Инфляция – басты макроэкономикалық мәселе ретінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Сентября 2013 в 20:18, реферат

Описание работы

ХХ ғасырдың екінші жартысында жұмыспен толық қамту, еркін бәсекелік нарық жағдайы, бағалардың ұзақ мерзімдік тұрақтылығы әлемнің бірде-бір елінде қатар қалыптаспағанын айту қажет. Бұл кезеңде бағалар тоқтаусыз өсіп отырды, ал 60-шы жылдардың соңынан бастап экономиканың құлдырау жағдайында да бағалар өсті. Дағдарыс фазасында бағалардың өсуі ХІХ ғасырдағы циклдер үшін болмаған жағдай. Бұл құбылыс экономикада «стагфляция» деп аталады.

Содержание работы

Кіріспе.......................................................................................................................3
1 Инфляция – басты макроэкономикалық мәселе ретінде
Инфляция түсінігі, пайда болу себептері.........................................................4
1.2 Инфляцияның түрлері мен факторлары..........................................................6
1.3 Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салдары......................................12
2 Қазақстан Республикасындағы инфляция және оны реттеу негіздері
2.1 Қазақстандағы инфляцияның пайда болуы және оның ерекшеліктері.........................................................................................................15
2.2 Инфляция салдарынан туындайтын проблемаларды талдау..................................................................................................................... 17
Қорытынды..................................................................................................20
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.............................................................. 21

Файлы: 1 файл

инфляция реф.docx

— 120.85 Кб (Скачать файл)

Инфляция дамуының қосымша  факторы пайдаланылатын кредиттер  бойынша пайыздарды жатқызудың тәртібі  болып табылады; кредит үшін төлемақының  өсуі жағдайында бұл өнімнің өзіндік  құнының, оның ізін ала бағаның да өсуіне соқтырады.

 

1.3 Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық  салдары

 

Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық зардаптары:

1. Инфляция халықтың, кәсіпорындардың  және мемлекеттің ақшалай табыстарының  нақты төмендеуіне алып келеді. Бұл атаулы және нақты табыстарының  арасындағы айырмашылықпен анықталады. Мұндай жағдайда әдетте, тұрақты  (тіркелген) табыс табатын адамдар  инфляция кезеңдерінде көп зардап  шегеді, яғни, «табан тоздыру» шығындары  орын алады.

2. Инфляция байлық пен  табыстың қайта бөлінуіне алып  келеді. Демек, қарыз алғандар  өздерінің кредиторлары арқылы  байиды. Дебиторлар барлық деңгейде  ұтады, яғни, қарыз ақшаның белгілі  бір сатып алушылық қабілетінде  берілгендіктен ол белгілі бір  уақыттан кейін кредиторға құнсызданып  барып қайтарылады. Бұл жерде  үлкен мемлекеттік қарызға батқан  үкімет те ұтады. Инфляция төлем  мерзімін кейінге қалдырған адамдардың  пайдасына ақшаны қарызға берген  адамдардың есебінен табыс пен  байлықты қайта бөледі. Инфляция  жылжымайтын мүліктің құнын арттырады.

3. Инфляция кезеңдерінде  нарықта сұранысқа ие тауарлы-материалдық  қорларға деген бағалар өседі.  Сондықтан тұрғындар мен кәсіпорындар  өздерінің тез құнсызданып кетуі  мүмкін ақшалай қаражаттарын  мүмкіндігінше тез арада қорларға  айналдыруға тырысады. Бұл экономикалық  агенттердің қолында ақша қаражаттарының  жетіспеушілігіне алып келеді. Тауарларды  дүрлікпе (ажиотаж) сатып алуға  тырысудың нәтижесі сұраныс инфляциясының  күшеюіне алып келеді.

4. Инфляция ұзақ мерзімдік  инвестициялаудың мүмкіндіктерін  төмендетеді.

5. Инфляция фирмалардың  амортизациялық қорларын құнсыздандырады,  сөйтіп ұдайы өндірістің қалыпты  жұмыс істеуі бұзылады және  үдерісі қиындайды. Инфляция жинақ  түрлерінің (салымдардың, облигациялар  мен сақтандырулардың, т.б.) нақты  құнын төмендетеді. Адамдар мұндай  жағдайда ақша жинамауға тырысады, ал фирмалар болса өздерінің  тапқан табыстарын ағымдық тұтынуға  бағыттайды, соның салдарынан қоғамның  қаржылық ресурстары қысқарады.

6. Инфляция тұрғындар  мен кәсіпорындардың ақша қаражаттарын  салықтар арқылы жасырын тәркілеуге  алып келеді. Бұл салық төлеушілердің  атаулы табыстарының өсуінен  салық салудың аса жоғары тобына  автоматты түрде өтуінен орын  алады.

Қаржы қатынастары мен  инфляциялық процестердің бір бағытты  келеңсіз сипаты, бірін-бірі өзара толықтыра  отырып, экономикалық жүйедегі келеңсіз нәтижелерге апарады. Мәселен, инфляция бірқатар әлеуметтік-экономикалық проблемаларды  тудырады: ақшалай табыстардың құнсыздануы, ұзақ мерзімді инвестицияларға деген  экономикалық ынтаның түсуі, ақшалай  жинақтардың құнсыздануы, нақты  пайыздың төмендеуі, экономикалық байланыстардың бұзылуы және т.б.

Жалпы экономикадағы инфляция деңгейін тұтыну бағасының индексі  көрсетеді. Ол үй шаруашылығының «тұтыну  қоржынының» үлес салмағын есептеу  негізінде бірсыпыра тауарлар мен  көрсетілген қызмет бағасының өсу  индексінің қорытындысымен есептелінеді. Қазақстанда тұтыну бағаларының индексі (ТБИ) 1991 жылы белгіленді. «Тұтыну қоржынына» біздің елде 275 тауар мен қызмет түрлері кіреді. Бағаның және тұтыну тауарлары құрылымының өзгеруі ескеріліп, тұтыну бағалары индексінің құрылымы да қайта қаралады. 1995 жылғы әр отбасының бюджетін тексеру нәтижесіне байланысты 1996 жылы шілдеден бастап «тұтыну қоржынының» төмендегідей құрамы бекітілді:

  1. Азық-түлік – 62,6%.
  2. Азық-түлік емес тауарлар – 23,2%.
  3. Көрсетілетін ақылы қызмет – 14,2% -ды құрайды.

Дүниежүзілік практикада егер инфляцияның қарқыны жарты  жыл ішінде және одан басқа жағдайда көбірек айына 50 пайыз немесе аптасына 11,5 пайыз құрса, онда мұндай деңгей гиперинфляцияға сәйкес келеді. Сөйтіп, Қазақстанда бұл деңгей 1992–1995 ж.ж. ішінде айтарлықтай асып түсті.

Инфляция өндірістік сфераға, халықтың көптеген жігінің материалдық  жағдайына, инвестициялық қызметке қауіпті әсер етеді.

Инфляцияның классикалық  көзі — мемлекеттік бюджет тапшылығы  Қазақстан үшін де сипатты. Бюджет тапшылығы  инфляцияның қайталама факторы  болып табылады, өйткені, ол шығындардың  инфляциясынан және осыған байланысты мемлекет кірістерінің құнсыздануынан туады. Бюджет тапшылығы Қазақстанның егемендігі жағдайында да сақталып отыр: ол 1991ж. бюджеттің бөлігінде 20,4%, 1992-8,6%, 1993-11,9%, 1994-10,2%, 1995-17,4%, 1996-15,4%, 1997-17,7%, 1998-18%, 1999-14,3%, 2000-9,8%,2001-6,4% құрайды. 2002 жылы республикалық  бюджеттің тапшылығы 4,7 миллиард теңгені (ЖІӨ-ге 0,12%) құраса , 2003 жылы ол 53,4 миллиард теңгені немесе ЖІӨ-ге 1,2% құрады.

Егер баға жайлап өсе бастаса, ол жағдайда тұрғындар, кәсіпорындар оған дайындалады. Ақша жоғалтпау үшін тұрғындар  тұтыну тауарларын сатып алады, ал кәсіпорындар инвестициялық тауарларды алады. «Инфляциялық психоз» бағаға қысым жасайды, сонымен  инфляция өрши бастайды. Кәсіпорындар шикізат және даяр өнім алуға тырысады, ювилирлік тауарларды, алтынды алуға  талпынады. Төтенше жағдайларда, бағаның  шексіз өсуі жағдайында экономикалық қарым-қатынастар күйрейді. Ақша өзінің функциясын орындай алмайды. Сондықтан заттай айырбас орын алады. Өндіріс пен айырбас тоқтауға бағытталады.

          Сонымен қорытындылай келе  инфляция  –бұл айналым арналарының артық  ақша белгілерімен аса толып  кетуінің нәтижесінде тауар мен  көрсетілетін қызметтердің бағасының  өсуі, сонымен қатар халықтың  нақты табысының төмендетілуі, ақшаның  құнсыздануы болып табылады. Ол  көп сәйкессіздіктермен байланысты. Солардың ішіндегі ең бастылары:  біріншіден, мемлекеттік шығыстар  мен кірістердің тепе –теңдігінің  бұзылуы, баланстың болмауы,  екіншіден  дефицитті  Орталық эмиссия  банкісінен заем арқылы қаржыландыру  әдісі сияқты инвестицияны қаржыландыру  жүргізілген жағдайда да бағаның  инфляциялық өсуі болады, үшіншіден,баға  деңгейінің жалпы өсуі қазіргі  рыноктық экономиканың ерекшелігіне  байланысты. Инфляцияны тереңірек  түсіну үшін оны жан-жақты зерттеуді талап етеді.

2 Қазақстан Республикасындағы инфляция және оны реттеу негіздері

 

2.1 Қазақстандағы инфляцияның  пайда болуы және оның ерекшеліктері

 

Қазақстандағы инфляция барлық Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдері сияқты ел экономикасының мемлекеттік–монополияланған  жүйеден нарықтық қатынастарға өту  кезіндегі өндіріске байланысты. КСРО–ның халық шаруашылығындағы инфляция көптеген жылдар бойы мойындалған жоқ. Қазақстандағы инфляция себептерін нарыққа өтуге дейінгі инфляцияны тудырған факторлардан іздестіру керек. Олардың ең бастысы –шаруашылықты  басқарудың жоспарлы болу жүйесі. Ол шаруашылықтың  шығынды механизмін қалыптастыруға, халық шаруашылығында материалды –ақшалық үйлесімсіздіктің тууына мүмкіндік  жасап, экономиканың барлық салаларына зиян шеккізді. Әсіресе:

  • Ұлттық өнімді жинақтау қоры мен тұтыну қорына бөліп, соның негізінде инвестициялық саясат жүргізуде;
  • Құрал жабдықтар мен тұтыну тауарларын өндіру салаларында;
  • Мемлекеттік баға белгілеу жүйесінде;
  • Мемлекеттік кірісі мен шығысында;
  • Несиелік және қаржылық ресурстарды қалыптастыруда байқалды.

Осы күндері Қазақстанда  қалыптасып отырған инфляцияның  ерекшеліктерін және негізгі  себептерін  бұрынғы Кеңес Одағының тарихи–экономикалық  даму  процесінде  қалыптасқан  өндіріс, қаржы және баға жүйелерінің  құрылымдылық диспропорцияларынан  іздестірген дұрыс болады.

Қоғамдық өндіріс құрылымы қаржы-баға жүйелерін анықтайды. Өндірісте  диспропорциялар қалыптасса, қаржы  мен  баға жүйелерінде де  сәйкессіздіктер  пайда болады.

Қеңес экономикасының 70–ші  жылдың даму кезеңдерінде қоғамдық өндірістегі  диспропорциялар әр бесжылдық  сайын  тоқтаусыз  ұлғайып тереңдеп отырған. Кеңес экономикасында тарихи  түрде  қалыптасқан диспропорцияларды  бірнеше топқа бөліп анықтауға  болады:

  1. өнеркәсіп өндірісі мен ауыл шаруашылығы арасындағы алшақтық;
  2. ауыр өнеркәсіп пен жеңіл өнеркәсіп арасындағы сәйкессіздік;
  3. шикізат өндірісі мен дайын (түпкі) өнімдер өндірісінің  арасындағы  диспропорция;
  4. әскери өндіріс пен азаматтық  өндіріс  арасындағы сәйкессіздік;
  5. материалдық өндіріс пен материалдық емес өндіріс арасындағы  диспропорция және т.б.

Бұл диспропорциялар Кеңес  экономикасының өзінде бағалардың инфляциялық  өсуін тұрақты түрде қалыптастырып  келді. Кеңес шаруашылық жүйесінде  әрбір 10-15 жылда бір рет жүргізіліп келген бағаларды реформалау шаралары осы инфляцияның нәтижесін заңдастыру ғана болған.

Қазақстанда қалыптасқан  өндірісаралық, оның ішінде шикізат  өндірісі мен түпкі өнімдер өндірісі арасындағы диспропорция, тіпті бұрынғы  Одақтас Республикаларға қарағанда, бірнеше есе жоғары. Қазақстанның  экономикасы  негізінен Кеңес  Одағының, тіпті бүкіл социалистік  елдер қауымдастығының шикізат  пен энергия  өндіруші базасы ретінде  дамып қалыптасқан. Қазақстанда  өндірілетін шикізат өнімдерінің 90-95% шетелдерге жіберіліп отырған, ал  өзіне  қажетті өндіріс  құралдарының 90 %, тұтыну тауарларының 60% сырттан тасымалданатын. Кеңестік жүйе ыдырап  күйреген кезде Қазақстанда  тауар тапшылығы қалыптасқаны белгілі. 1991-1993 жылдары Ресейден тауарлар алу  үшін  алынған несие  көлемі 1,5 млрд. доллардан артып кеткен болатын. 1993-1998 жылдары Қазақстандағы бағалардың өсуі мен ақшаның құнсыздануы 2000%-дан  20%-ға төмендеді. Бұл кездері Қазақстанда  гиперинфляция  қалыптасты, тек  өзіміздің ұлттық  валютаны (тенгені) енгізгеннен кейін ғана, Қазақстан  инфляцияға қарсы  саясат жүргізіп, оның деңгейін 3 жылдың ішінде 100 есе  төмендетті. Бұл өтпелі кездегі Қазақстанның  макроэкономикалық  деңгейдегі  айтарлықтай  жетістігі болды. Бірақ  Қазақстан үшін бұл жеңіс тегіннен-тегін  келген жоқ, оның нәтижесінде ұлттық өндіріс күрт құлдырап кетті. Мысалы, жеңіл өнеркәсіп  пен  машина  жасау көлемі 90 %-ға, ауыл   шаруашылық  пен азық-түлік  шаруашылықпен  азық-түлік өндірісі – 50-60%-ға қысқарды.

Сонымен түйіндей келе, Қазақстан  Республикасындағы инфляцияның  дамуы – мемлекеттік бюджет тапшылығына  байланысты болған болатын. Бюджет  тапшылығы Қазақстанның  егемендігі жағдайында  да  сақталып тұрды: ол 1991 ж.  бюджеттің  шығыс  бөлігінде 20,4 %, 1992 – 8,6 %,  1993 – 11,9 %,1994 – 10,2 %, 1995 – 17,4%, 1996 – 15,4 %, 1997 – 17,7  %, 1998 – 18 %, 1999 – 14,3 %, 2000 – 9,8 %, 2001 – 6,4 %, 2002 – 5,2 % құрады. 2008 жылы  республикалық  бюджеттің  тапшылығы  1,453 млрд.  теңгені (ЖІӨ-ге 0,11 %) құрады. Бюджет тапшылығы инфляцияның қайталама факторы болып табылады, өйткені ол шығындардың инфляциясынан және осыған  байланысты  мемлекет  кірістерінің  құнсыздануынан туады [8,45-б.].

 

2.2 Инфляция салдарынан  туындайтын проблемаларды талдау

 

Инфляцияның сұраныстың артуынан және шығындардың өсуінен болатын  екі типін ажыратуға болады. Күнделікті өмірде бұл екі типті ажырату  өте қиын. Мысалы, денсаулық сақтау шығындары тез арада өсті, артынан  жиынтық шығыны көбейді, бұл сұраныс  инфляциясын тудырады. Егер тауарларға, ресурстарға сұраныс өссе, онда кейбір фирмаларда материалдарға, ресурстарға, жанармайға шығын өсіп жатқандығы байқалады. Сол кезде өндіріп жатқан тауарлардың  бағасын көтеруге мәжбүр болады. Өндірістік шығындар өсуі салдарынан сұраныс инфляциясы пайда болады. Бірақ көптеген фирмалар оны инфляция шығыны деп ойлайды. Бұл екі типтің қайсысы екенін ажырату қиын. Сұраныс инфляциясы жиынтық шығындар болғанда байқалады. Ал инфляция шығыны автоматты түрде  өз-өзінен жоқ болады. Ұсыныс азайған  кезде нақты ішкі өнім көлемі және айналым қысқарады. Бұл шығындардың  өсуіне кедергі болады.

Ал енді инфляцияның зардабын зерттейік. Біріншіден, инфляция табысты қалай жіктейтінін және ЖІӨ-ге қалай әсер ететінін көрелік.

Баға деңгейі және ЖІӨ  арасында белгілі бір қарым-қатынас  бар. Нақты көлем және өндірістік бағалардың деңгейі бір қалыпта  көтеріледі немесе қысқартылады. Бірақ  соңғы 20 жыл ішінде көптеген оқиғалар болды. Мысалы, нақты өндірістік көлем  қысқартылып, ал бағалар өсіп жатады. Нақты өндірістік көлем белгілі  бір деңгейде тұр, барлығы жұмыс  істеп жатыр. Нақты өндірістік көлемнің және табыстың өскенін елестетелік. Бұл жерде инфляцияның әсер етуін  және табыс жіктелуін көре аламыз. Егер ұлттық табыс өзгермеген болса, онда инфляция қалай әсер етеді?

Бұл сұраққа жауап беру үшін біз атаулы табыс және нақты  табыстың айырмашылығын білуіміз керек. Атаулы табыс – бұл айлық немесе пайыз түрінде алынған ақшаның  саны. Нақты табыс – бұл тауарлар саны немесе қызмет, яғни, біз осы  табыс арқылы атаулы табысты сатып  аламыз.

Егер атаулы табыс бағаның  өсу деңгейіне қарағанда тезірек  өссе, онда нақты табыс өседі және керісінше, егер баға өсу деңгейі  атаулы табыс деңгейіне қарағанда  тезірек өссе, онда нақты табыс  азаяды. Біз нақты табыс қалай  өзгеретінен мына формуламен шығара аламыз:

 

Нақты табыстың       Атаулы табыстың                баға деңгейінің

 

пайыздық өзгеруі   -   пайыздық өсуі           =        пайыздық өзгеруі

 

Егер атаулы табыс 10% өссе, ал баға деңгейі 5% өссе, онда нақты табыс 5% өседі және керісінше, 5%-дай атаулы табыс болса, инфляция 10%, сонда нақты  табыс 5% болады [9, 67-б.].

Информация о работе Инфляция – басты макроэкономикалық мәселе ретінде