Инвестициялық портфельдің экономикалық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2014 в 06:46, реферат

Описание работы

Қазiргi кезде инвестициялық стратегияны негiзiнде шет ел инвестициясын тарту бағытында дамыту керек. Оны экономикалық кризистiң алдын-алу мақсатында қолдану керек. Осыған байланысты халық шаруашылығының қажеттiлiктерiн: толығымен, салалар және аймақтар бойынша қаржыландыру көздерiн ескере отырып, инвестицияны тиiмдi пайдаланудың кiлтi болып табылады.

Файлы: 1 файл

Нуржан Рахымбаев.docx

— 63.69 Кб (Скачать файл)

                                      Кіріспе

Қазiргi кезде инвестициялық стратегияны негiзiнде шет ел инвестициясын тарту бағытында дамыту керек. Оны экономикалық кризистiң алдын-алу мақсатында қолдану керек. Осыған байланысты халық шаруашылығының қажеттiлiктерiн: толығымен, салалар және аймақтар бойынша қаржыландыру көздерiн ескере отырып, инвестицияны тиiмдi пайдаланудың кiлтi болып табылады.

Қазақстан Республикасының Президентiнiң Жолдауына сай – экономикаға экономикалық өсудi қамтамасыз ету бәрi осы инвестицияға байланысты.

Осы алда тұрған мәселенi қарастыру өте қажеттiлiктi тудырады, ең алдымен оның iшiндегi инвестиция тартудағы мемлекеттiң рөлi. Елiмiздiң Президентi қарастырғандай соңғы 3 жыл экономикадағы макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, монетарлық және несиелiк саясатты жүргiзу және бюджет дефицитiн қамтамасыз ету болып табылады. Сондықтан соңғы жылдар нақты экономиканы сауықтыруына, әлеуметтiк саясатты қамтамасыз етуге жiберiлу керек.

Сонымен қатар, ең керектi мәселе болып шетел инвесторларын қорғау табылады. Қазiргi кезде келесiдей экономика секторлары бар: табиғи ресурстарды қарастыру, инфраструктура, ақпарат және коммуникация, бұлардың бәрi елiмiзде негiзгi рөлдi атқарады. Бұл салаларды дамыту экономикаға ғана әсер етiп қоймай, әлеуметтiк жағдайды қалыптастырады. Бұл капитал сыйымды салаларға шетел инвестициясын тартып қана қоймай және оған мемлекеттiк қадағалау керек.

Мiне сондықтан бiздiң экономикамыздың өсуiне көмегiн тигiзетiн қаржыландыру көзi – инвестиция болғандықтан, мен оны курстық жұмыс барысында, сол инвестиция жайлы мәлiметтердiң бәрiн, оның экономикадағы әсерi туралы жайды қарастыруға тырысамын. Ол өз алдында әлемдік экономикаға аяқ басудың алғы шарты еді. ҚР-дың Президенті Қазақстан Республикасының халқына жолдауында қоғамды дамытудың негізгі бағыты экономикалық өсуді бөліп көрсеті.

1. Инвестициялық  портфельдің экономикалық негіздері

1.1 Инвестициялардың  маңызы мен мәні

      Инвестиция – Қазақстан  экономикасының нарықтық экономикаға өтуі кезінде пайда болған термин. Орталықтандырылған жоспарлау жүйесінің шеңберінде «жалпы капиталдық салымдар» деген түсінік қолданылатын, осы түсінік бойынша жаңа құрылыс пен қайта өңдеуге, шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындарының кеңеюі мен техникалық қайта қамтамасыздандырылуына (өндірістік капиталдық салымдар), тұрғын үй мен тұрмыстық-мәдени құрылысқа (өндірістік емес капиталдық салымдар) жұмсалатын барлық қаржылық құралдар түсіндірілетін.

        Инвестициялар  ақша құралдары, мақсатты банкілік  салымдар, пайлар,акциялар және де  басқа құнды қағаздар,технологиялар, машиналар, қондырғылар,лицензиялар, соның  ішінде тауар белгісіне, пайда  табу мақсатында кәсіпкерлік  қызмет объектісіне салынатын  интеллектуалды бағалықтар, несиелер, кез келген мүлік немесе мүліктік  құқықтар ретінде анықталады  және осының бәрі – пайда  табу мен әлеуметтік жақсы  әсерлерге жету мақсатында. Осы  тұрғыда инвестиция түсінігі  нарықтық тәсілге едәуір жақын  келеді.

       Келтірілген  анықтамалар нарықтық және жоспарлық  жүйелерде инвестицияның мәнін  түсінудегі айырмашылықты көрсетеді. Ресурстардың бөлінуі әкімшілік  жүйесі жағдайында меншіктің  бір түрімен жүзеге асатындықтан, инвестицияландырудың қаржылық  және басқа түрлерінің бар  екендігін отандық экономикалық  ғылым қарастырмады. Жоспарлық экономика  жағдайында инвестициялар ағымдағы  шығындардан тек бір уақыттық  сипатымен ғана айырықшаланатын  залал түрінде көрінеді. Экономика  ғылымы мен тәжірибесі дәлелдеп  отырғандай, капиталдық салымдар  инвестицияның синонимі болып  табылмайды, берілген терминдер  ұқсас емес. Капиталдық салымға  қарағанда инвестиция түсінігі  әлдеқайда кең. Батыс әдебиеттерінде  қор нарығын қарастыруға баса  назар аударады, себебі нарықтық  экономикасы дамыған (АҚШ, Канада, Ұлыбритания,Жапония) инвестицияландыру бағалы қағаздар арқылы іске асады. Қазіргі таңда отандық тәжірибеде екі термин де қолданылады.

      «Инвестиция»  термині латынның investire – «жұмылдыру»  сөзінен алынған. Бұл термин ғылыми  және публицистикалық әдебиеттерде  кеңінен қолданылады. Ғылыми әдебиеттерде  инвестицияны анықтаудың әр түрлі  тәсілдері бар. Пол Самуэльсон  инвестицияландыру туралы былай  жазады: «Біз қоғамның нақты капиталының  таза өсімін білдіретін нәрселерді (ғимараттар, қондырғылар өндіріс-материалдық  запастар және т.б.) «таза инвестицияландыру»  немесе капитал қалыптасуы деп  атаймыз. Тұрғындар үшін жерді, қолданыста  жүрген құнды қағаздарды немесе  меншіктің кез келген түрін  сатып алу инвестицияландыру  болып табылады. Экономистер үшін  бұл тек таза трансферттік  операциялар. Яғни, біреуі инвестицияландырса, басқа біреуі дезинвестицияландырады. Таза инвестицияландыру тек жаңа  нақты капитал қалыптасқан кезде  ғана орын алады.

       У.Шарп  инвестицияны былайша анықтайды: «Нақты инвестицияларға әдетте  қандай да бір материалдық-көрнекті  активтер түріне инвестициялау  кіреді, мысалы, жер, қондырғылар, зауыттар  сияқты. Қаржылық инвестициялар  қағазда жазылған келісім-шарттарды, мысалы, кәдімгі акциялар мен  облигациялар сияқтыны білдіреді. Қарапайым экономикаларда инвестициялардың  негізгі бөлігі нақтыға жатқызылса, қазіргі дәуірдің экономикасында  инвестициялардың үлкен бөлігі  қаржылық инвестициялар болып  табылады. Қаржылық инвестицияландыру  институттарының жоғары дамуы  нақты инвестицияның өсуіне едәуір  дәрежеде ықпал етеді. Әдетте, бұл  екі форма бәсекелес емес, бір-бірін  толықтырушы болып табылады. В.Бочаров  инвестицияны табыстың тұтынуға  жұмсала алмайтын бөлігі деп  түсінеді. Инвестициялық ресурстар  инвестициялық іскерліктің капиталдық  құнның табыс немесе әлеуметтік  әсер түріндегі өсімі алынатын  нақты объектілеріне трансформацияланады.

       Экономикалық  және қаржылық тұрғыдан инвестицияландыру  экономикалық ресурстарды болашақта  таза пайдаға жету және бұл  пайданы бастапқы салынған капиталдан  асырып түсіру мақсатымен ұзақ  мерзімді салу деп анықталады. Капиталдық салым процесінің  жалпы анықтамасы: инвестицияландыру  дегеніміз бүгінгі қажеттіліктерін  қанағаттандыруды оны келешекте  инвестициялық игіліктердің көмегімен  қанағаттандыру үмітіне айырбастауды  білдіреді.

       Инвестиция  – бұл ақшаны, оның сақталуына  немесе құнының артуына және  табыстың оң шамасын қамтамасыз  етуге үміт арта отырып, орналастыруға  болатын кез келген құрал. Бос  ақша құралдары инвестиция болып  табылмайды, себебі, қолма-қол ақшаның  құнын инфляция жеп қоюы мүмкін  және ол ешқандай да табыс  әкелмейді. Капиталды орналастырудың  түрлі факторлармен айрықшаланатын  әр түрлі нысандары бар: құнды  қағаздар мен жылжымайтын мүлікке; қарыздық міндеттемелерге; опциондар  мен акцияларға; шағын немесе  ірі тәуекелге; қысқа немесе ұзақ  мерзімге; тікелей және жанама.  

 

1.2  Инвестициялардың  жіктелуі мен түрлері

    Инвестициялардың  экономикалық табиғатын оны жіктеу  толығырақ түсіндіреді, жіктеу негізінен  түрлі белгілер салынған. Белгілер ретінде мыналар қолданылады:

    1. Инвестициялардың түрлері;

    1. Ақша құралдарын салу объектілері,

    1. Инвестицияландыруға қатысу сипаты;

    1. Инвестицияландыру кезеңі;

    1. Меншік түрлері;

    1. Инвесторлардың қатысу түрлері;

    1. Тәуекел дәрежесі;

    1. Ұдайы өндіріс түрлері.

  1. Инвестициялардың түрлері бойынша топтайды:

    • Ақша құралдары, салымдар, пайлар, акциялар және басқа да құнды қағаздар;

    • Жылжымайтын және жылжымалы мүлік;

    • Авторлық құқықпен, тәжірибемен және басқа да интеллектуалды құндылықтармен байланысты мүліктік құқықтар;

    • Жерді, суды, ресурстарды, үйлерді пайдалану құқығы және басқа да мүліктік құқықтар;

    • Қандай да бір өндірісті (бірақ, патенттелген «ноу-хау» емес) ұйымдастыруға қажетті техникалық құжат, дағды, өндірістік тәжірибе ретінде рәсімделген техникалық, технологиялық, коммерциялық сауаттылық.

    2.Құралдардың  салыну объектілері бойынша инвестициялар  былайша бөлінеді:

      • Нақты инвестициялар немесе құралдардың материалды активтерге салынуы, яғни нақты инвестициялар – кәсіпорынның нагізгі және айналыс капиталын қалыптастыратын материалды және материалды емес активтерге салынатын салым. Материалды активтер – ғимараттарға, станоктарға,қосымша материалдық бұйымдарға,дайын өнімдерге айналдырылған құралдар;

      • Материалдық емес активтер – лицензиялардың, патенттердің, тауар белгісінің құны, жарнамаға және кадрларды дайындауға кеткен шығындар;

      • Қаржылық инвестициялар немесе түрлі қаржылық құралдарға ақша құралдарының салынуы – депозиттер, құнды қағаздар, банктік салымдар;

    3. Инвестициялық  процестерге қатысу сипаты бойынша  инвестициялар келесі түрлерге  бөінеді:

      • Тікелей инвестициялар, мұнда инвестицияландыру және ақша құралдарын салу объектісін таңдауда инвестордың тікелей қатысуы қажет етіледі. Сонымен қатар, инвестор инвестициялық циклдердің барлық кезеңдеріне тартылады, оның ішінде алдын ала жүретін инвестициялық зерттеулерге, инвестицияландыру объектілерін жобалау мен тұрғызуға, дайын өнім өндірісіне;

      • Жанама инвестициялар – бұл ақша құралдарын өз қалауынша, неғұрлым тиімді орналастыратын және аккумуляцияландыратын түрлі қаржылық делдалдар арқалы (инвестициялық қорлар және компаниялар) жүзеге асады. Мұндай делдалдар инвестицияландыру объектілерін басқаруға қатысады, ал алатын табыстарын клиенттері арасында бөледі. Тұтас басқарылатын құнды қағаздарға салынатын салынымдарды портфельдік деп те атайды.

    4. Инвестицияландырудың  кезеңдері бойынша инвестицияларды мына түрлерге бөледі:

      • Қысқа мерзімді, ұзақтылығы бір жылдан аспайды (қысқа мерзімді депозиттік салымдар, жинақ сертификаттар);

      • Ұзақ мерзімді, бұның ұзақтылығы бір жылдан көп.

    5. Меншік түрлері  бойынша инвестициялар мыналарға бөлінеді:

      • Азаматтардың, мемлекеттік емес меншік нысанындағы кәсіпорындардың, өкіметтік емес ұйымдардың жеке ақша құралдары;

      • Мемлекеттік, ол түрлі деңгейдегі кәсіпорындар мен мекемелердің бюджет көздерінен қаржыландырылады.

    6. Инвестордың  қатысу түріне байланысты:

      • Қайта құралып жатқан кәсіпорындарға жартылай қатысу немесе шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындардың бір бөлігін иелену ( шектеулі меншік қоғамына үлестік қатынас);

      • Инвестор толық иеленетін кәсіпорындарды құру немесе шаруашылық жүргізіп жатқан кәсіпорындарды өз меншігіне алу;

      • Жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікті акция, облигациялар арқылы немесе басқа да құнды қағаздар түрінде алу;

      • Табиғат ресурстарын пайдалануға, жерді пайдалану құқығына, басқа да мүліктік құқықтарға концессия алу.

    7. Тәуекел дәрежесі  бойынша инвестициялар келесі  түрлерге бөлінеді:

      • Тәуекелсіз инвестициялар. Мысалы, бірқатар мемлекеттерде қысқа мерзімді мемлекеттік облигацияларға салымдар салу қауіпсіз деп саналады, ал олар бойынша алынған табыс қауіпсіз қойылымды анықтайды, бұл қауіпсіз қойылым инвестициялық тәуекел нүктесін санау ретіндегі салымдарды бағалау ретінде қолданылады;

      • Тәуекелді инвестициялар.Инвестициялармен байланысты тәуекел немесе белгісіздік дәрежесі, мысалы, уақыт,салыным объектісі сияқты факторларға тәуелді. Инвестицияландыру аяқталғаннан кейінгі кәсіпорынның жұмыс істеу нәтижесінің өзгеруі инвестицияландырудың мерзіміне және жобаның масштабы мен оның мақсаттарына тәуелді, сондықтан қауіптіліктің дәрежесі нарықтың мүмкін болатын әрекетін шеше алмау болып табылады (жаңа өнім түрін құру, өндіріс шығындарын төмендету, сату көлемін кеңейту, мемлекеттік тапсырыстарды орындаужәне т.б.). Дәрежені бағалау критерийлері мыналар болуы мүмкін:

    • Барлық пайда сомасын жоғалту мүмкіндігі. Тәуекелдің орын алуы мүмкін;

Информация о работе Инвестициялық портфельдің экономикалық негіздері