Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Апреля 2013 в 16:42, курсовая работа
Курстық жұмыстың мақсаты: теориялық түрде шолу жасаумен қатар айырбас бағамының механизмін талдау мен оның экономикалық серпіндегі орнын анықтау болып табылады.
Курстық жұмыстың алдына қойған міндеттері:
- берілген тақырыптың теориялық сипатын ашу;
- айырбас бағамының ерекшеліктеріне тоқталу;
- айырбас бағамындағы, экономикадағы есептік қойылымды реттеу;
- есептік қойылымның механизміне талдау жүргізу;
Кіріспе...............................................................................................................3-4
1. Айырбас бағамының теориялық сипаты
1.1. Айырбас бағамы туралы түсінік......................................................5-7
1.2. Айырбас бағамы мен есептік қойылым........................................7-10
1.3. Айырбас бағамының қызмет негіздері.......................................11-12
2. Қазақстан Республикасындағы айырбас бағамының механизмін талдау
2.1. Қазақстандағы айырбас бағамының көрсеткіштері..................13-17
2.2. Есептік қойылымның реттелуі мен айырбас бағамының мазмұны.........................................................................................18-22
2.3. Айырбас бағамын мемлекеттік тұрғыдан реттеу......................22-24
3. Қазақстан Республикасындағы айырбас бағамын жетілдіру перспективасы
3.1. Айырбас бағамын тұрақтандыру мен есептік қойылымды жетілдіру........................................................................................25-28
Қорытынды..............................................................................................29-30
Пайдаланылған әдебиеттер....................................................................31-32
Қосымша
Ақша-несие және валюта реттеуінің 2007-2008 жылдарындағы негізгі құралдары РЕПО (Қысқа мерзімді капиталды тартуға арналған қаржы құралы) операциялары және вексельдермен жасалатын қайта есептеу операциялары тәрізді ашық нарықтың операциялары болуға тиіс. РЕПО (Қысқа мерзімді капиталды тартуға арналған қаржы құралы) мөлшерлемесі және вексельдер бойынша есептік ставка сияқты ресми ставкалардың реттеушілік ролдерін күшейту үшін Ұлттық банк шара қолдануға тиіс. Бұл 2007-2008 жылдары экономиканы ақша-несие және валюталық реттеудің инфляцияны шектеуге (таргетирование) көшуіне дайындық үшін база болады.
Қайталама нарықтағы репо операцияларының көлемі есептік кезеңде 477,4 млрд. теңге болды, бұл өткен жылға қарағанда 39,0% аз. Осы операциялар бойынша мерзім 1,5 күн, кірістілік – жылдық 1,57% болды. Бұл ретте 2008 жылғы 1 қыркүйектен бастап тікелей репо операцияларын жүргізу практикасы, сондай-ақ мерзімдері 1 жұмыс күнінен аспағандықтан «овернайт» және «овердрафт» заемдарын ұсыну уақытша тоқтатылды.
Кері репо операциялары 7,9 млрд. теңгеге жүргізілді, олар бойынша мерзім 3,6 күн, кірістілік – жылдық 6,12% болды.
2008 жыл ішінде Ұлттық
Банк мемлекеттік бағалы
Инфляцияны шектеуге (таргетирование) көшуі Ұлттық банктің 2002 жылы басталған монетарлық саясатының басым бағыты болып есептелмейді. Ұлттық банк бағалардың әр алуан индекстерін қадағалап, аралық мақсаттарға тіпті ақша агрегаттарын да пайдаланды. Бірақ инфляцияны шектеу жағдайында инфляцияның мақсатты бағдарын жариялау белгілі кезең ішінде оны ұстау бойынша міндеттеме нысанаға ие болып, ол осы процестің өзіне тән бірқатар белгілерге себепші болады. Жалпыға белгілі шарттарды орындауды талап етеді. Солардың ішінде валюта бағамы да бар экономикалық көрсеткіштерді нысаналаудан бас тарту болып табылады. Теориялық көзқараспен қарағанда, яғни инфляцияның мақсатты көрсеткішін жариялау негізінде ақша-несие саясатының түпкілікті мақсаты – баға тұрақтылығына жетудің тиімді тетігі болып саналады. Бірақ, инфляцияның негізгі көрсеткіші тұтыну бағасының серпініне көптеген факторлар әсер етіп, олардың қатарына ұлттық валютаның айырбас бағамы да кіреді. Одан басқа, отандық экономиканың бұрынғыша экспортқа бағдарланған бағытының үстем болуы нарықтың берекесіз жағдайында валюта бағамын қалыптастыруға, монетарлық билікке толық сенуге мүмкіндік бермейді.
Біздің ойымызша, істің нақты жағдайы мынадай: Ұлттық банк қазір инфляция мен валюта бағамын бір мезгілде нысаналайды. Бірақ, бұл инфляциялық нысаналаудың принциптеріне сөзсіз қайшы келеді.
Елдің алтын-валюта резервтері тауар және қызмет көрсету импортының 3 айдан астамын жаба алатын деңгейде ұсталады.
Ақша агрегаттарының болжамды жылдық өсімі болжанған экономикалық өсу қарқынына бара-бар болады. 2007 жылы ақша базасының өсімі 12,9%-ға, 2008 жылы 14,7%-ға және 2007 жылы ақша массасы 16,6%-ға, 2008 жылы 15,5%-ға өседі деп болжанған. Инфляцияның қарқыны 2007 жылдан аяғына қарай қайта қаржыландырудың мөлшерлемесін жылдық 6,9%-ға дейін, ал 2005 жылдың аяғына қарай 7,5%-ға өсті. 2007 жылы резиденттердің депозиттері 17,4%-ға, 2008 жылы 15,9%-ға және соған сәйкес банктердің несие қызметтерін кеңейту есебінен 2007 жылы несие көлемінің өсуі 18,0%-ға, 2008 жылы 17,0%-ға өсетіні болжанады.
Дегенмен 2007 жылы экономикалық өсудің жоғарғы қарқынының сақталуына қарамастан ақша ұсынысының ұлғаю қарқыны 2008 жылғымен салыстырғанда біршама қысқарды.
2008 жылы ақша базасы
863,0 млрд. теңгеге дейін 14,7% кеңейді,
бұл Ұлттық Банктің таза ішкі
активтерінің өсуіне
Резидент еместердің инвестициялық бағалы қағаздарына салынған инвестициясында валюталық реттеу тәртіптемесін жұмсарту, шетелге тікелей инвестиция жасау операциясын ынталандыру, сыртқы сауда операцияларын жүзеге асыру кезіндегі шектен тыс әкімшілік кедергілерді жою бағыттарында Қазақстан Республикасының валюталық тәртіптемесін ырықтандыруды жалғастыру қажет. Капитал ағынымен байланысты тәуекелдікті төмендету үшін, шоғырландырылған негізде пруденциалық қадағалауды жетілдіру, банктерде, жинақтаушы зейнетақы қорларында және сақтандыру компанияларында тәуекелдікті басқаратын ішкі жүйе енгізу, ішкі валюта нарығының ірі қатысушылары – қаржыдан тыс ұйымдар тарапынан болатын алыпсатарлықты бақылау және тежеу тетігін әзірлеу қажет.
Таяуда Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Григорий Марченко 2010 жылы елде ұлттық валютамен сауда жасау дәлізі кеңейтілуі мүмкін деген мәлімдеме жасады. Осыдан кейін Қазақстанның ұлттық валютасы – теңгенің құны артып, оның айырбас бағамы 1 АҚШ долларына 150 теңге деңгейіне дейін өсті. Бұл туралы «Интерактив инвестор» сайты хабарлайды. Күні бүгін теңге 1 АҚШ долларына 145-тен 155 теңге мөлшеріне дейінгі аралықтағы дәліз ішінде саудаланып отыр. Григорий Марченко сонымен қатар теңгенің бағамы өсуі мүмкін деген де меңзеу жасады. «Сауда жасау дәлізінің ұлғайтылуы келешектегі бірнеше ай ішінде теңгенің айырбас бағамының өсуі мүмкін дегенді білдіреді, – деп жазады Unicredit банкінің сарапшылары аталған мекеменің клиенттері үшін даярланып, таратылған хабарламада. – Қазақстанның банк жүйесі салмағы тым өсіп кеткен сыртқы қарыздың ауыртпалығын көтеруге мәжбүр боп отыр, теңге ревальвациясы бұл қысымды азайтуға жол ашуы тиіс». Сонымен бірге Қазақстан үкіметі халықаралық облигацияларды айналымға енгізбек боп отыр. «Файненшл таймс» басылымының хабарлауына қарағанда, Астана мұндай шараны ұлттық экономиканың қаржы саласына қолдау білдіру мақсатында қолданбақшы. Әрі осы арқылы капитал нарығында өзінің іс-әрекетін жандандыруға ниеттенген компаниялар үшін салыстыру негізі жасалады. Қазақстан АҚШ долларында деноминацияланған жалпы құны 500 миллион АҚШ доллары тұратын құнды қағаздарды 2010 жылдың басында айналымға шығаруды жоспарлап отыр. Халықаралық нарықта жаңа дамушы елдер нарығынан айналымға енгізілген борыш міндеттемелеріне деген сұраныс артуда. Қазақстан халықаралық нарықта қалыптасып отырған осынау қолайлы конъюнктураны пайдаланып қалмақшы, деп түсінік береді аталған ахуалға «Файненшл таймс». Қазақстан Республикасы үшін мұндай шара бұл мемлекеттің өз-өзіне деген сенімінің артқанын білдіреді. Осы жылдың басында ғана бұл ел үлкен қиыншылықтарға тап болған өзінің ұлттық банк жүйесіне қолдау көрсетпек боп шарқ ұрып жатқан еді. Өйткені, аталған жүйе несие нарығының қалыпты жұмысының кері кетуі себебінен мүлде күйреп кетудің сәл алдында ғана тұрды. Елдің Ұлттық банкі енді АҚШ долларына қатысты теңгенің айырбас бағамының ауытқу дәлізін кеңейтуді ұсынып отыр. Бұл шара теңгенің айырбас бағамының өсуіне жол ашады.
Бағамның айтарлықтай дүмпуіне жол бермеу және валюта нарығындағы тұрақтылыққа қолдау көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі нарыққа жағдайға қарай шетел валютасын сатып алушы ретінде де, сатушы ретінде де қатысты.
2011 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің пайыздық ставкаларының дәлізі өзгерді. Өзгерістер дәліздің жоғарғы шегі – ресми қайта қаржыландыруда да болды. Жылдың басында инфляциялық қысымның күшеюіне байланысты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2011 жылғы 9 наурыздан бастап ресми қайта қаржыландыру ставкасын 7,0%-дан 7,5%-ға дейін көтеру туралы шешім қабылдады.
Ақша нарығындағы қысқа мерзімді ставкалар дәлізінің төменгі шегі ретінде алынатын банктерден тартылатын депозиттер бойынша ставка бүкіл 2011 жыл бойына өзгеріссіз қалды және 7 күндік депозиттер бойынша 0,5% және 1 айлық депозиттер бойынша 1,0% құрады.
Халықаралық нарықтағы
нарықтық ставкалар Қазақстан
Ақша нарығындағы қысқа мерзімді өтімділікті реттеуді Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноталарды шығаруы және банктерден депозиттер тартуы арқылы жүргізді. Пайыздық ставкалардың ең төменгі деңгейде сақталғанына қарамастан, банктердің тарапынан бұл құралдарға деген сұраныс бүкіл жыл бойына жоғары күйінде қалды.
Жекелеген банктердің сұратуы
бойынша Қазақстан
Қазіргі заманда валюта бағамын белгілеуде бір-біріне қарам-қарсы екі әдіс бар:
Валютаның еркін айналымдағы бағамы кезінде бағам ұсыныс пен сұраныстың әсерінен қалыптасады.
Валютаның еркін айналымдағы бағамына көптеген факторлар әсер етеді. Олар:
Еркін айналым кемшіліктері:
Тағайындалатын валюта
бағамы әдісі. Бұл тәсіл жоғарыда
қарастырған тәсілге қарама-қар
Қазақстан Республикасының
Үкіметі мен Қазақстан
Қорытынды
Қазақстан нарығындағы операциялардың көбі АҚШ доллары, аз дәрежеде неміс маркасы арқылы жасалады.
Доллардың тұрақты сұранысы біздің экономикалық жағдайдың нашарлығына және халықтың ұлттық валютаға деген сенімсіздігінен және инфляцияның әсерінен доллар Қазақстан Республикасының рейресми валютасы болып, 39,7 пайызға қолма-қол есеп айырысу түрінде жүреді.
Қолма-қол доллар банкноттарды алу соншалықты жеңілдеді, қолында қаражаты бар азамат қай кезде болсын еркін кішігірім заңдылықты сақтай отыра ресми қызмет істеп тұрған айырбастау органдарының оны қайда пайдаланатын мақсатын көрсетпей қолма-қол долла алуына болады.
Сөйтіп шетел валютасының ішкі ақша айналымы қолма-қол кедергісіз және шек қойылмаған түсу тетігі қалыптасып, ол қызмет істеп жатыр онда олар заңды төлем қаражатымен қатар кейде оны ауыстыра және ығыстыра шын мәнінде бақылаусыз пайдаланылуда.
Өкілетті банктерге белгілеген тәртіп мүлде еркін және кез келген мөлшерде қолма-қол ақша белгісін шет елден сатып алуға және оны еліне әкелуге мүмкіндік береді. Жүйе басында шетел валютасын көтерме саудагер жеткізуші банктер тұрады. Олар валюталық биржадан керекті банкноттарды шетелден сатып алу үшін, қолма-қол валюта алып, оны шетел банктеріндегі корреспондентік шотқа аударып ал содан кейін осы қаражатпен қолма-қол валютан төлейді. Осылай сатып алынған қолма-қол валюта көбіне доллар көтерме банк қоймаларынан аймақтарға және басқа үлестірме жүйелердің қатысушыларына таратылады.