Умк Ұйым экономикасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Сентября 2013 в 19:04, реферат

Описание работы

Экономика- бұл тауарлар мен қызмет көрсетулерді өндіру,бөлу,сату және пайдалану жөніндегі қоғамдық ғылым, яғни адам қызметінің саласыболып, адамдардың қажеттілігін қанағаттандыруға қызмет етеді және барлық экономикалық ғылымдардың жалпы объектісі болып табылады. Шаруашылық өміріндегі көкейтесті , ең маңызды процестерді танып білу және реттеу бағытында көптеген экономикалық ғылымдардың ішінде теориялық және қолданбалы экономиканы бөлуге болады. Осылардың жиынтығы қысқаша «Қазақстандағы экономика», ал батыста- «Экономикс» деп атайды.

Содержание работы

1. тақырып. ҚР-ның экономикасына сипаттама
Дәріс мақсаты:
1. Кәсіпорын экономикасына түсінік беру
2. Басқа да экономикалық ғылымдармен байланысы
3. Пәннің мазмұнын ашу.
4.ҚР-ның экономикасына сипаттама беру
Дәріс жоспары:
1.Кәсіпорын экономикасы пәні және оның мазмұны.
2.Кәсіпорын экономикасы және басқа да экономикалық ғылымдармен байланысы
3. Пәннің мазмұны.
4.ҚР-ның экономикасына сипаттама.
Негізгі түсінік:
Кәсіпорын
Айналыс қоры
Өндіріс
Өнімділік

Файлы: 1 файл

УМК Кәсіпорын экономикасы.doc

— 607.00 Кб (Скачать файл)

Біздің республикада жеке меншік секторы мына төмендегі  бөлімшелерден тұрады:

  • Жеке ксәіпкерлік;
  • Толық серіктестік;
  • Коммандиттік (сенімгерлік) серіктестік;
  • Жауапкершілігі шектеулі қоғам;
  • Қосымша жауапкершілігі шектеулі қоғам;
  • Ашық акционерлік қоғам;
  • Жабық акционерлік қоғам;
  • өндірістік кооперативтер.

Жеке  кәсіпкерлік- бұл жеке кәсіпкерліктің ең жай нысаны, мұнымен айналысуға әрекетті әрбір азаматтың құқығы бар.

Толық серіктестік- екі немесе одан да көп тең құқықты адамдардың ұйымдасқан шаруашылық қоғамының бірлестігінің түрі. Олар кәсіпкерлік қызметі жүзеге асыру үшін бірігіп, жасасқан шарт негізінде өз мүліктерімен қоғам алдында жауапты болады. Толық серіктестіктің мүлкі оның қатысушылардың үлес пай жарнасы негізінде (ақшалай және басқа түрде) қалыптастырады.

Коммандиттік (сенімгерлік) серіктестік – шаруашылық қоғамдарының бір түрі. Оған шарт жасасу негізінде екі, одан да көп кісі біріге алады. Алайда олар мүлікке деген жауапкершілігіне қарай екі топқа бөлінеді. Бірінші топқа жататындар толық үлесшілер (пайшылар) немесе коммандиттік серіктестіктің толық мүшелері деп аталады. Олар қоғамның борышы үшін өз мүліктерімен толық жауап береді. Ал коммандиттер, сенім бірлестігіндегілер деп аталатын екінші топтағылар қоғамға қосқан жарнасы көлемінде жауапты.

Жауапкершілігі  шектеулі қоғам-кәсіпкелік қызметті жүзеге асыру үшін екі, одан да көп адамды біріктіретін қоғамның түрі. Жауапкершілігі шектеулі қоғамның оның мүшелері есебінен жиналған жарғы қоры бар. Жауапкершілігі шектеулі қоғам жабық қоғам, яғни қоғам мүшесі өз үлесін қоғамның басқа мүшелерінің келісімімен басқа адамға немесе үшінші кісіге бере алады. Қоғам акциялар шығармайды. Мұның өзі қоғам мүшелеріне сырт жақтан қаржы тарту мүмкіндігін шектейді.

Қосымша жауапкершілік жүктелген қоғам- қатысушалардың жарғылық қорға өздерінің міндетті салымдармен жауап беретін қоғам, ал бұл қаражаттардың жетіспейтін кезінде – қосымша өздерінің мүліктерімен салған салымдарының үйлесімді мөлшері.

Ашық  акционерлік қоғам – бұл заңдық құқы, жарғысы бар қоғам. Ол рұқсат ету жолымен құрылады, акцияда бірден үлесі бар, белгілі мөлшерде бір бөлшектенген негізгі капиталы болады. Олардың негізгі капиталы акцияларға бөлінеді. Акцияның ақшалай сомасы негізгі капитал көлеміне сай болуы керек.

Жабық акционерлік қоғам – ашық акционерлік қоғамнан акцияларды таратудың ерекше әдісімен өзгеше. Оның мәні акционерлік қоғамның акциясын сатып алуды акционер басқалармен     салыстырғанда артық құқыққа ие болады. Міне, осыдан барып, акционерлік қоғамның өнеркәсіпте, сауда да, банк және сақтандыру жүйесінде, экономиканың басқа да салаларында кеңінен дамуына әсер етеді.

Өндірістік  коператив- бұл қоғамның қызметі принципінде табыс табу емес, қоғам мүшелеріне көмек етіп, ықпал жасау. Кооператив кәсіпкерлік нысанына тән жағдай, оның мүшелерінің сол кооперативпен тығыз байланыс орнатуында. Кооператив- ол заңды иегер.

      4.Нарықтық қатынастар жағдайында қоршаған ортадағы өзгерістер жылдамдығы, сондай ақ осы өзгерістерден туатын қосымша мүмкіндіктер тұрақты өседі. Снодықтан, кәсіпорынның стратегиясы осы өзгерістерден артықшылықтар алу мүмкіндігін шаруашылықты жүргізу үшін барлық қосымша мүмкіндіктерді қамтитындар болуы керек.

Кәсіпорынның мақсаты  оның қызметінің соңында қандай нәтижені көздейтінін көрсетсе, стратегиясы осы нәтижеге жету жолдарын, бағыттарын анықтайды. Әрбір кәсіпорынның стратегиясы өзгеріп отырған нарық жағдайын ескеріп, кәсіпорынға жаңа шешімдер қабылдауға еркіндік береді.

Кәсіпорынның стратегиясы оның нақты жағдайына қызмет ету ерекшеліктеріне тікелей байланысты. Бірақ барлық кәсіпорындар стратегиясын анықтау барысында мынадай мәселелерді шешкені жөн:

  1. Қандай өндірісті тоқтату керек?
  2. Қандай өндірісті жалғастыра беру керек?
  3. Алдағы уақытта қандай өндіріске көшу қажет?

Кәсіпорынның нарықтағы  іс- әрекетінің негізгіи үш бағыты бар:

  • өндіріс шығындарын барынша азайту. Өндіріс шығындары неғұрлым аз болған сайын кәсіпорын өз өнімінің бағасын бәсекелестерге қарағанда төмендете алады. Соның нәтижесінде бұл өнімнің нарықтағы үлесі артады. Бұл үшін кәсіпорын стратегиясы жоспарлағанда өндрісті және жабдықтауды жақсарту шараларын жаңатехнологияны игеруді, өнімнің өзіндік құнын арзандату жолдарын қарастырады: 

 

  • өнім өндіруде мамандандыруды жоғарылату. Бұл бағыттың негізгі мақсаты- өндіріс өнімнің сапасын жақсарту, тұтынушылар бағасы жоғары болса да, сапалы өнімді таңдайды. Сондықтан да бұл бағытты таңдаған кәсіпорындақалай да өз өнімінің сапасын жоғарылатуды көздейді. Бұл үшін жақсы дизайнерлер, жақсы дамыған маркетинг жүйесі болуы керек:

 

  • кәсіпорын өз қызыметін нарықтың белгілі бір бөлігіне ғана арнайды. Бұл бағытты таңдаған кәсіпорын нарықтағы бір өнім түріне деген сұранысты зерттеп, соған сай өндірісті ұйымдастырады, яғни ос<span class="dash041e_0431_044b_0447_0

Информация о работе Умк Ұйым экономикасы