Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Октября 2013 в 16:52, курсовая работа
Экономиканың циклдық дамуы тақырыбы - жалпы экономикалық циклдарды және қазіргі Қазақстан Республикасының экономикалық жағдайын зерттеуде өте маңызды және қызықты тақырып болып табылады. Экономикалық циклдың дүниеге келуі көп ғасырларды қамтитын өте күрделі процесстердің бірі. Экономикалық циклдар теориясы, экономикалық өсу теориясымен қатар, халық шаруашылығындағы қозғалысты анықтайтын экономикалық динамика теорияларына жатады.
2.2. Қазақстан экономикасының циклдық дамуының қазіргі жағдайдағы динамикасы
Қазіргі сараптаулар көрсеткендей, экономиканың динамикалық сипаты және өсу мен прогресс талаптары инвестицияларға шығындарды көп мөлшерде қажетсінетін жағдайларда циклдық тербелістерді туындататын орасан зор күштер әрекет ететін болады. Сондықтан, циклды патологиялық жағдай ретінде қарастыруға болмайды. Цикл қазіргі динамикалық экономикаға тән құбылыс. Экономикаға «енгізілген» институционалдық механизмдердің күші тербеліс шектерін тарылтуға ғана жетеді. Сондықтан, тиімді антициклдық бағдарламаның болуы керек.
Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан халқына «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Жолдауын іске асыру үшін Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 12 наурыздағы №765-Жарлығымен бекітілген мемлекет бсшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан халқына «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспары қабылданды. Жолдауды жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспары Жолдаудың барлық ережелерін қамтитын 50 іс-шаралардан тұрады және бағыттар бойынша құралған. Оның іске асырылуы экономиканы ары қарай жаңғыртудың жаңа жоспарын қаржыландыруды қамтамасыз етуге және Халықаралық қордың бұрын бекітілген трансфеттеріне қосымша еңбекпен қамту стратегиясын жүзеге асыруға бағытталған. Мемлекеттік органдар қызметтерінің тиімділігін арттыру бойынша кешенді шаралар қабылданды.
Қазақстанның негізгі экономикалық көрсеткіш динамикасының талдауы соңғы екі жарым жылда, тіпті биылғы жылдың бірінші тоқсанына дейін оның біртіндеп қысқаруын көрсетеді. Бірақ екінші тоқсанда жағдайдың тұрақтылығы және маусым айында кішкене өсу байқалды. 2007 - 2010 жылдардың негізгі мақроэкономикалық көрсеткіштерінің динамикасы экономикалық жағдайдың 2008 - жылдан төмендей бастағанын көрсетеді. Сол жылы өндірістің көлемі нақты секторда және құрылыс пен өнеркәсіпте төмендеді (1-кесте). Сонымен қатар инфляция 2 есе өсті. Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) 2008 - жылда тек 8,9 % ғана өсті, ал 2007 - жылы экономикалық өсу көрсеткіші тағы да қысқарды және енді барлығы 3,2 % - ды ғана құрды. Былтырғы жылдың бастапқы 9 айында инфляция 18 % - дан жоғары болды. Оны тек күзде ғана өзгертіп, желтоқсанда 9,5 % - ға қысқартты. Сондықтан орта жылдық көрсеткіште ол 17,3 % болды, ал бұл көрсеткіш жалақы мен халықтың ақшалай пайдасының төмендеуіне әкеліп соқтырды.
ЖІӨ кеш есептелінетіндіктен экономикалық өсу және төмендеу жағдайының оперативті бағасын қысқа мерзімді экономикалық индикаторға сүйене отырып жасайды. Ол экономиканың негізгі 6 саласының өндіруі мен шығарылуына негізделеді. Олар: ауыл шаруашылығы, өндіріс, құрылыс, сауда, көлік және байланыс. Бұларға ЖІӨ-нің тек 67-68 % - ғана келеді. 2010 жылдың бірінші жартысында бұл индикатор 94,7 % - ды құрды. Соңғы айлардың динамикасын есептей отырып, жарты жылдық көрсеткіштердің қорытындысы бірінші тоқсанда 97,8 % көрсеткен ЖІӨ - нің кішкене өсуінің байқалуы мүмкін.
Өндіріс. Республикалық экономиканың нарықтық өндірісі қысқа мерзімді экономикалық көрсеткіштердің физикалық объем индексінің динамикасымен қоса бірдей өзгеруді нарықтық шешуші салым жасайды. Нарықтық физикалық объем индексі 2008 - жылдың мамыр айында түсе бастады (2-кесте). Егер 2008 - жылдың қаңтарынан сәуіріне дейін бұл көрсеткіштер (2007 - дан бастап) 110 % - дың шамасында болса, мамыр – қыркүйек айларында 103 % - дан аспады, ал шілдеде тіпті өндірістің 2,4 % - ға құлағанын көрдік.
2008 – жылдың қараша мен желтоқсан айларында өндірістің қысқа мерзімді өсу темпіне қарамастан, олар бүкіл 2009 - жылда 2008 – жылдың мамырдағы 105,2 % - нан асқан жоқ. Тіпті 2009 - жылдың қараша мен желтоқсанында және 2010 – жылдың қаңтар – мамырында қайта төмендеу басталды (алдыңғы жылдың аналогиялық периодымен салыстырғанда). Тек 2009 - жылдың маусымында ғана бірінші рет нарықтық өндірістің өсуі, былтырғы жылдың осы айына қарағанда 7 % - на өсті.
Тау - кен өндіріс темпінің төмендеуінің динамикасы 2008 - жылдың ақпанында басталайын деп, 2008 жылдың мамырында 1,2 % - ға төмендегені анық болды. Алдында тағы да өндірістің мөлшері алдыңғы жылы сияқты тұрақсыз болды.
2009 - жылдың 1 - жарты жылында олар кішкене өсті 104,6 % бен (сәуір) 109,6 % - ң (наурыз) аралығында. Бірақ, екінші жарты жылында динамика қайтадан тіпті 2010 - жылдың ақпан, наурыз, мамыр айларына дейін өндіріс төмендей берді. Соған орай сыртқы сұраныс та дүниежүзілік қаржылық кризисқа байланысты қысқарды. Сонымен қатар 2010 жылдың маусымында қайта 11,3 % - ға өскені айқын болды. Бұл жағдайдың жақсаруына үміт береді.
Жалпы 2010 – жылдың бірінші жарты жылдығында тау-кен өндірісінің мөлшері, 2009 - жылдың көрсеткішіне қарағанда 1,8 % - ға көп.
Өндеу сферасында 2008 жылдың қаңтарынан кейін темпінің көрсеткіштері де тағы байқалатындай етіп құлады және тұрақсыз болып кетті. 2009 жылдың тоғыз ай бойы өндірісінің төмендеуі және желтоқсанда ол 16,3 % болды. 2010 жылдың қаңтар – мамыр айларында төмендеу 9 - 13,5 % шамасында болып тұрды. Бірақ маусым айында біз 0,8 % - ға артуын көрдік. Жалпы, бірінші жарта жылдықта өндеу сферасында өндірістің төмендеуі 9,5 % болды. Оның кішкентай сала ішінде тамақ және ішімдік өндірісі ең аз өзгерді. Бұл сала барлық өндеу сфера объемінің төрттен бір бөлігін алып жатыр. Ең үлкен төмендеу химиялық салада (-24,5 %) болды. Ол барлық өнімнің 3,3 % құрайды. Өндеу сферасының ең үлкен болып есептелінетіні металлургиялық өндіріс (38,6%) 10,1 % - ға төмендеді.
Ауылшаруашылық. ЖІӨ-нің (2,7 %) кішкене бөлігіне қарамастан, 2010 - жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша аграрлық сектор (соның ішінде аң аулау, орман шаруашылығы, балық аулау және балық өсіру шаруашылығы) әлеуметтік сферада маңызды рөл атқарады, өйткені мұнда көп экономикада саналатын жалпы халықтың 30 % - дан асатындары жұмыс істейді. Сонымен қоса мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігі бұл шаруашылық саласына тәуелді. Өйткені көп түрлі азық - түлік бар қазақстандық нарық көбінесе отандық өндірістің арқасында қалыптасады. Сонымен қатар кейбір азық-түлік тік тауарлардың ресурстары импорттың арқасында қалыпты. Мысалы, тауық еті (59,9 % - ы импорт) және консервіленген балық (50,5%). Ал ұн, керісінше, шаруашылық өндірісі 2,7 % - ға өсті. Егер өсімдік өсіру шаруашылығында 2,2 % - ға дейін төмендеу байқалса, мал шаруашылығында, керісінше, 3 % -ға өсу болады.
Негізгі капиталға инвестициялар. 2008 – жылдың негізгі капиталына салынған капитал салымдарының көлемі, жалпы, алдыңғы жылдың деңгейіне қарағанда артық болды (әсіресе мамыр айында), бірақ қараша – желтоқсан айларында біршама төмендеді. 2009 - жылдың басында инвестицияның қайта жоғары өсу темптері байқалды, бірақ бұған қарамастан маусым айынан бастап олар өндірістік деңгейге төмендеді (100%), тіпті қараша мен желтоқсанда одан да төмендеді.
2010 - жылдың бірінші жарты жылдық динамикасы мынадай болды: қаңтарда капитал салымдарының көлемі 13,9 % - ға құлады, ақпанда былтырғы жылдың көрсеткіштерінен 5,6 % - дан кем деңгейіне түсті. Алайда наурызда 2,2 % - ға өсу, ал сәуірде, тіпті 36,9 % - ға көтерілді. Бұл экономикаға мемлекеттің араласуына байланысты болды. Келесі айлары (былтырғы жылға қарағанда көрсеткіш кішкене төмендеу болып тұрды).
Құрылыс. Бұл саланың динамикасы 2008 - жылы өте тез төмендей бастады. Маусымда құрылыс жұмыстарының көлемдерінің темпі 125,5 - ға қысқарды (2007 – жылдың сәйкесінше айы, қыркүйекте 83,3 % - ға). Келесі айларда олар біршама ғана өсті. Барлық екінші жарты жылдықта олар 100 % - дан төмен болды.
2010 – жылдың қаңтарында құрылыс жұмыстарының көлемі алдыңғы жылдың деңгейінің тек 82,7 % ғана құрды, ал ақпан айында 94,6 % - н құрды. Наурызда бұл көрсеткіш тағы да өсті, 2009 - жылдың көрсеткішіне қарағанда 10,1 % - ға көп. Бірақ, сәуірде алдыңғы айдың жақсы көрсеткіштеріне қарамастан (46,9 %), ол 2009 – жылдың сәуіріне қарағанда 15,2 % деңгейі төмен болды. Мамырда құрылыс жұмысының төмендеу көлемі 6,9 % құрса, маусымда олар 16,9 % - ға құлады.
Тұрғын құрылыстарының пайдалануға енгізілуінің алғаш байқалып 2008 - жылдың қыркүйек (90,5 % кері 119,1 % тамызда) және өзінің құлауын келесі айларда жалғастырды. Егер 2009 - жылдың қаңтарында ол әдеттегідей жоғары деңгейде болса (130,7 %), содан кейін жылдам түсе бастады, сәуірде тек 79,3 % - н ғана құрды. Бұл қиын тенденциялық жағдайда 2009 - жылдың екінші жарты жылдығында ғана құтылуға мүмкіншілік пайда болды, өйткені тұрғын құрылыстарының пайдалануға енгізілуі жақсарды. 2010 - жылда бұл көрсеткіш тқрақсыз динамикада болды. Қаңтарда ол 2009 жылдың қаңтарының деңгейінен 3 - бөлігінен аз болды. Ал ақпанда 5 - тен 1-не жоғары. Наурызда тұрғын құрылыстарының пайдалануға енгізілуі 2009 ж-ң көрсеткішіне тең болды (99,1 %). Сәуірде төрттен біріне алдыңғы жылдың көрсеткіштеріне қарағанда жоғары. Мамырда және маусымда өсудің темптері 2 есе аз болды.
Бөлшек тауар айналымы. Барлық 2008 жыл бойы бөлшек тауар айналымының физикалық объем индексы жеткілікті жоғары деңгейде болды (орташа өсу 10,1 %). Бұл халықтың нақты кірістерімен байланыс жасайды. Олар орташа алғанда ай сайын былтырғы жылдың көрсеткіштеріне қарағанда 19,3 % - ға жоғары.
2008 жылдың деңгейімен салыстырғанда 2009 – жылдың бөлшек тауар айналымы нақты түрде тек 3,6 % жоғары болды. Бұл 3,3 % өсу пайызы көрсеткен нақты ақшалай кіріспен сәйкес келеді. 2010 жылдың қаңтар айында бөлшек тауар айналымы былтырғы жылдың деңгейінен 0,1 % төмен, ал содан кейін тенденциялық біртіндеп құлдырау тіпті 84,5 % болды.
Инфляция, нақты кірістер мен жалақы. Жылдың аяғында 18,8 % құраған инфляция 2008 - жылдың екінші жарты жылдығында байқалатындай етіп те бастады. 2009 жылда 8 ай бойы ол 18,7 – 20,1 % пайыз деңгейінде тұрды да (2008 жылдарға қарағанда), содан кейін төмендей бастады. Желтоқсан айында 9,5 % -ға жетті. 2010 жылы қаңтар – сәуір айларында инфляция 8,7 – 8,9 % деңгейінде, ал одан кейін ақырындап, маусымда 7,6 % - ға дейін құлады. Орташа алғанда, бірінші жарты жылдықта ол 8,5 % құрды.
Инфляция биік нәтижесінде халықтың нақты ақшалай кірісі 2009 - жылда 3,3 % - ға көтерілді, 2008 - жылы өсу 18,9 % құрды.
Ал нақты жалақыға келсек, 2008 - жылы ол 16,1 % өссе, 2009 - жылы ол 2,5 % - ға төмендеді.
Еңбек нарығы. Еңбек ететін халықтың саны 2010 - жылы екінші тоқсанда 7896,6 мың адам құрды және бұл бірінші тоқсанға қарағанда 0,8 %- ға, ал 2010 – жылдың екінші тоқсанына қарағанда 0,4 % - ға көп. Жұмыссыз адамдар саны халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) есептеуіне байланысты 2010 - жылдың маусым айында 559,2 мың адам немесе экономикалық белсенді халықтың 6,6 %-н құрды. Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту мүшелігінде жұмыссыз адам ретінде 92,8 мың адам тіркелді[5,42-46 б.].
Қорытынды
Көптеген экономистер
Отандық экономистердің көбі Қазақстандағы экономикалық дағдарысты әдеттегі циклдер теориясы арқылы дәлелдеуге мүмкін еместігін мойындайды. КСРО-да экономикалық өсу қарқынының төмендеуі ХХғ. 70-ж. екінші жартысынан бастап байқалған. Өйткені елді басқарушылар бұрынғыша ауыр және шығарушы өнеркәсіптің шапшаң дамуын қолдап, ресурс пен қуат үнемдейтін салаларға және жоғары технологиялық өндіріске жетімсіз назар аударды. Елдің экономикалық дамуының бәсеңдеуіне нарықтық қатынастармен есептеспеу және меншіктің мемлекеттік формаларын қолдау елеулі әсер етті. Ал ұлттық экономиканың нағыз құлдырауына 1990ж. кейін жүргізілген «ес таныту терапиясы» әкеліп соқты. Осы жағдай өнеркәсіптің барлық салаларын жаппай құлдыратты. Осы мәселе туралы отандық экономистердің көзқарастарын екі ірі топқа бөлуге болады: радикал-либералдарға және градулистер-консервативтер (gradual-бірте-бірте). Радикал-либералдар экономикада және барлық қоғамда тез, батыл жүргізілетін жүйелік, институционалдық өзгерістер жүргізуді, мемлекеттік-әміршіл-бөлу құрылымдарын жоюды талап етеді. Олар осы жағдайда монетарлық концепцияларды мақұлдайды: алдымен бағаны ырғақтандыру, баға жүйесін құру. Бұл өндірушілер мен тұтынушыларға қанша өндіру керек, не сатып алу керек, өндіріс пен тұтынудың тиімділігі критериіне сәйкес ресурстарды қандай бағытта қолдану керектігі туралы мәлімет жеткізеді. Монетаристер ақша массасын, мемлекеттік несие мен субсидияларды қатал реттеуді, бюджет тапшылығы инфляцияның маңызды себебін төмендетуді немесе мүлде жоюды талап етеді. Қаржылық тұрақтылық дағдарысқа қарсы саясатпен салыстырғанда алғашқы (біріншілік) сипатта болады деген тұжырым осыған байланысты пайдаланылады. Экономикалық ой-пікірдің осы бағыты ұсынған «ес таныту терапиясы» маңызды үш құрамнан тұрады: біржолғы бағаның ырғақтануынан, қатал несие-ақша саясатынан, қарқынды жаппай жекешелендіруден. Радикалдық либералдар Қазақстанда тоқыраудың созылып кеткендігін реформаның радикалдық дәреженің жетімсіз болуынан деп дәлелдейді. Градуалистер-консерваторлардың позициясы бұған нақты қарама-қарсылықта деуге болады. Олар нарыққа бұрынғы құрылымдардың көбін сақтап, бірте-бірте үлкен сақтықпен асықпай көшу қажеттігін талап етеді. Бұлар көбінесе кейнстік концепцияға сүйене отырып, мемлекеттің экономикаға үлкен жауапкершілікпен тікелей кірісуін, мемлекеттік секторды қолдауын жоспарлауын қажет деп есептейді. Градуалистер Қазақстан экономикасының созылып кеткен «науқасын» өндірістің жаппай құлдырауымен, оның шикізат өндіруге бағытталуымен, отандық тауарлардың көбінің ішкі нарықты жоғалтып алуымен дәлелдейді.
Сонымен, экономиканы ациклдік реттеудің батыстық үлгілерін Қазақстанда қолдану мүмкін емес, өйткені олар басқа мәселелер шешуге бағытталған. Қазақстандағы экономикалық өзгерістерді жүргізудің күн тәртібінде нарықтық дамудың кемелденген дәрежесіне көшу емес, нарықтық механизмнің негізін қалау болып табылады. Бұл алдымен жеке меншік иесі ретінде өндірушілерді қалыптастыру, тіпті мемлекеттік кәсіпорындардың өзін нарықтық агент етіп, бәсекелік орта құру, инфрақұрылымды оларға қажетті дәрежеге көтеру мәселелері жатады. Естен шығармайтын мәселе, нарықтық механизмдерді қалыптастыру үшін информация-ақпарат нарығының, тұрғын үй нарығының жетілген формалары қажет.
«Макроэкономика» пәнінен курстық жұмысты орындауына ұсынылатын әдебиет тізімі
Негізгі әдебиет
Қосымша әдебиет: