше  экспорт  көлемін айтарлықтай өсірді. Нарыққа  көшу жылдары Қазақстанда  бұрыннан қалыптасқан өндірісаралық диспропорциялар  қысқарғанның  орнына арта түсті.

Қазақстан Республикасындағы  инфляцияның дамуы – мемлекеттік  бюджет тапшылығына байланысты. Бюджет тапшылығы инфляцияның   қайталама  факторы болып табылады, өйткені, ол шығындардың  инфляциясынан. Бағалардың өсуі тұрғындардың нақты табысын төмендетеді. Сондықтан кәсіподақтар еңбекақының номиналды деңгейін көтеру туралы талап қояды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

 

  1. Жаналинов Б.Н «Инфляция и антиинфляционная политика в Казахстане», Алматы, «Экономика», 2006 г. 
  2. Бердалиев К.Б «Қазақстан экономикасын басқару негіздері»,

Алматы, 2001 г.

  1. Жүнісов Б., МәмбетовҰ., Байжомартов Ү.  «Нарықтық экономика  негіздері»    Алматы «Экономика», 2000 ж.
  2. Көшенова Б.А. «Ақша, Несие, Банктер, Валюта қатынастары»,

Алматы «Экономика», 2000 ж.

  1. Мақыш С.Б. «Ақша айналысы және несие», Алматы, 2000 ж.
  2. Мэнкью Н.Г. «Макроэкономика», Москва, 1999 г.
  3. Мауленова С.С. «Экономикалық теория». Алматы, 2004 ж.
  4. Мамыров Н.Қ., Есенғалиева Қ.С. «Микроэкономика». Алматы, 2000 ж.
  5. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан Республикасының   ұзақ мерзімдік (2030 ж. дейінгі) даму стратегиясы.  Алматы, 1997 ж.
  6. Райханов Н. «Қазақстанның экономикалық реформа жолы өзінше»  // Ақиқат, 1996 ж.

13. Қаржы-инвестициялық журнал «LS (Личный счет)», 2008 жылғы қыркүйек-қазан, №2 (17).

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Инфляция – басты макроэкономикалық мәселе ретінде