«Альянс Банк» АҚ-ның қызмет ету негіздерін және негізгі қаржылық көрсеткіштерін талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2014 в 18:00, курсовая работа

Описание работы

Қаржылық қатынастарға, қаржы нарықтарына ерекше рөл берілген қалыптасып келе жатқан нарықтық экономика күрделі әлеуметтік-экономикалық жүйені білдіреді. Еліміздегі қаржы нарығының қызмет етуінің қазіргі уақыттағы проблемалары белгілі бір дәрежеде қаржы нарығы бойынша теориялық зерттеушілердің болмауымен де түсіндіріледі.
Инвестициялық процесс болашақта пайда жасау және алу үшін экономикалық ресурстарды ұзақ мерзімді салымдармен байланысты болғандықтан, бұл салымдардың мәні инвестордың меншікті және тартылған қаражаттарын пайдалану кезінде жаңа құн жасайтын активтерге айналуына негізделеді.

Содержание работы

КІРІСПЕ.....................................................................................
3

1
ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ ҚЫЗМЕТІ..........................................................

4

1.1
Банктердің инвестициялық қызметінің теориялық негіздері.......................................................................................

4
1.2
Банктің инвестициялық саясаты және инвестициялық құралдарын табыстылығын анықтауы.....................................

12

2
КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ..........................

16

2.1
«Альянс Банк» АҚ-ның қызмет ету негіздерін және негізгі қаржылық көрсеткіштерін талдау ............................................

16
2.2
«Альянс банк» АҚ-ның инвестициялық операцияларын талдау...........................................................................................

29


ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................
31


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................
32

Файлы: 1 файл

2520 Екінші деңгейлі банктердің инвестициялық процестегі қызметі.doc

— 326.00 Кб (Скачать файл)

Мемлекеттік бағалы қағаздарға инвестиция жасауда инвестор көлемі аз болса да тұрақты табыс алады, өтімділігі жоғары немесе орташа болады және құнының өзгеру тәуекелі төмен болады.

Төмендегі кестеде банктің инвестициялық қоржынын қалыптастыру үшін маңызы бар көрсеткіштер қатары бойынша коммерциялық банктің инвестициялық қызметінің құралдарын талдау жүргізілген (2 кесте).

 

Кесте 2

Инвестициялық қызмет құралдарының салыстырмалы сипаттамасы

 

Құралдар

Құнының өзгеру тәуекелі

Мерзімі

Өтімділігі

Акциялар

Жоғары

Ұзақ мерзімді

Орташа-төмен

Облигациялар

Өте жоғары

Ұзақ мерзімді

Орташа-төмен

Мемлекеттік бағалы қағаздар

Мәнді емес

Қысқа мерзімді-Ұзақ мерзімді

Жоғары-орташа

Мүлік

Орташа-жоғары

Ұзақ мерзімді

Төмен-орташа


 

Инвестициялық қызмет құралын таңдау кезінде ең қиыны оның табыстылығын анықтау болып табылады.

Кестеде көрініс тауып отырғандай, акциялардың атаулы құны жеткілікті түрде шартты өлшем, және әдетте нарықтық факторлардың әсерінен белгілі бір мерзім ішінде мәнді түрде өзгеруі мүмкін нарықтық бағасына әсер етпейді.

Акция – бұл акционерлік қоғамнаң жарғылық капиталына үлес қосқандығын куәландыратын және басқару ісіне табыс әкелетін бағалы қағаз. Дивиденд акциялар бойынша табыс болып табылады.

Дивидент төлеу тәсілінің айырмашылығына байланысты жай және артықшылықты акцияларға бөледі. Жай акция, оның иесіне акционерлік қоғамның табысына байланысты табыс әкеледі және қоғамды басқару ісіне немесе жалпы жиналысқа қатысуға құқық береді. Ал артықшылықты акция иесіне қоғамнаң табысына байланыссыз тұрақты табыс алуға құқық береді, бірақ басқару ісіне араласуға немесе акционерлер жиналысына қатысуға құқықбермейді. Артықшылықты акцияның келесі бір артықшылығы – қоғам борыштық тұрақсыздыққа ұшырыған жағдайда мүлікті жай акция иесінен бұрын алуға мүмкүндік беруі.

Акциялар шығару формасына қарай да ажыратылады: құжатты (сертификатпен) түрде және құжатсыз (шоттағы бухгелтерлік жазулар арқылы).

Акциялар бойынша дивидендтер құны компанияның таза пайдасына тәуекелді болады, ал таза пайданың көлемі тұрақсыз және ешкіммен кеплідендірілмейді. Сондықтан дивидендтік табыс инвестор үшін маңызды болғанымен, акциялар бойынша капитал табыстылығымен, яғни акциялардың бағамдық құнының өсімі нәтижесіндегі табыстылықпен  салыстырғанда екінші дәрежелі маңынаға ие болады. Өсу мүмкіндіктері немесе акциялардың бағамдық құны туралы акциялардың баланстық және бағамдық құндарының қатынасы бойынша білуге болады. Акциялардың баланстық құны (таза активтердің қатынасы, яғни міндеттемелермен жүктелмеген активтердің шығарылған акциялар санына қатынасы)акциялардың бағамдық құнының төмендеуінің шегі болып табылады [18,122б].

Акциялардың дивидендтік табыстылығы келесі формула бойынша анықталады:

 

Да=Дс / Бн * 100                         (1)

 

мұндағы, Да – дивидендтік табыстылық;

Дс – кезеңдегі акцияға шаққандағы дивидендтер сомасы;

Бн – акциялардың нарықтық бағасы.

Дивидендтік табыстылық ағымдағы және перспективті болып анықталуы мүмкін. Есептеулерде дивидендтердің бұрын белгілі төлем сомалары қолданған кезде ағымдағы табыстылықты аламыз, ал болжанатын өлшемдерді есептеуге алғанда акциялардың күтілетін немесе перспективті табыстылығын аламыз.

Келесі қаржы құралы облигацияларды қарастырамыз. Облигация – оның иесінің ақшалай қаражат салғандығын куәландыратын және эмитенттің осы қаражат сомасы (номиналдық құны) мен пайызды қайтарып беру туралы міндеттемесін растайтын бағалы қағаз.

Облигациялардың табыстылығы былайша анықталады:

  • жүйелі төленіп тұратын пайыздармен (куаондық табыс);
  • белгілі бір уақыт кезеңіндегі облигациялардың бағамдық құнының өзгеруімен;
  • төленген пайыздарды қайта инвестициялаудан түскен табыстармен.

Пайыздар бойынша облигациялардың табыстылығы ағымдағы деп аталады. Облигациялардың ағымдағы табыстылығы акциялар табыстылығын анықтағандай етіп анықталады:

 

Дт = П / Бн *100                         (2)

 

мұндағы, Да – дивидендтік табыстылық;

П – кезеңдегі облигациялар бойынша төленген пайыздар сомасы;

Бн – акциялардың нарықтық бағасы.

Тек осы көрсеткішті қолдана отырыпқаражаттарды инвестициялаудың ең тиімді вариантын таңдау мүмкін емес, себебі бұл көрсеткіш облигацияны иелену кезеңіндегі оның құнының өзгерісін сипаттамайды.

Толық табыстылық көрсеткіші тек облигацияның ағымдағы табыстылығын ғана емес, сондай-ақ оның нарықтық құнының өзгеруі нәтижесіндегі табыстылықты да есепке алады. Толық табыстылық көрсеткіші мына формула бойынша анықталады:

 

Дп = П + Дд / Бн*n *100                         (3)        

 

мұндағы, Дд – облигация бойынша дисконт көлемі;

                 n – облигацияның иелену жылдарының саны.  

 

Қазақстандағы айналыста жүрген облигациялар табыстылығына қарай дисконттық облигация ретінде көрініс тапқан, яғни – инвестор-банктің облигацияны шығарушыдан номиналдық құнынан төменгі бағада сатып алып, оны өзінің құнымен қайта сату арасындағы айырма түрінде банкке табыс әкелетін түрі.

 

 

  1. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ

 

    1. «Альянс Банк» АҚ-ның қызмет ету негіздерін және негізгі қаржылық көрсеткіштерін талдау

 

«Альянс банк» АҚ «Иртыш бизнес банкінің» құқық бөлушілері болып табылады, ол 1999 жылы 13 шілде айында екі аймақтық банктің қайта ұйымдастырылу жолымен біріктіріліп-«Семей қалалық акционерлік банкі» ААҚ мен «Иртышбизнесбанк» ААҚ, «Альянс банк» АҚ болып атала бастады. «Семей қалалық акционерлік банкі» ААҚ-1992 жылы 24сәуір айында, ал «Иртышбизнесбанк» ААҚ1993 жылы 7 шілдеде құрылған.

Қайта ұйымдастырумен байланысты «Семей қалалық акционерлік банкі» ААҚ филиал ретінді қалдырылып, «Иртышбизнес банк» ААҚ Павлодар қаласында бас офисине айналды. Бірлестік банкке 1993 жылдан бергі жинақталған бактік тәжірибені жақсы іс жүзінде пайдаланып, өз жұмысын Шығыс Қазақстан мен Павлодар облыстарының өнеркәсіптік кәсіпорындарымен жұмыс жасауға бағыталған мүмкіндік туындады. 2001 жылдың ортасына таман «Иртышбизнесбанк» ААҚ республиканың ірі, орта, кіші кәсіпорындарына кешенді қызмет көрсете алатын үлкен  тұрақты банк құрылымын құрады. 2001 жылы «Иртышбизнесбанк» ААҚ негізгі акционерлері ауыстырылды.Банк мынадай ұйымдарға қатысушы болып табылады:

• ҚР жеке тұлғалар салымдарына міндетті ұжымдық кепілдік беру қоры;

• Қазақстан қор биржасы (KASE);

• Ипотекалық несиелерге кепілдік беру Қазақстандық қоры;

• Халықаралық банкаралық телекоммуникациялар жүйелері S.W.I.F.T. және REUTERS;

• VISA International;

• Бірінші несие бюросы;

• Қазақстан қаржыгерлерінің ассоциациясы;

• Қазақстанның Сауда-өнеркәсіптік палатысы.

«Альянс банк» АҚ алдыңғы қатарлы әлемдік қаржы институттарымен тікелей корреспонденттік қатынастарда, соның ішінде:

• Bank of New York (USA);

• American Express Bank Ltd. (New York, USA);

• American Express Bank GMBH (Frankfurt am Main, Germany);

• Deutsche Bank Trust Company Americas (New York, USA);

• Deutsche Bank AG (Frankfurt am Main, Germany);

• Raiffeisen Zentralbank Oesterreich AG (Vienna, Austria);

• Citibank, N.A. (New York, USA);

• Citibank, London (London, UK);

• Commerzbank AG (Frankfurt am Main, Germany);

• Dresdner Bank (Frankfurt am Main);

• Credit Suisse First Boston (Switzerland);

• Wachovia Bank New York International Branch Corporation (USA);

• Банк Аваль (АППБ) (Киев, Украина);

• СберБанк России (Москва, Россия);

• ПромсвязьБанк (Москва, Россия);

• Международный Московский Банк (Москва, Россия);

• Банк ЗЕНИТ (Москва, Россия);

• ОАО "Альфа Банк" (Россия);

• Bayerische Hypo- und Vereinsbank AG (Германия);

• Банк Петрокоммерц (Россия);

• РусславБанк (Москва, Россия);

• БелвнешэкономБанк (Минск, Беларусь);

• Standart Bank London Limited (Англия);

• PAREX BANK (Латвия);

• және т.б.

Қаржылық қызмет көрсету нарығында банктің әріптесетері болып табылады:

• «Ұлттық Процессинг орталығы» ЖАҚ;

• ЗАО «Қазақстан Қор биржасы» (KASE) ЖАҚ;

• «Альянс Лизинг» ЖШС;

•  «Альянс Полис» СК;

• «Альянс Капитал» АҚ.

2008 жылдан бастап – Альянс Банк басқару ісін әлемнің таңдаулы тәжірибесімен сәйкес келтіру үшін жобаларды басқарудың жаңа корпоративтік жүйесін (ЖКБЖ) іске қосты. Банктің жобаны әзірлеу жөніндегі кеңесшісі Ресейдің «ЛАНИТ» компаниясы болды. ЖКБЖ Банктің ережелері мен іс-әрекетін жүйеге келтіруге, бірыңғай корпоративтік стандарттарды белгілеуге, есеп беретін  ақпараттар ағыны мен талаптарын ретке келтіруге тиіс болды. ЖКБЖ екі кезеңде енгізілетін болады: алғашында  ЖКБЖ ақпараттық технологиялар мен  Банктің инфрақұрылымы саласына енгізілетін болады, одан кейін ЖКБЖ-ды Банк қызметінің басқа бағыттары үшін – банк өнімдерін, маркетинг әзірлеу, қызметкерлерді басқару үшін енгізу жоспарланып отыр.  

Альянс Банк тұтынушылық несие үлгісіне түзету енгізіп, жеке тұтынушылық несиелерінен несие мүмкіндіктері жақсы клиенттерге револьверлік несие карталарды беруге көшті, ал олар 2 миллионнан астам заемшысы бар клиенттік база шеңберінде бірегейлендірілген болатын.  

2008 жылы Банктің Директорлар кеңесінің 2008 жылғы 29 ақпандағы шешімімен Банк басқармасының төрағасы лауазымына Ерік Сұлтанқұлов тағайындалды. Өз кезегінде  осыған дейін Альянс Банктің бірінші басшысы болып келген  Дәурен Керейбаев SAFC басқармасы төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Сонымен бірге Альянс Банк ҚЕХС бойынша аудиттік ұзартылған есеп деректеріне сәйкес 2007 жылғы қызметінің нәтижелерін жариялады.  Банктің осы кезеңдегі негізгі нәтижелерінің бірі – 2006 жылғы 14 010 млн. теңгемен салыстырғанда таза пайдасы  42 683 млн. теңгеге дейін үш еседен астам өсті.  

2008 жылы Альянс Банк сыртқы займдарды өтеу кестесіне сәйкес  131 млн. АҚШ долларын төледі. Мәселен 2008 жылдың 20 наурызында  Альянс Банк «Мурабаха» сызбасы бойынша исламдық қаржыландыру аясында тартылған жалпы сомасы 150 млн. АҚШ доллары болатын  синдикатталған Wakala займының 85 млн АҚШ долл. мөлшеріндегі бірінші траншын төледі.  2008 жылдың 28 наурызында  Альянс Банк 46 млн. АҚШ доллары мөлшерінде синдикатталған Шульдшайн (Schuldschein) займын толық төледі.

Альянс Банкке берілген жоғары несиелік рейтингтер оның жетістіктерін көптеген халықаралық рейтингтік агенттіктер мойындағанын растайды. Moody's Іnvestors Servіce: шетел валютасы түрдіндегі ұзақмерзімді міндеттемелер рейтингі «Ва2» ( болжам «тұрақты»), шетел валютасы түріндегі қысқамерзімді міндеттемелер рейтингі «NP», жəне қаржылық тұратқылық рейтингі «Е+» (болжам «тұрақты»); Fіtch Ratіngs: ұзақмерзімді рейтинг «BB–» («BB минус») деңгейінде, қысқамерзімді – «B», жеке өзінікі – «D», қолдау рейтингі - «З». Ұзақмерзімді рейтинг бойынша болжам - «тұрақты».

2007 жылдың бірінші жартыжылдығында Альянс Банк қалыптасқан қарқынды даму үрдісін сол қалпында сақтады, сөйтіп активтері мен жеке капиталының ауқымы жағынан Қазақстандағы коммерциялық банктер рейтингінде 3-орынды иеленді. Альянс Баанктің активтері 2007 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындылары бойынша бір триллион теңгеден асып түскен, 2007 жылдың 1 шілдесіндегі мəліметтер бойынша оның нақты көлемі 1 332 млдр. теңге, міндеттемелері - 1 196 млрд. теңге, жеке капиталы - 136 млрд. теңге. Банктің 2007 жылдың бірінші жарты жылдығындағы таза табысы 19,6 млдр. теңгені құрады. Банктің аймақтық саясатты сəтті жүргізіп отырғанының бір дəлелі - Қазақстан Республикасының көптеген қалаларын қамтыған өкілдіктер жүйесінің кең ауқымдылығы. Көп жылдар бойы Альянс Банк аймақтардағы өкілдігін белсенді түрде кеңейтумен келеді. Қазіргі кезде Қазақстанның 43 қаласында, 20 елдімекенінде оның 25 филиалы мен 219 бөлімшесі жұмыс істеп жатыр. 2007 жылы біз аймақтық бөлімшелер жүйесін кеңейте түсуді жоспарлап отырмыз. Соның ішінде тəулік бойы клиенттердің өз-өздеріне қызмет етуіне мүмкіндік беретін электронды кассирі бар бөлімшелерді де, стандартты қызмет түрлерін көрсете алатын кішігірім бөлімшелер ашу да жоспарда бар.

Лауазымдық міндеттерді шектеу және банкті басқарудың барлық деңгейінде есеп беруде директорлар кеңесі Директорлар кеңесінің және басқарманың өкілеттіктер және негізгі міндеттер аясын анықтайды, өйткені тиісті түрде анықталмаған немесе тым күрделі есеп беру жүйесі проблемаларды шешуді қиындатады, салдарында ақпараттың өтуі баяулайды. Басқарма жұмыскерлердің өкілеттіктер аясын және есеп беру схемасын анықтайды және Директорлар кеңесінің алдында Банк жағдайы туралы есеп береді. Осы мақсаттарда Банк Директорлар кеңесі, Директорлар кеңесінің Төрағасы, тәуелсіз директор, Басқарма туралы, Төраға туралы және Басқарма мүшелері туралы қажетті ережелерді әзірлейді, Төраға және Басқарма мүшелерінің өкілеттіктерін бөлу туралы бұйрық шығарады.

Информация о работе «Альянс Банк» АҚ-ның қызмет ету негіздерін және негізгі қаржылық көрсеткіштерін талдау