«Альянс Банк» АҚ-ның қызмет ету негіздерін және негізгі қаржылық көрсеткіштерін талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2014 в 18:00, курсовая работа

Описание работы

Қаржылық қатынастарға, қаржы нарықтарына ерекше рөл берілген қалыптасып келе жатқан нарықтық экономика күрделі әлеуметтік-экономикалық жүйені білдіреді. Еліміздегі қаржы нарығының қызмет етуінің қазіргі уақыттағы проблемалары белгілі бір дәрежеде қаржы нарығы бойынша теориялық зерттеушілердің болмауымен де түсіндіріледі.
Инвестициялық процесс болашақта пайда жасау және алу үшін экономикалық ресурстарды ұзақ мерзімді салымдармен байланысты болғандықтан, бұл салымдардың мәні инвестордың меншікті және тартылған қаражаттарын пайдалану кезінде жаңа құн жасайтын активтерге айналуына негізделеді.

Содержание работы

КІРІСПЕ.....................................................................................
3

1
ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ ҚЫЗМЕТІ..........................................................

4

1.1
Банктердің инвестициялық қызметінің теориялық негіздері.......................................................................................

4
1.2
Банктің инвестициялық саясаты және инвестициялық құралдарын табыстылығын анықтауы.....................................

12

2
КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ..........................

16

2.1
«Альянс Банк» АҚ-ның қызмет ету негіздерін және негізгі қаржылық көрсеткіштерін талдау ............................................

16
2.2
«Альянс банк» АҚ-ның инвестициялық операцияларын талдау...........................................................................................

29


ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................
31


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................
32

Файлы: 1 файл

2520 Екінші деңгейлі банктердің инвестициялық процестегі қызметі.doc

— 326.00 Кб (Скачать файл)

 

Банк активтерінің құрылымында клиенттерге берілген қарыз үлкен үлесті иеленген, 2008 жылы олардың үлесі 67,31% (немесе 619800 млн. теңгені),  2009 жылы – 70,56% (немесе 819194 млн. теңгені), 2010 жылы – 57,93% (немесе 433475 млн. теңгені) құраған. Осылайша банк тарапынан берілген несиелер өсімі 2009 жылы 48,3%-ды құраған, ал 2010 жылы олардың көлемінің 88,9%-ға төмендеуі байқалды. 2009 жылы несиелер көлемінің артуы ипотекалық, тұтынушылық, бизнес субъектілерін несиелеу көлемдерінің ұлғаюымен түсіндірілсе, 2010 жылы несиелер көлемінің 88,9%-ға төмендеуі әлемдік қаржы дағдарысы салдарынан несиелеуге қойылатын талаптардың күшейтілуімен және сәйкесінше несие беру көлемінің қысқартылуымен түсіндіріледі (5 кесте).

Қорытындылай келе, 2010 жылы өткен жылмен салыстырғанда капитал және активтер көлемінің төмендеу тенденциясы байқалғанымен, 2009 жылдың 1-жарты жылдығындағы жағдай бойынша да жиынтықталған мәліметтер негізінде олардың көлемінің әлі де азаю үстінде екендігін айтуға болады.

 

 

    1. «Альянс банк» АҚ-ның инвестициялық операцияларын талдау

 

 

Коммерциялық банктердің активті операцияларының бірі банктің инвестициялық операциялары болып табылады.

Сату үшін қолда бар инвестициялар белгісіз уақыт кезеңі аралығында ұстап тұратын қарыздық бағалы қағаздар мен акцияларға инвестицияларды білдіреді. Мұндай бағалы қағаздар алғашықда әділетті құны бойынша айқындалады. Кейіннен бағалы қағаздар өткізілмегенше қайта бағалау нәтижелерін капитал есебіне жатқыза отырып, әділетті құны бойынша бағаланады. Алғашында капиталда танылған жинақталған пайда/залал пайдалар және залалдар туралы жиынтықталған есептілікте көрініс табады. Құнсызданудан залалдар, теріс бағамдық айырмашылық, сонымен қатар тиімді пайыздық мөлшерлеме негізінде есептелген пайыздық табыстар пайда және залал туралы жиынтықталған есептілікте айқындалады. Жүзеге асыру кезінде жүзеге асырылмаған алғашында капиталда есепке алынған табыстар мен шығындар пайда және залал туралы жиынтықталған есептілікке ауыстырылады.

Алынған дивидендтер пайда және залал туралы жиынтықталған есептілікте дивидендтерден алынған табыстарға қосылады.

Айырбасталмайтын қарыздық бағалы қағаздар және акциялар егер олардың әділетті құны нақты анықталмаса, сәйкесінше құнсызданудан залалдарды алып тастап, амортизацияланған құны және сатып алу құны бойынша көрініс табады.

Мұндай бағалы қағаздардың құнсыздануының объективті куәсі болса, онда капиталда көрініс тапқан жиынтық залал капиталдан есепті кезеңдегі пайда мен залалдар есебіне ауыстырылады. Құнсызданудан кейінгі оқиға байланысты қарыздық құралдар бойынша құнсызданудан болған мұндай залалдарды қалпына келтіру есепті кезеңдегі пайда және залал туралы жиынтықталған есептілікте көрініс табады. Үлестік құралдар бойынша құнсызданудан болған залалдар пайда және залал туралы есептілікте қалпына келтірілмейді.

Төмендегі суретте «Альянс банк » АҚ-ның сату үшін қолда бар инвестицияларын өткізуден пайда көлемінің өзгеру серпіні берілген.

 

Сурет 5. Банктің сату үшін қолда бар инвестицияларының өзгеру серпіні, млн. теңге

Келесі суретте «Альянс банк» АҚ-ның сату үшін қолда бар инвестициялар бойынша пайыздық табыстарының көлемі бейнеленген (5 сурет).

 

Сурет 6. Банктің сату үшін қолда бар инвестициялары бойынша пайыздық табысы, млн. теңге

 

 

Сату үшін қолда бар инвестициялар құрамы қарыздық бағалы қағаздарды және үлестік бағалы қағаздарды қамтиды. Келесі суретте қарыздық бағалы қағаздардың жиынтық көлемінің өзгеру динамикасы бейнеленген (6 сурет).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

 

Курстық жұмысты қорытындылай келе, келесі тұжырымдарды жасауға болады:

1. Бағалы қағаздармен жүргізілетін операцияларға қор биржаларында бағасын белгілейтін бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялар, сонымен қатар вексельдермен жасалатын операциялар жатады.

Инвестициялық операциялар – мұнда банк өзінің қаражаттарын бағалы қағаздарға салады.

2. Банктің инвестициялық қызметі инвестициялық саясат көмегімен жүзеге асырылады. Инвестициялық саясаттың негізгі мазмұны қаражат жұмсау үшін біршама тиімді бағалы қағаздың түрлерін анықтау, әр уақыт кезеңіне инвестиция портфелінің құрылымын оңтайландырудан тұрады.

3. Бүгінгі таңда ҚР-дағы екінші  деңгейдегі банктердің инвестициялық  операцияларға бағытталған активтерінің  басым бөлігі мемлекеттің бағалы  қағаздарға жұмсалып отыр. Себебі, мұндай бағалы қағаздарға салған активтер: біріншіден, өтімді, яғни банк ондағы қаражатты тез арада қолмақол ақшаға айналдыра алады, екіншіден, олардан алатын табыс төмен болғанымен тәуекел төмен немесе жоқ десе де болады. сонымен қатар активтердің бір бөлігін өтімді корпоротивтік бағалы қағаздарға да орналастыруда.

4. «Альянс банк» АҚ –ның негізгі  қаржылық көрсеткіштерін талдау  оның ресурстарын қалыптастыру  аясында жүргізіледі.

Банктің меншікті капиталының жиынтық көлемі  31.12.2009 жылғы жағдай бойынша 158975 млн. теңге болса, 31.12.2010 жылғы жағдай бойынша 227180 млн. теңге көлемінде және 30.06.2009 жылғы жағдай бойынша 380913 млн. теңге капитал жетіспеушілігі орын алған.

Меншікті капитал көлемінің жетіспеушілігін әлемдік қаржылық дағдарыс салдарымен түсіндіруге болады. 2009 жылдың екі тоқсаны бойынша капитал жетспеушілігінің көлемі өткен жылмен салыстырғанда ұлғайған.

2008 жылы банктің тартылған қаражаттарының көлемі 840712 млн.. теңгені, 2009 жылы – 1001956 млн. теңгені, 2010 жылы – 975488 млн. теңгені құраған. 2009 жылы банк міндеттемелерінің өсімі 83,9%-ды құраса, ал 2010 жылы міндеттемелердің 2,7 пайызға төмендеуі байқалған.

30.06.2009 жылдағы жағдай бойынша  банктің жиынтық міндеттемелері 1050262 млн. теңгені құраған.

Банктің жиынтық активтер көлемі 2008 жылы - 920750 млн. теңге, 2009 жылы 1160931 млн. теңгені құраған, ал 2010 жылы оның көлемі 682623 млн. теңгеге қысқарып, 748308 млн. теңгені құрады.

2011 жылдың 1-жарты жылдығы бойынша активтер көлемі 669349 млн. теңгені құраған.

Қорытындылай келе, жүргізілген зерттеулер және талдаулар барысында «Альянс банк» акционерлік қоғамының қызметі өткен жылдармен салыстырғанда төмендегенін айтуға болады. Талдау барысында банкте капитал жетіспеушілігі орын алған.

                 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:   

 

 

1 Ширинская Е.Б., Пономарева Н.А., Купчинский В.А, Финансово-аналитическая  служба в банке: Практическое пособие. – М.: ФБК-ПРЕСС, 1998. – 205 с.

2 Пономарев В.А. Анализ балансов капиталистических коммерческих банков. – М.:  МФИ, 1982. – С. 3-17.

3  Бекмухамбетова А.А. Комплексная оценка банковской деятельности на основе экономико-математического моделирования: Монография. – Алматы: ЭкономикС, 2003. – 194с.

4.Деятельность коммерческих банков: учебное пособие/Под ред.проф., д.э.н.А.В.Калтырина.-Ростов на Дону: «Феникс», 2004

5.Мақыш С.Б., Ілиясов А.Ә. Банк ісі. Оқу құралы. – Алматы. Қазақ Университеті, 2004 ж.

6.Лаврушин О. И. Банковское дело: Учебник. – М.: Финансы и статистика, 2003.

7.Беликова А.В. Роль коммерческих банков в инвестиционном процессе.// Банки Казахстана, №8, 2005г.

8. Миркин Я.М. Ценные бумаги и фондовый рынок. – М.: Перспектива, 1995 – С.100

9.Донцов С.С. Теоретические аспекты развития рынка ценных бумаг. // АльПари №1, 2005

10.Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Алматы, Издат Маркет, 2004 ж

11.Рынок ценных бумаг: Учебник под пед. В.А.Галанова, А.И.Басова. – М.: финансы и статистика, 1996. – с.18

12.Меркулов Я.С. Экономическая оценка эффективности инвестиции и финансирование инвестиционных проектов. – М.: ИКЦ и ДИС,1997.- с.41

13.Донцов С.С. Банковская система Казахстана – крупнейший институциональный инвестор национального фондового рынка // АльПари,  №2-3, 2004г.

14.«Cbonds ақпараттық агенттігі» мәліметтері бойынша.//http: www.cbonds.info/ru/

15.Лисак Б.И. Инструменты инвестицияонной деятельности коммерческого банка, определение их доходности

16.Жуков Е.Ф. Банки и банковские оперции. – М.: ЮНИТИ, 1999 г.

17.Балабанова И. Т. Банки и банковская деятельность. – СПб.: Питер, 2001.

18.Лаврушин О.И. Управление деятельностью коммерческого банка (финансовый менеджмент). М.: Юрист, 2002 г.

 

 


 



Информация о работе «Альянс Банк» АҚ-ның қызмет ету негіздерін және негізгі қаржылық көрсеткіштерін талдау