Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің инновациялық қызметтері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2015 в 12:33, курсовая работа

Описание работы

Нарық-әлдебір өнім не қызметті тұтынушы шынайы не потенциалды тұтынушылардың қосындысы. Тауар-ақшалы айналым элементі ретінде ол өндіруші мен сатушы арасын байланыстырады. Басқаша айтқанда банк өз тауарларын айналымға түсіру үшін ғана жасайды. Егер ол өнім сата алмаса, өндіруге кеткен шығынды өтеп, пайда ала алмайды да банкроттыққа ұшырайды. Күнделікті әрекет процесіде банк, делдалдар мен тұтынушылар қызығушылықтары бір-бірімен астасып жатады. Басқаша айтқанда, өнімдер мен қызметтер нарығы – тауарлы-ақшалы айналымның әлеуметтік-экономикалық көрінісі. Ол айналымға енгізіліп, көрсетуге арналған банк өнімдері жиынтығы ретінде берілген.

Содержание работы

КІРІСПЕ.........................................................................................................3

1. ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің және банктік жүйенің даму тарихы.............................................................................................................6
1.2 Қазақстан Республикасының банктің қызметтер нарығына талдау........................................................................................................................9
1.3 Банктік қызмет нарығындағы мәселелер және оны шешу жолдары..................................................................................................................12

2.БАНКТІҢ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
2.1 Жаңа банктік өнімдер...........................................................................16
2.2 Қазақстандағы электрондық банктік қызметті дамыту.....................20

ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................................25

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..........................................................

Файлы: 1 файл

макенов.docx

— 68.36 Кб (Скачать файл)

Ондай бөлімше ретінде біз, банктің басқару құрылымында әсіресе активтерді басқаруға қатысты мамандандырылған бөліммше ретінде «Проблемалық актиивтерді басқару бөлімшесін» құруды ұсынамыз.

Проблемалық активтер дегеніміз бұл – банктің жіктелетін активтерінің бір бөлігін, яғни қайтару мерзімі кешіктірілген активтер топтарын білдіреді.

«Проблемалық активтерді басқару бөлімшесі» сияқты басқару құрылымдары шетелдік банктер тәжірибесінде бөлім түрінде кездеседі. Ондай бөлім ретінде отандық банктер тәжірибесінде «проблемалық несиелермен жұмыс бөлімі» алуға болады. Олар екінші деңгейдегі банктер тәжірибесінде берітінде ғана құрылып қызмет етуде және оның тиімділігі де дәлелденіп отыр. Демек, «Проблемалық активтерді басқару бөлімшесінің» құзіреті жоғарыда аталған бөлімге қарағанда кең, яғни ол бөлімнің сол бөлімшенің құрылымына жатқызуға толық негізі бар. «Проблемалық активтерді басқару бөлімшесі» бұл кез келген банктің проблемалық активтерін басқарумен тікелей айналысатын өкілетті ұйым болып табылуға тиіс. «Проблемалық активтерді басқару бөлімшесі» өз қызметінде банктік заңдылықтарды, ҚҰБ-нің нормативтік актілерін, банктің жарғысын, Басқарманың шешімдерін, өзге банктің нормативтік және үкімдік құжаттарын және аталған бөлімше туралы ережесін басшылыққа алады.

«Проблемалық активтерді басқару бөлімшесі» мынадай міндеттерді шешуге тиіс:

1.Жоғары мөлшерде пайда табу  мақсатында банктің тиімді несиелік- инвестициялық стратегиясын қалыптастыруға  және іске асыруға қатынасу.

Бұл жерде ең бастысы проблемалық активтердің пайда болуының алдын алу және пайда болған жағдайларда оларға мониторинг жұмыстарын ұйымдастыру шараларының іске асырылуы көзделеді. Ал енді пайда табу мақсатына келсек, мұнда аталған бөлімшенің ықпалымен банктің шығындарын азайта отырып, проблемалық активтерді барынша қайтаруға жағдайлар жасау туралы айтылады.

2. Проблемалық активтер мен жұмыс  бойынша қызметін жүзеге асыру  барысында банктің және оның  құрылымдық бөлімшелерінің қатынасу  қағидаттарын, стратегияларын, нысандары  және әдістерін жасау.

Жұмысты ұйымдастырудың негізгі қағидаттарына мыналар жатады:

Активтердің проблемалық активтер тобына өтуін ескерту, яғни банк активтері қоржынының жағдайына жүйелі түрде бақылау жасауға және төлемді кешіктірген күннен бастап қарыз алушылармен жүргізілетін жұмыстарына қатысуға тиіс. Егер де қарыз алушының қарызды кешіктіруі техникалық себептерге байланысты болса, онда әрі қарай бақылау жұмыстарын жалғастыра береді.

Проблеманы шешу тәсілдерінің толықтығы мен кешенділігі, яғни банктің, заңдар мен нормативтік актілер шегінде қарыз алушыға ықпал ету мүмкіндіктерін жасау. Нақтырақ айтсақ, банктің экономикалық, ұйымдастырушылық –құқықтық, өндірістік-техникалық ерекшеліктерін, қарыз алушының жеке басының мінез құлқын және психологиясын ескеретін әр түрлі стратегияларды жасап қоймай, сондай-ақ проблеманы шешудің әр түрлі нысандары мен әдістерін жүргізуге тиіс.

Қабылданатын шаралардың өз уақытылығы, яғни проблемалық активтер мен жұмыс жасау барысында, кейде қарызды толық қайтару немесе проблемалық активтен қалыпты активке айналдыруға мүмкіндік беретін тез арады шешім қабылдау қажет болады. Егер уақыт өтіп кететін болса, онда активтердің үмітсіз санатына айналуы мүмкін.

Қабылданатын шешімдердің тиімділігі, яғни бөлімшенің жұмысының нәтижесі банктің табысының нақты өсуімен сипатталуға тиіс. Ең басты назар аударатыны бұл жерде уақыт факторы. Банк өз қызметінде кейде ағымдағы шығыстарды басынан кеше отырып, нәтижесінде стратегиялық оң нәтижеге қол жеткізуі қажет .

Оң тиімділіктің арту, яғни уақытында банктің алдындағы қарызын бөлшектеп, бірақ келісілген кесте бойынша қайтаруға және комитеттің қатаң бақылауында болуға тиіс.

Несиелердің қайтарылмау тәуекелі мен бағалы қағаздарды өтеуге байланысты дефлоттарды төмендету бойынша кешенді шараларды жүзеге асыру барысында өзінің қарамағындағы бөлімшелермен немесе филиалдармен өзара байланысты дамыту;

Аталған бөлімше банктің өзге де бөлімшелер және филиалдарымен ақпарат алмасуды дұрыс жолға қоя білуі қажет. Егер филиал проблемалық активтерді қайтаруға байланысты шараларды жүргізуге қатысатын болса, онда оның атқаруына тиісті іс-әрекеттерді және міндеттерді айқындауға араласуы керек. Проблемалық активтермен жұмыс барысында банк қызметкерлерінің білікті маман ретінде бір-біріне деген сенімдерінің болуының маңызы зор.

Бөлімшенің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша істердің жағдайына жүйелік талдау жасайды, және оның негізінде банктің қызметін жетілдіруге бағытталған шешімдер қабылдауға арналған ұсыныстарды банктің жетекшісіне, комитеттерге және басқармаға жасайды;

Бөлімшенің қызметіне қатысты нұсқаулық материалдарын жасай отырып, оларды тәжірибеге енгізу шараларын қабылдайды;

Банкте өтетін мәжілістер мен жиналыстарда өкіл ретінеде қатысады. Проблемалық активтер жөніндегі комитет пен Несиелік комитеттің шешуші дауысы бар мүшесі болады;

Банктің өзгеде бөлімшелерімен өзара қарым-қатынаста жұмыс жасай отырып, олардың жетекшілерінің келісімімен мамандарды жұмысқа тартады;

Бөлімшенің штаты, кадрларды таңдау және тағайындау, көзге түскен қызметкелердің қызметін өсіру, марапаттау жұмыстан босату туралы мәселелерді банк басшыларының қарауына береді.

Банк басқармасы мен комитеттерінің шешімдерінің уақтылы орындалуын ұйымдастырады және операцияларды жүргізу ережелерінің сақталуына бақылау жасайды.

Бухгалтерлік білімі бар маман банктің бухгалтерлік есебін жетік білуге және бөлімшенің ұсынған проблемалық активтермен жұмысының сызбасының үлгісін жасай білу тиіс. Ол банктің бухгалтерлік бөлімінің негізгі опоненті болып табылады. Мұндай маманның басты артықшылықтары ретінде оның кәсіпорынның бухгалтерлік есебін білуі, себебі қарызды қайтару сызбасын іске асыру қарыз алушы – кәсіпорынның қызметін талдайды және есебін жүргізеді.

Несие бойынша маман несиелеу тәжірибесін жетік білуге,банктің нормативтік материаларын, экономиканың өнеркәсіптік секторының қызметі-нің ерекшеліктерін және күрделі қаржыландыру сызбасын құра білуге тиіс.

Салық саласының маман тек қана банктік емес корпоративтік секторға салық салу тәжірибесі мен заңдылықтарын білуге, сондай-ақ банктің ішкі аудит қызметімен өзара байланысты болуы тиіс.

Арбитраждық білімі бар заңгер банктің атынан арбитраждық сотта банктің мүдделерін қорғай білуі және банктің заң қызметімен тікелей байланыста болуы қажет.

Қауіпсіздік мәселелері бойынша маман банктің қауыпсіздік қызметі мен мемлекеттік билік ұйымдарының құқық қызметкерлерімен өзара қарым-қатынаста болуға тиіс.

Филиалдар бойынша маман банктің құрылымдық бөлімшелерінің экономикалық – қаржылық жағдайын жетік білуге, олардың өңірлердегі қызмет ету ерекшеліктерін, әлсіз және күшті жақтарынан хабардар болуы тиіс.

Қорыта айтқанда, кейбір банктер бастапқыда мұндай жаңа бөлімшенің басқару құрлымында болуын бәсекелестік тұрғыдан қаламауы мүмкін. Бірақ та уақыт өте келе ондай құрылымының қызметінің тиімділігіне көздері жететіне күмән келтіруге болмайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.БАНКТІҢ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ

 

2.1 Жаңа банктік өнімдер

 

Жаңа банктік өнімдерді әзірлепенгізу – банктің кешенді кқызметтерін жоспарлаудың Бір бағыты.  Жаңа өнімдердер туралы ойларды іздестіру нәтижесінде банк өзіне сәйкес келетінін таңдапалып, оны әзірлеуді ойластырады,  яғни қызмет түрін тұтынушыға ұсыну үшін нақты шаралар өткізеді. Банктің жаңа өндірісін жасаудың келесі кезеңі банктің жаңа өндірісті енгізуге мүмкіншілігін талдау, сатылатын қызмет көлемін, шығыстарымен болжамды пайдасынанықтау мақсатында осы қызметтің нарықтық ұсыныстарын зерттеу. Өз мүмкіншіліктерін анықтап болып банк жаңа өнімді жасауды бастайды, атап айтқанда тұтынушыларға осы өнімді ұсыну үшін нақыт істерді (нормативтік құжаттарды дайындау, қызметкерлерді оқыту, банктік операцияларды ресімдеу, осы өнімді ұсыну тәсілдерімен коммуникациялық стратегия, қажеттілігінше компьютерлік бағдарламаларды дайындау) атқарады. Жаңа өнімнің сапасын сынау шектеулі тұтынушылардың аясында олардыың өнім әсеріне жауапты әрекетін білу үшін ұсынуды болжайды. Егер жаңа өнім шын мәнінде тұтынушылардың барлық талаптарына және банктің мүмкіншіліктеріне жауап беретін болса, онда банк ықтимал және нақты тұтынушыларға кеңінен ұсынады.

Қазақстан Республикасының Президенті-Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Әлеуметтік - экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты жолдауында былай атап өтті: «Қазір еліміз дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Біз бүгінде бәсекеге қабілетті, әлеуеті зор, экономикасы қуатты ел құрудамыз. Біз бұдан бұрын да биік белестерді бағындырдық.

Ол үшін қажетті ресурстар бүгін мемлекетте жеткілікті».[1]

Инновациялық стратегияның маңызды бөлігін жарнама мен банк өнімдерін ілгері дамыту құрайды. Бұл әрекетке банктің негізгі кеңсесі мен басқа құрылымдық бөлімшелері қатысады. Жарнаманың мақсаты қаржылық – несие институты ретінде банктің атауы мен кейпін халықтың санасына қалыптастырып банктің ісіндегі негізгі деген нарықтарымен байланыстыру.Банк қызметтерінің кешенін жарнамалау халықты банкпен ұсынылатын операцияларының бүкіл жиынымен таныстыруға бағытталған, бірақ кейбір қызметтердің 179 қыр сыры ашыла бермейді. Бұл жарнама ықтимал тұтынушылардың банктермен көп қатынаса бермейтіндіктен банктің базалық операциялармен таныстыруды қажет ететін түрлеріне бағытталған. Өнімнің жарнамасы банктік операция жайында түбегейлі сипаттама береді. Жарнаманың негізгі мақсаты тұтынушыларға олардың банкке сенім білдірген жағдайда алатын пайдасын көрсетіп беру. Одан басқа тағы да жарнама банктер арасындағы тұтынушыларға қызмет көрсету ерекшеліктеріне назар аударуға тырысады. Бұл ерекшеліктер тек қана қызметтердің кейбір бөліктерінің орындалуында ғана, шын мәнісінде үлкен

банктердегі сервистің деңгейі бірдей болып келеді. Инновациялық бағдарламаларда банк бөлімшелерінің орны маңызды. Ертеректе бөлімшелерді басқарушылар өздерін банк өнімдерінің сатушысы деп есептемейтін. Ал қазір уақыт өзгерді. Қазіргі кезде банктердің көбісі банк өнімдерін дамытып банктің ықпалын белгілі бір аумақта күшейту үшін бөлімшенің бастығы ретінде маркетинг бойынша маманды әдейі тағайындайды.

Қазақстан Республикасында пластикалық карточкалармен есеп айырысудағы мәселелер мен шешу жолдарын. Пластикалық карточка-бұл өзінің техникалық мүмкіндігі бойынша, мақсаты бойынша әртүрлі карточкалардың барлық түрлерін білдіретін жалпылама термин. Барлық пластикалық карточкалардың өздерінің жетілдіру дәрежесіне байланысты емес маңызды ерекшелігі-оларда әртүрлі бағдарламаларда қолданылатын ақпараттардың белгілі бір наборы сақталатындығында. Карточка ғимаратқа кіруде пропуск ретінде компьбтерге кіру құралы жүргізуші куәлігі ретте қолданылады, телефондық байланысты төлеу үшінде пайдалануға болады және т.б. Ақша айналымы сферасында пластикалық карточкалар қолма-қолсыз есеп айырысуды ұйымдастырудың прогрессивті құралдарының бірі болып табылады.

Қазіргі таңда пластикалық карточкалардың кең тараған түрлері Электронды ақшалай есеп айырысу жүйесінің қалыптасу процесінде батыста ІSO (Іnternatіonal Standarts Organіsatіon) ұйымы құрылды, ол пластикалық карточкалардың сыртқы түріне белгілі бір стандарттарды, шоттарды номерлеу тәртібін; магнитті сызық форматын, хабарлау форматын өңдеп жасады. ІSO мүшелеріболып VІSA, Master Card, Amerіcan Express сияқтыкарточкалардыңіріэлементтерітабылады. Қазіргі кезде элементтердің 200-ден астам елінде төлемді кайналымда пластикалық карточкаларды қолданады, ол пластикалық карталар банктік істегі “технологиялық революцияның” маңызды элементі болып табылатынын айқындайды. Пластикалық карточкалар көп жағдайда электронды банктік жүйенің негізгі элементі болып табылады. [2]

Қазіргі кезде әлементтердің 200-ден астам елінде несиелік карточкалар негізінде банктік қызметтерді дамытуда, ал товарлар мен қызметтерді қолма-қолсыз төлеу көптеген елдерде барлық ақшалы операциялар құрылымында 90 пайызды құрайды. Банктік несиелік карточка өзімен бірге товарлар мен қызметтерді сатып алуда төлемді кейінге қалдыруға оның иеленушісіне мүмкіндік беретін пластикалық карточкаларды білдіреді. Карточкалардың әр иеленушісіне банктегі клиенттің қарапайым шотынан байланысты емес ссудалық шоты бойынша несиелендіру лимиті анықталады. Банкпен әкелетін карточкалар үшін шоттар несиелік карточкаларды пайдаланумен есеп айырысуларды ұйымдастыруды жүзеге асыратын арнайы банктік бөлімшелерде жүргізіледі. Қазіргі күні қолында банкомат картасы бар қазақстандықтардың саны 7,8 миллионға жақындапты. Кейбірімізде банкомат картасы қос-қостан болса, енді біреулердің бір басында үш-төрттен болғанына ешкім таңғалмайды. Алайда «темір жәшіктен» ақша суыратын жұртшылықтың басым бөлігі төлем жүйесінің осы түріне әлі күнге сенімсіздікпен қарап келсе, одан да көп бөлігі банкомат карталарының басқа да мүмкіндіктерін жүзеге асырудан қашқақтайды екен.

Ал Қазақстанда төлем карталарына қатысты алғашқы банктік жоба 1992 жылы сынақтан өткенімен, қалың жұртшылық әлгіндей карталарды тек айлық алатын құрал ретінде ғана пайдаланады. Сонымен бір мезетте қаржы нарығында қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды жетілдіру, төлемнің электрондық құралын кеңейту, сондай-ақ бухгалтерлік һәм қаржылық операцияларды электронды түрде беру секілді мәселелер дамыған үстіне дамып келеді. Бұдан бөлек электрондық төлемнен аз ғана сауаты бар адамға еш қиындықсыз қаржы операцияларын жүргізудің тиімділігі арта түсуде. Шапшаңдық пен ұтқырлықты қоспағанда, билік өкілдері «көлеңкелі» қаржы айналымынан құтылудың бір жолы ретінде де осы қолма- қол ақшасыз есеп айырысу жүйесін жетілдіру қажеттігін алға тартады. «Ұлттық экономикамызда қолма-қол ақшасыз төлемдер неғұрлым артса, қаржы операциялары солғұрлым тазара түседі. Сондай-ақ төлем жүйесі неғұрлым үздіксіз, тиімді жүргізілсе, экономикадағы операциялық кедергілер де төмендеп, қаржы жүйесінің тұрақтылығы да артады. Яғни қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды дамыту – экономикалық өсімге сеп. «Қазір «электронды ақша» қоғамдық жүйесін құрудың маңызы артып тұр. Ол құрылса, банктер теңге аталымына сәйкес «электронды ақша» шығару мүмкіндігіне ие болады. Сондықтан бізде осындай заң қабылданса игі.[3]

Информация о работе Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің инновациялық қызметтері