Экономиканың циклдық дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Октября 2013 в 16:52, курсовая работа

Описание работы

Экономиканың циклдық дамуы тақырыбы - жалпы экономикалық циклдарды және қазіргі Қазақстан Республикасының экономикалық жағдайын зерттеуде өте маңызды және қызықты тақырып болып табылады. Экономикалық циклдың дүниеге келуі көп ғасырларды қамтитын өте күрделі процесстердің бірі. Экономикалық циклдар теориясы, экономикалық өсу теориясымен қатар, халық шаруашылығындағы қозғалысты анықтайтын экономикалық динамика теорияларына жатады.

Файлы: 1 файл

курсовая новая.doc

— 206.00 Кб (Скачать файл)

Экономиканы осылай реформалау өндірістік капиталдың құнсыздануына жол бермейтін, тиімді антиинфляциялық саясат жүргізгенде мүмкін болады. Түбінде тек инвестициялар ұсынысты көбейтеді, елді құлдыраудан құтқарады. Қолайлы инвестициялық жағдай ғана дағдарыстан құтылу шарттарын тудырады. Кәсіпорындар қорланудың жетімді дәрежесіне көтеріледі. Ал сұраныс (оның көлемі және құрылымы) мүмкін болатын ұсыныстың өсуін жабады және кәсіпорындарда өскен іскерлік белсенділігіне ұнамды нақты төлем алу сенімділігіне ие болады[1, 451-б.].

Осы замандағы қоғамдық ғылымға циклдықтың 1380 артық типі мәлім. Кестеде жиі аталатын алтауы келтірілген. Экономика көбінесе осылардың алғашқы төртеуімен айналысады.

 

Типі

Циклдың ұзақтығы

Басты ерекшеліктер

Китчиндік

2-4 жыл 

Запастың көлемі ІҰӨ, инфляцияның, жұмыспен қамтудың ауытқуы, тауарлық циклдар

Жуглардық

7-12 жыл

Инвестициялық цикл ІҰӨ, инфляцияның және жұмыспен қамтудың ауытқуы

Кузнецтік

16-25 жыл

Табыс, иммиграция, тұрмыс-үй құрылысы, жиынтық сұраныс, табыс

Кондратьевтік

40-60 жыл

Техникалық прогресс, құрылымдық өзгерістер

Форрестердік

200 жыл

Энергия және материалдар

Тоффлердік

1000-2000 жыл

Өркениеттердің дамуы


 

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін өнеркәсіптік дағдарыстар 1948-1949, 1953-1954, 1957-1958, 1960-1961, 1969-1970, 1993-1994, 1981-1982жж. болды, әсіресе 70-ші жылдардың ортасындағылар көп шығындар әкелді.

Кузнецтің циклдері. 1946ж. С.Кузнец (1901-1985жж.) «Ұлттық табыс» деп аталатын еңбегінде мынадай қорытындыға келеді: ұлттық табыстың, тұтынушылық шығындардың, өндірістік жабдықтарға сол сияқты ғимараттарға, құрылыстарға жасалған жалпы инвестициялардың көрсеткіштері өзара байланысты 20 жылдық ауытқулардың бар екенін айқындайды және құрылыста осы ауытқулардың амплитудасы салыстырмалы ең үлкен болады.

Кузнецтің еңбегі жарық көргеннен кейін іс жүзінде «құрылыстық цикл» деген термин қолданылудан шығады, бұның орнын «ұзын ауытқулар» деген термин басады.

Кондратьевтің циклдері. «Ұзын толқындар» теориясына орыс ғалымы Н.Д.Кондратьевтің (1892-1938жж.) үлесі ең зор деуге болады. Өзінің еңбектерінде ол зерттеулерінің нәтижелерін көрсетеді – дамыған елдердегі 1770-1926 жылдар тауарлық бағаларының индексінің, проценттік мөлшерлемелерінің, рентаның, жалақының, өнімнің маңызды түрлерінің, өндірісінің және т.б. динамикасының. «Үлкен» өрлеудің басталуын Кондратьев өндіріске жаңа технологияның жаппай енгізілуімен, әлемдік шаруашылыққа жаңа елдерді тартумен, алтын өндіру көлемінің өзгерістерімен байланыстырады. Осымен бірге өрлеудің жалпы көрінісі былай сипатталады: техникалық жанартпалардың енгізілуі инвестициялық процесстің кеңеюімен қатар жүріп отырады, бұл өз кезегімен бағаның өсуіне ат салысатын, өндірісті және сұранысты ынталандырады. Осы кезеңде жұмыссыздық төмендейді, жалақы және еңбек өнімділігі өседі. Осы процесстер бүкіл экономикаға тарайды, адамдардың тұрмыс жағдайын өзгертеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Экономикалық циклдарды зерттеу тәжірибесі

2.1. Экономикалық циклдарды зерттеудің шетелдік тәжірибесі

 

Хикс еркін және мәжбүрленген циклдар туралы. Хикс өзінің «Сауда-өнеркәсіптік циклдар» кітабында «еркін» және «мәжбүрленген» циклдарды ажыратты. «Еркін цикл» автономды инвестициялардың төмен деңгейіне әлсіз мультипликатор немесе әлсіз акселератор болуына байланысты өзінен-өзі өшіп тынады. өндірісті күшейтудің қуатты күштерімен қозғалатын «мәжбүрленген цикл» өндірістік қуаттарды толық пайдалану шегіне келіп тіреледі. Бұның өнім өндірісін кідіртуіне байланысты акселератор инвестицияны кеміту жағында әрекет етіп, экономиканың төмендеу қозғалысын туындатады. Мәжбүрленген шарықтаулар шегіне жетіп, күшінен айырылады. Жеткен деңгейден одан әрі қарай жоғарылаудың орнына, авиация тілімен айтқанда экономика акселератор арқылы штопорға құлдырайды. Қумулятивтік төмендеу қозғалысының экономиканы күйзелтетіні соншалықты, инвестицияның жалпы көлемі нөлге тең болып шыға келеді. Бұл нүктеде қандай болмасын инвестициялар, тіпті орын толтыру инвестициялары өз әрекеттерін доғарады және сондықтан табыс өзгерістері мен инвестициялар арасындағы қандай болмасын байланыс үзеледі; акселератордың да қауқары кетеді; оның төмендеткіш қысымы да тоқтайды.

 Бұл нүктеде өсудің  тұрақты үдерісіне қарама-қарсы бағытта әрекеттенуші акселератордың әсері болмайды. Өнімділікті арттырудың тоқтаусыз үдерістері экономиканы енді өсу бағытына итермелеуіне сәйкес ол жанданудың жаңа жолына түседі. Мультипликатор мен акселератордың өзара әрекетін зерттеушілер артық мультипликатор қуатының әсерінен арыла алмайды. Олардың пікірінше, жүйенің дүмпу сипаты бар. Ал, іс жүзінде олай емес, себебі, экономика өз ресурстарын толық пайдалану шегіне жетіп тірелген шақта акселератор да өз әрекетін қарама-қарсы бағытқа өзгертеді. Әлсіз акселератор. Жүйені дүмпу сипатында қарастыруға бейімділік капитал коэффиценті мөлшеріне шектеу сенімділіктен пайда болады. Есептеулер көрсеткендей, 1920 жылы капитал коэффиценті бұрынғы жылдарға қарағанда біршама кемдеу болды. Ол ол ма, акселератордың өзі капиталдың шекті коэффицентінен кем болғанын да көзіміз көрді. Тіпті бұл теориялық пікірді ескермегеннің өзінде циклдың кеңею фазасының едәуір бөлігі бойынан акселератордың салыстырмалы әлсіздігін байқауға болады. Бұның себебі күйзеліс кезеңінің ұзына бойына және жанданудың бірінші кезеңінде амортизациялық төлемдер тұрақты түрде жетілдіру үстіндегі және өнімділігі жоғарырақ құрал-жабдықтарға шығындалады. Сонымен, өнім шығарылымының көлемі өзінің бұрынғы деңгейіне қайта жетуіне едәуір артық қуаттардың әсері тиеді екен. Сондықтан өнім шығарылымының мөлшерін капитал массасына таза қосымшалар келтірмей-ақ бұрынғы жеткен деңгейден әрі жоғарылатуға болады екен.

Экономикалық құбылыстарды қайталауға бейім тұратын рыноктың ерекшеліктерін өткен ғасырдың бірінші жартысындағы өмір сүріп еңбек еткен экономистер байқаған. Ол кезде кәсіпкерлерді өзіне тартып, қызықтырған рыноктық қатынастар құпиясы көп құбыжықтай көрінді. Капиталистік кәсіпорын иелері өз өндірісін шексіз ұлғайтуға ұмтылып, мүмкіндігінше рыноктың үлкен аумағын «жаулап» алуға тырысты. Ал оның өзі артық өндіру деп аталатын құбылысқа алып келді. Артық өндірудің мәні белгілі бір тауардың ұсынысы сұраныстан басым болудан көрінеді. Нәтижесінде тауар бағасы едәуір төмендеп кетеді де көптеген тауар өндірушілер ешқандай пайда таппай қалады.

Экономикалық циклдарды  зерттеушілердің бірі – А.Шпитгоф. Ол 1905 жылы экономикалық циклдар және дағдарыстар тақырыбына диссертация қорғап, осы саладағы еңбектері арқылы дүние жүзіне белгілі болды. А.Шпитгоф эмпирикалық, яғни нақты бақылауға негізделген теорияны жақтай келіп, циклдарды зерттеудің көптеген ғылыми материал беретіндігін, өйткені мұндай зерттеулер кездейсоқ, абстрактылы қорытындыларға емес, нақты тұрақты түрде қайталанып отыратын белгілерге назар аударуға мүмкіндік беретінін дәлелдеді.

Ол әрбір жаңа экономикалық циклдың пайда болуының ерекше тарихи және әлеуметтік себептерін түсіндірді. Мұның бастапқы пункті өрлеу деп есептеді А.Шпитгоф. Ол экономикалық цикл проблемасын артық өндіру проблемасымен байланыстырған жоқ, бұл мәселе тек, еркін сауда дәуіріндегі рыноктық экономикаға тән қасиет деп түсіндіреді. А.Шпитгоф творчествосын зерттегендер, соның ішінде Б.Селигмен, оның циклдық даму тұжырымдамасының белгілі орыс экономисі Туган-Барановскийге күшті әсер еткенін көрсетеді. (А.Шпитгоф Туган-Барановскийді экономикалық цикл проблемасын байыпты түрде қарастырған алғашқы зерттеушілердің бірі деп есептеді). Циклдық даму туралы А.Шпитгоф идеясының ең басты ерекшеліктері бірін-бірі ауыстырып отыратын цикл фазаларын экономикалық, әлеуметтік тіпті психологиялық факторлармен түсіндіруге талпынуда жатыр. А.Шпитгоф идеяларын оны қолдаушылар өз еңбектерінде одан әрі дамытты.

Мысалы, белгілі швед ғалымы Г.Кассель экономикалық циклдарды саясаттағы өзгерістерден, ақша айналымындағы берекесіздіктерден, тарифтегі тәртіпсіздіктерден және экономикалық процеске мемлекеттің араласуы қажеттілігінен тыс қарастыруға болмайтындығын көрсетті. Т.Вебленнің еңбектерінде экономикалық цикл ақша айналымы мен несиеге байланысты ерекше құбылыс деп бағаланады. Ол экономикалық циклды өндірістен тыс пайда мен баға арқылы түсіндіріп, циклды несие алушыға ұтыс әкелетін рыноктық экономиканың қалыпты жағдайы деп санады.

Экономикалық циклды зерделеуде өзінің ерекше пікірі бар оқымысты, Т.Вебленің шәкірті американдық У.Митчелл болды. Ол экономикалық циклды жасанды конструкция, жеке-дара деректерді бір кестеге біріктіру деп қарастырды. Экономикалық құбылыстардың нақты деректерін зерттей келе оларға тек қысқа мерзімді (40 ай) циклдар тән, ал қалған толқулар ретсіз, ешқандай заңдылықтарға бағынбайтын, сондықтан қатал талап тұрғысынан бұлар экономикалық циклдарға жатпайды деген қорытындыға келді.

Дж.М.Кларк экономикалық циклды күнделікті бақылау арқылы ғана зерттеп қоймай, оны таза теориялық жағынан да қараастыруға тырысты. У.Митчелдің нақты деректерін пайдалана отырып Дж.М.Кларк «Экономикалық циклдағы факторлар» деген кітабында бұл процестің ішкі заңдылықтарын анықтап және түсіндіруге талпынды. Кларк соғыстардың, ғылыми-техникалық прогресс толқындарының бастапқы сыртқы факторларын анықтап, олардың экономикалық жүйе қозғалысына қарқын беретіндігін көрсетті. Дж.М.Кларктың ойынша екінші қайтара факторлардың әсері басымырақ, өйткені олар экономикалық жүйенің ішкі факторына қатысын білдіреді. Бұл жаңалық цикл фазасын ғылыми болжауға мүмкіндік берді. 1929-1933 жылдардағы жойқын дағдарыс оны алдын ала болжауды місе тұтпай, сонымен қатар дағдарысты реттеу тұжырымдамасын жасауды күн тәртібіне қойды.

Белгілі ағылшын экономисі Дж.М.Кейнс 1936 жылы жарық көрген «Жұмыспен қамту, процент және ақшаның жалпы теориясы» атты кітабында экономикалық циклдың басты белгілерін анықтады. Ол: ауытқудың уақыты мен ұзақтығы жағынан қайталанып отырады және олар капиталдың шекті тиімділігінің ауытқу механизмімен байланысты деген қорытындыға келді. Дж.М.Кейнстің пікірінше экономиканың циклдық дамуы – экономикалық жүйені дамытатын күштердің қорланып, олардың бірін-бірі күшейтуі. Бірақ олар бірте-бірте әлсірейді де, басқа күштер жанданып, қарама-қарсы бағытта әрекет етеді. Өз кезегінде қарсы әрекет ететін қүштер белгілі уақыт ішінде нығайып, олардың әсері күшейеді, бірақ олар да өз тегіне жеткеннен кейін жаңа қарама-қарсылықтарға орын береді. Экономикалық дамуды жоғарылататын немесе төмендететін тенденциялардың ұзақтығы мен ауысуының реттілігін көрсеткен, Кейнс циклдың объективтігін жоққа шығаруға тырысты, сөйте тұра оны субъективті фактордың жемісі деп те есептеген жоқ.

Оксфорд университетінің  профессоры Дж.Хикс «Экономикалық цикл теориясына кіріспе» деген еңбегінде Кейнс теориясын едәуір толықтырды. Кейнс тұтыну мен инвестиция байланысын мультипликаторлар арқылы ашып, экономиканың циклдық қозғалысына толқынды импульстардың физикалық теориясы мен акселерация принципі тұрғысынан талдау жасады. Дж.Хикстің экономикалық циклдар теориясы мультипликация мен акселерация құбылыстарын талдау негізінде жүргізілген күрделі зерттеу. Бұл құбылыстарды Дж.Хикс циклдың ауытқулары мен дүмпуінің алғышарттары деп көрсетті.

Т.Вебленге қарағанда  Дж.Хикс экономикалық циклды талдау барысында ақша айналымы мен несие сияқты факторларды ескермеді. Дж.Хикстің экономикалық циклды түсіндірудегі ең басты кемшілігі – экономиканың циклдық дамуының маңызды факторларының бірі адам факторын есепке алмады, жоққа шығарады. Осы кемшілік бағыттардың бірі болған марксизм өкілдеріне де тән. Карл Маркс рыноктық капиталистік экономиканың циклдық дамуының объективтік сипатын зерттеді. Циклдың материалдық негізі деп ұдайы өндіріс процесіндегі негізгі капиталдың қызмет атқару кезеңін атап көрсетті. Циклдың және оның фазаларын материалистік тұрғыдан түсіндіру капитализмнің монополистік сатыға дейінгі кезеңін талдауға нанымы болды. Алайда рыноктық экономикасы дамыған елдердегі экономикалық процестерді тек қана өндірістің материалдық негізінің әсері арқылы түсіндіру жеткіліксіз.

Швед мектебінің белгілі  өкілдерінің бірі К.Векселдің пікірі бойынша циклдердің өзіне тән  ерекше қасиеттері бар. Векселдің ойынша өндіріс жылдан-жылға бірқалыпты ұлғайып отырмайды, өйткені халық  санының өсуі мен техникалық прогрестің дамуы бірқалыпты емес.

Техникалық прогреспен адамдар мүддесінің арасындағы алшақтық экономикалық жүйеге көптеген оқыс сілкіністер  әкеледі. Ол адамзат қоғамының ерекшелігіне қарай белгілі ырғақ пен тербеліске түсіп, толқуларға ауысады.

Гарвард университетінен шыққан, көбіне оны американ Кейнсі деп атаған Э.Хансен «Экономикалық циклдар теориясы» деген кітабында циклды күрделі экономикалық құбылыс ретінде қарастырды. Хансен қазіргі кездегі экономикалық шайқалыстардың негізінде технология проблемалары, қоғамның құқықтық құрылымы, өндірісті ұйымдастыру, қорлардың мөлшерден артып кетуі, бір сектордан екіншісіне ауысу кезіндегі тауарлар ағынының кешеуілдеуі деп түсіндіреді. Циклдық дамудың шетелдік зерттеушілерінің ішінен И.Шумпетер мен П.Самуэльсон сияқты көрнекті ғалымдарды атамау мүмкін емес. Шумпетердің экономикалық циклдар проблемасын қараудағы ерекшелігі, ол оны экономикалық өсіп дамумен тікелей байланыста талдайды. И.Шумпетердің ойынша экономикалық циклдың терең тамыры – циклдық қозғалыстың ретсіздігінде жатыр. Сөйтіп ол ғылыми айналысқа үш циклды кесте енгізді, бұл рыноктық экономикадағы барлық құбылыстарды сипаттауға сәйкес келетін көзқарас деп есептеледі. И.Шумпетер бұл циклдарды Н.Д.Кондратьев, К.Жуглар мен Дж.Китчин сияқты ғалымдардың есімдерімен атады. Ал, ол ғалымдар циклдардың ұзақтығын 55,102 жыл және төрт айға бөлді. Шумпетер экономикалық жүйеде барлық үш циклдың өзара байланысы мен өзара тәуелсіздігі көрінеді деп есептеді.

П.Самуэльсон «Экономика» атты кітабында экономикалық циклды жалпы рыноктық экономикаға көшкен барлық елдерге тән деп қарайды. Экономикалық циклдың объективті сипатын мойындай келе, П.Самуэльсон бұл құбылысты оған әсер ететін ішкі және сыртқы факторларды талдау арқылы, оның ұзақтығын әр фазаның көріну ерекшеліктеріне сәйкес зерттейді, ұсынады.

Шетел экономистерінің  циклдық дамудың табиғаты туралы көзқарастарымен тереңірек танысқысы  келетіндерге Селегэменнің «Основные направлерия современной экономической мысли» және Жамстың «История экономической мысли ХХ века» 1968, 1969 жылдарда орысша шыққан басылымдарды ұсынамыз.

Бұрынғы кеңес экономистерінің  ішінен экономикалық циклдар мен  дағдарыстар теориясы туралы Л.Менделисон мен Е.Варга еңбектері белгілі. Жалпы бұл авторларды экономика ғылымының ірі зерттеушілері қатарына жатқызуға болады[2, 213-б.].

Информация о работе Экономиканың циклдық дамуы