Бюджеттік төлемдерді жүзеге асыру тәртібі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2013 в 19:56, курсовая работа

Описание работы

Төлеуге берілетін шотта «ағымдағы» немесе «түпкілікті» мәртебесі көрсетілуі тиіс. «Ағымдағы» төлеуге берілетін шот аванстық (алдына ала) төлемді қоса алғанда Міндеттемелерді тіркеу туралы тиісті хабарламаны (тапсырысты) алдын ала төлеу кезінде беріледі. «Түпкілікті» мәртебесі бар төлеуге берілетін шот мемлекеттік мекеменің тиісті міндеттемесінің түпкілікті төлемін жүзеге асыру үшін беріледі. Төлеуге берілетін шоттарда нөмірі мен күні көрсетіледі. Курстық жұмыс кіріспе, негізгі бөлім және қорытындыдан тұрады.

Содержание работы

КІРІСПЕ....................................................................................................................5

1БЮДЖЕТТІК ТӨЛЕМДЕРДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТӘРТІБІ

1.1Ұлттық валютада қолма-қол емес нысанда төлемдерді жүргізу...................6
1.2Ұлттық валютада қолма-қол ақшасыз нысандағы төлемдер жүргізудің негізділігін тексеру кезінде қойылатын талаптар...............................................
1.3 Төлеуге берілетін шотты ресімдеу................................................................

2ШЕТЕЛДІК ВАЛЮТАДА ТӨЛЕМДЕР ЖҮРГІЗУ МЕН ИНКАССАЛЫҚ ӨКІМДЕРДІ ОРЫНДАУ

2.1 Шетелдік валютада төлемдер жүргізу...........................................................
2.2Есеп айырысулардың аккредитивтік нысанын пайдалану............................
2.3 Демеушілік және қайырымдылық көмектің шоттары бойынша төлемдер жүргізу...................................................................................................................
2.4 Мемлекеттік мекемелердің депозит шоттары бойынша төлемдер жүргізуі

3ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫҢ ЖЕКЕ ЖОСПАРЛАРЫН, БЮДЖЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР ӘКІМШІЛЕРІНІҢ МІНДЕТТЕМЕЛЕР МЕН ТӨЛЕМДЕР БОЙЫНША ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ЖОСПАРЛАРЫН ЖАСАУ, БЕКІТУ ЖӘНЕ ОЛАРҒА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ ТӘРТІБІ
3.1 Қаржыландырудың жеке жоспарларын, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларын және түсімдер жоспарларын жасау және бекіту тәртібі


ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..................................................................

ҚОСЫМШАЛАР

Файлы: 1 файл

бюджеттік төлемдер Шолпан.doc

— 489.50 Кб (Скачать файл)

2008 жылдың 1 қаңтарына республикалық  бюджеттен (субвенцияны есепке  алмағанда)  жоспарланған 23700072 мың  теңге трансферттердің  23698150 мың  теңгесі  алынды немесе 100 %.

Алынған трансферттердің 21444338 мың  теңгесі игерілді немесе нақтыланған  болжамнан 90,5 %. Бөлінген қаржылардың  игерілмеген сомасы 2253812 мың теңгені  құрады (оның өткізілген мемлекеттік  сатып алу конкурстарынан үнемделгені  – барлығы 141727 мың теңге), оның ішінде нысаналы ағымдағы трансферттерден игерілмегені – 63130 мың теңге, нысаналы даму трансферттерінен – 2190682 мың теңге, атап айтқанда нысаналы ағымдағы трансферттерден:

мүгедектерді оңалту жеке бағдарламасына сәйкес, мұқтаж мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге және ымдау тілі мамандарының, жеке көмекшілердің қызмет көрсетуіне бөлінген 38925 мың теңгенің 579 мың теңгесі нақты шығындарға төленген себепті, игерілмеген. Үнемделген бюджет қаржысы 415 мың теңге;

қалалық телекоммуникациялық желілердің абоненттері болып табылатын, әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телефон  үшін абоненттік төлем тарифтерінің көтерілуін өтеуге берілген 1652 мың  теңге толығымен игерілді, 54 мың  теңге республикалық бюджеттен  түспеді;

ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне су жеткізіп беру бойынша қызмет құнын  субсидиялауға бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттердің 1225 мың теңгесі  нақты есептелген шығындардың аз болуына байланысты игерілмей қалды;

малшаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялауға берілген қаржының 249 мың теңгесі ет және құс өндіруге өтінімдер болмауы себепті игерілмеді;

облыстық және аудандық маңызы бар  автомобиль жолдарын күрделі жөндеуден  өткізуге қаралған қаржының 707 мың теңгесі  мемлекеттік сатып алу конкурстарынан үнемделгендіктен игерілмеді;

жалпы орта білім беретін мемлекеттік  мекемелердің үлгілік штаттарын  ұстауды қамтамасыз етуге берілген қаржының 35 мың теңгесі нақты  шығындардың аз болуына байланысты игерілмей қалды;

жаңадан пайдалануға берілетін білім беру объектілерін ұстауға берілген қаржыдан 3638 мың теңгесі нақты шығындардың аз болуынан үнемделген;

балаларды тестілеу пункттеріне жеткізуді, онда тамақтандыруды және онда тұруын ұйымдастыруға қаралған қаржының 19 мың теңгесі үнемделген;

жалпы орта білім беретін мемлекеттік  мекемелерді Интернетке қосуға және трафикке ақы төлеуге берілген қаржының 1313 мың теңгесі кейбір мектептердің Интернетке кеш қосылуына, желілердің өткізгіштігінің төмендігінен, электр энергиясының үзіліспен берілуінен игерілмей қалған (1078 мың теңге үнемделген). 273 мектептің трафикке ақы төлеуіне қаралған;

мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының  кітапхана қорларын жаңарту үшін мемлекеттік тілді зерделеу жөніндегі  оқу, анықтама және электронды әдебиет  сатып алуға және жеткізуге берілген трансферттің 68 мың теңгесі нақты шығынның аз болуынан игерілмеген;

жалпы бастауыш кәсіби білім беретін  мемлекеттік мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға берілген қаржының 311 мың теңгесі, облыстық (қалалық) педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институттарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға берілген қаржыдан 2 мың теңгесі мемлекеттік сатып алу конкурстарынан үнемделгендіктен игерілмеген;

бастауыш, негізгі орта және жалпы  орта білім берудің мемлекеттік  жүйесіне интерактивті оқыту жүйесін енгізуге берілген қаржының 1146 мың теңгесі құрал-жабдықтардың толық алынбауы себепті игерілмеген;

созылмалы ауруларды амбулаториялық емдеу кезінде диспансерлік есепте тұрған балалар мен жасөспірімдерді, азаматтардың жекелеген санаттарын амбулаториялық емдеу деңгейінде жеңілдікті жағдайларда дәрілік заттармен қамтамасыз етуге бөлінген қаржының барлығы 2766 мың теңгесі медпрепараттардың толық алынбауы себепті игерілмеді, үнемделген қаржы 1286 мың теңге;

облыстық санитарлық-эпидемиологиялық орталықтардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға берілген қаржының 40 мың теңгесі үнемделген;

бастапқы медициналық санитарлық көмектің медициналық ұйымдарын  штаттық нормативтерге сәйкес медициналық  кадрлармен жасақтауға және жалпы практикадағы дәрігерлердің жүйесін дамытуға берілген ағымдағы нысаналы трансферттің 30115 мың теңгесі нақты бар штаттық бірліктерге есептелген шығыстары аз болғандықтан және ауылдық елді мекендерде аз кездесетін мамандықтардың иелері болмауы себепті игерілмей, үнемделген;

эпидемиологиялық қадағалау жүргізу  үшін тест-жүйелерді сатып алуға  берілген қаржының 38 мың теңгесі  мемлекеттік сатып алу конкурсынан  үнемделген;

денсаулық сақтаудың медициналық  ұйымдарын жергілікті деңгейде материалдық-техникалық жарақтандыруға қаралған қаржының 683 мың теңгесі құрал-жабдықтарды алынуы және құрылуына қарай төленгендіктен игерілмей қалған, оның ішінде мемлекеттік сатып алу конкурстарынан үнемделгені 63 мың теңге;

медицина кадрларын, сондай-ақ денсаулық  сақтау саласындағы менеджерлердің біліктілігін арттыруға және оларды қайта даярлауға берілген қаржының 710 мың теңгесі келісім-шарттардың кеш берілуі себепті игерілмеді;

Нысаналы даму трансферттерінен 2190682 мың теңге игерілмей қалды, оның ішінде өткізілген мемлекеттік сатып  алу конкурстарынан үнемделгені барлығы 78348 мың теңге, атап айтқанда:

электрондық үкімет шеңберінде адами  капиталды дамытуға мақсатты берілген қаржының 5550 мың теңгесі игерілмеген (мемлекеттік сатып алу конкурстарынан үнемделген);

білім беру объектілерін салуға және қайта жаңартуға берілген қаржыдан 1750432 мың теңге игерілмеді, себебі: 5 мектептердің құрылысына («Қызылорда облысының Арал қаласында 1200 орындық орта мектеп салу», «Қызылорда облысының Қазалы ауданы Әйтеке би кентінде №249 орта мектепке 1200 орындық қосымша құрылыс салу», «Қызылорда облысының Қармақшы ауданы Жосалы ауылында 1200 орындық орта мектеп салу», «Қызылорда облысының Жалағаш ауданы Жалағаш кентінде 1200 орындық мектеп салу. 200 орындық интернат», «Қызылорда облысының Қызылорда қаласы Қызылжарма кентінде 1200 орындық орта мектеп салу»)  қаржы республикалық бюджетті нақтылау барысында қаралғандықтан, мемлекеттік сатып алу конкурстары 2008 жылдың 6 қарашасында өткізілген. Осыған байланысты аталған объектілердің құрылысына бөлінген қаржының қазіргі уақытта келісім-шарттарға сәйкес 30%   алдын-ала төлем ақысы ғана аударылған. «Қызылорда облысының Байқоңыр қаласында 1200 орындық «мектеп-балабақша» кешенін салу» және «Қызылорда облысының Қызылорда қаласының «Арай» жаңа көпір ауданының маңында 1248 орындық мектеп салу» объектілері бойынша қаралған қаржы мердігерлер тарапынан бекітіліген жұмыс кестесінің сақталмауы себепті игерілмеген.

денсаулық сақтау объектілерінің құрылысына бөлінген қаржының 329185 мың теңгесі  игерілмеген, оның ішінде үнемделгені 63624 мың теңге. «Қызылорда облысының Жаңақорған кентінде 190 төсектік Жаңақорған аудандық орталық ауруханасын салу» объектісі бойынша 74391 мың теңге игерілмеді (307 мың теңге үнемделген), Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес бюджеттік инвестициялық жобаны аяқтау үшін жергілікті атқарушы органдардың құзырына 74084 мың теңге қалдырылды. «Қызылорда облысының Арал қаласында 100 төсектік туберкулезге қарсы аурухана салу» объектісі бойынша 191486 мың теңге мердігерлердің жұмыстар кестесін сақтамауы себепті игерілмеді.

қалалар мен елді мекендерді көркейтуге берілген трансферттің 33853 мың теңгесі  мердігерлердің келісілген жұмыстар кестесін сақтамауынан игерілмеді, оның ішінде үнемделгені 523 мың теңге. Қазақстан  Республикасының Бюджет кодексіне  сәйкес бюджеттік инвестициялық жобаны аяқтау үшін жергілікті атқарушы органдардың құзырына 33330 мың теңге қалдырылды.

сумен жабдықтау жүйелерін дамытуға берілген қаржының 9549 мың теңгесі  мемлекеттік сатып алу конкурстарынан үнемделді;

көліктік инфрақұрылымды дамытуға берілген қаржы толығымен игерілді;

спорт объектілерін дамытуға бөлінген қаржының 5 мың теңгесі мемлекеттік  сатып алу конкурстарынан үнемделді;

инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және жайластыруға берілген қаржының 62107 мың теңгесі игерілмеді (басты себебі мемлекеттік сатып алу конкурстарының 2008 жылдың қазан, қараша айларында кеш өткізілуінен), отырған келісім шарттар бойынша қаржы толық игерілген Инженерлік желілердің және коммуникациялардың құрылысының 1 кезеңі аяқталды, жұмыстарға ақы төлеу мердігерлердің жұмыстарды аяқтауына қарай жүргізілуде. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес бюджеттік инвестициялық жобаны аяқтау үшін жергілікті атқарушы органдардың құзырында 50245 мың теңге қалдырылды;

Құрылыс жұмыстарын орындаушы барлық мердігерлерге білім беру және денсаулық сақтау объектілерінің құрылысын уақытылы орындамағандықтары үшін 7490 мың теңге  айыппұл өндіру жөнінде хабарламалар жіберіліп, 4766 мың теңгесі өндірілді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше  резервінен Сырдария өзеніндегі су тасқынының зардаптарын жоюға және қорғаныс дамбаларын қалпына келтіруге бөлінген 712042 мың теңгенің 691347 мың теңгесі игерілді. Игерілмеген қаржы қалдығы 20695 мың теңгені құрады, оның ішінде 2008 жылдың желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес облыс бюджетіне түзетулер енгізу жолымен Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне 20694 мың теңге қайтарылды. Алайда, аталған министрлік 2007 жылдың 29 желтоқсанында 19303 мың теңге қаржыны облыстық бюджеттің кірісіне қайтадан кері аударып берді. Қорытындысында, республикалық бюджеттен бөлінген қаржының 19305 мың теңгесі игерілмей қалды.

Саяжай құрылымдарына келген зиянды өтеуге 363500 мың теңгеге 280 келісім-шарттар , жасыл желектерге келтірілген зиянды өтеуге 162300 мың теңгеге 297 келісім-шарттар жасалып, толығымен төленді. Жару жұмыстарына, зардап шеккен елді мекендерді көшіру, транспортпен, байланыс құралдарымен, жанар-жағар маймен қамтамасыз ету, көшіру жұмыстарына қатысушыларды азық-түлікпен қамтамасыз ету және жолдарды жөндеуге бөлінген ағымдағы шығындар толығымен игерілді.

Бюджеттік инвестициялық жобаларды  аяқтау үшін облыстың жергілікті атқарушы органдарының құзырында қалатын  барлығы 157660 мың теңгені есепке алғанда, 2008 жылдың қаңтар айында республикалық бюджетке қайтаруға жататын қаржы көлемі 2096152 мың теңгені құрады. Аталған қаржы қолданыстағы бюджет заңнамаларына сәйкес 2009 жылдың 29 қаңтарында республикалық бюджеттің кірісіне қайтарылды.

Жергілікті бюджеттен денсаулық  саласына бөлінген 9688668 мың теңгенің 9667840 мың теңгесі игерілді немесе 99,8%, 20828 мың теңгесі игерілмеген. Оның ішінде денсаулық сақтау ұйымдары үшін қанды, оның құрамдарын және дәрілерді өндіруден 567 мың теңгесі, ағымдағы шығындардан 20261 мың теңгесі үнемделген.

           2008 жылы құрылыс объектілеріне облыстық бюджеттен бөлінген 2275013 мың теңгенің 1801000 мың теңгесі игеріліп, 474013 мың теңге орындалмаған. Оның 52733 мың теңгесі мемлекеттік сатып алу қорытындысымен үнемделген болса, 421280 мың теңге мердігерлер тарапынан келісілген жұмыс көлемінің мерзімінде орындалмауы және 9 денсаулық сақтау объектілері бойынша жобалау-сметалық құжаттамалары мен техника-экономикалық негіздемелерінің кеш ұсынылуына байланысты негізгі құрылыс жұмыстарына мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілмеуі себепті игерілмеген. Атап айтқанда, білім беру объектілерінде – 126083 мың теңге (үнемделгені – 7,0 мың теңге), денсаулық сақтау объектілерінде – 268949 мың теңге (үнемделгені - 2643 мың теңге), коммуналдық тұрғын үй салудан – 2560 мың теңге (үнемделгені - 1921 мың теңге), елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету және ауыз су жүйелерін күрделі жөндеуден – 28299 мың теңге (үнемделгені - 22303 мың теңге), коммуналдық шаруашылық объектілерін дамытудан - 41872 мың теңге (үнемделгені - 19610 мың теңге), техника-экономикалық негіздемелерін әзірлеуден – 80,0 мың теңге (үнемделген қаржы), дене шынықтыру және спорт объектілерін дамытудан – 2502 мың теңге (үнемделген қаржы), елді мекендерді газдандырудан – 55 мың теңге (үнемделген қаржы), әлеуметтік қамтамасыз ету объектілерін дамытудан – 3612 мың теңге (үнемделген қаржы).

2008 жылғы жергілікті бюджеттің атқарылу процесінде секвестрлеуге жатпайтын жергілікті бюджеттік бағдарламалар, оның ішінде білім беру саласы бойынша 12112783 мың теңгеге бекітіліп, жыл көлемінде 13235628 мың теңгеге нақтыланған және 13184797 мың теңгеге түзетілген. Нақтыланған бюджет пен түзетілген бюджеттің арасындағы айырмашылықтың болу себебі ҚР Үкіметінің 14.08.2008 жылғы №693 қаулысымен ҚР Біріңғай бюджеттік сыныптамасына өзгерістер енгізілуіне сәйкес «Арнайы білім беру бағдарламалары бойынша жалпы білім беру» бағдарламасынан «Білім беру саласындағы мемлекеттік жүйенің жаңа технологияларын енгізу» бағдарламасына және «Бастауыш, негізгі және орта мектептердің, мектептер-балабақшалардың қызметін қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасынан «Білім беру саласындағы мемлекеттік жүйенің жаңа технологияларын енгізу» бюджеттік бағдарламасына ауыстырылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

  Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдеріне сәйкес салық қызметі органдарының және кеден органдарының инкассалық өкімдерді уақытылы орындауды қамтамасыз етеді.  Қазынашылықтың аумақтық органы мемлекеттік мекеменің қаржыландырудың жеке жоспарын тиісті өзгерткеннен және төлеуге берілетін шотты соңынан бергеннен кейін салық қызметі органдарының және кеден органдарының инкассалық өкімін орындайды.

Салық қызметі  органдарының және кеден органдарының орындаушы құжаттары бойынша  инкассалық өкім қазынашылықтың аумақтық органындағы инкассалық өкімдерді тіркеу журналында тіркеледі.

Міндеттемелер бойынша жеке жоспар бюджеттік бағдарламалардың іс-шараларын іске асыруға арналған бюджет қаражатының жылдық көлемдері  шегінде ақшалай түрдегі мемлекеттік  мекеме қабылдаған міндеттемелердің ай сайынғы көлемдерін  анықтайды.  
      Төлемдер бойынша жеке жоспар қабылданған міндеттемелерді орындау есебінен төлемдерді жүзеге асыру үшін мемлекеттік мекемеге қажетті бюджет қаражатының жылдық көлемдері шегінде бюджет қаражатының ай сайынғы көлемін  анықтайды.   
 Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарлары Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінің 5-8-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша шығыстардың функционалдық және экономикалық сыныптамасына сәйкес міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларын жиынтықтау жолымен  қалыптастырылады.  
          Түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына енгізу үшін қабылдаған бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерінің міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларының жобаларын жиынтықтау жолымен жасалады. 
 Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органнан немесе бюджетті атқару жөніндегі жергілікті атқарушы органнан алған төлемдер мен міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларына өзгерістер енгізу туралы анықтаманың негізінде дәл сол күні бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің жиынтық қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізеді және қаржыландырудың жеке жоспарларына өзгерістер енгізу туралы анықтамаларды  бекітеді.  

 

 

Информация о работе Бюджеттік төлемдерді жүзеге асыру тәртібі