Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2015 в 12:33, курсовая работа
Нарық-әлдебір өнім не қызметті тұтынушы шынайы не потенциалды тұтынушылардың қосындысы. Тауар-ақшалы айналым элементі ретінде ол өндіруші мен сатушы арасын байланыстырады. Басқаша айтқанда банк өз тауарларын айналымға түсіру үшін ғана жасайды. Егер ол өнім сата алмаса, өндіруге кеткен шығынды өтеп, пайда ала алмайды да банкроттыққа ұшырайды. Күнделікті әрекет процесіде банк, делдалдар мен тұтынушылар қызығушылықтары бір-бірімен астасып жатады. Басқаша айтқанда, өнімдер мен қызметтер нарығы – тауарлы-ақшалы айналымның әлеуметтік-экономикалық көрінісі. Ол айналымға енгізіліп, көрсетуге арналған банк өнімдері жиынтығы ретінде берілген.
КІРІСПЕ.........................................................................................................3
1. ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің және банктік жүйенің даму тарихы.............................................................................................................6
1.2 Қазақстан Республикасының банктің қызметтер нарығына талдау........................................................................................................................9
1.3 Банктік қызмет нарығындағы мәселелер және оны шешу жолдары..................................................................................................................12
2.БАНКТІҢ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
2.1 Жаңа банктік өнімдер...........................................................................16
2.2 Қазақстандағы электрондық банктік қызметті дамыту.....................20
ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................................25
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..........................................................
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Алматы Технологиялық Университеті
«Бухгалтерлік есеп және қаржы» кафедрасы
«Банк ісі» пәнінен
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің инновациялық қызметтері
Орындаған: Макенов Е. Е.
Тексерген: доцент Оразалиев Б. М.
Алматы 2014
МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ.......................
1. ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Қазақстандағы екінші деңгейлі
банктердің және банктік жүйенің даму
тарихы........................
1.2 Қазақстан Республикасының
банктің қызметтер нарығына талдау........................
1.3 Банктік қызмет нарығындағы
мәселелер және оны шешу жолдары.......................
2.БАНКТІҢ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
2.1 Жаңа банктік өнімдер.......................
2.2 Қазақстандағы электрондық банктік қызметті дамыту.....................20
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР....................
КІРІСПЕ
Нарық-әлдебір өнім не қызметті тұтынушы шынайы не потенциалды тұтынушылардың қосындысы. Тауар-ақшалы айналым элементі ретінде ол өндіруші мен сатушы арасын байланыстырады. Басқаша айтқанда банк өз тауарларын айналымға түсіру үшін ғана жасайды. Егер ол өнім сата алмаса, өндіруге кеткен шығынды өтеп, пайда ала алмайды да банкроттыққа ұшырайды. Күнделікті әрекет процесіде банк, делдалдар мен тұтынушылар қызығушылықтары бір-бірімен астасып жатады. Басқаша айтқанда, өнімдер мен қызметтер нарығы – тауарлы-ақшалы айналымның әлеуметтік-экономикалық көрінісі. Ол айналымға енгізіліп, көрсетуге арналған банк өнімдері жиынтығы ретінде берілген. Нарықтың қатынастар әрдайым нақты болады, олар белгілі бір банк өнімдері мен қызменттерін сату-сатып алу жиынтығына бағытталған. Нарықтың болуы үшін келесідей шарттар қажет:
- нарық субъектілері ретінде көрінетін екі жақтың болуы;
- бұл жақтың әрқайсысы екіншісіне тұтынуға қажетті затты не қызметті ұсынуға құқығы бар;
- жақтардың әрқайсысы тауар туралы мәлімет алып, оны қабылдауға не бос тартуға құқығы бар;
- серігіңе деген сенім мен өзің ұсынып отырған құнға эквивалентті зат не құзметті алу;
Нарықтың әрекет ету шарттамаларын оның негізгі принциптері де айқындай түседі:
Осыдан өнім нарығының негізгі функциялары шығады:
Нарық нысандары мен субъектілері ерекшеліктеріне қарай өнімдер мен қызметтермен алмасу бірнеше негізгі түрлері бар:
а) сауда айырбасының классикалық түрі, сатушы нақты банк өнімдерін ұсынып, ақшасын алады.
б) жекелеген субъектілер, банктер, өндірістер, мемлекеттер арасындағы бартерлік және клирингтік келісім-шарттардан көрінетін сауда айырбасының дәстүрлі емес формасы;
в) құндық айырбастың классикалық үлесі. Мысал ретінде азамат пен мемлекет арасындағы қарым-қатынасты алуға болады. Құндық эквивалент ретінде субъект салықтар төлейді, нәтижесінде түзу жолдар, таза көшелер мен мүлік қорғалымын алады. Аталған жағдайда банк алмасушы жақтар арасында делдал ретінде болады.
г) құндық айырбастың дәстүрлі емес формасы. Мысал ретінде концерт мезетіндегі орындаушылар мен тыңдаушыларды алуға болады. Алғашқылары билет құнын төлеп, рухани эквивалент (білім) алса, екішілері өз еңбегінің жемісін татуда. Тағы бір мысал – қоғамға ақшасын, коллекциясын ұсыніп, спонсор болып, атақ пен алғысқа ие болады. Бұл жерде де банк жақтар арасында делдал болады.
Банк қызметтерін көрсетудің әрбір нақты мезетікдегі сұраныс пен ұсыныс қатынасы төмендегідей ұғымдардың болуын шарттайды:
сұраныстың ұсыныстан анағұрлым жоғары көрінетін сатушы нарығы жағдайы. Нақты жағдайға байланысты дамытушы маркетинг, демаркетинг тактикалық маркетинг және қолдауға ие болмайтын ұсынысты бейтараптайтын қарсы әрекет етуші маркетинг.
ұсыныстың сұраныстан біршама жоғары тұратын сатып алушы нарық жағдайы. Бұл жағдайдадағы маркетинг конверсионды, алға жылжутушы және ремаркетинг бөлінеді.
Сатып алушының әртүрлі қажеттіліктеріне тікелей бағынышты нарықтың әрекет етуші түрлерін қарастырайық:
1. Тауарларды жеке тұтынушысы үшін сатып алатын жекелеген субъектілер не әлеуметтік топтан тұратын тұтынушылар нарығы. Нақты қызмет түрін таңдап алуға әсер ететін негізгі факторларды алты негізгі топқа бөліп қарауға болады: демографиялық, экономикалық, саяси, табиғи және өз әсерлерін бір мезетте көрсететін ғылыми-техникалық және мәдени орта факторлары.
2. Әрі қарай қолдану мақсаты бар банк қызметтері құрамына енетін барлық өндірістік-экономикалық бірліктер қатыстырылған өндірушілер нарығы. Мысалы өндіріс барысында несиеге алынған ақша. Кейде бұл нарықты өндіріс нарығы деп те атайды.
3. Тауарлар мен қызметтерді артық пайдасымен сату үшін алғашқы қолдан сатып алатын ұйымдардан құралған аралық сатушылар нарығы оларға барлық делдал ұйымдар жатады. Кей жағдайларда банк пен банктік мекемелер делдал қызметін атқарады.
4. Субъектіглері өндірушілер, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар болып табылатын мемлекеттік мекемелер нарығы.
Олар тауарлар мен қызметтерді коммуналдық сферада қолдану не мұқтаждық көріп отырғандарға беру мақсатымен сатып алады. Бұл жағдайда да банк делдал рөлін атқаруы мүмкін.
5. Негізгі белгісі шетелдік тұтынушылары барлығымен білінетін халықаралық нарық. Өз кезегінде олар да тұтытушылар, өндірушілер, делдалдар, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар болып бөлінеді.
1993 жылғы 13 сәуірде қабылданған
Қазақстан Республикасының «
Ақша айналдыру мен несие берудің тиімді қызмет ететін жүйесі нарықтың қалыптасуындағы міндетті шарттарының бірі болып табылады. Осы бағыттағы әрі қарай толық жетілдіру айрықша ұтымды әдістер мен ақшаны реттеу құралдарын дамытуды қарастыруда құрылған. 1995 жылғы ақпанда директивалық несие беру тоқтатылып, орталықтандырылған көздер есебінен несие берудің көлемі мен мерзімі қысқарды. Экономиканы несиелеу қызметі негізінен Ұлттық банктен екінші дәрежелі банктерге ауысты. Олар экономиканы несиелеуді осы мақсатта тартылып отырған халықтың жинақ ақшасы, шаруашылық жүргізуші субъектілерінің еркін қаражаты, банкаралық несие беру және басқа да қорлар есебінен қамтамасыз етуге тиіс болатын.
Нарыққа көшу жағдайындағы экономиканы басқарудың орталықсыздан-дырылуы экономиканы басқару тетігіндегі банк жүйесі рөлінің өзгеруін талап етті. Қайта ұйымдастырудың бірінші кезеңінде мемлекеттік банктердің жаңа құрылымы жасалды. Қайта ұйымдастырудың үлгісі:
- екі деңгейлік банк жүйесінің қалыптасуын;
- арнайы бейімделген банктердің
толық шаруашылық есепке және
өзін өзі қаржыландыруға
- шаруашылықтың түрлі
салаларындағы кәсіпорындармен
несие беру қатынастарының
Арнайы бейімделген екінші дәрежелі банктер халық шаруашылық кешендері мен кәсіпорындарға қызмет көрсетті. Қазақстанда сол атаумен арнайы бейімделген банктер құрылып, олардың құрамына шеткі аймақтағы бөлімшелер кірді.
Қайта ұйымдастыру банк қызметін белгілі дәрежеде жандандыра түсті. Бірақ, ол экономикалық қатынастарға тимегендіктен жағдайды күрт өзгерте алмады.
Реформаның екінші кезеңіне тән ерекшелігі инициатива төмен жақтан басталғандығында болып отыр. Бұл кезеңнің негізгі міндеті қаржы ресурсы қозғалысы саласындағы кәсіпкерлік бәсекелестікті дамыту үшін жағдай жасауды қамтамасыз ететін айқын ұйымдастырылған нарық құрылымын қалыптастыру болып табылады. Банктер халық шаруашылығындағы нарық қатынастарының дамуы мен реттелуінің тіркеу пункітіне айнала бастайды.
Екінші деңгейлі банктер қызметінің мақсаты пайда түсіру болып табылады. Өз кезегінде бұл тұтынушылармен қарым-қатынас жасауда икемділік білдіруге, сонымен қатар, пассивті, активті және комиссиялық-делдалдық операцияларды жүргізуде іскерлік танытуға мәжбүр етеді.
Банк реформасының екінші кезеңінде келесідей екі мәселе шешілді:
Бірінші-қоғамдық ұдайы өсудің макроэкономикалық пропорцияларына ықпал етуге мүмкіндік беретін экономикалық әдістердің жаңа ақша-несиелік реттеу механизмі жасалды.
Екінші-қаржылық қызметтердің пайдаланылуы тиімді нәтиже әкелетін салаларға еркін құйылуына жағдай жасалды.
Банк реформасының екінші кезеңі барысында банк құрылымы қайта ұйымдастырылды және несиелік қатынастар сипатына терең өзгерістер жасалды, несие жұмысының жаңа әдістері енгізілді.
Соның нәтижесінде Қазақстанда екі деңгейлік банк жүйесі қалыптасты. Бірінші деңгей-Ұлттық банк; екінші деңгей-коммерциялық(екінші деңгейдегі банктер) банктер мен жеке банк операцияларын жүзеге асыратын басқа қаржы-несиелік мекемелер.
Ұлттық банк бас банкі болып табылады. Ол өкім етуші және орындаушы билік органдарға тәуелді емес, экономикалық тұрғыдан дербес және өзінің шығындарын өз кірістері есебінен жүзеге асырады.
Банк жүйесінің екінші деңгейі тұрғындар мен Республиканың барлық өңіріндегі шаруашылық субъектілеріне несиелік-есеп айырысу қызметін көрсетуді қамтамасыз ететін коммерциялық банктердің кең жүйесі арқылы танылады. Ірі банктер ресурстарының өсуіне корреспонденттік қатынастардың кеңеюі ықпал етті, банктер арасындағы келісім бойынша оперцияларды өзара орындау мақсат етілген.
Банк ісіндегі бәсекелестік халықаралық деңгейге шыға бастады. Қазақстанның қаржы рыногына өз өкілеттіктерін ашу арқылы шет ел банктерінің енуі, шет ел капиталын қатыстырып, банктер құрылуы күшейіп келеді.
Осы заңмен банктердің негізгі, соның ішінде ақша-несиелік реттеу саласындағы міндеттері мен қызметтері, екінші деңгейлі банктер жүзеге асыратын операциялар тізбесі, сонымен қатар, мемлекет тарапынан екінші деңгейлі банктер қызметін реттеу принциптері мен әдістері анықталды.
Информация о работе Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің инновациялық қызметтері