Умк Ұйым экономикасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Сентября 2013 в 19:04, реферат

Описание работы

Экономика- бұл тауарлар мен қызмет көрсетулерді өндіру,бөлу,сату және пайдалану жөніндегі қоғамдық ғылым, яғни адам қызметінің саласыболып, адамдардың қажеттілігін қанағаттандыруға қызмет етеді және барлық экономикалық ғылымдардың жалпы объектісі болып табылады. Шаруашылық өміріндегі көкейтесті , ең маңызды процестерді танып білу және реттеу бағытында көптеген экономикалық ғылымдардың ішінде теориялық және қолданбалы экономиканы бөлуге болады. Осылардың жиынтығы қысқаша «Қазақстандағы экономика», ал батыста- «Экономикс» деп атайды.

Содержание работы

1. тақырып. ҚР-ның экономикасына сипаттама
Дәріс мақсаты:
1. Кәсіпорын экономикасына түсінік беру
2. Басқа да экономикалық ғылымдармен байланысы
3. Пәннің мазмұнын ашу.
4.ҚР-ның экономикасына сипаттама беру
Дәріс жоспары:
1.Кәсіпорын экономикасы пәні және оның мазмұны.
2.Кәсіпорын экономикасы және басқа да экономикалық ғылымдармен байланысы
3. Пәннің мазмұны.
4.ҚР-ның экономикасына сипаттама.
Негізгі түсінік:
Кәсіпорын
Айналыс қоры
Өндіріс
Өнімділік

Файлы: 1 файл

УМК Кәсіпорын экономикасы.doc

— 607.00 Кб (Скачать файл)

       Кәсіпкердің  мүддесі нақтылы тауар өндірісінің тиімділігін шектесе, сыртқы нәтиже қршаған табиғи ортаның ластануымен, шикізаттардың қайта өндірілмейтін және басқа да қорларын орынсыз пайдаланумен, сондай – ақ қалдықсыз технологияны ұймыдастырудың жеткіліксіздігімен сипатталады. Мемлекет сыртқы бақылаушы қалпында бола алмайды, сондықтан келесідей 3 бағытты жүзеге асыруға мәжбүр болады:

а) ағымдағы және болашақтағы  табиғатты қорғау шараларын қаржыландырудың  орталықтандырылған көздері есебінен жүргізу.

ә) шаруашылық жүргізуші  субъектілер іс - әрекетінің сыртық нәтижесі алдын – ала бекітілген ережелер мен мөлшерден артық кететін болса, оларға әкімшілік – құқықтық шектеулерді бекіту.

б) табиғатта тиімді пайдалануды  ынталандыратын механизмді  жасап  дайындау және бақылау.

       Нарықтық  экономикасы дамыған елдер тәжірибесі трансакциялық шығындардың сипатты әлеуметтік  объективтілігімен нарық субъектілерінің өзара сауда айырбас келісіміне мемлекеттің араласу қажеттілігін тудырғандығын дәлелдейді. Мысалы: егер келісім барысында екі табыс өзінің абсолютті мөлшелері бойынша трансакциялық шығындар көлемінен аз болатын болса, онда мұндай келісім өзінің экономикалық мағынасын жояды.

3. Мемлекеттіқ реттеудің ғылыми тұжырымдамасын анықтайтын негізгі  ережелер:

  1. Меншіктің мемлекеттік және жеке түрлерінің болуы, сондай – ақ макро және микроэкономиканың болуы объективті  түрде шаруашылық қызметін үйлестірудің жоспарлы және  нарықты модельдерін пайдалану қажеттілігін білдіреді.
  2. Макроэкономикалық  реттеу барысында үкімет қызметтерінің бағыттары, қағидалары айқын қадағаланып отыруы керек, өйткені олай болмаған жағдайда бұл істің тікелей және болашақтағы нәтижесін болжау қиынға соғады.
  3. Құрылымдық – инвестициялық  саладағы реттеу әрдайым халық шаруашылықтың интеграцияның ең жоғарғы деңгейінде жүзеге асыратындықтан, ол макроэкономикалық тиімділік көрсеткіштерінің жоғарылуына бағытталғандығы өте маңызды.
  4. Құрылымдық – инвестициялық саланы макроэкономикалық реттеу тұжырымдамасының негізін тек қана өз қорлармыздың есебінен  емес, сондай – ақ шетелдердің технологиялық  инвестициялары есебінен республика халық шаруашылығының ғылыми – техникалық базасын сапа жағынан жетілдіруге бағытталуы керек.
  5. Макроэкономикалық тәсіл ұлттық республикалардың әлемдік шаруашылық жүйесінің мәселесін шешу үшін қажет.

       Қазақстанның  сыртық экономикалық байланыстарын жалпы мемлекеттік деңгейде реттеуде басымды, артықшылықты сипаттағы мәселелер төмендегідей болып табылады.

  • сырттан желінетін өеімді алмастыратын өндірісті әсіресе “технологиялық” ивестицияларды тартуды ныталандыра  отырып кеңейту.
  • Табиғи шикізаттарды сыртқа шығарудың ұлғаю болашағының жоқтағын ескере отырып, бәсекелестік қабілеті бар дайын өнімді сыртқа шығару ісін мемлекеттін қолдауың тұрақты жүйесін жасау.

Ұсынылатын  негізгі әдебиеттер:

1. Экономиканы мемлекеттік  реттеудің өзекті мәселелері. Ж.О.Ихданов, Ә.О.Орманбеков. оқу құралы Алматы, экономика-2000.

2. Экономикалық теория  және нарықтық қатынастардың  қалыптасуы. Оқулық. Журнал Ақиқат,1996 ж. 21-бет.

3. Экономикалық дағдарыс: сипаты, себептері, шығу жолдары.Журнал, Ақиқат, 1993ж. 64-бет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3-тақырып.Кәсіпорын-басқарудың шаруашылық объектісі ретінде

Дәріс мақсаты:

  1. Кәсіпорын-басқару объектісі ретінде

    2. Кәсіпорынды  ұйымдастыру нысандарын көрсету

    3. Кәсіпорынның  стратегиясын қалыптастыру

Дәріс жоспары:

 1. Кәсіпорын – басқарудың жүйелік объектісі

 2.Нарықтық  жағдайда  кәсіпорындар шаруашылық қызметінің ерекшеліктері

 3.Кәсіпорынның ұйымдастыру нысандарының түрлері.

 4. Кәсіпорынның стратегиясы және оның қалыптасуы

Негізгі түсінік:

Кәсіпорын

Акционерлік кәсіпорын

Жалгерлік кәсіпорын

Жедел тамақтандыру кәсіпорыны

Венчурлік кәсіпорын

Мемлекеттік сектордың  кәсіпорыны

Үй қожалықтары кәсіпорыны

Жеке дара кәсіпорыны

Жабық  кәсіпорыны

Шетелдік кәсіпорыны

 

      1.Экономиканың қайсысы болмасын өндірістен,экономикалық өнім жасаудан құралады.Өндіріссіз тұтыну болмайды,тек шығарылған өнімді ішіп-жеп қою  болады.Атап айтқанда,кәсіпорын өнім шығарады,жұмыстар мен қызмет көрсетеді,яғни тұтыну және ұлттық байлықты молайтудың негізін қалайды.

Өндірістік  кәсіпорын ішкі орта


                                                                                


                                                                                     Қызмет қорытындысы 


 

 

 


                                                              


 


 

 

 

 

 

 

          Қаншалықты кәсіпорын тиімді  жұмыс істейді,оның қаржылық жағдайы  қандай екені экономиканың барлық  саулығына және мемлекеттің индустриялдық  қуатына байланысты болады.Оның  негізгі белгілері мыналар:

  • Ұйымдық бірлік:кәсіпорын – бұл белгілі түрде ішкі құрылымы және басқару жөнімен ұйымдасқан ұжым;
  • Белгілі түрде өндірістің құрал кешені:кәсіпорын пайданы барынша көбейту мақсатында экономикалық игіліктерді өндіру үшін эконмикалық ресурстарды  

біріктіреді;

  • Мүліктің жекеленуі: кәсіпорынның өзінің мүлкі болып,белгілі бір мақсатқа жеке пайдаланады;
  • Мүлік жауапкершілік: кәсіпорын түрлі жағдайға сай өзінің барлық мүліктеріне толық жауапкершілікте болады;
  • кәсіпорын дара басшылықты болжайды,басқарудың тікелей әкімшілік формасына негізделеді;
  • шаруашылық айналымына жеке атынан шығады;
  • оперативті – шаруашылық және экономикалық дербестік: кәсіпорын жеке өзі түрлі мәмілелерді және операцияларды жүзеге асырады,пайдасын өзі алады немесе зиян шегеді,пайданың есебінен қаржы жағдайын және өндірісті одан әрі  дамытуын жақсартады.

  Өндіріс  жоспарлы немесе әкімшіл-әміршілдік  экономика жағдайында мына тәсілмен  жұмыс істейді:


 


 

  Бұл тәсілде  ең негізгісі – ресуртар,атап  айтқанда,олар шектеулі өнім шығарылымының  көлемі болып саналады.Сонымен,жоспарлы  экономика жағдайында кәсіпорында өнім шығарылымының көлемі мемлекеттің оларды қажетті ресурстармен қамтамасыз ету мүмкіншілігіне байланысты болады.

   Қазақстан  кәсіпорындарының нарықтық қатынастарға  өтуіне байланысты бұл жөніндегі  жағдай түбірімен өзгереді. Кәсіпорындар бүгінде бүтіндей қарама – қарсы

басқа  тәсілде  жұмыс істеуге мәжбүр болды:


 

 

   Бұл тәсілде  негіздегі – сатып алушылардың  сұранысы , (үтір) яғни өзінің өмірін  өткізу.Ол үшін нарық жағдаятын  ,(үтір)сатып алушалдардың сұрау  салуларын,(үтір)

нарық сыйымдылығын,әлеуметті  бәсекелес өнімдері сипаттылығының және т.б. нарықтық экономика үшін сипатталатын сұрақтарын үйрену қажет.

   Жасыратыны  жоқ көптеген отан сүйгіш бауырларымыз  кәсіпорындар түрлі  себептермен  атылып кетеді және де аталған  тәсілмен жұмыс істеуге қабілетсіздігін көрсетті және де дайын емес еді,олардың ішінде кәсіпорындардың басшылары жаңа тәсілге,ал кейбіреулері өтіп жатқан қайта құру реформасының маңыздылығына түсінбеді,амал қанша,қайтадан жоспарлы экономика дәуіріне қайтып келуіне үміттенді және күтті де.

  • КСРО-ның ыдырауы өндірістік және кооперативтік байланыстардың бұзылуына әкеліп соқтырады;
  • Нарықтық қатынастарға өту инфлияцияға және шектен тыс инфляцияға жалғасып,кәсіпорынның  тұрақты жұмыс істеуіне,әсіресе оларды айналым қаражаттарымен қамтамасыз етуге айтарлықтай жағдай жасалмады;
  • Көптеген отандық кәсіпорындардың өнімдері бәсекеге жарамсыз болды;
  • Көптеген кәсіпорындар әлі де болса нарықтық қатынастарға бейімделе алмады;
  • Қазақстан рыногындағы импорттық тауарлардың молықтырылуы аз болды;
  • өтпелі кезеңде мемлекет Қазақстандағы өркениетті нарықтың жұмыс істеуіне қажетті жағдай жасай алмады.

Міне,осы және басқа да себептер ақырында көптеген кәсіпорындардың қаржы жағдайын нашарлатуға және еліміздің экономикалық дағдарысты ұзартуға әкеліп соқтырды.

  Өтпелі кезең  біздің республика үшін тек  жағымсыз салдармен ғана емес,сонымен  қатар кейбір оңды мезеттермен  сипатталады.Атап айтсақ:

  • кәсіпорындар бірте-бірте рынокқа бейімделіп,шынында сатып алушылардың мұқтажын қанағаттандыра алатын өнімдерді өндіре бастады;
  • көптеген кәсіпорындар инфляцияның құлдырауы жағдайында өндіріс шығындарын азайту,өнімдерді өткізу,оның сапасын жақсарту – қаржылық сәттілікті дұрыс шешудің бірден бір жолы екенін түсіне бастады;
  • рыноктар тауарлар мен толықтырылып,кейбір экономикалық салаларда кінәрәтсыз бәсеке пайда болды.   Кәсіпорынға басшылық ету әдістері нарықтық экономиканың даму дәрежесіне сәйкес болуға тиіс.Олардың өзгерусіз,бір орында қатып қалуына болмайды. Кәсіпорынды басқару икемді,әрқашан басты мақсатқа жетуге және сонымен бірге әрбір нақты кезеңнің ерекшеліктерін ескеріп отыруға тиіс. Кәсіпорынға басшылық етудің міндеттері де практиканы терең зерттеудің негізінде өндірістің одан әрі дамуын тенденциясын анықтап,бұл дамуды шапшаңдату үшін өндіріске әсер  етудің сол кезең үшін аса маңызды экономикалық тұтқаларын пайдалану болып табылады.

        2. Жоғарыда айтылғандай,кез келген кәсіпорынның нарықтық жағдайдағы ең маңызды мақсаты - өз жұмысындағы қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету.Бұл мақсатқа күрделі жолы,сонымен қатар, пайда табуды тұрақтандыру,ал бұған жету оңай мәселе емес.

Кәсіпорынды дамытудағы стратегиялық басқару


    


 

 

 

 

 

 


     

      


      

  • Ғылыми зерттеулер
  • Жобалау,құрастыру
  • Дайындау
  • Жөндеу және жаңғырту
  • Бақылау және жарамсыздықтан сақтандыру
  • Қызмет көрсету
  • сақтау
  • тасу
  • кәдеге жарату
  • қалыпқа келтіру
  • уақытша тоқтатып қою және бумалау
  • тазалау залалсыздандыру
  • қауіпсіздікті алдын алу
  • басқару

 

   Кәсіпорын, егерде  өзінің жұмысында белгілі бір  принциптерге сүйенсе және қажетті  бернесін орындаса, алдына қойған  мақсатына жетеді.Осыған орай  кәсіпорындардың негізгі міндетіне  жататындар:

  • жоғарғы сапалы өнімдер өндіру,оларды жүйелі түрде жаңалау және қолда бар өндірістік мүмкіншіліктеріне,сұраныстарына сай қызмет көрсету;
  • өзара алмасушыларын ескере отырып,өндірістік ресурстарды ұқыпты пайдалану;
  • ғылыми-техникалық жетісіп қалыпсыңдар мен озық тәжірбиені,еңбекті ұйымдастыру және басқаларды өндіріске кеңінен енгізу;
  • өздерінің қызметкерлеріне жағдай жасау,олардың сыныптамаларының өсуін және еңбектерін үлкен маңыздылығы,олардың тіршілік деңгейлерін арттыру еңбек ұжымдарыда қолайлы саяси-психологиялық ахуалды жақсарту;

       3.Қазақстанда «Меншік туралы»Заңға сәйкес кәсіпорындар мемлекеттік, және жеке меншіктің, сол сияқты меншіктің аралас нысаны түрінде құралы және іс істей алады.

Мемлекеттік кәсіпорындар- мұнда негізгі құралдар мемлекеттің меншігі нде болады. Мемлекеттік органдардың қарамағында болатын кәсіпорындарды қазыналық деп атайды.

Мемлекеттік холдинг-компаниясы- Холдинг деп үлкен корпорациялардың ортақ мүдделерінің сақталуына акциялардың бақылау пакеті арқылы біріңғай бақылау жасауды айтады. Алғашқы кезеңде Қазақстанда мемлекеттік акционерлік кәсіпорындарды құрылғанда халық шаруашылығы саласында көптеген холдингтер көріне бастады.

Информация о работе Умк Ұйым экономикасы