Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2012 в 13:48, курс лекций
Оңтайлы басқару мен қаржылық шешімдерді қабылдау үшін өз шығындарыңды және бәрінен бұрын өндірістік шығындар жайлы ақпаратты талдай білу керек. Шығындарды талдау олардың тиімділігін анықтауға, олардьің шектен тыс болу болмауын айқындауға, жұмыстың сапалық көрсеткіштерін тексеруге, бағаларды дұрыс қоюға, шығындарды реттеу мен бақылауға, пайда мен өндірістің пайдалы деңгейін жоспарлауға көмектеседі.
1-дәріс. Басқару есебінің мағынасы, мәні, маңызы
1. Басқару есебінің теориялық негіздері. Басқару есебі бухгалтерлік есеп жүйесінің элементі
Оңтайлы басқару мен қаржылық шешімдерді қабылдау үшін өз шығындарыңды және бәрінен бұрын өндірістік шығындар жайлы ақпаратты талдай білу керек. Шығындарды талдау олардың тиімділігін анықтауға, олардьің шектен тыс болу болмауын айқындауға, жұмыстың сапалық көрсеткіштерін тексеруге, бағаларды дұрыс қоюға, шығындарды реттеу мен бақылауға, пайда мен өндірістің пайдалы деңгейін жоспарлауға көмектеседі.
Отандық ұйымдарда бүгінгі уақытқа дейін орталықтандырылған мемлекеттік баға белгілеу жағдайында дұрыс болып шыққан бұйымдар арасындағы қосымша шығындарды бөлу арқылы толық өзіндік кұн есебі ғана қолданылды. Меншіктің әр түрлі нысаны үйьмның жекелену, мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру процесінің даму, еркін баға белгілеу мен шығарылатын өнімнің ассортиментін өз бетінше жоспарлау тетіктерін енгізу, нарықтык зкономиканың басқа жақтарын дамыту шамасы бойынша бухгалтерлік практиканың жаңа және келешектік бағыттарының бірі басқару есебіне деген қажеттілік бірте-бірте өсуде.
Бухгалтерлік басқару есебі - шаруашылық және қаржылық іс-әрекетпен шұғылданатын әркімге қажет білім саласы.
Шаруашылық қатынастардың қандай тобы көрсетілуіне байланысты бухгалтерлік есеп екі кұрамдас бөлікке бөлінеді: қаржылық есеп пен басқару есебі. Қаржылық есептің мәліметтері салыстырмалы және мекеменің қаржылық жағдайына, оның төлемге және несиеге қабілеттілігіне, оған инвестиция салудың пайдалылығына әділетті баға беру үшін ішкі пайдаланушыларға, ннвесторларға, кредиторларға және басқа пайдаланушыларға қажетті ақпарат бөлуге тиіс.
Нарықтың экономика елдерінде бухгалтерлік есептің дамуы көрсетілген екі бағыт бойынша өзінің методологиялық, әдістемелік және ұйымдастырушылық дербестігін алды.
Сондықтан басқару есебінің мәні мен белгіленген міндетін, оның ұйым есебінің жүйесіндегі орнын, ақпараттык қамтамасыз ету мен жүргізу тәсілдерін карау керек.
Сонымен, басқару есебі есептеу, жоспарлау, бақылау, кіріс, шығыстарды жолдау жүйесі мен талдаушылық тұрғыдан қажетті шаруашылық іс-әрекеттің қорытындыларын, қыска мерзімді және ұзақ мерзімді келешекте кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижелерін оңтайлындыру мақсатымен әр түрлі басқару шешімдерін шұғыл қабылдау жүйесін көрсетеді.
2. Басқару есебінің объектілері, тәсілдері мен міндеттері. Бухгалтерлік басқару есебінің "контроллинг" жүйесіндегі орны
Басқару есебінің объектілері ұйым мен оның бөлімшелерінің шаруашылық қызметінің қорытындылары мен шығындары; баға белгілеу, бюджеттеу және ішкі есеп беру болып табылады.
Құнды қағаздармен қаржылық операциялар, мүлікті сату мен сатып алу, жал және лизинг операциялары, еншілес және тәуелді қоғамдарға инвестициялар және т.с.с. басқару есебінің шеңберінен шығады.
Бұрын атап көрсетілгендей, басқару есебінің өрісі - есеп беру орталықтарының (ұйым сегментінің) өндірістік іс-әрекеті, сондықтан басқару есебін кейде жауапкершілік орталықтары жөніпдегі есеп немесе сегменттік есеп деп те атайды.
Сегменттік есеп - ұйымның жеке құрылымдық бөлімшелерінің қызметі туралы ақпаратты жинау, көрсету және жинақты қорыту жүйесі.
Кәсіпорынның акпаратгық жүйесіндегі басқару есебінің объектілері көрсетілетін әр түрлі әдістер мен амалдар басқару есебімің тәсілдері деп аталады. Ол мынадай элементтерден тұрады.
Құжаттама – кәсіпорынның өндірістік қызметін жеткілікті дәрежеде толық көрсететін алғашқы құжаттар мен ақпараттық машиналық атқарушылары. Кәсіпорын ерекшелігіне сәйкес бастапқы есеп қаржьшық және басқару есебіне арналған ақпараттың негізгі көзі болып табылады.
Түгендеу - объектінің іс жүзіндегі жағдайын, сондай-ақ есептік мәліметтерден ауытқушылықты, есепке алынбаған құндылықтарды, шығындарды, кем шығуды, ұрлықты анықтау тәсілі.
Топтастыру мен жинақтап қорыту, бақылаушы шоттарды пайдалану - белгілі бір белгілер бойынша объекті туралы ақпаратты жинақтауға және жүйелендіруге мүмкіндік беретін – тәсіл. Топтастырылған ақпарат іс-әрекет нәтижелерін бағалау мен шұғыл және стратегиялық шешімдер қабылдау үшін тиімді пайдаланады.
Бақылаушы шоттар - сол кезең операцияларының жиынтық сомасы бойынша жазбалар жасалатын жиынтық шоттар. Бақылаушы шоттар жүйесі қаржылық және басқару есебі арасын байланыстыратын буын болып шығады және есептік жазбалардың толықтығы мен дұрыстығың анықтауға жол ашады.
Мөлшерлеу (нормалау) - ресурстардың барлық түрлерін тиімді пайдалану мен шығындарды өнімге айналдыратын ең өнімді жолдарды іздестіруді қамтамасыз ететін оңтайлы нормалар мен нормативтерді ғылыми негізделген есептеу процесі. Мөлшерлеусіз қорлар мен іс жүзіндегі шығындар жағдайын бақылау мен басқару есебі жүйесін ұйымдастыру мүмкін емес. Мөлшерлер бақылау жүйесінің негізгі ретінде жауапкершілік, азық-түлік және операциялар орталықтары бойынша жіктеледі және топтастырылады.
Ынталандыру - кәсіпорының мақсаты мен міндеттерін анықтауға, осы мақсаттарға сәйкес шешімдер қабылдауға жетелейтін өндірістік процеске қатысушылардың дәлелдеу (мотивация) құралы. Бұл ретте сметалар мен оларды орындау туралы атқару есептері алға шығады.
Бақылау - пайда болған ауытқуларды ашу мен жоюға мүмкіндік беретін, кәсіпорын қызметін бұрын белгіленген тапсырмаларды орындауға бағыттайтын жоспарлау мен талдауды аяқтау процесі.
Басқару есебінің ақпараты оперативті басқаруда бухгалтерлік мәліметтермен нығайтылады және кейде толықтырады. Өз кезегінде қаржылық есеп мәліметтері жанжақты қарастырылады; басқару есебінен түсетін ақпаратпен толықтырылады.
Бағалау - шешім қабылдаудың барлық жүйесін талдаудың соңғы процесі; қойылған мақсатқа (кері байланыс) жету анықталады; ауытқу себептері: жоспарлау кемшіліктері; оперативті шешімдер санын көбейтуге әкелген іс-қимылдың қолайсыз жақтары; бақылау жүйесінің басқару талаптарына сәйкессіздігі; қате мақсатты таңдау айқындалады.
Тәсілдің барлық элементтері бір-бірінен алшақ емес, басқару міндеттерін шешуге бағытталған ішкі шаруашылық байланыстарын ұйымдастыру жүйесінде әрекет етеді.
Бухгалтерлік басқару есебінде қолданылатын топтар сан алуан:
Олардың барлығы бір тұтас жүйеге бірігіп кірістіреледі және кәсіпорынды басқару мақсатында қолданылады.
Сонымен, басқару есебінің негізгі мақсаттары мен міндеттерін осылайша тұжырымдауға болады:
Кәсіпорынның басқару жүйелерінің жетілдірілуіне байланысты арнайы әдебиетте және өмірде "контроллинг" (баскару дегенді білдіреді) ұғымы жиі-жиі кездесе бастады. Бұл басқарудың барлық саласы мен деңгейін қамтитын шаралар кешені арқылы көрсетілетін, ақпаратты өңдеу, талдау, шаруашылық жоспарлау және тиісті бақылау процестерін біріктіретін тәсілдердің бірі.Контроллинг – кәсіпорынның түпкілікті мақсатын жүзеге асыратын процесті бақылау. бақылау жүргізеді.
Басқару есебі жинау, тіркеу және ақпаратты жинақтап қорыту жүйесі сөзінің тармағынасындағы есебі болып табылмайды. Бұл - бәрінен бұрын әр түрлі жүйе бөліктері мен тәсілдерді бір тұтас мақсатқа жету үшін жұмылдыратын кәсіпорынның басқару жуйесі.
Мұндай жүйе бөлігін басқару есебі, пайда басқармасы немесе контроллинг деп атауға болады.
3. Басқару есебінің құрамдас бөліктері мен принціптері
Кәсіпорынның өндірістік ресурстары - талдаудың жэне қаржылық басқару есебінің объектілері. Өндіріс процесінде жұмыс істейтін өндірістік ресурстардың құрамдас бөліктері статистикалық болып қалмайды, олар айналым жасайды, түрі өзгереді, өнімге айналады, үнемі қозғалыста болады, тозады және басқа өзгерістерге ұшырайды,
Өндіріс құралдарының айналымының барлық кезеңдерінде өндірістік ресурстар (жабдықтау-дайындау қызметі, өндіріс пен өткізу) жүйелі бухгалтерлік есепте көрініс табады. Алайда бұл көрсету ерекшелікті, ол қозғалысты (мысалы. кәсіпорын қой-маларындағы материалдық ресурстардың есебі, жабдықтаушыларындағы түсім мен өндіріске беру, цехтағы, цех коймаларындағы материалдардың қалдығы), негізінде, ресурстардың жағдайы мен бар-жоғына қатысты болады.
Материалдық ресурстар мен негізгі қорлардың сақталуы үшін материалдарға жауапты адамдар жауапкершілігі ғана қарастырылған. Өндірістік ресурстарды пайдалану тиімділігі үшін жауапкершілік жүктелмейді. Сонымен қатар бұл ресурстар кәсіпорынның әр түрлі саладағы қызметінің белгілі бір операцияларын атқаратын әр қилы құрылымдық бөлімшелерінде қолданылады. Мұндайда олардың әрқайсысына тиімділікті сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі сәйкес келеді.
Бұрын айтылғандай, қазіргі жағдайда басқару есебін ұйымдастыру мен жүргізу жөнінде өзіндік шешімдер болуы мүмкін. Ішкі қажеттіліктер үшін есепке тіркеуді реттейтін құжаттардың болмауы, ұйымдастыру мен есептегі техниканың бар болуы өндірістік есепті басқару есебі етіп қайта құруға мүмкіндік береді.
Басқару есебінің жүйесін жасағанда әрбір саланың тиімділігін анықтаумен бөлінгісіз байланыстағы іс-әрекет өрістері бойынша шығыстарды есептеу негіз қалаушы белгі болып шығады. Басқару есебін ұйымдастыруға деген мұндай көзқарас оның құрамдас бөлігі ретінде бөлінуіне жол береді:
Басқару есебінің принциптеріне мыналар жатады: кәсіпорын қызметінің үздіксіздігі; жоспарлау мен есептеу (жоспарлы-есептік) үшін кәсіпорын бөлімшелерінің іс-әрекет нәтижелерін бағаларын өлшеу бірдей бірлігін пайдалану; басқару мақсатымен алғашқы және аралық ақпараттың жалғастығы, сабақтастығы және бірнеше рет пайдалану; ішкі есеп беру көрсеткіштеріне басқару деңгейлері арасындағы қатынастық байланыс негізі ретінде қалыптастыру; шығындарды, қаржыны, коммерциялық қызметті басқарудың бюджеттік (сметалық) тәсілдерін қолдану; есеп объектілері туралы тура ақпаратты қамтамасыз етудің толықтығы мен талдаушылығы; есеп саясаты белгілеген кәсіпорынның өндірістік және коммерциялық циклдарын көрсететін мерзімділік. Аталған принциптердің жиынтығы басқару есебі жүйесінің ықпалдылығын қамтамасыз етуі, бірақ есептік процесті бір ізге салмайды.
Кәсіпорын қызметінің үзіліссіздігі кәсіпорынның болашақта дамитындығын білдіретін, өндіріс ауқымын қысқаратын және өзінен-өзі тарайтын ниеті жоқтығымен бейнеленеді. Бұл принцип бухгалтерлерді ұзақ мерзімді проблемаларды шешуге: өнімді өндірудің бәсекеге қабылеттілігін талдау, шикізат пен материалдарды, ассортиментті өзгерту мен жаңа өнімді игеру, инвестициялар және т.с.с. ақпараттық қызмет етуді жасауға бағыттайды.
Өндірісті жоспарлау мен есептеуде бірыңғай жоспарлы-есептік өлшем бірліктерін пайдалану, олардың арасындағы тікелей кері байланысты қамтамасыз етеді.
Жоспарлы-есептік бірліктер жедел (оперативті) өндірістік жоспарлау жүйесінің әр түрлі деңгейіндегі мәнін ашады, олардың көмегімен өндірістің басқару есебі мен шығындардың бухгалтерлік есебі көрсеткіштерінің өзара тығыз байланысына негізделген барлық есеп жүйесінің методологиясын әзірлеу үшін, жекелеген құрылымдық бөлімшелердің - шаруашылық жүргізу нәтижелерін анықтау үшін нақты мүмкіндіктер пайда болады. Өндірістің басқару есебінің жоспарлы-есептік бірліктері мен бухгалтерлік есеп қолданылатын, қоймаға тапсырылған дайын өнімді өлшеу бірліктері бірдей. Солар арқылы басқару мен орындалған тапсырыстардың қаржылық есептері арасында байланыс байкалады.
Кәсіпорыннын кұрылымдық бөлімшелері қызметінің нәтижелерін бағалау- басқарү есебі жүйесін құрудың негізін қалайтын принциптердің бірі. Кәсіпорындардағы ұйымдастыру формаларының бір-біріне ұқсамайтын барлық өзгерістері болса да, басқару есебі оперативті - өндірістік және техникалық экономикалық жоспарлаумен байланысты болуға тиіс. Басқару есебі жоспарлау мен бақылау жүйесімен біріккенде цехтың, участоктың, бригаданың шаруашылық жүргізу механизімін білдіреді. Іс-қызмет нәтижелерін бағалау әрбір бөлімінен өндірістен өнімде өткізуге дейінгі кәсіпорынның пайдасын қалыптастыру тенденциялары мен келекшектерін анықтауды көздейді.