Қазақстанда бухгалтерлік есептің заң жүзіндегі реттелуі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2013 в 14:18, контрольная работа

Описание работы

Бухгалтерлік есептің мәні мен маңызын түсіну, бизнесті жүргізу мен басқару, ақпараттарды реттеу және ақылға сиымды тиімді шешімдер қабылдау үлкен мәселеге айналды. Еліміздегі бизнесті дамыту,қаржылық қатынастардың теориялық және қолданбалы негізін білу, құқықтық жүйедегі заңдылықтарды білу, қаржы мен басқару үрдісіндегі көрсеткіштерді жан-жақты талдау, тиімді және оңтайлы шешім қабылдау кызметінде бухгалтерлік есептің атқаратын рөлі өте зор.

Содержание работы

Кіріспе

3
Бухгалтерлік есептің заң жүзіндегі реттелуі
4
Қазақстандағы бухгалтерлік есепті реттеудің нормативтік -құқықтық жүйесі

5
Есеп саясаты туралы түсінік және оған қойылатын талаптар
7
Халықаралық қаржылық есеп берудің стандарттары
11
Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беруді реттеу жүйесін дамыту

13

Қорытынды
15
Қолданылған әдебиеттер тізімі
16

Файлы: 1 файл

реферат.docx

— 51.42 Кб (Скачать файл)

 

 

Мазмұны

 

 

Кіріспе

 

3

Бухгалтерлік есептің заң жүзіндегі  реттелуі

4

Қазақстандағы бухгалтерлік есепті реттеудің нормативтік -құқықтық жүйесі

 

5

Есеп саясаты туралы түсінік  және оған қойылатын талаптар

7

Халықаралық қаржылық есеп берудің  стандарттары

11

Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беруді реттеу жүйесін дамыту

 

13

   

Қорытынды

15

Қолданылған әдебиеттер тізімі

16

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Бухгалтерлік  есептің мәні мен маңызын түсіну, бизнесті жүргізу мен басқару, ақпараттарды реттеу және ақылға сиымды тиімді шешімдер қабылдау үлкен мәселеге айналды. Еліміздегі бизнесті дамыту,қаржылық қатынастардың  теориялық және қолданбалы негізін  білу, құқықтық жүйедегі заңдылықтарды  білу, қаржы мен басқару үрдісіндегі  көрсеткіштерді жан-жақты талдау, тиімді және оңтайлы шешім қабылдау кызметінде бухгалтерлік есептің атқаратын рөлі өте зор.

Бухгалтерлік  есепті жүргізу әртүрлі құзыретке  тиісті нормативтік актілермен жүзеге асырылады. Олардың бірі пайдалануға  міндетті, ал басқалары тек ұсыныс беру сипатында болады. Нормативтік  құжаттарды өз дерінің бағытталуына және құзыретіне байланысты мынадай  жүйеде көрсету міндетті болып табылады:

1- деңгей - заңның: «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық  есептiлiк туралы» ҚР заң күші  бар Заңы және басқа да заңдар;

2- деңгей - бухгалтерлік  есеп және есеп беру бойынша  стандарттар (ережелер); 
3- деңгей - әдістемелік ұсыныстар (жарлыңтар), нұсқаулықтар, қысқаша шолу, ҚР Қаржы министрлігінің және басқа да ведомстволардың хаттары; 
4- деңгей - кәсіпорынның өзінің бухгалтерлік есеп бойынша жұмыс бабындағы құжаттары.

Бухгалтерлiк  есеп пен қаржылық есептiлiк туралы Заң бухгалтерлік есептің құқықтың негіздерін және оның мазмұнын, негізгі  қағидаларын, ұйымдастырылуын, бухгалтерлік қызметтің негізгі бағыттары  мен есеп берудің құрылуын, бухгалтерлік есепті жүргізуге және қаржылық есеп беруге міндетті шаруашылық субъектілерінің  құрамын анықтайды. 
Есеп стандарты есеп тәртібін белгілі бір объектілерді немесе олардың жиынтықтарын бағалауды бекітетін негізгі ережелердің жиынтығын айқындайды.

Есеп  саясаты - бұл бухгалтерлік есеп пен  қаржылық есеп беруді ашудың негізгі  қағидаларына және негіздеріне сәйкес жүргізу үшін субъектінің басшысы  қабылдайтын әдістердің жиынтығы.Шаруашылық әрекеттерді, активтерді, меншікті капиталды, міндеттемелерді, қызметтің нәтижесін және т.б. бейнелеудің балама (альтернативті) әдістерін жүзеге асыратын бухгалтерлік есеп стандарттары есеп саясатын құрудың базасы болып табылады.

Қазақстанда бухгалтерлік есепті нормативтік құқықтық реттеуде қабылданған нормативтік  құжаттардың оңтайландырылған, әрі  кәсіпорындардың дұрыс жұмыс  атқаруына кепіл болуы өте  маңызды мәселе.

 

 

 

 

1 Бухгалтерлік есептің заң жүзіндегі реттелуі

 

Бухгалтерлік  есепті реттеу принциптері әрқашанда  жаңару процесінде болады және өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп отырады. Бухгалтерлік есеппен енгізілетін  тапсырмалардың күрделілігі мен  жауапкершілігі есеп саясаты принциптерінің айқындылығымен қамтамасыз етіледі. Бұл  бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды  реттейтін нормативті құжаттарға сүйенетін  және шаруашылық шешімдер қабылдайтын  субъектілердің көбеюімен байланысты. Егер әкімшілік-жоспарлық экономика  аясында инвестициялар туралы шешімдерді жалғыз субъект – мемлекет қабылдаса, ал нарықтық жағдайларда мұндай шешімдер көптеген ұйымдар санымен қабылданады, тек мемлекет қарамағындағы ұйымлар  ғана қатыса алмайды. Нарықтық экономикада  мемлекеттің рольі айтарлықтай  қысқарады және тек салық жинау  мен нормативті құқықтық актілердің сақталуын қадағалайды.

Қазіргі таңда есептің негізгі міндеті  компанияның есеп беруін ұсынатын қызметке мүдделі бизнеске қатысушыларды  шынайы ақпараттармен қамтамасыз еут  болып табылады.

Сондықтан бухгалтерлік есепті нормативті реттеудің  мақсаты – қызығушылық танытқан тұлғаларды ақпараттармен қамтамасыз ету болып табылады. Осыған байланысты келесі мәселелер шешіледі:

1.шот жүргізуден (шаруашылық өмірдің фактілерін тіркеу) бухгалтерлік есеп беруге нормативті реттеуді қайта бағыттау;

2.қаржылық есепті халықаралық стандарттар негізінде реттеу;

3.ұлттық реттеуді халықаралық халықаралық стандарттарды өлшеп қолдану.

Нормативті  қамтамасыз етудің маңызды құрушысы бухгалтерлік есеп жүйесінің тұрақты  дамуын сақтау болып табылады.

Қазақстандағы бухгалтерлік есепті реттеуді басқа  да мүдделес министірліктер мен ведомостволармен келісе отырып Қазақстан Республикасының  Қаржы министрлігі іске асырады. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» Заңмен жетекшілік ете  отырып, ол министрлік Қазақстан Республикасындағы  есеп беру мен бухгалтерлік есеп туралы жалпы ережелерді, әдістемелік нұсқаулар  мен бухгалтерлік есептің жекелеген  бағыттары бойынша рекомендацияларды, бухгалтерлік есеп стандарттарын, сонымен  қатар, стандарттарды қолдану жөніндегі  әдістемелік нұсқауларды, басқа  да есепке байланысты мәселелерді бекітеді.

Қазақстан Республикасында бухгалтерлiк  есеп пен қаржылық есептiлiк жүйесiн  мемлекеттiк реттеудi уәкiлеттi орган  жүзеге асырады.Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкiнен басқа, мемлекеттiк  мекемелердегi бухгалтерлiк есеп пен  қаржылық есептiлiк жүйесiн мемлекеттiк  реттеу ерекшелiктерiн уәкiлеттi орган  мемлекеттiк мекемелер үшiн Қазақстан  Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлерiмен  белгiлейдi.Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкiнде бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк жүйесiн  мемлекеттiк реттеудi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Директорлар кеңесi (Директорат) жүзеге асырады.Қаржы ұйымдарында және Қазақстан Республикасының секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компанияларында бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк жүйесiн мемлекеттiк реттеудi - нормативтiк құқықтық актiлердi және оларға әдiстемелiк ұсынымдарды қабылдау арқылы, ал Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген жағдайларда қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады.

Уәкiлеттi орган:бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк саласында  мемлекеттiк саясатты қалыптастыруды және iске асыруды қамтамасыз етедi, бухгалтерлiк есептi жүргiзу тәртiбiн айқындайды, бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн қабылдайды, ұлттық стандарттарды және оларға қатысты әдiстемелiк ұсынымдарды әзiрлейдi және бекiтедi, Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк мәселелерi жөнiндегi заңнамасы халықаралық стандарттардың талаптарына қайшы келген жағдайда, консультациялық органның ұсыныстарын ескере отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына тиiстi өзгерiстер енгiзудi қамтамасыз етедi, бухгалтерлiк есеп шоттарының үлгi жоспарын әзiрлейдi және бекiтедi, ұлттық стандарттарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мерзiмдi баспасөз басылымдарында жариялайды, өзге де мемлекеттiк органдармен және кәсiби ұйымдармен бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк мәселелерi бойынша өзара iс-қимыл жасайды.

Сонымен Қазақстан Республикасының Қаржы  министрлігі бухгалтерлік есеп шоттарының типтік жоспарын қолдануды және шоттардағы есептің әдістерін түсіндіретін нұсқаулықтарды, олардың типтік корреспонденцияларын бекітеді.

 

2 Қазақстандағы  бухгалтерлік есепті реттеудің нормативтік – құқықтық жүйесі

 

«Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» Заңнан басқа, бухгалтерлік есептің жекелеген аспектілері  ҚР Азаматтық Кодексімен, ҚР Салық  Кодексімен және басқа да заңдармен  реттеледі. Мысалы, ҚР Азаматтық Кодексінде талап ету мерзімінің уақыты белгіленген  сату-сатып алу кезінде іске асатын мүліктік құқықтың ауысуының мерзімі  анықталған.

Заң бухгалтерлік есептің және оны ұйымдастырудың әдістемелік және құықтық негіздерін, бухгалтерлік қызметтің негізі бағыттарын және есеп беруді құра білуді, сонымен  қатар, бухгалтерлік есеп жүргізуге  міндетті және бухгалтерлік есеп беруді құратын шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрамын анықтайды. Заң есептің негізгі мақсаттарын және оны жүргізудің басты талаптарын анықтайды.

Қазақстандағы бухгалтерлік есепті реттеудің нормативтік  жүйесі бухгалтерлік есеп жөніндегі келесі құжаттар деңгейін қамтиды: 

Кесте 1 - Қазақстандағы бухгалтерлік есепті реттеудің нормативтік – құқықтық жүйесі

 

 

Деңгей

Құжаттар

Құжаттарды қабылтайтын органдар

 

І деңгей – заң шығарушы

Заңдар, қаулылар, кодекстер, жарлықтар

Парламент, ҚР Президенті

 

ІІ деңгей - нормативтік

 

Бухгалтерлік есеп жөніндегі ережелер (стандарттар)

 

 

ҚР Үкіметі, ҚР Қаржы министрлігі, ҚР Ұлттық Банкі

 

ІІІ деңгей - әдістемелік

 

 

Әдістемелік нұсқаулар, нұсқаулықтар, хаттар. Қаржылық есеп беруді дайындау мен  ұсынудың Концептуалды негізі.

ҚР Қаржы министрлігі, атқарушы билік  органдары, халықаралық кеңес беруші комитеттер.

 

IV деңгей – ұйымның  есеп саясаты

 

 

Есеп саясаты аясындағы  ұйымдастыру – басқару құжаттары (бұйрықтар, үкімдер және т.б.)

 

 

 

Ұйымдар, фирмалар, компаниялар  және басқа да кеңес беру фирмалары.


 

Бірінші деңгейге мүліктердің, міндеттемелердің және шаруашылық операцияларының түрлерінің салық салынуы мен есебін реттеуді регламенттейтін басқа да Заң  актілері жатады. ҚР Президентінің Жарлықтары мен ҚР Үкіметінің Қаулылары – нормативті реттеу жүйелерінің бірінші деңгейіндегі құжаттар.

Бухгалтерлік есепті реттеудің  екінші деңгейіндегі құжаттар – бұл  ұйымдардың шаруашылық өмір фактілерінінің есебін жүргізу әдісін, ережелерін және принциптерін бекітетін ҚР Қаржы  министрлігінің бухгалтерлік есеп жөніндегі  ережелері (стандараттары). Ережеге сай, олар ҚР Әділет министрлігінде тіркеледі және барлық ұйымдар үшін нормативтік күшке ие. Қазіргі таңда бухгалтерлік есеп жөнінде 29 қазақстандық стандарт бар. Ескерте кету керек, кейбір стандарттар басқа стандарттармен ауысуына байланысты немесе олардың ережелерінің басқа стандарттарға көшірілуіне байланысты алынып тасталған.

Үшінші деңгей құжаттары ҚР Қаржы  министрлігінің заңдары мен ережелерінің (стандарттарының) қолданылу реттерін ашады және нақтылайды. Олар неғұрлым жоғары деңгейлердің нормативтік – құқықтық актілеріне қайшы келмейді. Бухгалтерлік есептің шоттар жоспары және меншік формасына, ұйымдастыру – құқықтық формаларына байланыссыз барлық кәсіпорындардағы есепті ұйымдастыру негіздерін құрайтын нұсқаулықтар үшінші деңгей құжатарына жатады. Сонымен қатар, үшінші деңгей құжаттарына бухгалтерлік есеп жөніндегі стнадарттардың жекелеген бөлімдерінде қолданысқа енетін және өңделетін нұсқаулықтар мен әдістемелік нұсқаулар жатады. Бұл деңгейдің құжаттары ҚР Қаржы министрлігі қарастырған ережелерге және қаржылық есеп беруді пайдаланушылардың қажеттіліктеріне сәйкес есепті рационалды түрде ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Төртінші деңгей құжаттарын ұйымның  жетекшілері бекітеді. Бұған ұйымдағы операциялар мен объектілердің есебі жөніндегі нұсқаулар мен жұмысшы нұсқаулықтар жатады.

 

3 Есеп саясаты туралы түсінік және оған қойылатын талаптар

 

Бухгалтерлік есеп принциптері  бойынша кәсіпорынның есеп саясаты  деп ұйымның бухгалтерлік есепті жүргізу әдістері мен тәсілдерінің жиынтығын, яғни алғашқы бақылау, құндық өлшеу, ағымдағы топтау мен шаруашылық (жарғылық және басқа) қызметтің фактілерін жинақтап қорытындылау жолдарын айтады.

Бухгалтерлік есепті жүргізу әдістеріне шаруашылық қызмет фактілерін топтау мен бағалау әдістері, активтердің  құнын есептеу, құжат айналымын  қабылдауды ұйымдастыру, түгендеу (инвентаризациялау), бухгалтерлік есепшоттарын қолдану  әдістері, бухгалтерлік есептің тіркелім жүйесі, мәліметті өндеу мен басқа  да сәйкес әдістер мен амалдар  кіреді.

Ұйымның өзінің есеп саясатын өндеу  мүмкіндігі мен қажеттілігі бухгалтарлік есеп пен басқа екінші деңгейлі нормативтік  құжаттар бойынша баптарда (стандарттарда) қарастырылған бухгалтерлік есептің  кез келген мәселелерін шешудің  көп түрлілігімен анықталады. «Бухгалтерлік  есеп және қаржылық есеп беру туралы»  Қазақстан Республикасының заңы мен Бухгалтарлік есеп принциптерінде кәсіпорын өзінің есеп саясатын құруы  барысында бұйрық немесе жарлық бойынша қажетті құжаттар тізімін бекітуі керек екендігі көрсетілген. Бұл бекітілетін құжаттардың қатарына мыналар жатады:

1.Бухгалтерлік есептің уақытылы және есеп берудің толық тиісті талаптарына сәйкес жүргізілуі;

2.Бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізуде қолданылатын синтетикалық және аналитикалық шоттарының жұмысын жоспары;

3.Алғашқы есеп құжаттарының типтік нысандары;

Информация о работе Қазақстанда бухгалтерлік есептің заң жүзіндегі реттелуі