Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің инновациялық қызметтері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2015 в 12:33, курсовая работа

Описание работы

Нарық-әлдебір өнім не қызметті тұтынушы шынайы не потенциалды тұтынушылардың қосындысы. Тауар-ақшалы айналым элементі ретінде ол өндіруші мен сатушы арасын байланыстырады. Басқаша айтқанда банк өз тауарларын айналымға түсіру үшін ғана жасайды. Егер ол өнім сата алмаса, өндіруге кеткен шығынды өтеп, пайда ала алмайды да банкроттыққа ұшырайды. Күнделікті әрекет процесіде банк, делдалдар мен тұтынушылар қызығушылықтары бір-бірімен астасып жатады. Басқаша айтқанда, өнімдер мен қызметтер нарығы – тауарлы-ақшалы айналымның әлеуметтік-экономикалық көрінісі. Ол айналымға енгізіліп, көрсетуге арналған банк өнімдері жиынтығы ретінде берілген.

Содержание работы

КІРІСПЕ.........................................................................................................3

1. ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің және банктік жүйенің даму тарихы.............................................................................................................6
1.2 Қазақстан Республикасының банктің қызметтер нарығына талдау........................................................................................................................9
1.3 Банктік қызмет нарығындағы мәселелер және оны шешу жолдары..................................................................................................................12

2.БАНКТІҢ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
2.1 Жаңа банктік өнімдер...........................................................................16
2.2 Қазақстандағы электрондық банктік қызметті дамыту.....................20

ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................................25

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..........................................................

Файлы: 1 файл

макенов.docx

— 68.36 Кб (Скачать файл)

1995 жылғы 31 тамыздағы «Қазақстан  Республикасындағы банктер және  банк қызметі туралы» Заңымен  банктерді құру мен олардың  қызметінің қатаң талаптары бекітіліп, Ұлттық банкке екінші деңгейлі  банктердің қызметін реттеу жөнінде  маңызды өкілеттік берілді.Банк  заңдылықтарын жетілдіруде негізгі  мақсат банк көрсететін қызметтердің  сапасы мен беріктігі, банк ісі  тәжірибесі мен жалпы мақұлданған  стандарттар бойынша банк қызметін  реттеуді, ең алдымен банк қадағалау  жөніндегі Базель комитетінің  банк қадағалаудағы тиімді принциптерімен  жақындастыру болып қала береді.

«Екінші деңгейлі банк» термині банк қызметінің ең алғашқы даму кезеңінде пайда болған. Ол кезде банктер көбінесе сауда, тауар алмасу операциялары мен төлемдер қызметін көрсететін. Негізгі клиентурасы саудагерлер болатын . Алайда, өнеркәсіп пен басқа салалардың дамуына байланысты банктер экономиканың өзге салаларына қызмет көрсете бастады да бірте-бірте банк атауындағы «коммерциялық» деген термин өзінің бастапқы мәнін жоғалтты. Ол банктің «іскерлік» сипатын, оның шаруашылық агенттіктердің қызмет түріне қарамастан барлығына қызмет көрсетуге бағытталған әрекетін білдіреді.

Қазақстанда бұрынғы кеңес одағы кеңістігіндегі барлық мемлекеттердегідей екі деңгейлік банк жүйесі бар. Ол банктер арасындағы қарым-қатынасты екі тұрғыда құруға негізделеді: көлденең және тігінен. Көлденең бойынша-жетекші, басқарушы ретінде орталық банкке (Ұлттық банкке) төменгі буындардың-коммерциялық және арнайы бейімделген банктердің бағыну қатынасы. Тігінен бойынша-түрлі банктер арасындағы тең құқықты серіктестік қатынасы.

Қазақстан Республикасындағы банк жүйесінің қалыптасу үрдісі үш кезеңнен тұрады:

1.Бірінші кезеңінде (1988-1991 жылдар аралығында) мемлекеттік  салалық банктерді қайта ұйымдастырып, банк ісінің институттандыру  негізі құрылды, алғашқы коммерциялық  банктер пайда болды;

2.Бұл кезең (1992 жылдың  соңы мен 1993 жылдар аралығында) инфляция  жағдайындағы банк жүйесінің  экстенсивті өсуімен сипатталды. Аталған кезең нақты пайыздық  төлемдердің жағымсыз мәні мен  рубль құнының екпінді төмендеуімен  қосталды. Бұл қысқа мерзімді  пайдакүнем операциялардан табыс  тапқан көптеген біркүндік банктердің  қалыптасуына мүмкіндік тұғызды. Бұған банк операцияларын орындауға  лицензия алуға біршама жеңіл  қол жеткізу мүмкіндіктері болуы  мен жарғылық қорының шағын  мөлшері де септігін тигізді. Нәтижесінде банк секторының  ұдайы өсу үрдісіндегі рөлі  төмендеп кетті. Екінші кезеңнің  негізгі белгілері Ұлттық банктің  орталық банк қызметін орындауға  біртіндеп көшуінде және коммерциялық  банктердің экстенсивті қалыптасуы  мен өсуінде болды.

3. Банк жүйесі дамуының 1994 жылы басталып, қазіргі кезде  жалғасып жатқан үшінші кезеңі, қаржы саласындағы, содан соң  жалпы экономикада тұрақтандыру үрдісінің дамуымен шартталатын банк жүйесінің қызмет жағдайындағы өзгерістерге бейімділігімен сипатталады.

Банк жүйесінің қазіргі кезеңдегі дамуы келесі үрдістермен сипатталады:

- банк капиталын шоғырландыру, екінші деңгейдегі банктер ақшасының  капиталға айналу деңгейін көтеру;

- коммерциялық банктер  қызметінің сандық көрсеткіштерінің  өсуі;

- қаржылай тұрақсыз банктер  санының қысқаруы;

- банк секторындағы шет  ел капиталы үлесінің қысқартылуы, сондай-ақ банк капиталындағы  мемлекеттік үлестің азаюы;

-банктер қызметінің халықаралық  стандартарына жақындатылуы;

Коммерциялық банк-банк жүйесінің элементі болып табылады. Бұл оның мынадай міндеттерін білдіреді:

-ол бір тұтастың негізгі  бөлшегі бола алатын тектік  қасиеттерге ие болуы тиіс (банк  дәрежесі, банк операцияларын жүзеге  асыруға лицензиясы болуы керек);

-жалпы және арнайы  заңдардың, заң нормаларының шамасында  қызмет етуі тиіс;

- өзін өзі реттеуге (қоршаған  ортаға бейімделуге және әрекет  етуге), даму мен жетілуге қабілетті  болуы тиіс;

-банк жүйесінің басқа  да элементтерімен өзара әрекет  жасауға тиіс.

Басшылық экономикадан нарыққа көшу кезеңіндегі қазіргі банк жүйесінің құрылу философиясының ең қауіпті ақауы екінші деңгейлі банктердің қызметіне қатысты негізгі нормативтік актілердің бір мағыналық толықтығында болды. Яғни, екінші деңгейлі банктерді бірыңғай макроэкономикалық міндеттерді шешуге көзделген басқару объектілері ретінде, «үлкен мазмұнды» деп аталатын, жоғары жақтан қарау.

Нақты тұжырымдалған және айқын белгіленген даму стратегиясының жоқтығында көрініс тауып отырған екінші деңгейлі банктердің мәнін, мақсаты мен міндеттерін түсінбегендік олардың әрекеттеріне деген алаңдатушылық туғызады. Есеп әп-сәтте түсірілетін пайдаға жасалады да, табысты қалай да болса шапшаң, жиі өз клиенттері есебінен алуға мәжбүрлейді.

Бұрынғы мемлекеттік банк құрылымдарында монополияландырылған ойлау кешенінің болуы бір жағынан, және жаңа құрылған екінші деңгейлі банктердің банктерге тән емес таза коммерциялық қызметтері мен операцияларының басым болуы екінші жағынан, өзара байланысты экономика институттарының тізбегіндегі маңызды буын ретіндегі банктің мәні жойылады деген ойды нығайтуға себеп болады.

Қорыта келе,екінші деңгейлі банктерге деген жаңа көзқарас қажет. Олар мемлекеттік-әкімшіліктен нарықтық қатынастарға көшу дәуірінің ерекше құбылысы ретінде іштей де, сырттай да парасатты баға алуы тиіс.Екінші деңгейлі банк өзінің заңдылығы мен ерекшелігі бар тірі оганизм ретінде өзінің жаратылысы, өзінің мәні мен әлеуметтік экономикалық қызметі түсінігіне сәйкес болуы тиіс деген пікірдемін.

 

1.2 Қазақстан Республикасының банктің қызметтер нарығына талдау

 

Екінші деңгейлі банк бір жағынан, шаруашылық субъектілердің уақытша бос ақшалай қаражаттарын тартатын болса, екінші жағынан, бұл қаражаттар есебінен кәсіпорындар мен ұйымдардың әр түрлі қажеттерін қанағаттандыратын арнайы мекеме. Екінші деңгейлі банктің пассивті операциялық негізінде оның қызметінің жүзеге асырылуы үшін қажетті банк ресурстары жинақталады.

«Банк ресурстары» термині «несиелік ресурс» терминіне қарағанда кең ұғымды білдіреді. Банк ресурстары тек несиелеуге ғана емес, сол сияқты басқа да активтік немесе комиссиондық операцияларды қаржыландыру үшін пайдаланылады.

Банк ресурстары нарығы пайда болуымен қатар бағалы қағаздар нарығы қалыптасты. Сөйтіп банктер жаңа қызмет түрлері ретінде бағалы қағаздармен, факторинг, лизинг және басқа операциялармен тікелей жұмыс жасай бастады. Бұл, яғни банктің ресурстық құрамына тек қана ақшалай қаражаттар емес, сол сияқты тауарлы-материалдық құндылықтар және бағалы қағаздар кіреді дегенді білдіреді. Екінші деңгейлі банктер ресурстарының бір бөлігі Ұлттық банктен алған ресурстардан да құралады.Демек, Екінші деңгейлі банктер ерекше бір кәсіпорын ретінде делдалдық қызметке байланысты, банктік ресурстар нарығында ақшалай ресурстарды сатып ала отырып, оны қажет ететін кәсіпорынға, ұйымға және халыққа сатып отырады.

Банк ресурстары – бұл банктің пассивті операциялары негізінде қалыптасқан және барлық активтік операциялар бойынша банк өтімділігін қамтамасыз ету және пайда табу мақсатында орналастыруға бағытталатын банктің меншікті және тартылған қаражаттарының жиынтығы.

Нарықтық қатынастарға өту барысында банк ресурстарының құрылымында біршама өзгерістер болуда. Меншікті қаражаттар қатарына, біріншіден, Екінші деңгейлі банктердің акционерлік капиталы, резервтік қоры, сол сияқты қосымша қорлары кіреді. Тартылған қаражаттардың жаңа түріне: Ұлттық банктен және басқа да несиелік мекемелерден алатын несиелер, басқа банктердің, корреспонденттік шоттағы, депозиттік шоттардағы қаражаттары, облигацияларды сатудан түскен қаражаттар, лизингтік операцияларды жүзеге асырғаны үшін алынған тауарлы-материалды құндылдықтар жатады.

Екінші деңгейлі банктер ресурстарының құрылымы олардың мамандануы, әмбебаптығы және қызметінің ерекшеліктеріне қарай ерекшеленеді.

Банк ресурстарының құрылымына мыналар жатады:

  1. Банктің меншікті капиталы.
  2. Банктің заемдық және тартылған қаражаттары.

Пассивтік операциялар негізінде банктің ресурстары жинақталады. Сондықтан да, пассивтік операциялардың коммерциялық банктер қызметіндегі рөлі жоғары. Қаншалықты банк ресурстары пассивтік операциялар нәтижесінде құралатындықтан да, оған анықтама беру керек. Қаржы және несие сөздігінде: «пассивтік операциялар – бұл несиелік және активтік операцияларды жүзеге асыруға арналған банктің ресурстарын қалыптастыру операциялары» - делінген.Соңғы оқулықтарға сүйенсек банктің пассивтік операциялары – нәтижесінде пассивтік шоттағы немесе активті-пассивтік шоттағы қаражаттардың өсуін, яғни пассивтің активтен арту формасын сипаттайтын операциялар білдіреді.

Екінші деңгейлі банктің активтерін төмендегідей төрт топқа бөлуге болады:

  1. Касса және оған теңесетін ақшалай қаражаттар;
  2. Берілген несиелер;
  3. Бағалы қағаздарға жұмсалынған инвестициялар;
  4. Банктің ғимараты мен жабдықтары.

Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктерге арналған пруденциялық нормативтерге сәйкес жоғары өтімді активтерге мыналар жатады:

1.Қолма – қол ақшалар;

2.Мемлекеттің бағалы қағаздары және Қазақстан ипотекалық компаниясының борыштық бағалы қағаздары, сондай-ақ өтімділігі жоғары басқа да бағалы қағаздар;

3.Құйма қымбат металдар;

4.Ұлттық банктегі Standard & Poors және рейтингтік агенттердің «А» төмен емес ұзақ мерзімді рейтингі баро бейрезидент – банктердегі талап етуге дейінгі депозиттер;

5.Standard & Poors және басқа рейтингтік агенттердің «А» төмен емес ұзақ мерзімді рейтингі бар ҚР банктерге берген «овернайт» займдары.

Кейбір шетелдік әдебиеттерде банк активтерін, олардың өтімділігі мен пайдалылығына қарай 4 топқа бөледі::

1-топ. Алғашқы резервтер  – бұл алынатын салымдарды  төлеуге жәңе несиеге деген  өтінішті қанағаттандыру үшін  тез арада пайдаланылатын ең  өтімді активтер. Мұндай активтерге  мыналар жатады:

  1. Касса;
  2. Орталық банктегі корршоттағы және өзге де шоттардағы ақшалай қаражаттар;
  3. Инкассациялау процесіндегі чектер және өзге де төлем құжаттары;
  4. Басқа да коммерціиялық банктердегі корршоттағы қаражаттар.

Мұндай активтер банкке табыс әкелмейді, бірақ банк өтімділігінің негізгі көзі болып табылады.

2- топ. Екінші реттегі  резервтер - бұл банкке шамалы ғана табыс әкелгенімен де жоғары өтімді активтер қатарына жатады. Себебі, оларды ең төменгі тәуекелмен, кішкене ғана кешіктіріп, қолма – қол ақшағ айналдыруға болады. Оларға мыналар жатады: вексельдер және өзге де қысқа мерзімді бағалы қағаздар; талап етілетін (онкольдық)несиелер; бірінші сыныпты қарыз алушыларға берілетін несиелер.

Бұл топтың активтерінің тағайындалуының басты мақсаты – алғашқы резервтерді толықтыру көзі ретінде қызмет ету болып табылады.

3-топ.Банктік активтердің  маңызды бөлігі - банктік несиелік  портфелі. Банктің несиелері біршама табысты және ең тәуекелді болып келеді. Бұл топ банк пайдасының басты козін құрайды.

4-топқа инвестициялық  портфель жатады. Инвестициялық  портфельді қалыптастыру екі  мақсатты көздейді: банкке табыс  әкелу және ұзақ мерзімді бағалы  қағаздардың өтелу мерзімінің  жақын қалуына байланысты, сондай-ақ  оларды қысқа мерзімге айналдыруды  екінші реттегі активтерге қосымша  ретінде болу.

Бөлімді қорытындылай келе, бүгінгі таңда Қазақстандық банктерінің активтері мен пассивтерінің оның ішінде: жіктелінетін активтерді, пассивтерді жаңаша басқару бөлімшесінің құрылуын қажет деп санаймын.

 

1.3 Банктік қызмет нарығындағы мәселелер және оны шешу жолдары

 

Қазақстан Республикасындағы банктік қызметті дамытудағы үстем бағыттарының бірі – екінші деңгейлі банктердің проблемалық активтерін басқару тәжірибиесін жетілдіру. Активтер мен пассивтерді басқару субъектілерінің ішінде отандық банктік тәжірибеде қолданылып жүргендеріне: активтер мен пассивтерді басқару комитеті, несиелік комитет, проблемалық несиелермен жұмыс бөлімі, тәуекелдерді басқару бөлімшесі және қазынашылық жатады. Мұндағы бастапқы екі комитет бөлімшенің қызметін атқармайтыны белгілі. Олар қазіргі жағдайда банктің активтері мен пассивтеріне құзіретті басқаруды жүзеге асыра алмағандығынан.

Біздің ойымызша қазіргі жағдайда банктің активі мен пассивін кешенді басқаруға тек теориялық тұрғыдан тоқталу жеткіліксіз, себебі бұл жерде «басқару» деген ұғымының өзі тәжірибенің араласуын қажет етеді. Банк активтері мен пассивтерін басқарудың отандық тәжірибеде тек қана активтер мен пассивтерді басқару комитетінің қызметі, банктің өтімділігі мен табыстылығы тұрғысынан қосымша бір бөлімшенің болуы қажет саналлады.

Информация о работе Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің инновациялық қызметтері