Ақша қаражаттары туралы есеп

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Января 2013 в 17:52, курсовая работа

Описание работы

Ақша – бұл барлық тауарлардың құнын өлшейтін, жалпыға балама айрықша тауар. Өндіріс және бөлу процесіндегі адамдар арасындағы қатынасты бейнелейтін, тарихи турде дамып келген экономикалық категория.
Ақшаның экономикалық категория ретіндегі мәні, оның мынадай үш қасиетінің біртұтастығынан байқалады:
• жалпыға тікелей айырбасталу формасы;
• айырбас құнының дербес формасы;
• еңбек өлшемінің заттай формасы.
Жалпыға тікелей айырбасталу формасы, оның кез келген материалдық бағалы затқа айырбасталатынын сипаттайды. Екіншісі тауарларды сатумен байланыссыз. Соңғы қасиеті тауар өндіруге жұмсалған еңбектік ақша көмегімен өлшеуге болатын құнын сипаттайды.
Ақшаның қазіргі экономикада атқаратын қызметтеріне мыналар жатады:
1. құн өлшемі және баға масштабы;
2. айналыс (айырбас) құралы;
3. төлем құралы;
4. қорлану және қор жинау құралы
5. дүниежүзілік ақша

Содержание работы

Кіріспе
І. Жалпы бөлім. Ақша қаражаттар қозғалысы туралы жалпы анықтама....................
1.1 №7 ҚЕХС бойынша қаржылық есеп беру түрлері....................................
1.2 Ақша қаражаттар қозғалысының мәні мен маңызы...................................
1.3 Ақша қаражаттар қозғалысының есебі........................................................
1.4 Консолидацияланған қаржылық есеп беру................................................
ІІ. Негізгі бөлім. Ақша қаражаттар қозғалысының ҚЕХС бойынша есебі.................
2.1 7 ҚЕХС бойынша «Ақша қаражаттар қозғалысы» туралы есептілік және оның түрлері..........................................................................................................
2.2 Дисконтталған ақша ағымдарын есептеудің негізгі мақсаты..................
2.3 Ақша қаражаттар қозғалысы туралы есептіліктің нысандары................

III. Ақша қаражаттар қозғалысының тәртібі........................................
3.1 АО «Запчасть» қаржылық есеп беру тәртібі........................................
3.2 Ақша қаражаттар есебін АО «Запчасть» бойынша талдау....................
Қорытынды.......................................................................................................
Қолданылған әдебиеттер тізімі......................................................................

Файлы: 1 файл

Ақша қаражаттары туралы есеп.docx

— 67.34 Кб (Скачать файл)

Операциондық  қызметтегі таза ақша қаражаттарына  таза табыстарды қайта есептеуді  қажет ететін түзетулер:

- Негізгі құралдардың  тозу шығындары                                  15.000

- Жерді сату бойынша шығындары                                         (20.000)

- Дебиторлық қарыздардың  азаюы                                             9.000

- Жал бойынша алдағы  кезең шығындарының көбеюі            (5.000)

- Қорлардың көбеюі                                                                     (2.000)

- Кредиторлық қарыздардың  көбеюі                                           6.000

- % бойынша қарыздардың  көбеюі                                              4.000

- Салықтар бойынша қарыздардың  азаюы                                 (2.000)    5.000

Операциондық қызметтен  түскен таза ақша қаражаттары                     40.000

2) Операциондық  қызметтегі ақша ағымын тікелей  әдіспен есептеу.

                                                      Есептеу        Қосу        Алып          Ақша

                                                         әдісі                           тастау         ағымы

- Сатылымдар                            400.000$       9.000$          -      409.000$ (+)

                                                                       деб. қарыз  

- Жерді сатудан түскен               20.000$           -            20.000$         0

   Түсім                                                                                табыс

- Сатылған тауарлардың           280.000$       2.000$      6.000$   276.000$ (-)

  өзіндік құны                                                    қолар       кред.қар.   

- Операциондық шығындар       75.000$        5.000$       -            80.000$ (-)

                                                                          жал үшін

- Негізгі құралдардың                15.000$              -            15.000$        0

  тозу шығындары                                                               тозу      

- % - ды төлеу бойынша              8.000$              -       4.000$          4.000$ (-)

  шығындар                                                                           қарыз

- Табысқа салынатын                   7.000$         2.000$        -              9.000$ (-)

  салықтық шығындар                                   сал. қарыз

- Таза табыс                               35.000$    операциондық қызмет-  40.000$

                                                                         тен түскен ақша

                                                                         қаражаттары

  

         «Демо»компаниясы.

                  Ақша қаражатының қозғалысы туралы  есептілік.

                           2005 жылдың 31 желтоқсанына

Операциондық  қызметтен түскен ақша ағымы:

Клиенттерден түскен ақша қаражаттары                                         409.000$

Ақша қаражаттардың  төлемдері:

- жабдықтаушыларға                                                 276.000$

- операциондық шығындарға                                     80.000$

- пайыздар бойынша                                                     4.000$

- табысқа салынатын салықтар  бойынша                   9.000$

Жиыны                                                                        369.000$

Операциондық қызметтен  түскен ақша қаражаттары                       40.000$

 

       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2 Дисконтталған  ақша ағымдарын есептеудің негізгі  мақсаты.

 

«Ақшаның уақытша құны»  деген ұғым – ақша мен уақыт  арасындағы байланысты көрсету үшін қолданылады.

 Ақшаның уақытша құны – бұл қаржылық есепкерліктің (ҚЕХС) стандартты емес, ол басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін қолданылатын тәсілдердің бірі, яғни қазіргі кезде қолданылатын нақты шешімдер, бірақ белгілі бір мерзімдегі инвестицияны қайтарумен байланысты уақыт пен ақшаның арасындағы ара-қатынастың жиынтығын көрсетеді.

 Әрбір бизнес саласында  ұзақ мерзімді келісім – шарттар  жасалғанда, бәрімізге белгілі, бүгінгі  күні алынған ақшалар жоғарғы  құнға ие болады, келесі жылға  қарағанда. Яғни бүгінгі –  10.000 теңге, ертеңгі күнгі сомасымен  теңеспейді. Ол төмендеп не жоғарылап  кетуі мүмкін. Инфляцияға байланыссыз  болғанның өзінде. Егер де инфляция 0- ге тең болғанның өзінде, біз  теңеспеушілікті көріп отырамыз. Неліктен? Бұл ақшаның болуы қазіргі  кезде оларды әр түрлі қаржылық  құралдарға немесе бизнеске салуға  мүмкіндік береді және тікелей  тәуекелге байланысты белгілі  бір табыстарды алады.

 Сондықтан да біз  дұрыс шешім қабылдау мақсатында, үнемі бүгінгі күннің ақша  ағымын келешектегі құнмен салыстырып, болжап отыруымыз қажет.

 ҚЕХС бойынша жалгерліктің  операциясын бағалағанда немесе  ұзақ мерзімге алынған қаржылық  салымдарды анықтағанда дисконтталған  құн ұғымы қолданылады. 

 Дисконттау – бұл ақша мен уақыттың байланыстылығы. Осы байланысты келесілер көрсетеді:

  • Пайданы алу мақсатында ақшалар жұмсалады.
  • Қосымша пайданы немесе экономияны қаржылық салымдарды алып келуі қажет. Өйткені, шығындарды ақтауы тиіс. Бірақ, пайданың немесе табыстың мөлшері жоғары болуы қажет. Өйткені, салымдардың құнына пайда түсіруі қажет.
  • Қаржылық салымдар тиімді болып есептелінеді, егер олар инвесторға уақыттық мөлшерін өтесе және осы мөлшерде тиісті табыс әкелсе. Сонымен, қаржылық салымдардың бағдарламасын бағалаған кезде, әр түрлі уақытты есепке алып, жеткілікті пайданы, осы салымдар алып келу тиістігін ең алдымен анықтайды.

Бұл жерде ақшалай  ағымдарды дисконттау әдісі – бұл ақша құнының уақыттағы өзгеруін есептейтін бағалау әдісі. Ақшаның дисконтталған құны инфляцияға бағынбайды. Өйткені, инфляция 0- ге тең болса да, ақшалар болашақ табыстардың есебімен құнға теңестіріледі.

 Пайыздар- бұл әр түрлі нысандарда қарызға берілген капиталдан түскен пайыздар немесе өзіндік және қаржылық мінездемесі бар инвестициялардан түскен табыс.

Пайыздар - әр түрлі болады:

  1. Жай пайыздар – бұл есептеу мерзімінде алғашқы ақшалай сомаға қолданылатын пайыздар.

Мысалы:  1) ссуда – 500.000 теңге көлемінде 3 жылға берілді. 30 % - қ жылдық жай қойылым бойынша, онда 3 жыл уақытында пайыздың көлемі келесідей болады. 500.000 * 30 % * 3 жыл = 450.000 теңге.

2.  Күрделі пайыздар  – реинвестицияланған пайызға  алынған пайыздар,                      

яғни ссудаға немесе қаржылық салымға төленетін пайыздарды негізгі  сомаға қосады. Осының нәтижесінде, пайыздарды негізгі сомаға және алынған пайыздарға төлейді.

   Күрделі пайыздарды есептеу- бұл дисконттауға кері үрдіс. Өйткені, күрделі пайыздар арқылы қазіргі уақыттағы қолма – қол ақшаның болашақ құны анықталады.

   Мысалы: Егер, қазір біз, банкке – 1000 теңге салсақ 10 -%- қ жылдық қойылымы бойынша және пайызды жылына бір рет төленсе (жылдың соңында), онда табыстылықтың келесі көрсеткіштеріне сенер едік:

  • Бір жылдан соң инвестициялар келесі көлемге дейін өседі. 1000+10%*1000=1100. Яғни %- р бойынша төлем 100 болады.
  • Егер осы банктік шотта, біз өзіміздің ақшамызды ұстасақ, онда инвестицияның құны 2 жылдан соң 1210 теңге болады. (1100*1,1) пайыздар бойынша төлем  2 жылы 110 теңге болады. (1210-1100) Осыны басқаша түрде жазуға болады. Алғашқы инвестицияның мөлшеріне 2 жылдың пайыздарын есептеу арқылы, яғни (1000*(1,1*1,1)=1210)
  • Егер біз, осы ақшаны 3 жыл бойы сақтасақ, онда 3 жылдың соңында инвестицияның құны келесі мөлшерлерге дейін өсер еді. 1000* (1,1*1,1*1,1)=1331. 3 жылдың пайыздары 121 теңге болады. (1331-1210)

Осы мысал инвестициялар  құнын анықтау әдістемесін күрделі  пайыздарды қолданып көрсетеді. Осындай  принциптерді болашақ және ағымдағы анықтамаларда пайдаланады.

 Ағымдағы құн – бұл болашақ ақшалай ағымның дисконтталған құны.

 Дисконттау  – бұл күрделі пайыздардың керісінше есептелуі. Дисконттау әдісін қолданып, біз болашақ ақшалай ағымдардың ағымдағы құнын анықтағанбыз. Яғни, белгіленген пайыздардың қойылымы бойынша қанша соманы салуымыз керек, анықталған мерзімнен кейін инвестицияның пайдалы құнын алу үшін.

Мысалы: 6 пйыздық қойылымымен 4 жыл уақыттан соң, 5000 теңге көлемінде инвестицияны алу үшін қанша ақша салу керек.

Ағымдағы құн келесі формуламен анықталады:

PV =   FV / (1+r)n немесе FV * 1 / (1+r)n. Осы формула дисконттың базалық есептеуін көрсетеді. Ағымдағы құн әртүрлі мерзімдер үшін және қойылымдар үшін С1 кестесінде келтірілген.

Мысалдың  шешімі.

С1 кестесінде келешектегі 4 жылдан кейін инвестиция 5000 теңгеге  тең болу үшін, 6 пайыздық қойылым  бойынша формулаға сәйкес, келесідей  соманы қою керек.

PV = 5000 x (1 / (1+0,06)4) = 5000 x 0,792 = 3,960

Көптеген компаниялық  операцияларда біржолғы төлемдерді емес, ақшалай түсімдердің кезектілігі  қарастырылған. Яғни, табыстар мен шығындардың  сериясы болуы мүмкін.

Тұрақты және тұрақсыз салымдар ретінде осындай кезектілік төлемдердің ағымы деп аталады.

Ануитед және қаржылық рента – бұл бірдей интервалмен белгіленген жылдарда бір бағыттағы төлемнің кезектілігімен белгіленген ағымы.

Ануитедтердің теориясы – қаржылық матеметиканың маңызды бөлігі. Ол бағалы қағаздардың табысын анықтауда инвестициялық талдауда қолданылады.

Ануитедтің ең жиі қолданылатын сәттері болып, зейнет-ақы қорына тұрақты салымдар, ұзақ мерзімді несиелі өтеу, бағалы қағаздар бойынша пайыздарды төлеу, регрестік исктер бойынша төлеу.

Ануитедтер өзара келесі негізгі сипаттамалар бойынша бөлінеді:

  1. Әр бөлек төлемнің мөлшері бойынша;
  2. Төлемдердің уақыттағы интервалы бойынша;
  3. Соңғы мерзімнің бітуіне дейін, ануитедтердің басынан бастап (бірақ мәңгі ануитедтер болуы мүмкін)
  4. Пайыздық қойылымдар өсіру және төлемнің дисконттау кезінде қолданылады.

Ануитедтің түрлері:

  1. Пренумеранды – бұл сәйкестендірілген интервалдардың басында төлем жасалынатын ануитед.
  2. Постнумеранды немесе кәдімгі ануитед – бұл интервалдың соңында төлем жасайтын ануитед, ол ең жиі қолданылатын ануитед
  3. Тұрақты ануитед – бұл бірдей төлемдерді кіргізетін немесе белгілі бір заңдылықпен өзгерілетін ануитедтер. Олар тәжірибеде аз қызықты болып табылады.

 Ануитедтердің  болашақ құны – бұл ануитедке кіргізілген әрбөлек төлемнің немесе түсімнің болашақ құнының сомасы.

Мысалы: біз 3 жыл аралығында 250 теңгені 10 пайыздық жылдық қойылыммен әр жыл сайын пайыздарды есептеумен инвестициямыз 250 теңгелік ануитедтің болашақ құны қандай болады.

Шешім: Есептеу  үшін болашақ құндардың формуласын қолданыңыз.

FV = PV*(1+r)n Әр мерзім үшін бөлек. Онда 250 теңгенің болашақ құны    3 жыл ағымында әр жылдың соңында инвестицияланса келесідей болады:

1 жыл – 250*(0,1*0,1) = 250*1,21 = 302,50     

2 жыл – 250*(0,1) = 275

3 жыл – 250*1 = 250

             302,50+275+250=827,5

Осындай есептеуді жеңілдету  үшін 1$ - ғы ануитедтердің болашақ  құны арнайы кестесі (жылдың соңында  толтырылатын ануитед) қолданылады. Ол С-4 кестесі. Оны қолданып, біздің мысал  бойынша, келесіні табамыз:

                     250*3,31=827,5

Ануитедтердің ағымдағы құны – бұл ануитедке кіргізілетін әр бөлек төлемдердің немесе түсімнің ағымдағы құнының сомасы. Оны анықтау үшін арнайы кесте қолданылады.

Мысалы: 250 теңгелік 3 жылға 10 % -қ жылдық қойылымы бар, әр жылдың соңында төленетін ануитедтердің ағымдағы құнын анықтау керек.

     Шешімі: Ол үшін келесі формула қолданылады:

PV=FV*1/(1+r)n әр мерзім  үшін бөлек есептеледі.

1 жыл: 250*1/(1+0,1)= 250*0,91= 227,2

2 жыл: 250*1/1,21= 250*0,8264= 206,6

3 жыл: 250*1/1,331= 250*0,7513= 187,95

             227+206,6+187,95= 621,72

Информация о работе Ақша қаражаттары туралы есеп