Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Января 2013 в 17:52, курсовая работа
Ақша – бұл барлық тауарлардың құнын өлшейтін, жалпыға балама айрықша тауар. Өндіріс және бөлу процесіндегі адамдар арасындағы қатынасты бейнелейтін, тарихи турде дамып келген экономикалық категория.
Ақшаның экономикалық категория ретіндегі мәні, оның мынадай үш қасиетінің біртұтастығынан байқалады:
• жалпыға тікелей айырбасталу формасы;
• айырбас құнының дербес формасы;
• еңбек өлшемінің заттай формасы.
Жалпыға тікелей айырбасталу формасы, оның кез келген материалдық бағалы затқа айырбасталатынын сипаттайды. Екіншісі тауарларды сатумен байланыссыз. Соңғы қасиеті тауар өндіруге жұмсалған еңбектік ақша көмегімен өлшеуге болатын құнын сипаттайды.
Ақшаның қазіргі экономикада атқаратын қызметтеріне мыналар жатады:
1. құн өлшемі және баға масштабы;
2. айналыс (айырбас) құралы;
3. төлем құралы;
4. қорлану және қор жинау құралы
5. дүниежүзілік ақша
Кіріспе
І. Жалпы бөлім. Ақша қаражаттар қозғалысы туралы жалпы анықтама....................
1.1 №7 ҚЕХС бойынша қаржылық есеп беру түрлері....................................
1.2 Ақша қаражаттар қозғалысының мәні мен маңызы...................................
1.3 Ақша қаражаттар қозғалысының есебі........................................................
1.4 Консолидацияланған қаржылық есеп беру................................................
ІІ. Негізгі бөлім. Ақша қаражаттар қозғалысының ҚЕХС бойынша есебі.................
2.1 7 ҚЕХС бойынша «Ақша қаражаттар қозғалысы» туралы есептілік және оның түрлері..........................................................................................................
2.2 Дисконтталған ақша ағымдарын есептеудің негізгі мақсаты..................
2.3 Ақша қаражаттар қозғалысы туралы есептіліктің нысандары................
III. Ақша қаражаттар қозғалысының тәртібі........................................
3.1 АО «Запчасть» қаржылық есеп беру тәртібі........................................
3.2 Ақша қаражаттар есебін АО «Запчасть» бойынша талдау....................
Қорытынды.......................................................................................................
Қолданылған әдебиеттер тізімі......................................................................
ЖОСПАР
Кіріспе
І. Жалпы бөлім. Ақша қаражаттар қозғалысы туралы жалпы анықтама....................
1.1 №7 ҚЕХС бойынша қаржылық есеп
беру түрлері.......................
1.2 Ақша қаражаттар қозғалысының
мәні мен маңызы........................
1.3 Ақша қаражаттар қозғалысының
есебі.........................
1.4 Консолидацияланған қаржылық
есеп беру..........................
ІІ. Негізгі бөлім. Ақша қаражаттар қозғалысының ҚЕХС бойынша есебі.................
2.1 7 ҚЕХС бойынша «Ақша қаражаттар
қозғалысы» туралы есептілік және оның
түрлері.......................
2.2 Дисконтталған ақша ағымдарын есептеудің негізгі мақсаты..................
2.3 Ақша қаражаттар қозғалысы туралы есептіліктің нысандары................
III. Ақша қаражаттар
қозғалысының тәртібі.......................
3.1 АО «Запчасть» қаржылық есеп
беру тәртібі.......................
3.2 Ақша қаражаттар есебін АО «Запчасть» бойынша талдау....................
Қорытынды.....................
Қолданылған әдебиеттер
тізімі........................
Қосымшалар
КІРІСПЕ
Нарықтық экономика жағдайында басқаруды жетілдіруде ақша - қаражаттар қозғалысының ролі мен мәні артуда. Басқару мен нарықтық экономиканың дамуына, әр түрлі деңгейдегі басқару шешімдерін әзірлеуге, негіздеу мен қабылдауға субъектінің нарықтағы іс-қимылын анықтап, бәсекелес субъектіні айқындауға, субъектілердің қаржылық қызметі туралы сапалы, уақытылы ақпаратты қалыптастыру ақша қаражаттар қозғалысының есептілігінің басты мақсаттары болып табылады.
Ақша – бұл барлық тауарлардың құнын өлшейтін, жалпыға балама айрықша тауар. Өндіріс және бөлу процесіндегі адамдар арасындағы қатынасты бейнелейтін, тарихи турде дамып келген экономикалық категория.
Ақшаның экономикалық категория ретіндегі мәні, оның мынадай үш қасиетінің біртұтастығынан байқалады:
Жалпыға тікелей айырбасталу
формасы, оның кез келген материалдық
бағалы затқа айырбасталатынын сипаттайды.
Екіншісі тауарларды сатумен байланыссыз.
Соңғы қасиеті тауар өндіруге
жұмсалған еңбектік ақша көмегімен
өлшеуге болатын құнын
Ақшаның қазіргі экономикада атқаратын қызметтеріне мыналар жатады:
Ақша өзінің дамуы барысында екі түрге бөлінеді: толық құнды ақшалар және толық құнсыз ақшалар.
Толық құнды ақшалар – номиналдық құны оны дайындауға кеткен нақты құнымен сәйкес келетін ақшалар. Мұндай ақшаларға металл ақшалар, соның ішінде: мыстан, күмістен және алтыннан жасалғандары жатады.
Толық құнсыз ақшалар – номиналдық құны нақты құнынан, яғни олардың өндірісіне кеткен қоғамдық еңбектен жоғары болып келетін ақшалар. Оған: қағаз ақшалар және несиелік ақшалар жатады.
Қағаз ақшалар – бұл нағыз ақшалардың өкілдері. Тарихта олар айналыста жүрген алтын және күміс монеталардың орынбасарлары ретінде пайда болды. Қағаз ақшалардың айналыста жүруінің объективті мүмкіндігі, олардың айналыс құралы қызметін атқару ерекшеліктеріне байланысты.
Қағаз ақшалар – бюджет тапшылығын жабу мақсатында шығарылатын және металға ауыстырылмайтын, сондай-ақ мемлекет белгілеген өзіндік номиналы бар құнның белгілері. Олар тек қана айналыс құралы және төлем құралы қызметін атқарады.
Несиелік ақшалар – тауар өндірісінің дамуымен, яғни тауарларды сатып алу және сатудың уақытын кешіктіріп төлеуге (несиеге) берілуімен байланысты пайда болған ақшалар. Олардың шығуы банктердің несиелеу операцияларымен байлланысты. Оларға: вексель№ банкнота және чек жатады.
Вексель – белгілі бір соманы алдын-ала келісілген мерзімде және белгіленген жерде төлейтіндігі туралы борышқордың қарыздық міндеттемесі.
Банкнота – орталық банктің айналысқа шығарған әр түрлі номиналдағы ақша бірліктері.
Чек – ағымдағы шот иесінің чекті ұстаушыға белгілі бір ақшалай соманы төлеу туралы немесе басқа ағымдық шотқа аудару туралы өзінің банкісіне берген жазбаша бұйрығы.
Мен өзімнің курстық жұмысымда қарастырылған ақша қаражаттар қозғалысының болуы тұтас экономика үшін немесе жеке сектор, кәсіпорын, жай қарапайым халық үшін маңызды болып келеді.
Менің «Ақша – қаражаттар қозғалысы» атты курстық жұмысымда, жалпы ақшалар туралы, оларды қозғалысының есебі, дисконтталға ақша ағымының есебі, олардың нысандары, түрлері мен 7 ҚЕХС бойынша есептілігі толық қарастырылды деген сенімдемін.
Сонымен, ақша қаражаттар қозғалысы
есебінің негізгі мақсаты – ақша
қаражаттарының немесе оның эквиваленттерінің
өзгерістері жайлы
Ақша қаражаттар қозғалысының есептілігі басқадай есептік формаларымен бірге, ақпараттарға қызығушылығын білдірген қолданушыларға компанияның таза активтер динамикасын бағалауға, қаржылық құрылымындағы өзгерістерін, ақша қаражаттар қозғалысын тиімді басқаруын, тез арада өзгеріске түсетін нарықтық талаптарға тез бейімделу мүмкіндігін береді.
Есептілікте көрсетілетін көрсеткіштердің талдауын, бағалауды жүргізу үшін модельдерді құруға және компанияның болашақтағы ақша қаражаттар қозғалысының дисконтталған құнын көрсетуге мүмкіндік береді.
Ақша қаражаттар туралы қорытынды
мәліметтер – олардың өткен жылдардағы
болжанған бағаларының
І. Ақша қаражаттар қозғалысы туралы жалпы анықтама.
Бұл тарауда ақша қаражаттар козғалысы туралы мәліметтер толық ашып көрсетіледі.
1.2.Ақша қаражаттар қозғалысының мәні мен маңызы.
Қай саладағы кәсіпорындар
мен ұйымдар болмасын өз қызметі
барысында басқа заңды және жеке
тұлғалармен қарым-қатынас
Қазіргі таңда ақшалар қозғалысын басқару қаржы нарығының күрделілігіне байланысты маңызды мәселе болып саналып отыр.
Ақша қаражаттар қозғалысы – шаруашылықтағы тауарларды өткізуге, сондай-ақ, тауарлы емес төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет ететін қолма-қол және қолма-қолсыз ақша формаларындағы ақшалардың қозғалысы. Ол капитал айналымына қызмет ете отырып, барлық жиынтық қоғамдық өнім айналысы мен айырбасына дәнекер болады. Ақшаның қолма-қол және қолма-қолсыз формаларының көмегімен тауарлар айналысы, сондай-ақ несиелік және жалған капиталдың қозғалысы жүзеге асырылады.
Қолма-қол ақшалар айналысы – нақты ақшалар қозғалысын білдіреді. Оған банкноталар, монеталар және қағаз ақшалар қызмет етеді.
Қолма-қолсыз ақшалар айнасы – қолма-қолсыз ақшалар айналымының ақшаларының қозғалысы. Оған: чектер, пластикалық карточкалар, электрондық аударымдар көмегімен пайдаланылатын клиенттердің шоттардағы сақтаған ақшалары (депозиттер).
Қолма-қол ақша мен қолма-қолсыз ақшалар арасында тығыз байланыс пен өзара тәуелділік бар. Ол ақшаның үнемі бір қозғалыс сферасынан екінші біріне өтіп отыруынан байқалады.
Мысалы, қолма-қол ақшалардың банктегі депозитке салынуы, олардың қолма-қолсыз ақшаға айналуын білдірсе, ал банктен жалақы, жәрдемақы, стипендия, зейнетақы және т.с.с. төлеу үшін ақша алған жағдайларда қолма-қолсыз ақшалардың қолма-қол ақшаларға ауысуы байқалады.
1.3.Ақша қаражаттар қозғалысының есебі
Қазақстан Республикасы Қаржы
Министрлігінің жанындағы «Бухгалтерлік
есеп және аудит әдістемесі департаментінің»
№4 ‘Ақша – қаражаттарының қозғалысы
туралы есеп’ - деп аталатын бухгалтерлік
есеп стандартының бірінші бабында:
«кәсіпорындар мен ұйымдардың, яғни
субъектілердің ақша – қаражаттарының
қозғалысы туралы есебі осы деректі
пайдаланушыларды түрлі операциялық
және инвестициялық қаржы қызметі
бойынша есепті кезеңдегі ақша –
қаражаттарының келіп түсуі, кірістелуі
ол қаржылардың жұмсалуы туралы ақпараттармен
қамтамасыз етіп және оларға осы заңды
тұлғаның, яғни субъектінің қаржы
жағдайындағы өзгерістерін бағалауына
мүмкіндік береді» делінген. Ал осы
стандарттың екінші бабында: «Заңды
тұлғалар, субъектілер ақша қаражаттарының
қозғалысы туралы есепті осы стандарттың
талаптарына сай жүргізеді және
есепті кезеңдегі қаржы нәтижелері
есептемесінің құрамында
Жалпы ақша қаражаттары ҚЕХС-ң шоттар кестесіндегі 10.1 «Қысқа мерзімді активтер» деген алғашқы бөлімнің бірінші тобына кіреді. Бұл бөлімнің шоттары қысқа мерзімді ретінде жіктелетін ұйымның активтерін есепке алуға арналған. Актив,егер:
Оны іске асыру болжамдалса, немесе ұйымның қалыпты операциялық циклінің барысында ол сату немесе пайдалану үшін ұсталынса;
Ол негізінен сауда мақсатында немесе қысқа мерзімге және оны іске асыру баланстың күнінен кейін он екі айдың ішіңде күтілсе;
Пайдалануда шек қойылмайтын ақша немесе оның баламасында болса, қысқа мерзімді актив ретінде жіктеледі.
Барлық қалған активтер ұзақ мерзімді активтер ретінде жіктеледі.
1000 – «Ақша қаражаты» кіші бөлімі - ақша қаражаттарын есептеу үшін қолданылады және өзіне мына 7 топты кіргізеді.
1010 «Кассадағы теңгемен ақша қаражаты», онда кассадағы ұлттық валютамен ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады. Жалпы касса операцияларының есебі 1010 (451) «Кассадағы теңгемен ақша қаражаты» және 1020 (452) «Кассадағы валютамен ақша қаражаты» - деп аталатын шоттарда жүргізіледі. Кәсіпорындар мен ұйымдардың, яғни шаруашылық субъектілердің кассадағы ұлттық валюта түріндегі (теңге түріндегі) нақты ақша қаражаттарының кірісі мен шығысының (қозғалысының) есебі Қазақстан Республикасы Ұлттық банк мекемесі бекіткен кассалық операциялар есебін жүргізудің тәртібіне сәйкес жүргізілуі тиіс.
1020 «Кассадағы валютамен ақша қаражаты», бұл жерде кассадағы шетел валютасымен ақша қаражатының қозғалысы есептелінеді. Жалпы кәсіпорынның кассасындағы шетел валютасы түріндегі ақша қаражаттарының есебі кассадағы ұлттық валюта түрінде нақты ақша қаражаттарының есебіне ұқсас жүргізіледі.
1010 (451) «Кассадағы теңгемен
ақша қаражаты» және 1020 (452) «Кассадағы
валютамен ақша қаражаты» - деп
аталатын шоттар бойынша
1030 «Жолдағы теңгемен ақша қаражаты», бұл жерде жолдағы ақша қаражаттар қозғалысы көрсетіледі. Бұл шот аударылған, бірақ әлі кәсіпорынның шотына келіп түспеген, яғни кіріске алынбаған ақша қаражаттары жолдағы ақшалай қаржылар болып саналады.
1040 «Ағымдағы банктік шоттардағы теңгемен ақша қаражаты», онда банктік шоттардағы ұлттық валюта түріндегі ақша қаражаттар қозғалысының есебі көрсетіледі. Кәсіпорындар мен ұйымдар, фирмалар өздерінің ақшалай қаржыларын сақтауға банк мекемесінен арнаулы шот ашуына болады. Бұл шотта ашылған аккредитивтердегі ақшалай қаржылар, чек кітапшаларындағы ақшалай қаржылар, банктердегі арнаулы шоттардағы ақшалай және басқадай құжаттардағы (вексельден басқа) ақшалай қаржылар есептелінеді. Жалпы субъектілердегі есеп айырысу шоты бойынша операциялардың есебі 1040 (441) – шотта жүргізіледі. Бұл шот дебеті бойынша 1210,2110 (301), 1420 – 2810 (331-334), 1010 (451), 3010-3020 (601-603) және т.б шоттардың кредитімен, ал кредиті бойынша 1040 (141-143), 1610 (351-352), 1150 (401-403), 1010 (451), 3010,3020 (601-603), 3310 (671) тағы басқа шоттардың дебетімен корреспонденцияланады.
1040 – шоттың кредитінде
жазылған операциялар номері 2 –
журнал – ордерде, ал