Экономиканың циклдық дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Октября 2013 в 16:52, курсовая работа

Описание работы

Экономиканың циклдық дамуы тақырыбы - жалпы экономикалық циклдарды және қазіргі Қазақстан Республикасының экономикалық жағдайын зерттеуде өте маңызды және қызықты тақырып болып табылады. Экономикалық циклдың дүниеге келуі көп ғасырларды қамтитын өте күрделі процесстердің бірі. Экономикалық циклдар теориясы, экономикалық өсу теориясымен қатар, халық шаруашылығындағы қозғалысты анықтайтын экономикалық динамика теорияларына жатады.

Файлы: 1 файл

курсовая новая.doc

— 206.00 Кб (Скачать файл)

Кіріспе

 

Экономиканың циклдық дамуы тақырыбы - жалпы экономикалық циклдарды және қазіргі Қазақстан Республикасының экономикалық жағдайын зерттеуде өте маңызды және қызықты тақырып болып табылады. Экономикалық циклдың дүниеге келуі көп ғасырларды қамтитын өте күрделі процесстердің бірі. Экономикалық циклдар теориясы, экономикалық өсу теориясымен қатар, халық шаруашылығындағы қозғалысты анықтайтын экономикалық динамика теорияларына жатады. Өсу теориялары ұзақ мерзімді тенденция ретінде өсудің факторлары мен шарттарын зерттесе, цикл теориясы экономикалық белсенділіктің мерзімдік ауытқуларының себептерін зерттейді. Экономикалық цикл дегеніміз – кризис арасында төрт фазаның ауысуы өтетін уақыт. Төрт фазаға: дағдарыс, тоқырау, жандану және өрлеу жатады. Осы төрт фазаға байланысты экономикалық циклды график түрінде көрсетуге болады. Циклдіктің себептерін экономика үшін ішкі мән - жайлардан деп білетін тұжырымдамаларды: негізгі капиталдың ұсталу мерзімі секілді, ақша массасының тұрақсыз мөлшері, инвестициялар, жинақтау, тұтыну, мемлекеттің экономикалық саясаттағы өзгерісі секілді факторлар бөліп шығады.

Курстық жұмыстың өзектілігі - қазіргі уақытта тек біздің елімізде ғана емес, сонымен қатар бүкіл Дүниежүзінде дағдарыс фазасы үстем алуда. Барлық экономистерді, саяси адамдарды және бұхара халықты қызықтыратын мәселе осы.

Курстық жұмыстың мақсаты - экономикалық циклдардың теорияларын және болып тұру себептерін түсіну;  экономиканың циклмен дамуына көз жеткізу; дағдарыс, тоқырау, жандану және өрлеу терминдерінің мән – мағынасын білу; әлемге әйгілі шет елдік ғалымдардың теориялары мен көзқарастарымен танысу; Қазақстанның негізгі алты өнеркәсіптік саласының ЖІӨ-мен экономикалық өсу мен төмендеу көрсеткіштерін соңғы бірнеше жылдардың динамикалық көрсеткіштерімен салыстыру нәтижесінде анықтау.

Берілген  курстық жұмыста келесі міндеттер  анықталған:

  • Ақша саясатын дұрыс жүргізу және мемлекетте дағдарысты болдырмау;
  • Қазіргі уақыттағы циклдық фазалардың өсуіне талдау жүргізу;
  • Экономикалық дағдарыстың себептерін анықтау.

Курстық жұмыстың зерттеу пәні бұл - Қазақстан Республикасының экономикасының дүниежүзілік нарықта бәсекелестік қабілеті бар экономикаға айналдыру барысындағы экономиканы тұрақтандыру болып табылады.

Курстық жұмыс  кіріспеден, екі бөлімнен, әр бөлімі екі бөлімшеден, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

Жұмыстың бірінші  тарауында - экономикалық циклдар теориясы, соның ішінде экономиканың циклдық дамуының негізгі сипаттамалары және экономикалық циклдардың негізгі концепциялары туралы жазылған. Екінші тарауында - экономикалық циклдарды зерттеу тәжірибесі, соның ішінде экономикалық циклдарды зерттеудің шетелдік тәжірибесі және Қазақстан экономикасының циклдық дамуының қазіргі жағдайдағы динамикасын талдау негізіндегі көрсеткіштер берілген.

Қорытындыда түйіндер беріледі.

Пайдаланған әдебиеттер тізімінде оқу құралдар, Ресей  және Қазақстан ғалым - экономистерінің  ғылыми еңбектері, статистикалық және саяси журналдар пайдаланылған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Экономикалық циклдар теориясы
  2. 1.1.Экономиканың циклдық дамуының сипаттамалары
  3.  

Экономиканың циклдық дамуы. Экономиканың циклдық теориясы, оның өсу теориясы сияқты, экономиканың динамикалық теориясының маңызды бөлігіне жатады. Бұл теориялар арқылы экономикалық жүйенің дамуы, қозғалысы түсіндіріледі. Макроэкономикалық тепе-теңдік келісімділік пен өзара байланыстығы, экономикалық құбылысының тепе-теңдігіне сол келісімділіктің оқтын-оқтын бұзылуының қайталануы арқылы қол жетеді. Макроэкономикалық үрдістер өлшенетін және бағаланатын экономикалық индикаторлар үшін ұдайы тұрақсыздық, олардың өсулері мен құлдырауларының оқтын-оқтын ауысулары және керісінше болулары оларға тән сипат. Бұл өзгерістер экономикалық жағдаятты көрсететіндіктен, циклдар теориясын кейде жағдаят (конъюнктура) теориясы деп те атайды. Циклдар бір құлдыраудың (дағдарыс) басының екінші құлдырау басына деінгі уақыт интервалын анықтайды. Циклдың классикалық нұсқасында бір-бірін жүйелі түрде ауыстырып отыратын 4 кезеңге бөлуге болады: дағдарыс, тоқырау, жандану, өрлеу. Қазіргі замандағы жағдайларда циклдарға мемлекеттің экономиканы реттеуге қатысуының ықпалы әсер етеді және классикалық нұқсадан сипаты мен ұзақтығы жағынан айрықшаланады. Сөйте тұра кез келген ағым ерекшелігінде экономикалық циклдың жағдаяттың сатыларына тән өзіндік белгілерін айыруға болады. Экономика ғылымында циклдардың интегралды теориясы болмайды. Әр түрлі мектептердің экономистері циклдіктің әртүрлі себептеріне көңіл аударады. Мысалы, циклдікті сыртқы факторларымен (экстерналды) байланыстыратын теориялар себептерінің ішінен соғыс, төңкеріс, бағалы ресурстардың ірі кен орнын табуды, технологияны өзгертетін жаңалық ашуды және өнер табысын атап өтеді. Көптеген экономистер циклдіктің басты себебі – тұтас шығындардың тұрақсыздығы деп санайды. Экономикалық циклдар созылмалдығы жағынан: қысқа мерзімді (2-4 жыл), орта мерзімді (10-12 жыл) және ұзақ мерзімді (50-60 жыл) болып бөлінеді. Экономикалық циклдар бір-бірімен қабаттасып, бір мезгілде жүреді. Мұндайда қысқа цикл ауқымында тепе-теңдікке тұрақты құрылымдарға сұраныс ауысады, ұзақ мерзімді цикл өндірістің технологиялық тәсілінің өзгеруіне байланысты шығады. Экономикалық циклдың қазіргі модельдеріндегі талданатын жағдаяттық тұрақсыздықтың себебтері инвестиция динамикасы мен ұлттық арасындағы тәуелділікті қалыптастыратын мультипликатор мен акселатордың өзара әрекеттестігі. Көлемдерді қалыптастыру және теңестіру үрдістері өзінің стратегиялық мақсаттары мен өзара бәсекелестікті көздеген экономикалық субъектілердің үйлестіру әрекеттерінің жоқтығына байланысты[4,164- 165б.].

Экономикалық тепе-теңдікте дамуын сипаттайтын көрсеткіштер жиынтығы, өзгерістерінің бағыты мен дәрежесі экономикалық конъюктураны құрайды. Конъюктуралық динамиканы зерттеушілерді екіге бөлуге болады: қоғамдық өмірде әлсін-әлсін қайталанып тұратын циклдардың болуын мойындамайтындарға және оларды мойындайтындарға. Біріншілер – көбінесе неоклассикалық мектептің өкілдері – циклдікті экономикаға кездейсоқ импульстардың сериясының әсер етуінің нәтижесі дейді. Екінші бағытының өкілдері циклді ерекше бастапқы негіз, нақты әлемнің элементарлық бөлінбейтін «атомы» дейді. Циклдің құрылымын бір-біріне әсер ететін екі қарама-қарсы материялдық объектілер құрайды.

Циклдік әлемнің біріншілік негізі деген идея көне Греция және көне Қытай дәуірінен бері, әсіресе  қытайлық даостар еңбектерінен мәлім  болатын. Циклдықтардың мәселелері осыдан мыңдаған жылдар бұрын философтардың назарынан тыс қалмаса, экономистер осы мәселеге ХIХғ. бас кезінде көңіл аудара бастаған. Ж.Сисмонди, К.Робертустың, Т.Мальтостың еңбектерінде экономикадағы дағдарыстастар және циклдық құбылыстар зерттеле бастаған. Айта кететін бір жағдай, бұл цикл және дағдарыс мәселелерімен көбінесе экономикалық ой-пікір ағымдардан шеттеу тұрған бағыттардың өкілдері айналысқан. Ордодокстық экономистер циклмен даму идеясын Сэйдың заңына қарсы келеді деп (Сэй заңы бойынша сұраныс қашан болмасын             ұсынысқа тең болады) мойындамаған. Сондықтан көне классиктер (А.Смит, Д.Рекардо, Дж.Милль, А.Маршалл) циклмен айналысқанының өзінде, оны жекеленген, тез өтетін, уақытша құбылыс деп түсінген. Оның үстіне А.Смит пен Д.Рекардо экономикалық циклды көріп, оған куә болған емес. Карл Маркс 1818-1863жж. Дағдарыс пен цикл проблемаларына өте елеулі назар аударып зерттеген. Ол циклдің бірінен біріне алмасатын төрт фазасы болады дейді: дағдарыс, тоқырау, жандану, өрлеу. Марксизм ұзақтығы 7-12 жылдың тек өнеркәсіптік циклмен айналысқан.

  

Осы суретте бірінші  кесінді – дағдарыс фазасын, екінші – тоқырау фазасын, үшінші – жандану фазасын және өрлеу фазасын сипаттайды.   

Дағдарыс тауарлардың артық өндірілуі, несиенің азаюы және сауда процентінің жоғарылауы арқылы көрінеді. Бұл жағдай пайданы азайтады және өндірісті төмендетеді; банктық берешектерді өсіреді, банктық құлдырауға және экономиканың басқа сфераларындағы кәсіпорындардың банкрот болуына әкеледі. Дағдарыс тоқыраумен алмасады. Өндіріс төмендеуін қояды, бірақ өтпейді де. Артық тауарлар тарайды, бірақ сауданың жағдайы мәз емес. Проценттік норма барынша төмендейді. Бірақ, бірте-бірте «өсу нүктелері» пайда бола бастайды, жандану басталады. Нарықтың жаңа жағдайына бейімделген кәсіпорындар тауардың өндірісін көбейтеді, жаңа өндірістік құрылыс өседі, пайда, қарыз проценті, жалақы көтеріледі және өрлеу фазасы басталады. Өсу дағдарыстың алдындағы ең жоғары нүктеден артады, өндіріс кеңейе түседі, жұмыспен қамту, тауарлық сұраныс, бағалар, процент нормасы өседі. Бірақ, бірте-бірте өндіріс көлемі жаңадан төлемге қабілетті сұраныстан арта бастайды, нарық тауарлар және қызметтермен асыра толтырылады, сөйтіп, жаңа өнеркәсіптік цикл басталады. Осы заманда АҚШ-да пайда болған терминология бойынша (осы терминология кең қолданылады) циклға жататын фазалар былай аталады: шың (пик, бум), қысқару (рецессия, құлдырау), түп (депрессия, тоқырау), жандану (кеңею).

ХХғ. 50-ші жылдарына дейін дағдарыс кезінде төлем қабілеті бар сұраныстың төмендеуімен байланысты, баға жалпылама кемитін және жұмыссыздық өсетін еді. Қазір экономиканың монополистік секторы, мемлекеттің қолдауына сүйеніп, бағаны бұрынғы дәрежеде ұстап қалғанымен қатар, оны сирек емес жағдайда өсіреді. Өндірістің осындай құлдырауы инфляция болып тұрған жағдайда стагфляция деп аталады. Экономикалық конъюктураны сипаттау үшін бірнеше статистикалық көрсеткіштер қолданылады. (ІҰӨ, жұмыссыздық дәрежесі, жеке табыстар, өнеркәсіп өнімі, т.б.). Циклдің қозғалысында экономикалық параметр белгісінің өзгеруіне байланысты, олар проциклдік, контрциклдік және ациклдікке болып бөлінеді.

Проциклдік параметрлер  жандану фазасында өседі, ал құлдырау фазасында – төмендейді (өндірістік қуаттардың қолдануы, ақша массасының агрегаттары, бағаның жалпы дәрежесі, корпорациялардың пайдасы). Контрциклдік өзгермелілер деп мағынасы құлдырау кезінде жоғарылап, ал жандануда – төмендейтін (жұмыссыздықтың дәрежесі, банкроттың саны, дайын өнімнің запасы) көрсеткіштер аталады. Ациклдікке динамикасы экономикалық циклдың фазаларымен (мысалы, экспорт көлемі) сай келмейтін параметрлер жатады. Экономикалық параметрлер үш типке бөлінеді – озғыш, кешігуші және сәйкестік. Озғыштар максимум немесе минимумға пиктің немесе ең төменгі нүктеге жетудің алдында жетеді (бұл – запастағы өзгерістер, ақша массасының өзгеруі және т.б.). Кешігушілер максимум немесе минимумға (жұмысшылар санының, жалақының, үлес шығындарының және т.с.) пик немесе ең төменгі нүктеден кейін жетеді. Сәйкес келуші параметрлер экономикалық белсенділіктің өзгеруіне байланысты өзгеріп отырады (ІҰО, инфляция дәрежесі, өнеркәсіп өнімі және т.с.). Бүгін статистиктер мен экономистер экономикалық конъюнктураны нақты болжай алмайды, олар тек оның жалпы тенденциясын анықтай алады.

Даму циклдігі. Циклдар шаруашылықтың жалпы динамикасын қалай қамтыса (Маркс циклдері, Жуглярдың, Кондратьевтің), сол шаруашылықтың әр саласын солай қамтиды (Китчин циклдері, Кузнецтің және т.б.). Бір-біріне сүйене отырып, олар өсу динамикасының жалпы бейнесін құрайды. Жалпы тербеліс қозғалыстары әр бөлек мемлекетте қалай болса, әлемдік экономикада да бір-бірімен әр түрлі периодтағы құрауыштармен және тербеліс механизмімен байланысып, көпқұрамды болады. Экономикалың даму циклдары – бұл нарықтық экономиканың үздіксіз тербелуі, егер өндірістің өсуі басылса, іскерлік белсенділіктің жоғарылауы-төмендейді. Циклдік нарықтық конъюктураның төмендеуімен және кезең бойынша жоғарылауымен ерекшеленеді. Экономикалық белсенділіктің жоғарылау белсенділігі экстенсивті дамумен ерекшеленсе, төмендеу кезеңі интенсивті дамумен ерекшеленеді. Сондықтан цикл нарықтық экономиканың тұрақты динамикасы болып табылғандықтан, онсыз экономиканың дамуы мүмкін емес. Экономикалық цикл – нарықтық экономиканың дамуы мен қозғалыс формасы болып келеді.

Экономикалық цикл және оның сатылары бірнеше жылдар аралығындағы экономикалық белсенділік деңгейінің бірінен соң бірі төмендеуі немесе көтерілуі. Жеке экономикалық циклдер бір-бірінен интенсивтілігі мен жалғасымы бойынша ажыратылады. Цикл (Пик) бағыты немесе көтерілу - ол өндірістің жоғары өсуі немесе толық жұмыспен қамтылуы, жалақы мен бағаның деңгейі көтерілуге үлкен септігін тигізеді. Ал дағдарыс немесе өндірістің басылуы, - ол тауарларды қайта өңдеу, өндірістің лезде қысқартылуы, бағаның төмендеуі, жалақы деңгейінің төмендеуі мен жұмыссыздықтың жоғарылауы және кәсіпорындарындардың банкротқа ұшырауы мен пайыз мөлшерлемесінің жоғарылауы. Осыдан бастап құлдырау туындай бастайды. Құлдырау, ол өндірістер толықтай қысқарып, жұмыссыздық саны өсіп барлық деңгейіне жеткеннен кейін барып, қайтадан басынан бастау кезеңімен ерекшеленеді. 

Жандану фазасында өндіріс деңгейі  көтеріледі де, жұмыссыздық деңгейі  толық жұмыспен қамтылғанша өседі.

Экономикалық циклдың  негізі болып, кезең бойынша қалыптасатын экономикалық дағдарыс болып табылады. Дағдарыссыз цикл да болмайтын еді, ал дағдарыстың кезең бойынша қайталануы нарықтық экономикаға циклдік ерекшелік береді. Әр дағдарыс жандану және көтерілу фазасында пісіп жетіледі. Бұл фазалар өндірістің тұрақты дамуына ықпалын тигізеді. Осы кезеңде халықтың табыстары өсіп және бірегей тұтынушылық сұраныс өседі. Тұтынушылық сұраныстың өсуі кәсіпкерлерді өндіріс қуатын кеңейту мен капитал салымын өсіруге оятады. Осыған орай, өндіріс құралдарына деген сұраныс да арта бастайды. Меншікті капитал айналымы еш кедергісіз ағып, бәсекелестік күрестің шиеленесуі төмендейді. Осындай даму өндірістің өсу темпы төлемқабілеттілік сұранысының өсу темпы жетпейінше жалғасады. Осындай жағдай туған кезде тауарларды қайта өндіру сәті түсіп, осыған орай экономикалық дағдарыста қалыптатаса бастайды. Экономикалық дағдарыс үш түрлі формадағы капиталды қайта жинауды қолға алды:

  1. Тауар айналымын қайта өндіру;
  2. Өндірістік капиталдың жинақталуы (өндіріс қуатының өсуі, жұмыссызықтың өсуі);
  3. Ақша капиталының жинақталуы (өндіріске салынбаған ақша санының өсуі).   

Капиталды қайта жинақтаудың  жалпы нәтижесі болып, өндіріс шығындарының өсуі мен табысқа сай бағаның  төмендеуі. Дағдарыс кезінде бәсекелестік күшейіп, табыстың көтерілуіне, өндіріс  шығындарының қысқаруына түрткі болатын себептер қалыптасады. Дағдарыс – нарықтық экономиканың өзін-өзі реттейтін маңызды механизми элементі. Экономикалық цикл барлық жерге кіріп, тәжірибе жүзінде экономиканың барлық жерлерінде сезіледі. Экономика элементтерінің арасындағы байланыс ешкімге инфляция мен құлдыраудан құтылып шығуға мүмкіндік бермейді. Ол экономиканың әр секторына әр түрлі әсер етеді.

Информация о работе Экономиканың циклдық дамуы