Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Сентября 2012 в 05:20, автореферат
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев БҰҰ ДТҰ-ң Бас Ассамблеясының 18-ші сессиясында әлемдегі жалпы өнім көлемінің 10%-н туризм саласындағы кіріс құрайтынын, туризм саласындағы бизнес әлемі барлық мемлекеттің 800 миллиардтан астам долларын салықтық түсімдермен қамтамасыз ететіндігіне тоқтала отырып, қазіргі уақытта Еуропа мен Азиядағы 14 миллионға жуық туристер таяу уақытта Қазақстанда болуды жоспарлап отырғандығын, әсіресе, Германия, Ұлыбритания, Қытай, Жапония және АҚШ елдерінде біздің елімізге қызығушылық байқалатындығын атап өткен.
Диссертациялық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Қазақстан үшін туризмнің дамуы қазіргі таңда өте маңыздылығын Президент Н.Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан 2030» Бағдарламасы негізінде халыққа жолдауында атап өткен. Осы бағдарлама бойынша 2010 жылға дейін өзінің мүмкіндіктері мен бәсекеге қабілеттілігі тұрғысынан перспективті салаларға ауыл шаруашылығы, орман және орман өңдеу өнеркәсібі, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, тұрғын-үй құрылысы және инфрақұрылымымен қатар туризм де кірген.
Қызмет көрсетудің көптеген ерекше сипаттамаларымен (сезілмейтіндігі, өндіріс пен тұтынудың бір мезгілділігі, сапаның өзгермелілігі, сақтауға болмайтындығы) қатар туристік өнімге өзінің ерекше өзгешеліктері тән және ол туристік фирмалардың маркетингтік қызметін ұйымдастыруда ескерілетін негізгі факторлар болып табылады. Сонымен қатар туристік қызмет көрсетушілерге экономикалық, саяси, табиғи, әлеуметтік-мәдени және т.б. факторлар да әсер етеді. Тұрақты нормалар, әлеуметтік ереже, рухани құндылықтар жүйелері, адамдардың табиғатқа, еңбекке, спортқа, демалуға қатынасы ең үлкен күшке ие, сондықтан фирмалар осындай факторлардың мүмкін болатын өзгерістерін қадағалап және оны маркетинг тәжірибесінде қолдану қажет.
Туристік фирмадағы маркетингтік қызмет сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеті негізінде тұтынушылардың туристік өнімге, қызметке деген қажеттілігінің сапасы, қалайтын қасиеттері, бәсекелестік артықшылықтары, бағасы бойынша неғұрлым жақсы қанағаттандыру туризм нарығын дұрыс таңдай білу негізінде өз қызметін отандық және шетелдік нарық талаптарына сәйкестендіру олардың тұрақты қызметін қамтамасыз етуге негізделеді. Еліміздегі туризм нарығындағы маркетинг жүйесін ұтымды ұйымдастыру үшін турфирмаларды әдістемелік, ұйымдық және тәжірибелік іс-шаралармен қамтамасыз ету қажет.
Туризмдегі маркетингтің мәнін, маңызын, ерекшеліктерін талдай келе оның мазмұнын бөліп көрсетуге болады (сурет 1).
Сурет 1 – Туризмдегі маркетингтік қызметтің мазмұны
Ескертпе: Зерттеу нәтижесінде автор жасаған.
Осы орайда, «туризмдегі маркетинг» – пайда алу мақсатында туристік өнімді қалыптастыруды, баға белгілеуді, жылжытуды, өткізуді, турларды ұйымдастыруды басқарудың нарықтағы сұранысқа бейімделген, бәсекелік артықшылықтарын жоғарылатуға мүмкіндік беретін туристік қызмет әзірлеп, ұсынуға бағытталған үдеріс.
Шығыс Қазақстан облысының туристік әлеуетін, онда әрекет етуші туристік сала кәсіпорындарының қызметін зерттеу облыстың зор мүмкіндіктері бар екенін, бірақ олардың өз деңгейінде қолданыла алмай отырғандығын көрсетті.
Кесте 1 – Шығыс Қазақстан облысындағы 2005-2009 ж.ж. қызмет көрсетілген туристер, адам
Көрсеткіш | 2005 ж | 2006 ж | 2007 ж | 2008 ж | 2009 ж | 2009 ж. 2005 ж. салыстыр-ғанда, % | 2009 ж. 2008 ж салыстыр-ғанда, % |
Барлығы | 25299 | 27689 | 39960 | 59667 | 25130 | 99,3 | 42,1 |
Кіру туризмі | 1395 | 624 | 551 | 1313 | 1189 | 85,2 | 90,5 |
ТМД елдері | 697 | 454 | 394 | 918 | 944 | 135,4 | 102,8 |
ТМД-дан тыс | 698 | 170 | 157 | 395 | 245 | 35,1 | 62,0 |
Шығу туризмі | 3089 | 8155 | 10162 | 6340 | 6232 | 201,7 | 98,3 |
ТМД елдері | 136 | 490 | 91 | 133 | 56 | 41,2 | 42,1 |
ТМД-дан тыс | 2953 | 7665 | 10071 | 6207 | 6176 | 209,1 | 99,5 |
Ішкі туризм | 20815 | 18910 | 29247 | 52014 | 17709 | 85,1 | 34,0 |
Ескертпе: ШҚО Статистика Департаменті мәліметтері негізінде жасалған. |
1-кестені талдау облыстағы туристік фирмалар 2009 жылы 25130 туристке қызмет көрсетіп, 2008 жылға қарағанда туристер саны 57,9% кемісе, 2005 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 0,7% азайды. Соның ішінде 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда шығу туризмі 1,7%, ішкі туризм 66% азайған, ал 2005 жылмен салыстырғанда шығу туризмі 2 есеге артып, ішкі туризм 14,9% кеміген. Кіру туризмі бойынша туристер саны 2009 жылы 1189 мың адамды құрап 2008 жылмен салыстырғанда 10%, 2005 жылмен салыстырғанда 14,8% төмендеген. Оған жалпы әлемдік қаржылық-экономикалық дағдарыспен қатар автожолдардың халықаралық стандарттарға сәйкес келмеуі, қоғамдық тамақтандыру объектілерінің, байланыстың және басқа да инфрақұрылымды қамтитын туристік сервистің бүтіндей жүйесінің жеткіліксіздігі және т.б. факторлар әсер етті.
Туристік қызметтер толық көрсетілетін жолдамалар саны соңғы жылдары азаюда. Бұл халықтың толық кешенді туризмді сатып алу мүмкіндігінің төмендігін білдіреді. Ал қызмет көрсетудің жеке түрлері енетін жолдамаларға сұраныс қарқынды түрде дамуда. Мысалы, 2008 жылы 2007 жылға қарағанда осындай жолдамалар екі есе көп сатылған. Туристік фирмалар турөнімнің қоржынын әзірлеуде осы тенденцияны ескере отырып, бағасы тұтынушылардың экономикалық мүмкіндіктеріне сай келетін экологиялық, белсенді, танымдық, емдік немесе жағажайлық турлар әзірлеуі керек.
Туристерді тасымалдау құралдарына тоқталсақ, ішкі туризмде 2008 жылы 2007 жылға қарағанда әуе көлігімен тасымал 156 адамға, теміржолмен қатынау 157 адамға кеміген, ал автобустармен жүру 523 адамға артқан. Туристер қалааралық автобустармен қатынағанды жөн деп есептеген, сонымен қатар көліктің бұл түрі бағасы жағынан арзан болып табылады.
2009 жылы қонақ үйлер мен басқа да орналастыру объектілеріндегі нөмірлер саны 4817, соның ішінде «люкс» дәрежелі 378 орынды құраған, ал 2008 жылы бұл көрсеткіш 254 орын. Қонақүйдегі нөмірлер саны 2007 жылмен салыстырғанда 1652 өскен. Бес жұлдызды қонақ үйлер жоқ, төрт, үш, екі жұлдызды қонақ үйлердің саны өте аз. Сондықтан 3,4,5 жұлдызды қонақ үйлер құрылысын қолға алу қажет.
Шығыс Қазақстанда туристік өнімдер ұсыну қызметімен «Экосистем», «Алтайские экспедиции», «Эл-тур-Восток», «Саяхат-Восток», «Рахман қайнарлары», «Көгілдір бұғаз», «Геотур», «Алтай», «Империя туризма», «Зүбәржат Алтай», «MARKA-TUR», «ВизаИнтур», «Алтай Альпілері» ЖШС-і және т.б. туристік фирмалар айналысады.
Аталған кәсіпорындар нарықта кең тараған, тұрақты сұранысқа ие, қол жетерлік бағадағы турөнім ұсынады.
«Экосистем» ЖШС-нің негізгі қызмет бағыттары: экологиялық туризм, хикаялық турларды ұйымдастыру, экологиялық қызметті насихаттау, табиғатты қорғау, ақпараттық-жарнамалық буклеттер мен Шығыс Қазақстан облысының табиғаты жайлы видеофильмдер шығару. Ол өз турларын Қазақстандағы және Еуропадағы агенттер көмегімен сатады.
«Рахман қайнарлары» 1995 жылдан бастап жұмыс істейтін жетекші туроператор болып табылады. Биік таулы, табиғаты әсем жерде орналасқандықтан шипажайдағы санаторлы-курорттық емдеу оның басты қызметі болып табылады. Сонымен қатар «Нұртау» тау-шаңғы курорты қысқы демалысты, «Порт Фортуна» қонақ үй кешенінде жағажайлық туризмді ұйымдастырумен, Қазақстандық Алтай тауларында белсенді турларды өткізумен (тау шыңына көтерілу, жаяу және атты турлар, рафтинг, авто-велотурлар, аралас маршруттар) айналысады.
Әрбір жеке кәсіпорынның туристік саясатының негізгі мақсаты нарықтық жағдайларды тиімді пайдалана отырып көрсетілетін қызметтер сапасын жоғарылату, туристік өнімді өндіру, өткізу және жылжыту үрдістеріне жаңашылдықтар енгізу арқылы пайданы және туристік қызметтің рентабелділігін арттыру болып табылады.
Өнімді өткізуден түскен түсім 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда 21,2% төмендесе де жалпы «Рахман қайнарлары» ЖШС-і рентабелді қызмет етеді (кесте 2).
Кесте 2 – «Рахман қайнарлары» ЖШС-нің 2007-2009 ж.ж. негізгі көрсеткіштерін талдау
Көрсеткіштер | 2007 ж. | 2008 ж. | 2009 ж. | 2009 ж. 2008 ж. салыстырғанда, % |
Өнімді өткізуден түскен түсім, мың тг. | 61152 | 67714 | 54040 | 79,8 |
Өнімнің өзіндік құны, мың. тг. | 47263 | 51636 | 37936 | 73,5 |
Түсімге қатысты өзіндік құн, % | 77 | 76 | 70 | 92,1 |
Өнімді өткізуден түскен пайда, мың тг. | 13889 | 16077 | 16104 | 100,2 |
Түсімдегі өткізуден түскен пайданың үлесі, % | 22,7 | 23,7 | 29,8 | 125,7 |
Рентабельділік деңгейі, % | 1,29 | 1,31 | 1,42 | + 0,11 |
Негізгі қызметтен түскен табыс, мың тг. | 2207 | 1381 | 2399 | 173,7 |
Өзге қызметтерден түскен табыс,мың тг. | 1284 | 53 | 2338 | 44 есе |
Таза табыс (шығын) мың тг. | 1780 | 1275 | 3391 | 2 есе |
Ескертпе: «Рахман қайнарлары» ЖШС-нің мәліметтері негізінде жасалған |
Кестедегі мәліметтер бойынша 2009 жылы таза табыс 2008 жылмен салыстырғанда 2116 мың теңгеге, ал 2007 жылмен салыстырғанда 1610 мың теңгеге өскен. Рентабельділік деңгейі 2009 жылы 1,42 пайызды құрады, бұл 2008 жылдың көрсеткіші бойынша 0,11 пайызға және 2007 жылмен салыстырғанда 0,13 пайызға жоғары.
Талдаудың мәні нақты бір уақыттағы туристік қызмет нарығындағы жағдайды бағалаудан тұрады. Кестеден байқағанымыздай, «Алтай экспедициялары» ЖШС-де туристер санының үш есеге жуық өсуі оның қызмет тиімділігіне әсер еткен жоқ. Себебі «Алтай экспедициялары» ЖШС-де 2007-2008 жылдары шығынды болған. Фирманың шығынсыздығын талдау пайда алу үшін қанша туристке қызмет көрсетуі керек екендігін көрсетеді. Кестеге назар аударсақ, туристік қызмет көрсетудің шекті көлемі 20528 құрау керек.
Кесте 3 – 2008-2009 жылдары «Алтай экспедициялары», «Туризм империясы» ЖШС-де көрсетілген қызметтерге салыстырмалы талдау
Көрсеткшітер | Жылдар | |||
2008 | 2009 | |||
Туризм импе-риясы | Алтай экспеди-циялары | Туризм импе-риясы | «Алтай экспеди-циялары» | |
Бір тур қызметке орташа баға, теңге | 14500 | 32800 | 16200 | 28100 |
Қызмет көрсетілген туристер саны | 10000 | 7260 | 21168 | 20354 |
Ауыспалы шығындар, бір турқызметке орташа баға, теңге | 10100 | 24300 | 12700 | 22900 |
Тұрақты шығындар, мың теңге | 25680 | 63250 | 56400 | 106750 |
Таза пайда, мың теңге | 18320 | -1530 | 17688 | -909 |
Сатудың критикалық көлемі | 5837 | 7441 | 16114 | 20528 |
1 турқызметтен таза табыс | 1832 | -210 | 836 | -45 |
Турөнімнің критикалық көлемін өндіргеннен кейінгі фирмада қалатын пайда, мың теңге | 7626 | 0 | 4194 | 0 |
Жиынтық ауыспалы шығындар, мың теңге | 101000 | 176718 | 268834 | 466107 |
Жиынтық шығындар, мың теңге | 126680 | 239968 | 325234 | 572857 |
Рентабельділік деңгейі, пайыз | 14,5 | - 0,8 | 5,4 | -0,15 |
Өнімді өткізуден түсетін пайда, мың теңге | 145000 | 238128 | 345922 | 571947 |
Ескертпе: ШҚО туристік кәсіпорындарының есептік мәліметтері негізінде автор жасаған. |