Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2014 в 18:00, курсовая работа
Қаржылық қатынастарға, қаржы нарықтарына ерекше рөл берілген қалыптасып келе жатқан нарықтық экономика күрделі әлеуметтік-экономикалық жүйені білдіреді. Еліміздегі қаржы нарығының қызмет етуінің қазіргі уақыттағы проблемалары белгілі бір дәрежеде қаржы нарығы бойынша теориялық зерттеушілердің болмауымен де түсіндіріледі.
Инвестициялық процесс болашақта пайда жасау және алу үшін экономикалық ресурстарды ұзақ мерзімді салымдармен байланысты болғандықтан, бұл салымдардың мәні инвестордың меншікті және тартылған қаражаттарын пайдалану кезінде жаңа құн жасайтын активтерге айналуына негізделеді.
КІРІСПЕ.....................................................................................
3
1
ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ ҚЫЗМЕТІ..........................................................
4
1.1
Банктердің инвестициялық қызметінің теориялық негіздері.......................................................................................
4
1.2
Банктің инвестициялық саясаты және инвестициялық құралдарын табыстылығын анықтауы.....................................
12
2
КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ..........................
16
2.1
«Альянс Банк» АҚ-ның қызмет ету негіздерін және негізгі қаржылық көрсеткіштерін талдау ............................................
16
2.2
«Альянс банк» АҚ-ның инвестициялық операцияларын талдау...........................................................................................
29
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................
31
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................
32
Банктің меншікті капиталы – банктің қаржылық тұрақтылығын, коммерциялық және шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін құрылған банктің әртүрлі қорлары мен сол сияқты ағымдағы қызметінің нәтижесіне байланысты және өткен жылдардағы бөлінбеген пайдасы.
Сонымен, қазіргі коммерциялық банктердің меншікті капиталы мынадай баптардан тұрады:
Банктің меншікті капиталының жиынтық көлемі 31.12.2009 жылғы жағдай бойынша 158975 млн. теңге болса, 31.12.2010 жылғы жағдай бойынша 227180 млн. теңге көлемінде және 30.06.2009 жылғы жағдай бойынша 380913 млн. теңге капитал жетіспеушілігі орын алған.
Меншікті капитал көлемінің жетіспеушілігін әлемдік қаржылық дағдарыс салдарымен түсіндіруге болады. 2009 жылдың екі тоқсаны бойынша капитал жетспеушілігінің көлемі өткен жылмен салыстырғанда ұлғайған.
Төмендегі кестеде «Альянс банк» АҚ-ның меншікті капиталының құрылымы берілген.
Кесте 3
«Альянс банк» АҚ-ның 2009-2010ж.ж. меншікті капиталының құрылымы
млн. теңге
Атауы |
2009 жыл |
2010 жыл |
2010 ж/ 2009ж өзгерісі |
Жарғылық капитал |
96380 |
96380 |
0 |
Қосымша төленген капитал |
1222 |
1222 |
0 |
Сатуға арналған қолда бар инвестициялардың таза құнын қайта бағалаудың резерві |
-33 |
-29 |
3 |
Негізгі құралдарды қайта бағалау бойынша резервтер |
2109 |
2023 |
-86 |
(Жинақталған залал)/ Бөлінбеген пайда |
59297 |
-326776 |
-386073 |
Барлығы: |
158975 |
-227180 |
1,4 есе азайған |
Кесте мәліметтеріне сүйенсек, 2009-2010 жылдары меншікті капитал құрылымында үлкен үлес салмақты жарғылық капитал иеленіп отыр. Меншікті капиталдың жиынтық көлемінің азаюы жинақталған залал көлемінің ұлғаюымен түсінідіріледі. 2009 жылы бөлінбеген пайда көлемі 59297 млн. теңгені құраса, 2010 жылы жинақталған залал көлемі 386073 млн. теңгеге ұлғайып, 326776 млн. теңгені құраған. Осының салдарынан капиталдың жиынтық көлемі 2010 жылы өткен кезеңмен салыстырғанда 1,4 есеге азайған (3 кесте).
30.06.2009 жылғы жағдай бойынша жиынтық
капиталдың жетіспеушілігі
Банк ресурстарының құрылымында тартылған қаражаттар үлесі меншікті қаражаттармен салыстырғанда өте жоғары, олардың есебінен банктің активті операцияларының басым бөлігі жүзеге асырылады.
Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты, сондай-ақ ескі банктік жүйе үшін уақытша бос ақшалай қаражаттарды тартудың дәстүрлі емес тәсілдерінің болуы, тартылатын қаражаттар құрылымын толығымен өзгертті десе болады.
Банктік тәжірибеде барлық тартылатын қаражаттарды жинақтау тәсілдеріне байланысты үлкен екі топқа бөледі:
Тартылған қаражаттар ішінде ең көп бөлігін депозиттер құрайды. Депозиттер банк үшін арзан ресурс көзі болып саналады.
Депозит – бұл клиенттердің (жеке және заңды тұлғалардың) банктегі белгілі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттары.
Депозиттік емес тартылған қаражаттар - бұл банктің алған қарыздары түрінде немесе өздерінің меншікті бағалы қағаздарын сату жолымен тартатын қаражаттары.
Төмендегі суретте «Альянс банк» АҚ-ның міндеттемелерінің жиынтық көлемінің өзгеру серпіні берілген (3-сурет).
Сурет 3. «Альянс банк» АҚ-ның міндеттемелерінің жиынтық көлемі, млн. теңге
2008 жылы банктің тартылған қаражаттарының көлемі 840712 млн.. теңгені, 2009 жылы – 1001956 млн. теңгені, 2010 жылы – 975488 млн. теңгені құраған. 2009 жылы банк міндеттемелерінің өсімі 83,9%-ды құраса, ал 2010 жылы міндеттемелердің 2,7 пайызға төмендеуі байқалған.
30.06.2009 жылдағы жағдай бойынша
банктің жиынтық міндеттемелері
1050262 млн. теңгені құраған. Міндеттемелердің
жиынтық көлемінің ұлғаюы
«Альянс банк» АҚ-ның міндеттемелері құрылымы ҚР Ұлттық банкінің алдындағы міндеттемелер, ҚР Үкіметінің алдындағы міндеттемелер, пайда мен залал арқылы таза құнды көрсететін қаржылық мінедттемелер, банктердің қаражаттары, басқа қаржылық ұйымдардың қаражаты, клиенттердің қаражаты, шығарылған қарыздық құнды қағаздар, РЕПО, кепілдіктерге арнайы резерв, субординатталған қарыз және басқа да міндеттемелерді қамтиды.
Төмендегі кестеде «Альянс банк» акционерлік қоғамының міндеттемелерінің құрылымы берілген. 2008-2010 жылдарда банк міндеттемелерінің құрылымында банктердің қаражаты көшбасшылық жайғасымда болған, олардың көлемі 2008 жылы 321185 млн. теңге (немесе барлық міндеттемелердің 38,20%), 2009 жылы – 292565 млн. теңге (немесе 29,19%) және 2010 жылы – 137377 млн. теңге (немесе 14,08%) болған (4 кесте).
Кесте 4
2008-2010 жылғы «Альянс банк» АҚ-ның міндеттемелерінің құрылымын талдау
млн.теңге
Көрсеткіштер |
2008 жыл |
2009 жыл |
2010 жыл |
Ауытқу,% | ||||
Көлем |
Үлес % |
Көлем |
Үлес % |
Көлем |
Үлес % |
2009/ 2008 |
2010/ 2009 | |
ҚР Ұлттық банкі алдындағы міндеттемелер |
2000 |
0,23 |
5569 |
0,56 |
15026 |
1,54 |
2,8 есе |
2,7 есе |
ҚР Үкіметінің алдындағы міндеттемелер |
- |
- |
- |
4460 |
0,46 |
- |
- | |
Пайда мен залал арқылы таза құнды көрсететін қаржылық міндеттемелер |
18 |
0,002 |
6280 |
0,62 |
50168 |
5,14 |
348 есе |
7,98 есе |
Банктердің қаражаты |
321185 |
38,20 |
292565 |
29,19 |
137377 |
14,08 |
-9,7 |
-46,9 |
Басқа қаржылық ұйымдардың қаражаты |
25174 |
2,99 |
48533 |
4,85 |
35741 |
3,66 |
1,9 есе |
-35,7 |
Басқа қаржыландыру |
24901 |
2,96 |
31051 |
3,09 |
29449 |
3,02 |
24,7 |
-5,4 |
Клиенттердің қаражаты |
245261 |
29,17 |
241817 |
24,13 |
189044 |
19,38 |
-1,4 |
-27,9 |
РЕПО |
44444 |
5,28 |
6357 |
0,63 |
41945 |
4,30 |
7 есе азай-ған |
6,6 есе |
Шығарылған қарыздық құнды қағаздар |
139249 |
16,56 |
328265 |
32,76 |
286584 |
29,38 |
37,2 |
-14,5 |
Пайда салығы бойынша мерзімі өткен талаптар |
1100 |
0,13 |
1554 |
0,16 |
- |
- |
41,2 |
|
Пайда салығы бойынша ағымдық талаптар |
912 |
0,10 |
1860 |
0,19 |
- |
- |
2 есе |
|
Басқа да міндеттемелер |
3854 |
0,45 |
3307 |
0,33 |
6962 |
0,71 |
-16,5 |
2,1 есе |
Кепілдіктерге арнайы резервтер |
- |
- |
- |
- |
136972 |
14,04 |
||
Субординатталған қарыз |
32614 |
4,40 |
34798 |
3,47 |
41760 |
4,28 |
6,7 |
20,0 |
Барлығы |
840712 |
100 |
1001956 |
100 |
975488 |
100,00 |
19,2 |
-2,7 |
Банктердің қаражатынан кейін көлемі жөнінен клиенттердің қаражатты келесі жайғасымда орналасқан. Олардың көлемі 2008 жылы – 245231 млн. теңге (немесе 29,17%), 2009 жылы - 241817 млн. теңге (немесе 24,13%), ал 2010 жылы өткен жылмен салыстырғанда 27,9%-ға төмендеп, 189044 млн. теңгені (немесе 19,38%) құраған.
Міндеттемелердің жиынтық көлемінде 2008 жылмен салыстырғанда одан кейінгі жылдары ҚР Ұлттық банкі алдындағы міндеттемелер, пайда мен залал арқылы таза құнды көрсететін қаржылық міндеттемелер және субординатталған қарыз көлемінің жүйелі түрде өсімі байқалады.
Басқа қаржылық ұйымдардың қаражаттары көлемі 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда 1,9 есеге артса, 2010 жылы өткен жылмен салыстырған оның көлемі 35,7%-ға азайған.
Сол сияқты басқа қаржыландыру көздері бойынша да 2009 жылы өткен жылмен салыстырғанда оның көлемі 24,7%-ға артса, 2010 жылы 2009 жылмен салыстырғанда көлемі 5,4%-ға қысқарған.
Шығарылған қарыздық құнды қағаздар көлемі де 2009 жылы өткен жылмен салыстырғанда 37,2%-ға артса, 2010 жылы өткен жылмен салыстырғанда көлемі 14,5%-ға азайған.
Пайда салығы бойынша мерзімі өткен талаптар және пайда салығы бойынша ағымдық талаптар бойынша 2009 жылы өткен жылмен салыстырғанда шамамен 2 есеге дейін өсім байқалған болса, 2010 жылы мұндай талаптар қойылмаған.
Енді «Альянс банк» АҚ-ның активтеріне талдау жасайық. Банктің активтер құрылымы ақша қаражаттары, ҚР ұлттық банкіндегі қаражаттар, банктердегі және өзге де қаржы мекемелеріндегі шоттар мен салымдар, шынайы құны бойынша бағаланатын қаржы құралдары, сату үшін қолда бар активтер, «кері репо» мәмілелері бойынша дебиторлық қарыз, клиенттерге берілген займдар, өтелу мерзіміне дейін ұсталатын инвестициялар, ассоциацияланған және еншілес компанияларға инвестициялар, негізгі құралдар, инвестициялық жылжымайтын мүлік, материалдық емес активтер, кейінге қалдырылған салықтық активтер және өзге де активтер баптарынан тұрады.
Төмендегі суретте банк активтерінің 2008-2010 жж. бойынша жиынтық активтер көлемі бейнеленген.
Банктің жиынтық активтер көлемі 2008 жылы - 920750 млн. теңге, 2009 жылы 1160931 млн. теңгені құраған, ал 2010 жылы оның көлемі 682623 млн. теңгеге қысқарып, 748308 млн. теңгені құрады.
2011 жылдың 1-жарты жылдығы бойынша активтер көлемі 669349 млн. теңгені құраған.
Кесте 5
2008-2010 жылғы «Альянс банк» АҚ-ның активтер құрылымын талдау
Көрсеткіштер |
2008 жыл |
2009 жыл |
2010 жыл |
Ауытқу | ||||
Көлемі |
Үлесі % |
Көлемі |
Үлесі % |
Көлемі |
Үлесі % |
2009/ 2008 |
2010/ 2009 | |
ҚР ҰБ қаражаты мен шоттары |
99594 |
10,82 |
69795 |
6,01 |
21217 |
2,84 |
-42,7 |
3,3 есе азай-ған |
Пайда мен шығын арқылы таза құнды көрсететін қаржы активтері |
133745 |
14,53 |
179620 |
15,47 |
201973 |
26,99 |
34,3 |
12,4 |
Кері РЕПО |
18099 |
1,97 |
- |
- |
132 |
0,02 |
- |
- |
Сатуға арналған қолда бар инвестициялар |
5176 |
0,52 |
3057 |
0,26 |
2741 |
0,37 |
-69,3 |
-11,5 |
Өтеуге дейін ұсталатын инвестициялар |
43 |
0,01 |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
Банктердегі қаражат |
20599 |
2,24 |
37079 |
3,19 |
45956 |
6,14 |
80,0 |
23,9 |
Клиенттерге берілетін қарыз |
619800 |
67,31 |
819194 |
70,56 |
433475 |
57,93 |
48,3 |
-88,9 |
Пайда салығы бойынша мерзімі өткен талаптар |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
Пайда салығы бойынша ағымдық талаптар |
- |
- |
- |
- |
2677 |
0,36 |
- |
- |
Басқа да активтер |
10912 |
1,19 |
21137 |
1,82 |
5940 |
0,79 |
1,9 есе |
3,56 есе кемі-ген |
Негізгі қаражат және материалдық емес активтер |
12782 |
1,39 |
31049 |
2,67 |
34197 |
4,56 |
2,4 есе |
10,1 |
Барлығы |
920750 |
100,00 |
1160931 |
100,00 |
748308 |
100,00 |
26,1 |
-55,1 |