Қазақстанда бухгалтерлік есептің заң жүзіндегі реттелуі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2013 в 14:18, контрольная работа

Описание работы

Бухгалтерлік есептің мәні мен маңызын түсіну, бизнесті жүргізу мен басқару, ақпараттарды реттеу және ақылға сиымды тиімді шешімдер қабылдау үлкен мәселеге айналды. Еліміздегі бизнесті дамыту,қаржылық қатынастардың теориялық және қолданбалы негізін білу, құқықтық жүйедегі заңдылықтарды білу, қаржы мен басқару үрдісіндегі көрсеткіштерді жан-жақты талдау, тиімді және оңтайлы шешім қабылдау кызметінде бухгалтерлік есептің атқаратын рөлі өте зор.

Содержание работы

Кіріспе

3
Бухгалтерлік есептің заң жүзіндегі реттелуі
4
Қазақстандағы бухгалтерлік есепті реттеудің нормативтік -құқықтық жүйесі

5
Есеп саясаты туралы түсінік және оған қойылатын талаптар
7
Халықаралық қаржылық есеп берудің стандарттары
11
Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беруді реттеу жүйесін дамыту

13

Қорытынды
15
Қолданылған әдебиеттер тізімі
16

Файлы: 1 файл

реферат.docx

— 51.42 Кб (Скачать файл)

- қолданыстағы бухгалтерлік есепке  алу мен қаржылық есеп беруді  реттеу жүйесіне тұжырымдамалық өзгерістер енгізу;

- бухгалтерлік есепке алу жүйесін  қайта құру шеңберінде мемлекеттік  органдардың іс-қимылын үйлестіру;

- кәсіби қауымдастықтың бухгалтерлік  есепке алу саласындағы рөлін арттыру; 
- бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру мәселелері бойынша уәкілетті органның кәсіби ұйымдарды және бухгалтерлерді кәсіптік сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу жүйесін енгізу.

Кәсіби қауымдастықтың бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесін реттеудегі рөлін  күшейту үшін консультативтік-кеңес  органы нысанында, ереже негізінде  әрекет ететін арнайы органды (Консультативтік  органды) құру ұсынылып отыр. Консультативтік  органның құрамы мемлек.. ттік органдардың, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдерін, жеке кәсіпкерліктің, мемлекеттің қатысуы  бар ұйымдардың субъектілерін және ғылым қайраткерлерін қоса алғанда, кәсіби қауымдастықтың жоғары білікті, бәріне танымал және беделді өкілдерінен құралуы тиіс.

Қосымша ретінде уәкілетті  органның құзыретіне басқа да функциялар кіретін болады:

- қаржылық есеп беру  стандарттарын және оның ХҚЕС-пен  реттелмеген мәселелері бойынша  әдістемелік ұсынымдарын әзірлеу  мен бекітуді қамтамасыз ету;

- бухгалтерлік есепке  алу мен қаржылық есеп беру  мәселелері бойынша Қазақстан  Республикасы заңнамасының ХҚЕС-тің  талаптарына қайшы келетін жағдайда, Консультативтік орган берген  ұсыныстарды ескере отырып, Қазақстан  Республикасының заңнамасына тиісті  өзгерістер енгізуді қамтамасыз ету;

- өзге де мемлекеттік  органдармен және кәсіптік ұйымдармен  бухгалтерлік есепке алу мен  қаржылық есеп беру мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;

- кәсіби ұйымдарды,  бухгалтерлерді кәсіптік сертификаттау  жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу жүйесін реттеу;

- кәсіби бухгалтерлерге  қойылатын біліктілік талаптарын бекіту;

-Консультативтік орган туралы ережені бекіту.

Консультативтік органға мынадай құқықтар беріледі: 
- уәкілетті органға бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар, қаржылық есеп беру стандарттарын қолдану жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды қайта қарау мен әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізу; 
- бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру саласындағы халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асыру.

Өз кезегінде Консультативтік орган:

- Қазақстан Республикасының  бухгалтерлік есепке алу мен  қаржылық есеп беру туралы  заңнамасының халықаралық стандарттардың  талаптарына қайшы келетін тұстарына талдау жасауға;

- бухгалтерлік есепке  алу мен қаржылық есеп беру  мәселелері бойынша Қазақстан  Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлеуге қатысуға;

- ұлттық қаржылық есеп  беру стандарттарын және оның  ХҚЕС-пен реттелмеген мәселелері  бойынша әдістемелік ұсынымдарын  әзірлеуге қатысуға міндетті  болады..

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Қазақстандағы бухгалтерлік есепті реттеуді басқа  да мүдделес министірліктер мен ведомостволармен келісе отырып Қазақстан Республикасының  Қаржы министрлігі іске асырады. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» Заңмен жетекшілік ете  отырып, ол министрлік Қазақстан Республикасындағы  есеп беру мен бухгалтерлік есеп туралы жалпы ережелерді, әдістемелік нұсқаулар  мен бухгалтерлік есептің жекелеген  бағыттары бойынша рекомендацияларды, бухгалтерлік есеп стандарттарын, сонымен  қатар, стандарттарды қолдану жөніндегі  әдістемелік нұсқауларды, басқа  да есепке байланысты мәселелерді бекітеді.  
Бухгалтерлік есепті реттеу принциптері әрқашанда жаңару процесінде болады және өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп отырады. Бухгалтерлік есеппен енгізілетін тапсырмалардың күрделілігі мен жауапкершілігі есеп саясаты принциптерінің айқындылығымен қамтамасыз етіледі. Бұл бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды реттейтін нормативті құжаттарға сүйенетін және шаруашылық шешімдер қабылдайтын субъектілердің көбеюімен байланысты. Егер әкімшілік-жоспарлық экономика аясында инвестициялар туралы шешімдерді жалғыз субъект – мемлекет қабылдаса, ал нарықтық жағдайларда мұндай шешімдер көптеген ұйымдар санымен қабылданады, тек мемлекет қарамағындағы ұйымлар ғана қатыса алмайды. Нарықтық экономикада мемлекеттің рольі айтарлықтай қысқарады және тек салық жинау мен нормативті құқықтық актілердің сақталуын қадағалайды.  
Қазіргі таңда есептің негізгі міндеті компанияның есеп беруін ұсынатын қызметке мүдделі бизнеске қатысушыларды шынайы ақпараттармен қамтамасыз ету болып табылады.

Бухгалтерлік  есеп - экономиканың білім жүйесіндегі  негізгі пәндердің бірі, әрі оны  мамандығым деп таңдағандар үшін аса маңызды. Ол шаруашылық жүргізуші кез келген субъект қызметінде жетекші орын алады. Бухгалтерлік есептің мәліметтері негізінде бүкіл шаруашылық қызметтің іс-әрекеті сипатталып, оның табысы немесе шығыны ссепке алынады, каржылық жағдайы ашып көрсетіледі. Бухгалтерлік есеп субъектілердің меншігін сақтауды бақылауға және басқару шешімдерін қабылдауға қажетті ақпаратты жинақтайды.

Қазіргі заман бухгалтерлері - бухгалтерлік есеп ауқымында алған терең кәсіби білімі арқылы экономикалық талдау мен  аудит дағдыларын игеруі, сондай-ақ өндіріс процестерін басқара - білуі  тиіс. Ол Қазақстан Республикасының  азаматтық құкықтары мен заңнамаларды есепке ала отырып, әр түрлі экономикалық шешімдер қабылдап, ұйымның келешектегі  қызметін жоспарлай білуі тиіс.

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

  1. 2007 жылғы 28-4- ақпандағы №  234-111 Қазақстан Республикасының   «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» заңы
  2. Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары. 2006ж
  3. Төлегенов Э.Т. Басқару есебі. Оқу құралы. Алматы, 2006
  4. Дәулетбеков О.Ә., Тайташинова К.Т., Басқарушы - өндірістік есеп. Оку құралы . Алматы, Принт 2000
  5. Кеулимжаев Қ.К., Әжібаева З.Н., Құдайбергенов Н.А. «Бухгалтерлік есеп принциптері». Алматы, Экономикс 2003
  6. Әбдіманапов Ә.Ә. «Бухгалтерлік есеп пен есеп берудің принциптері». Алматы, 2006
  7. ҚР-дың 1995 ж. 26 желтоқсандағы 2732 "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру туралы" Заңы (өзгерістер мен толықтырумен).
  8. Баймуханова С.Б. Қаржылық есеп.- Алматы, 2007.-296 бет.
  9. Мырзалиев Б.С. және т.б. Бухгалтерлік есеп теориясы және тәжірибесі: Оқу құралы.- Алматы: Экономика, 2008.- 832 бет.
  10. Нұрсеитов Е.О. Ұйымдардағы бухгалтерлік есеп/ Оқулық құралы.- Алматы, 2009.- 428 б.
  11. Кеулімжаев Қ.К., Құдайбергенов Н.А. Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері. Оқулық -  Алматы: Экономика, 2006.-384 бет.
  12. Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарты. Перевод полного официального текста МСФО, действующих в ЕС по состоянию на 1 января 2007 года М.: Аскери, 2007 г.
  13. Ұлттық  қаржылық есептілік стандарттары. 21.06.2007ж
  14. Назарова В.Л. (жалпы ред. Н.Қ.Мамыров) Шаруашылық жүргізуші субъекгілердегі  бухгалтерлік есеп. Окулық. Ал-маты, Экономика, 2005
  15. Төлегенов Э.Т. Басқару есебі. Оқу құралы. Алматы, 2006

 

 


Информация о работе Қазақстанда бухгалтерлік есептің заң жүзіндегі реттелуі