Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2013 в 20:01, курсовая работа
Бухгалтерлік есепті реформалау жіне аудитті ұйымдасытрудың озық тәжірибесі Халықаралық валюталық қордың (ХВҚ), Бүкіләлемдік банктің, Халықаралық даму бойынша америка агенттігінің (ЮСАИД), Еуропалық Одақтың (ЕО) және британдық кеңестің белсенді қатысуымен өткізілгендіктен, оны құраудың ағылшын-американдық үлгісы негіз етіп алынды. Бухгалтерлік есеп пен аудитті жетілдіру бойынша ұсыныс Конституцция, Азаматтық Кодекс, Бюджет Кодексі, Салық Кодексі, «Банкрот туралы», «Ақша аударымы мен төлемде туралы» заңдардың және қосымша компания, фирма мен коммерциялық ұйымдардың қызметін реттейтін Қазақстан Республкиасының басқа да нормативтік-құқықтық актілер талаптарын ескеру арқылы әзірленді.
Кіріспе...............................................................................................................3
Қазақстанда аудиторлық қызметтің нормативтік-құқықтықтың реттеу- қағида негіздері
Қазақстанда аудиторлық қызметті реттеуші нормативтік-құқықтық актілер және ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» Заңы және басқа да заңдар аясы..............................................................................................................4-6
Қазақстандағы халықаралық аудит стандарттары………..........6-10
Аудиттің негізгі принциптері – аудит өткізу алдындағы негізгі процедуралар...........................................................................................10-19
Қазақстан Республикасында аудиттік қызметті нормативтік-құқықтық реттеу жүйесі
аудиторлық қызметті реттеуші мемлекеттік органдардың және қоғамдық ұйымдардың міндетті қызметтері (функциялары)....................20-23
Аудиторларды кәсіби аттестациялау және лицензиялау жүйесі және Қазақстанда аудиторлардың білім алуы жағдайы....................................................................................................23-24
III. Қазақстан Республикасында аудиторлық қызметті нормативтік-құқықтық реттеуді жеділдіру жолдары
3.1. Қазақстан Республикасы аудиторлық қызмет нарығының институтционалдық негізі.........................................................................25-30
Қорытынды....................................................................................................31
Қолданылған әдебиеттер..............................................................................32
Аудитор мен клиент – тапсырыс берушінің арасындағы өзара қарым-қатыныс тілектестік және аудиторлық тексеру бойынша шығындардың орнын толтыру негізінде құралады. Олардың арасындағы даулы мәселелер өзара жол беру және келісімге келу арқылы мен аудитор бірін-бірі өз бетінше таңдауға құқылы .
Тексеру жүргізу бойынша аудитордың шығындары келісім-шартқа сәйкес төленеді.
Кәсіпорын басшысы мен
басқадай лауазымдық тұлғалардың аудиторлық
тексеру процессіндегі
- аудиторлық фирманың жұмыскерлеріне аудиторлық тексеруді өз уақытында және сапалы өткізу үшін жағдай жасау, бхгалтерлік есептің барлық құжаттарын, кадр, қаржы-шаруашылық және басқа мәселелер бойынша бұйрықтарды, жабдықтау, тұтыну келісім-шарттарын дайындап беру, сондай-ақ аудитордың сұрауы бойынша ауызша нмесе жазбаша түрде түсінік беру.
- аудиторлық тексеру жүргізу процесінде анықталған бухгалтерлік есеп жүргізу мен қаржылық қорытынды есепті құру тәртібінің бұзылуын жедел түрде жою.
Аудиторлық тексеру жүргізу кезінде анықталуға жататын сұрақтардың шеңберін шектеу мақсатында кез-келген іс-әрекетке баруға тиым салынады.
Аудитор (аудиторлық фирма) төмендегі құқықтарға ие бола алады:
• республикалағы заң актілерінің, аудит стандарттарының , сонымен бірге кәсіпорынмен арада жасалынған келісімнің нақты шарттарының талаптары негізінде аудиторлық тексерудің әдістері мен нысандарын (аудитор жоспарын) анықтай алады;
• кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі бойынша құжаттарды, қаржылық құралдардың, бағалы қағаздардың, тауарлы-материалдық босалқылардың нақты бары туралы құжаттарды толық тексеруді жүзеге асыра алады, сондай-ақ тексеру жүргізу барысында туындаған сұрақтар бойынша түсініктеме және қосымша анықтамалар немесе мәліметтер ала алады;
• тексеру жүргізілген шаруашылық жүргізуші субъект талап етілген құжаттармен қамтамасыз етпеген жағдайда, сонымен бірге тексеру жүргізуге тапсырма берген мемлекеттік органдар аудитордың жеке басының және оның жанұясы мүшелерінің қауіпсіздігін (ондай қажеттілік туындаған болса) қамтамасыз етпеген жағдайда аудиторлық тексеру жүргізуден бас тарта алады;
• аудиторлық тексеруді жүзеге асыру үшін қажетті мәліметті жазбаша сұрақ беру арқылы оның ішінде тексеруді жүктеген мемлекеттік органдардың ықпалы арқылы, үшінші жақтан ала алады, сондай-ақ аудит өткізуге қатысуға келісім-шарт негізінде басқа фирмалардан ұйымдардан) кәсіби аудиторларды шақыра алады.
Аудитордың міндеттері:
• келісілген жұмыс жоспары және келісім шарттарға сәйкес аудиторлық тексеруді жүзеге асыру;
• аудиторлық тексеруді жоғары деңгейде өткізу, сондай-ақ басқа да аудиторлық қызмет көрсету ;
• аудит өткізілген субъектіден алынған және аудит өткізу кезінде толтырылған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және олардың мазмұнын тапсрыс беруші – клиенттің рұқсатынсыз жария етпеу (заң актілерінде қарастырылған жағдайларды қоспағанда);
• аудиторлық жұмыстардың көлемі үлкен болған жағдайда оған қатысуға басқа аудиторларды шақыру. Тапсырыс беруші-клиентке өзінің туыстық, лауазымдық және экономикалық байланыстары болғандықтан, бұл тексеруді жүргізуге өзінің қатынаса алмайтындығын хабарлау.
Тексерілетін кәсіпорын аудитордан аудиторлық тексеру жүргізуге қатысты заңның талаптары, екі жақтың құқықтары мен міндеттері жөніндегі ақпараттарды, ал аудитор танысқаннан кейін – аудитордың қорытынды пікірлері мен ұсыныстары негізделетін заңдық және нормативтік актілер туралы ақпараттарды алуға құқылы.
Аудиторлық тексеру төмендегі жағдайларда жүргізіле алмайды :
• егер аудитор тексеру жүргізілетін шаруашылық жүргізуші субъектінің құрылтайшысы, иесі, акцияларының иесі, басшысы және басқа лауазымды қызметкері болса, сонымен бірге туыстық қатынасы немесе бухгалтерлік есептің құпиялығын сақтауға жауапты болса;
• егер аудитор немесе аудиторлық фирма тексеру жүргізілетін шаруашылық жүргізуші субъектіге бахгалтерлік есепті қалпына келтіру (қателерді түзету) және жүргізу бойынша , сонымен бірге қаржылық қорытынды есепті құру бойынша қызмет көрсеткен болса;
• егер тексеру жүргізілетін субъект аудиторлық фирманың еншілес серіктестігі болып табылатын болса немесе ол кәсіпорынның капиталында сол аудиторлық фирманың үлес болса.
Аудит өткізу алдындағы міндетті процедуралар
Халықаралық аудит стандарттарына сәйкес аудитордың міндетіне үшінші жақты көз бояушылық немесе өрескел бұрмалаушылықтар жөнінде хабардар ету кірмейді. Бірақ, жоғарыда атап айтылғандай, ұлттық заңнама тиісті жазаны белгілей алады. Солай бола тұрса да, жұртшылық аудитордан ондай ақпараттарды қаржылық қорытынды есеп бойынша аудиторлық қорытынды дайындап берген кезде күтеді. Этикаға сәйкес аудиторлар, әсіресе, шаруашылық жүргізушгі субъектіге қарсы салық органдарының шағымдары санының өсіп кетуі орын алған кезде, көрсету және хабардар ету сияқты функцияларды (міндетті қызметтерді ) өз мойындарына ала алмайды. Бұл ситуация «үміт күтудегі қайшылық» ретінде көпшілікке мәлім, яғни аудиторлардан қандай үміт күтілетіні мен олардан Заңның нені талап ететіндігінің арасындағы айырмашылық.
Аудиторлардың тағайындалуы. Ірі кәсәіпорындарда аудиторларды акционерлердің жиналысы, директорлар кеңесі немесе ішкі аудит бөлімі (ревизиялық комиссия) тағайындауы мүмкін.
Тағайындаудың алдында клиент аудиторларды дұрыс іріктеу (таңдау) критерийлерін айқындау бойынша үлкен дайындық жұмыстарын жүргізеді. Ол критерийлер клиентке аудитордан не керек екендігіне (міндетті аудитті өткізу, салық органдарынан қорғап алу, бухгалтерлік есепті қалпына келтіру және жүргізу, шет елдік партнерлармен жұмыс істеуге қажетті халықаралық стандарттар бойынша қорытынды пікірлер алу ) байланысты. Критерийлер белгілі болған кезде аудиторларға формалды іріктеу өткізуге немесе тендер ұйымдастыруға болады. Мысал ретінде С.В.Пятенко /16,81-б/ ұсынған, аудиторларды таңдау конкурсын ұйымдастыру схемасын келтірейік. Бұл схеманың негізгі ретінде автор әлемдік банк пен Еуропалық қайта құру және даму банкі пайдаланатын процедураларды алған. Тендерге дайындықты ол бірнеше кезеңдерге бөледі:
1. Конкурстық комиссияны құру.
2. конкурс туралы ережелер дайындау және барлық қажетті құжаттарды бекіту.
3. Кішігірім тізімге қатысты дайындау – 10 фирманың шегінде ( өте үлкен ұйымдар үшін және өте маңызды жоба кезінде іріктеу конкурс туралы ақпараттар ашық басылымда жарық көргеннен кейін жүргізілуі.
4. Конкурсқа шақыру жіберу;
5. Өзінің ұсыныстарын беруге дайындарға техникалық тапсырмалар жіберу.
6. Ұсыныстарды бағалау.
7. Келіссөздер жүргізу, келісім-шарт жасау.
Тіркемелерде конкурс өткізу үшін қажетті негізгі құжаттардың үлгілері келтірілді:
• конкурс туралы ереже;
• қызығушылық білдіруші шақыру-хаттары;
• конкурсқа қатысушыларды шақыру қағазы;
• бағалау комиссиясының есебі;
• бағалау қағазы;
• конкурс жеңімпазына хабарлау хаты;
• конкурс қатысушыларына хабарлау хаты;
• техникалық тапсырманың үлгісі;
Конкурсты өткізу кезінде
техникалық тапсырманы құрау қатысушылар
өздерінің ұсыныстарын
Көлемі кіші кәсіпорындарда аудиторларды қабылданған жарғыға байланысты көпшілік дауыспен тағайындайды.
Тағайындау жөнінде ұсыныс алған кезде аудитор:
• тағайындауды қабылдамау керектігін анықтайтын қандай да бір кәсіби сипаттағы себептердің бар-жоқтығын түсіндіруді сұрап алдыңғы аудиторға өтініш білдіру үшін клиенттен рұқсат алуына болады;
• аудиттің масштабына қатысты келісімдірге қол жеткізу мақсатында клиентпен кездесуіне болады;
• клиентке аудиттің масштабын айқындаушы келісім-хат жіберуіне болады;
• клиенттен келісім-хатты алғандығын растауды және оның келісімшартқа қол жеткізуге сәйкес екендігін көрсетуді сұрауына болады.
Аудиторлық тексеруді қайта жүргізу кезінде аудиторға бұрынғы келісімнің шарттарын қайта қарау қажеттілігінің бар-жоқтығын анықтау керек және бұрынғы шарттардың бар екендігін клиенттің есіне салу керек. Аудитордың келісім-хаты әрбір кезеңде жібермеу туралы шешім қабылдауына болады. Жаңа келісім-хатты клиент жағдайды дұрыс түсінбеді деген пікір пайда болған кезде немесе кәсіпорын қызметінің сипаты, заңдар, меншік құқығы өзгерген кезде, не болмаса басшы ауысқан кезде жіберу керек.
Келісім-хатты дайындау, құру және қайта қарау. Клиент аудитке тендер жариялайды және аудиторға шақыру хатын жібереді.
Аудитор осы хаттың негізінде, аудитті дұрыс жоспарлау үшін, клиент бизнесін зерттейді. Егер аудитор аудит жүргізу мүмкін деп есептесе, онда ол өзінің аудит өткізуге дайын екендігі жөнінде хат-міндеттеме дайындайды. Хат-міндеттеме клиентке жіберілед және оның жазбаша келісімінен кейін қаржылық қорытынды есепке аудит өткізу келісім-шарты жасалынады.
Келісім-хат дегеніміз – бұл, кез-келген жаңа аудиторлық тексеру жүргізудің алдында аудитордың клиентке жіберетін хаты. Бұл хатта аудит өткізу шарттары көрсетіледі жіне ол келісім-шарт жасауға негіз болады. Аудиттің 210 «Аудит өткізу шарттары » деп аталатын Халықаралық стандартына сәйкес аудиторға аудит өткізу шарттарымен келісу керек және оны келісім-шарт нысанында көрсетуге тиісті. Егер аудитор кез-келген басқа қызметтің түрін көрсететін болса, онда оларды көрсету шарттарын жеке хатта бейнелу керек. Себебі реттелетін қызметті жалпы сипаттағы қызметтерден бөлек қарастыру қажет.
Келісім-хаттың клиент үшін тек ақпараттық сипаты болуы мүмкін екендігін атап айту қажет. Хатты құру клиенттің мүддесіне де аудитордың мүддесіне де жауап береді. Түснбей қалушылықты болдырмау үшін оны аудиторлық тексеруді бастамас бұрын жіберген жөн. Әдетте, хатта көрсетілетін қызмет үшін жасалынатын төлемнің мөлшері айтылмайды, бірақ төлемнің түріне сілтеме жасалынады – мерзімдік төлем.
Келісім хатта аудиторлық тексерудің мақсаты, қаржылық қорытынды есепті дайындауға басшылардың жауапкерішілігі, аудиттің көлемі (заңдық құжаттарға жне кәсіптік стандарттарға сілтемелермен бірге), аудиторлық процедуралардың сипаттамасы (оларға тән шектеулерімен жіне аудиторлық қорытындының нысанымен бірге ) жазылады. Хатта басқа қызметтердің түрлеріне сілтеме болады, бірақ ол қызметтерді көрсету шарттары айтылмайды, сондай-ақ, хатта қызмет үшін төлм жасау туралы, бірлесіп қызмет жасау және қойылатын шарттарға қатысты келісімнің қажеттілігі туралы ақпараттар болады.
Аудитордың қызмет көрсетуден бас тартуы . егер аудитордың өз клиенттерімен аудиторлық қызмет үшін жасалынатын төлем немесе тексеру жүргізу процесіндегі басқадай мәселелер жайында келіспеушілік жағдайы болса, онда ол келісім-шартты келесі мерзімге ұзартпайды.
Аудиторлық қызмет көрсету тәжірибесі жетілген өркениетті елдерде аудиторды жұмыстан босату, оны тағайындауға қарағанда күрделірек. Себебі акционерлер немесе директорлар туныдаған мәселенің сипаты жөнінде шешім қабылдау үшін директорлардың немесе акционерлердің көпшілік дауысы немесе олардың дауыстарының үштен екі бөлігі қазжет болуы мүмкін. Мұндай кезде аудиторға жазбаша хабарландыру қағазы беріледі. Кейде оған жазбаша түрді наразылық білдіруге және оны жұмыстан босату жөнінде ұсыныс жасалынған мәжілісте шығып сөйлеуге құқық беріледі. Сондай-ақ, аудторды жұмыстан босатуға дейін алып баратын ешқандай жағдайдың болмғандығы жайында оның ауызша немесе жазбаша құбылыс болып есептеледі. Егер қаржылық қорытынды есепте елеулі қателер жіне алдағандық туралы күдік туғызатын жағдайлар орын алған болса, аудитор ол жөнінде мәлімдеуі керек. Әдетте, ол «жағдайды баяндау» деп аталады.
Мұндай жағдайлар
Жұмыстан бас тартатын болса, аудитор кәсіпорынға жазбаша хабарландыру қағазын беруге және онда, жоғарыда атап көрсетілгендей, жағдайды баяндауға тиісті. Аудиторға акционерлер мен басқа да тұлғаларға арнап ауызша және жазбаша мәлімдеме жасауына рұқсат беріледі. Кейбір елдерде аудиторға компания басшылығының өзінің жұмыстан бас тарту себептері талқыланатын жиналыс шақыруын талап етуге рұқсат беріледі.
Мұндай жағдайда аудитор келісім-шартты бұза алады, ал клиент оның үстінен сотқа шағымдана алады.
Кейде есеп немесе аудит
принциптеріне қатысты