Айырбас бағамының теориялық сипаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Апреля 2013 в 16:42, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың мақсаты: теориялық түрде шолу жасаумен қатар айырбас бағамының механизмін талдау мен оның экономикалық серпіндегі орнын анықтау болып табылады.
Курстық жұмыстың алдына қойған міндеттері:
- берілген тақырыптың теориялық сипатын ашу;
- айырбас бағамының ерекшеліктеріне тоқталу;
- айырбас бағамындағы, экономикадағы есептік қойылымды реттеу;
- есептік қойылымның механизміне талдау жүргізу;

Содержание работы

Кіріспе...............................................................................................................3-4
1. Айырбас бағамының теориялық сипаты
1.1. Айырбас бағамы туралы түсінік......................................................5-7
1.2. Айырбас бағамы мен есептік қойылым........................................7-10
1.3. Айырбас бағамының қызмет негіздері.......................................11-12
2. Қазақстан Республикасындағы айырбас бағамының механизмін талдау
2.1. Қазақстандағы айырбас бағамының көрсеткіштері..................13-17
2.2. Есептік қойылымның реттелуі мен айырбас бағамының мазмұны.........................................................................................18-22
2.3. Айырбас бағамын мемлекеттік тұрғыдан реттеу......................22-24
3. Қазақстан Республикасындағы айырбас бағамын жетілдіру перспективасы
3.1. Айырбас бағамын тұрақтандыру мен есептік қойылымды жетілдіру........................................................................................25-28
Қорытынды..............................................................................................29-30
Пайдаланылған әдебиеттер....................................................................31-32
Қосымша

Файлы: 1 файл

Казас айырбас багамын реттеу.doc

— 185.00 Кб (Скачать файл)

Халықаралық валюталық қор, Бүкіләлемдік банк, Азиялық, Еуропалық даму және қайта құру банктері біздің валютаны қолдайды. Алайда шетелден келген көмек ұлтық жетістігімізге оң салдар жасауы екіталай.

Жаңа технологиялы ірі  инвестиция бұл басқа шаруа себебі ол өндірістің құлдырауын жоюға көмектеседі. Тауар өндірушілер үшін жұмсақ валютаның курстық арақытнасын анықтауды қалыптастыру әкімшілдік емес нұсқауды ұлғайту немесе өнім өндіруді қарастыру керек. Кейінірек төлем одағының дамуымен толық қанды валютаны құру сауалы тууы әбден мүмкін. Себебі оның негізінде елдер біріктіріледі. Нәтижесінде қандайда болмасын клирингтік валюта болуы мүмкін, сонда біркелкі ұлттық банк құрылады. Бір жағынан-экономикалық саясатты және жалпы бағытталуы мемлекеттің қатаң әрі іргелі ақша-несие саясатын шектен жүргізілген болса, екінші жағынан барлық шаруашылық субьектілері өзінің қаржы нәтижесі қызметіне жауапкершілікті күшейтеді.

 

    1. Айырбас бағамының қызмет негіздері

Доллардың сыртқы сұранымы біздің экономикалықұ жағдайыдң  нашарлығына және халықтың ұлттық валютаға деген сенімсіздігінен және инфляцияның әсерінен доллар Қазақстан Республикасының бейресми валютасы болып, 39,7 пайызға қолма-қол есеп айырысу түрінде жүреді.

Валюта операцияларын  жүргізу тәртібі және валюта бақылауының  негізгі принцпитері:

Қазақстан Республикасында  резиденттер мен резидент еместер  жүргізетін валюта операциялары Қазақстан  Республикасы Ұлттық банкінің нормаитвтік  құқықтық актілерінде салық және кеден заңдарында көзделгендерден  басқа жағдайларда уәкілетті  банктер мен уәкілетті банктік операциялардың жекелеген түрлерін ұйымдар арқылы жүзеге асырылады. Ал жеке тұлғалар, резиденттер мен резидент еместер Қазақстан Республикасына шетелдерден әуелінген аударылған немесе жіберілген қолданылып жүрген заңдарға сәйкес Қазақстан  Республикасының аумағында алынған немесе сатып алынған валюта құндылықтарын иелене алады, уәкілетті банктердің шоттарында сақтай алады және Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған мақсаттарға пайдалана алады. [6; 96]

Резиденттер арасындағы операциялар бойынша барлық төлемдер Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде, салық және кеден заңдарында көзделгендерден басқа жағдайларда тек қана Қазақстан Республикасының валютасымен жүргізілуі тиіс.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұсынысы бойынша Қазақстан Ұлттық Банкі шетелдік инвесторлардың және мемлекет уәкілдік берген заңды тұлғаның немесе мемлекеттік органның қатысумен Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес көлемі 100 млн АҚШ долларынан кем болмайтын аса маңызды инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін құрылған заңды тұлғаларға резиденттерге Қазақстан Республикасмының резиденттерімен бірге шетел операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыруға рұқсат етуге құқылы.

Тазартылған алтын құймалармен  валюта операцияларын жүргізу тәртібі осы қатынастарды реттеп отыратын қолданылып жүрген заңдармен белгіленеді.

Резиденттер мен резидент еместер арасындағы операциялар  бойынша төлемдер тараптардың келісуімен кез келген валютамен жүзеге асырылады. Заңды тұлғалар резиденттер мен резидент еместер арасындағы операциялар бойынша шетел валютасымен төлемдердің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайлардан басқасы аударым тәртібімен жүзеге асырылады.

Қазақстан Ұлттық Банкі  резиденттердің экспорттық операцияларының валюталық төлемдеріне шектеу қоюға құқылы. Ал басқа заңды тұлғалар арасындағы шарттарға үшінші тұлғалардың резиденттердің шетел валютасымен және теңгемен төлем жасауына басқа осындай шарттар төлмешілер мен жоғарыда айтылған үшінші тұлғалар резиденттер арасында тиісті шарт болғанда ғана жол беріледі. [6; 230]

Резиденттер мен резидент еместердің уәкілетті банктер рақылы жүзеге асыратын валюта операциялары шектеусіз жүргізіледі. Егер экспорттық-импорттық  мәмілелерді несиелеуге немесе несие алуға яки несие беруге байланысты ағымдағы валюта операциялары юойынша тараптардың бірі міндеттемені 120 күн ішінде жүзеге асырмаған болса онда мұндай операциялар капиталдың қозғалысына байланысты валюта операциялары болып саналады және бұл лицензиялануы немесе тіркелуі керек.

Капитал қозғалысына  байланысты валюта операцияларын Қазақстан  Ұлттық банкінде тіркеу немесе лицензиялау  Қазақстан Республикасы  Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерімен  реттеледі.

 

 

 

  1. Қазақстан Республикасындағы айырбас бағамының механизмін талдау
    1. Қазақстандағы айырбас бағамының көрсеткіштері

 

Сыртқы нарықта қазақстандық тауарлардың баға бәсекесіне қабілетілігін  қолдау үшін ақшаның сұранысы мен  ұсынысына тәуелді бағамның ауытқуына  себепші болатын, сондай-ақ теңгенің өзгермелі айырбас бағамы тәртіптемесін 2003 жылы Ұлттық банк сақтап қалды. Жыл бойы АҚШ доллары қатынасына қарай теңгенің нығаюға беталысы іс жүзінде байқалды. Ішкі валюта нарығына шетел валютасының елеулі түсімінің түсуі теңгенің нығаюына мүмкіндік туғызды. Ағымдағы жылдың басынан бері әлемдік нарықтағы энергетикалық ресурстардың жоғары бағалары, мемлекеттік меншік үлесін жекешелендіру, сонымен бірге корпоративтік сектор мен екінші деңгейдегі банктердің сыртқы нарықтағы қарыз алуы себепші болған экспорттың ақшалай валюта түсімінің елеулі көлемі шетел  валютасының негізгі түсім көзі болып саналады.

Ішкі валюта нарығына шетел валютасының елеулі түсімінің  түсуі жағдайында Қазақстанның қор  биржасынан және банкаралық валюта нарығынан  шетел валютасының Ұлттық банк сатып алған таза көлемі         2007 жылы 4,2 млрд.-қа жуық АҚШ долларын құрап, соның жартысынан астамы Ұлттық банктің қысқа мерзімді ноталар шығарылымымен айықтырылды. Одан басқа Ұлттық Қордың активтерін толтыру мақсатын көздеген Ұлттық банк Қаржы министірлігіне 1,3 млрд. АҚШ долларына, валюта сатты.

Теңгенің орташа салмақталған айырбас бағамы 2008 жылы 1 АҚШ долларына  шаққанда 149,45 теңге құрады. 2008 жылы теңге номиналы АҚШ доллары қатынасына қарай 8,03 %-ға нығайды. Саудадағы негізгі  серіктес елдердің валюталарының қатынасына қарай теңгенің нақты девальвациясы 2003 жылы 2,5 % құрады. АҚШ доллары қатынасына қарай теңгенің елеулі  нығаюына қарамастан қазақстандық экспорттаушылардың сыртқы бәсекеге қабілеттіліктерін қамтамасыз ететін жағдай саудадағы негізгі серіктес елдерге ара қатысы бойынша жалпы алғанда 2005 және 2006 жылдармен салыстырғанда 2007 жылы тым қолайлы деңгейде сақталды.

Теңгенің орташа алынған  айырбас бағамы 2008 жылы бір доллар үшін 145 теңге болды. Кезең аяғындағы  биржалық бағам бір доллар үшін 149,77 теңге болды. Жыл басынан бері номиналдық көрсеткішпен теңге долларға қарағанда 2,9% әлсіреді. Ең жоғары құнсыздану жылдамдығы наурыз және маусым айларында байқалды (тиісінше 1,82% және 1,95%). 2008 жылы теңгенің еуроға қатынасы бойынша ресми бағамы 6,69% нығайды, ресей рубліне 0,22% құнсызданды.

2008 жылы доллар позициясындағы  биржалық сауда-саттық көлемі 2007 жылы осындай көрсеткіштен 26,3% 11,7 млрд. долларға дейін асып түсті. 

Биржадан тыс валюталық  нарықтағы резидент банктердің мәмілелер көлемі 19,6 млрд. долларға дейін 126,4% ұлғайды (1 сурет).

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 сурет  Теңгенің  АҚШ долларына, еуроға және  ресей рубліне бағамның өзгеру  динамикасы

                      (Ақпарат көзі: сызба автормен  берілген)

Ресей рублімен және еуромен жасалған операциялардың валюталық нарықтың биржалық және биржадан тыс сегменттерінің айналымында шамалы үлесі болды. Биржалық нарықта ресей рублімен және еуромен жасалған операциялардың көлемі 11,5% және 62,9% тиісінше 106,7 млн. ресей рубліне және 18,6 млн. еуроға дейін азайды. Биржадан тыс валюталық нарықта ресей рублімен және еуромен жасалған айырбастау операциялардың көлемі 12,1% және 15,4%, тиісінше, 1306,8 млн. ресей рубліне және 87,1 млн. еуроға дейін азайды.

Қолма-қол шетел валютасы нарығында  өткен жылдардағыдай долларға артықшылық берілді және тиісінше нарықтың бұл сегментінде осы шетел валютасын сатып алу жөніндегі операциялар басым болды. Мәселен, 2008 жылы айырбастау пункттерінің долларды нетто-сату көлемі 2007 жылмен салыстырғанда 2,3 есе ұлғая отырып, 7087,8 млн. доллар болды.

Бір жылдың ішінде айырбастау пункттерінің еуроны нетто-сату көлемі 35,4% 523,1 млн. еуроға дейін көбейді.

Айырбастау пункттерінің ресей  рублін сатып алу және сату көлемі іс жүзінде өзара сәйкес келеді, мұны жинақ ақшаға қарағанда туристік мақсат және іссапар шығыстары үшін осы валютаға қажеттіліктің басым болуымен түсіндіруге болады. 2008 жылы айырбастау пункттерінің ресей рублі нетто-сату көлемі 96,0%-ға 1895,4 млн. рублге дейін көбейді.

Алдын ала деректер бойынша теңгенің нақты тиімді айырбас бағамының (НТАБ) индексі 2008 жылғы қараша айында 2007 жылғы желтоқсан айымен салыстырғанда 6,8% өсті. 2008 жыл теңгенің долларға және еуроға қатысы бойынша нақты нығаюы тиісінше 1,5% және 15,9% болды. Ресей рубліне қатысы бойынша теңге нақты көрсетуде 2,6% әлсіреді.

Ұлттық Банк 2008 жылы 1960,2 млрд. теңгеге  қысқа мерзімді ноталар шығарды (2007 жылмен салыстырғанда 3,5 есе ұлғайды). Ноталардың ең төменгі эмиссиясы (207,7 млрд. теңге) 2008 жылғы І тоқсанда болды, қалған тоқсандарда ноталардың эмиссиялары үлкен көлемдермен жүзеге асырылды (ІІ тоқсанда – 538,3 млрд. теңге, ІІІ тоқсанда – 645,0 млрд. теңге, IV тоқсанда – 569,3 млрд. теңге).

Жоғары банктік өтімділікпен қатар  осындай күрт өзгерудің себебі қысқа  мерзімді ноталардың айналыс мерзімдерінің қысқаруы және тиісінше бұрын шығарылған ноталардың көлемін неғұрлым қысқа мерзімге ауыстыру болып табылғанын атап өту қажет. Осылайша қысқа мерзімді ноталар бойынша дюрацияның көрсеткіші 2007 жылдық аяғында 121,7 күнді, ал 2008 жылдың аяғында 15,2 күнді құрады.

Бұл ретте қысқа мерзімді ноталарды  өтеу көлемі есептік кезеңде 2210,3 млрд. теңгені құрады, нәтижесінде олардың  айналыстағы көлемі 2007 жылдың аяғындағы 596 млрд. теңгеден 2008 жылдың аяғында 361 млрд. теңгеге дейін қысқарды. Қысқа  мерзімді ноталар бойынша тиімді кірістілік 3,21%-дан 2,24%-ға дейін төмендеді (жылдың соңғы айындағы орташа алынған кірістілік).

Айналымдағы қолма-қол  ақша 2,8% немес 106,4 млрд теңгеге артты, себебі жыл басында олардың саны 2010 жылы желтоқсанында жинақталған зейнетақы, жәрдемақы және әлеуметтік төлемдер есебінен жоғары болды. І тоқсан бойы айналымдағы қолма-қол ақша үлесі төмендей бастады, бұл маусымдық факторға байланысты, сәуір айынан бастап олардың саны арта бастады. Айналымдағы қолма-қол ақшаның ең жоғарғы деңгейі желтоқсан (9,4%) және қыркүйек (7,5%) айларында тіркелді.

    Ақша массасының  артуы 2009 жылғы 13,6%-дан 2010 жылы 15,4% дейін экономиканың монертизация  деңгейінің артуына әкелді.

    Алтын валюта активтерін  басқару.

    2011 жылы Ұлттық Банк  жалпы алтын валюта активтері 4,6% немесе 2,069 млрд. долларға, таза алтын валюта активтері 37,6% немесе 2,094 млрд. долларға дейін артты.

    Жыл бойы жалпы алтын  валюта активтері өсу бағытында  болды, бұл бірнеше факторларға  байланысты:

     Ішкі нарықта Ұлттық Банктің шетел валютасын сатып алу;

     Қаржы министрлігі шоттарына валюта қорларының түсуі (оның ішінде халқаралық капитал нарығына Қазақстанның еурооблигациялардың 3-ші эмиссиямын орналастыру, мемлекеттік меншікті жекешелендіру мен Ресейдің «Байқоңыр» ғарыш алаңы үшін жалға алу төлемі және мұнай-газ саласында жұмыс жасайтыншетел инвесторларының салықтың төлемдер аударуы).

     Таза алтын валюта активтері тұрақты өсті, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің халқаралық валюта қоры алдында міндеттемелері мерзімінен бұрын өтеуіне байланысты.

     2011 жылы алтын валюта активтері құрамында валюта үлесі артып, алтын үлесі төмендеді. Алтын үлесінің төмендеуі АҚШ долларының негізгі әлемдік валюталарға қарсы нығаюына байланысты. Доллардың нығаюы металдар нарығында әсер етті, өндірушілер алтын ірі орталық банктер металдарды жедел сата бастады. СДР үлесі 11,35-тен 0,01% дейін төмендеді.

 

 

 

 

    1. Есептік қойылымның реттелуі мен айырбас бағамының мазмұны

Экономикада сыртқы және ішкі баланстылықты қамтамасыз ету ақша-несие және валюта  саясатының стратегиялық мақсаттары болып саналады. Оған жетудің жолдары 2-суретте көрсетілген.

 

 

2 сурет  Ақша-несие  және валюта саясатының стратегиялық  мақсаттары

(Ақпарат көзі: сызба  Қазақстанның жинағынан алынған)

Осы мақсаттарды іске асыру үшін сұраныс пен ұсыныс тәуелділігінде бағамның ауытқуына  себепші болатын теңгенің еркін  өзгермелі айырбас бағамының  тәртіптемесін сақтау қажет. Бұл  – сыртқы нарықта Қазақстан тауарларының баға бәсекесіне қабілеттілігін дамытуға мүмкіндік береді. Ұлттық валюта бағамын қалыптастыруға монетарлық биліктің араласуы аз шамада болу керек. Ішкі валюта нарығында айырбас бағамына алыпсатарлықтың алдын алу қажеттілігі туғанда оған монетарлық билік қатысады.

Ақша-несие және валюта саясатының негізгі мақсаты 2006-2007 жылдары орташа жылдық инфляцияны 5-7% шекте ұстау және 2008- жылдың аяғына дейін оны 4- 6%-ға дейін төмендетуге тиіс болатын.

Ақша-несие, валюта саясаты, экономиканың ақша-несие және валюталық  реттеуі қаржы және валюта нарығының тұрақтылығын сақтауға, сақтандыру нарығының және бағалы қағаздар нарығының одан әрі дамуына, банк жүйесінің нығаюына, экономиканың нақты секторындағы банкілердің келешектегі несие беруінің өсуі үшін жағдай жасауға, сонымен бірге жинақтаушы зейнетақы жүйесін жетілдіруге мүмкіндік туғызады.

Информация о работе Айырбас бағамының теориялық сипаты