Қазақстанда бухгалтерлік есептің заң жүзіндегі реттелуі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2013 в 14:18, контрольная работа

Описание работы

Бухгалтерлік есептің мәні мен маңызын түсіну, бизнесті жүргізу мен басқару, ақпараттарды реттеу және ақылға сиымды тиімді шешімдер қабылдау үлкен мәселеге айналды. Еліміздегі бизнесті дамыту,қаржылық қатынастардың теориялық және қолданбалы негізін білу, құқықтық жүйедегі заңдылықтарды білу, қаржы мен басқару үрдісіндегі көрсеткіштерді жан-жақты талдау, тиімді және оңтайлы шешім қабылдау кызметінде бухгалтерлік есептің атқаратын рөлі өте зор.

Содержание работы

Кіріспе

3
Бухгалтерлік есептің заң жүзіндегі реттелуі
4
Қазақстандағы бухгалтерлік есепті реттеудің нормативтік -құқықтық жүйесі

5
Есеп саясаты туралы түсінік және оған қойылатын талаптар
7
Халықаралық қаржылық есеп берудің стандарттары
11
Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беруді реттеу жүйесін дамыту

13

Қорытынды
15
Қолданылған әдебиеттер тізімі
16

Файлы: 1 файл

реферат.docx

— 51.42 Кб (Скачать файл)

4.Ұйымның ішкі бухгалтерлік қорытынды есеп құрудағы құжат нысандары;

5.Актив пен міндеттемелерді бағалау әдістері;

6.Актив пен міндеттемелер түгендеуін (инвентарзациясын) өткізу тәртібі (реті)

7.Құжат айналымы ережелері мен есеп ақпараттарын өндеу технологиясы; 
Шаруашылық операциялары бақылау тәртібі;

8.Бухгалтерлік есепті ұйымдастыруға қажетті басқа шешімдер.

Кәсіпорының қабылдаған есеп саясатын сол ұйымдағы бухгатерлік есептің  маңызды мәселелерінің бірі.

Ұйымның есеп саясатын таңдауы мен  негіздеуіне келесі негізгі факторлар  әсер етеді:

  • меншік нысанымен құқықтық-ұйымдастырушылық нысаны (жауапкершілігі шектеулі серіктестік, ашық акционерлік қоғам, жабық акционерлік қоғам, өндірістік кооператив және тағы басқа);
  • салалық қызметтің түрі (өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік, ауыл шаруашылығы және тағы басқа);
  • Қызметінің көлемі, жұмысшылары мен қызметкерлерінің орташа тізімдік саны және тағы басқа);
  • салық салу жүйесімен арақатынасы (әр түрлі салық түрлері бойынша жеңілдіктер немесе салық төлеуден босату, салық мөлшері және тағы басқа);
  • қаржы-шаруашылық қызметін дамыту стратегиясы (ұйымның экономикалық дамуының ұзақ мерзімдік перспективасының мақсаттары мен міндеттері, инвестициялардың жұмсалу бағыты, келешектегі (перспективалық) мәселелерді шешудің тактикалық тәсілдері);
  • ұйымның ақпараттық қамсыздандыру жүйесі (оның тиімді әрекетіне қажетті барлық бағыттары бойынша);
  • материалдық базасының болуы (компьтерлік техника мен басқа да оргтехника жабдықтарымен қамсыздандырылуы, бағдарламалық- әдістемелік қамсыздандыру және тағы басқалар);
  • кәсіпорындағы бухгалтерлік мамандарының (қаржы бөлімі қызметкерлерінің) біліктілігі және басшылардың экономикалық батылдылығы, ынталылығы мен тапқырлық деңгейі.

Кез келген ұйымның өзінің қызметін іске асыру үшін таңдап бекіткен есеп саясаты толықтылық, уақыттылық, сақтық, қарама қайшылықсыздығы мен орындылық  талаптарына сай болу қажет.

Көрсетілген талаптардың әрқайсының мазмұнын қарастырайық.

Толықтылық. Кәсіпорынның таңдап алған есеп саясаты оның есептеу жолын толық қамтамасыз етуі керек.

Уақыттық. Кәсіпорының шаруашылық әрекетінің фактілері бухгалтерлік есеп пен беруде уақытында көрініс табуы қажет. Ешқандай операциялар бухгалтерлік есеп шоттарында тіркеу барысында кешіктірілмейді немесе орындалмай тұрып есепке алынбайды.

Сақтық. Қолданылатын есеп әдістері бухгалтерлік есепке алынуға тиісті кірістер мен табыстарға қарағанда, жасырын резервтердің жасалуына жол бермей, шығындар мен міндеттемелерді айқын бейнелеуге дайын болуды қамтамасыз ету керек, яғни есепке алынған немесе алуға нақтылы мүмкіндік (кепілдік) бар болатын кірістер алынады.

Қарама-қайшылықсыздығы. Есептің таңдалынған  әдістері әр айдың соңғы күнтізбелік  күніне айналымның талдамалық есебі  мен шоттар бойынша қалдықтардың синтетикалық есеп мәліметтерінің теңдігін қамтамасыз етіп отыруы қажет.

Орындылық. Кәсіпорынның есеп саясаты  бухгалтерлік есепті орынды және үнемді жүргізуді қамтамасыз етуі керек.

Есеп саясатының мазмұны

Кәсіпорынның есеп саясаты сол  кәсіпорында қолданылатын бухгалтерлік есеп жүйесінің тұтастығын және оны  құраушы әдістемелік, техникалық, ұйымдастырушылық жақтардың барлығын қамтиды.

Есеп саясатының әдістемелік жағына мына элементтер кіреді: мүлік пен  міндеттемелерді бағалау әдістері, мүліктің әрбір түрлері бойынша  амортизация (тозу) есептеу әдістері, табысты (түсімді) есептеу әдістері және тағы сол сияқты.

Осылайша белгіленген заңға  сәйкес кез келген заңды тұлға  болып табылатын ұйым өзінің есеп саясатын құрастырған уақытта төменде  аталған бухгалтерлік есептің негізгі  әдістемелік аспектілерін айқындауы  қажет.

-Негізгі құралдарына амортизациялық аударым сомасын есептеу әдістері.

-Материалдық емес активтеріне амортизациялық аударым сомасы есептеу және олаврды есептеп шығару жолдары.

-Шығындарды топтау мен өндіріс шығындарына жатқызу (апару) әдістері.

-Өндіріс шығындарын және өнімнің өзіндік құнын есептеу, яғни калькуляциялау жүйесі.

-Жанама шығындарды анықтау және оларды объектілер арасында тарату әдісі.

-Дайын өнімдерді кіріске алудың есебі.

-Аяқталмаған өндірісті анықтау және бағалау және бағалау жолдары.

-Материалдық қорларды бағалау әдістері.

-Негізгі құралдарды жөндеу бойынша шығындар есебін ұйымдастыру.

- Курстық айырманы есептеу.

Өндірістік шығындарды есептеу  мен өнімнің өзіндік құнын  есептеу, яғни калькуляциялау жүйесі. Өндірістің технологиялық және ұйымдастырушылық ерекшеліктеріне, өндірістік циклдің  ұзақтығына, өнім түріне, оның күрделілігіне, өндірістің түрі мен сипатына байланысты кәсіпорындар шығындарды есептеу мен  өнім құнын калькуляциялау келесі негізгі  әдістерін қолдана алады:

-Нормативтік әдіс,

-өндірістік өңдеу сатысы,

-тапсырыстық әдіс,

-Жанама шығындарды калькуляциялау объектілері арасында тарату әдісі.

Аяқталмаған өндірістің бағалануы. Жаппай және сериялы өндірісте -аяқталмаған өндіріс құн бойынша бағаланады:

-нақты немесе нормативті (жоспарланған) өндірістік құн бойынша; 
-тікелей шығындар бойынша;

-жұмсалынған шикізаттар мен материалдардың құндары бойынша.

Өнімнің бір ғана түрін өндіретін  кәсіпорындардың бухгалтерлік балансында аяақталмаған өндіріс нақты жұмсалған  шығындар б/а есептеледі.

«Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» Қ.Р-ның заңы бойынша  кәсіпорындардағы бухгалтерлік есепте қолданылатын тіркелімдердің мазмұны  мен бухгалтерлік ішкі есеп мәліметтері  коммециялық құпия болып табылады.

Есеп саясатын дайындау.

Кәсіпорынның есеп саясаты осы  ұйымның құрылған уақытша дайындалады. Оны дайындаумен кәсіпорынның бас бухгалтері немесе арнайы есеп (экономикалық) бөлімі айналысады. Дайындалған есеп саясатын кәсіпорынның басшысы өзінің бұйрығымен немесе өкімімен бекітеді.

Бұйрықтың құрамында есеп саясатын есеп беру жылына қабылданған барлық пункттерінің мазмұны толық ашылып жазылады. Сонымен қатар әр пунктке  тоқтала келіп қандай нормативтік  құжат бойынша немесе қандай заң  негізінде есеп саясатының дайындалғандығы  көрсетіледі. Қазақстан Республикасының  заңдарымен қатар есеп саясатын дайындауда ұйымның ішкі құжаттары негізге  алынған болса (лауазымды тұлғалар туралы, ішкі ережелер, бұйрықтар мен  өкімдер тағы да басқа) міндетті түрде  ол туралы түсініктеме берілуі қажет.

Кәсіпорынның есеп саясатына енгізілген өзгертулер осы ұйымның басқару  құжаттарымен, яғни бұйрық, өкім немесе қаулыларымен ресімделуі қажет. Ұйымның  қабылдап бекіткен есеп саясаты сол  кәсіпорынның қызмет атқаруы барысында  қолданылады. Оған өзгеріс енгізу мынадай  жағдайларда жүргізізілу мүмкін: Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы заңының өзгеруіне сәйкес; бухгалтерлік есеп бойынша нормативтік актілердің өзгеруі салдарынан; жаңа бухгалтерлік есеп стандартына көшуге байланысты және т.б.

Кәсіпорынның бухгалтерлік есепті жүргізу жолдары ұйымның есеп саясатының дайындарған кезінде  таңдалып алынады. Бұл есеп саясаты  кәсіпорынның барлық құрылымдық бөлімшелерінде олардың орналасқан орындарына қарамастан қолданылады. Ұйымның филиалдарының, еншілес және тәуелді серіктестерінің  және тағы басқа бөлімшелерінің өзіндік бухгалтерлік есеп жолдарын жүргізуіне, яғни басқа есеп саясатын тағдауына құқығы жоқ. Бас кәсіпорын қаржылық қызметінің бөлімшелерінің есеп саясатындағы болған өзгерістер туралы алдын ала қамтамасыз етуі қажет.

 

4 Халықаралық қаржылық есеп  берудің стандарттары

 

Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесін  дәйекті түрде реформалау он жылдан астам уақыт бойы жалғасуда. «Бухгалтерлік  есепке алу туралы» заң күші бар  Жарлығын (бұдан әрі – Заң) 1995 жылы қабылдау бастапқы кезеңі болды. Халықаралық стандарттардың негізінде  әзірленген Қазақстандық бухгалтерлік есепке алу стандарттарын 1996 жылы енгізу, ХҚЕС-ке көшудің бастамасы ретінде қызмет етті. Осы процестің екінші және ең басты кезеңі 2002 жылы Заңды 2-1-баппен толықтыру болды, ол бойынша ХҚЕС-ке сәйкес қаржылық есеп беруді мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, ұйымдар мынадай тәртіппен жасауға тиіс: қаржы ұйымдары 2003 жылдың 1 қаңтарынан бастап, акционерлік қоғамдар 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап және өзге де ұйымдар 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап. ХҚЕС-ті ойдағыдай енгізу мақсатында ХҚЕС-ті қолдану жөніндегі әдістемелік ұсынымдар әзірленіп жарияланды, қаржылық есеп беру нысандары, сондай-ақ Қаржылық есеп беруді ХҚЕС-ке сәйкес жасайтын ұйымдар үшін бухгалтерлік есепке алу шоттарының жұмыс жоспарын әзірлеу жөніндегі нұсқаулық (негіз) бекітілді. 
Сонымен бірге, «Қазақстан Республикасында халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарына көшу жөніндегі 2003-2004 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2003 жылғы 15 мамырдағы № 88-ө өкімімен бекітілген бірқатар іс-шаралар ойдағыдай іске асырылды. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына талдау жасалды, оның негізінде «Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының жобалары әзірленді. Бухгалтерлік есепке алу саласының өзін-өзі реттейтін элементтерін ретке келтіру мен жүргізу мақсатында «Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беруді реттеудің қолданыстағы жүйесіне айтарлықтай өзгерістер енгізеді. Заң жобасын әзірлеудің басты міндеті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында пайдаланатын бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру мәселелері бойынша негізгі ұғымдарды Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы заңнамасына сәйкес келтіру болып табылады.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі 2005 жылдан бастап Қазақстан Республикасының  облыстары мен өңірлерінде ұйымдардың қаржылық есептілікті ХҚЕС-ке сәйкес жасау мәселелері бойынша семинарлар өткізілуде. Алайда, Қазақстандағы бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесін дамытудағы кейбір жетістіктерге қарамастан, мыналардан: 
ХҚЕС-тің кешенділігі мен әдістемелік күрделілігіне байланысты шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін қолданылмайтындықтан, ХҚЕС-тің осы санаттарға қолданылу қиындығынан; бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беруді реттеуге, сондай-ақ бухгалтер мен аудитор мамандықтарын дамытуға кәсіби қоғамдық бірлестіктер қатысуының жеткіліксіздігінен; ХҚЕС-ті қолдану жөніндегі ақпараттық-әдістемелік материалдардың (оқулықтардың, кітаптардың) жоқтығынан; бухгалтерлер мен аудиторлардың біраз бөлігінің кәсіби... дайындығы деңгейінің төмендігінен, сондай-ақ ХҚЕС бойынша дайындалған ақпаратты пайдаланудағы дағдының жеткіліксіздігінен; кадрларды қайта даярлаудың ретке келтірілген жүйесінің жоқтығынан; шаруашылық жүргізуші субъектілердің бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп берудің ХҚЕС белгілеген көптеген принциптеріне және талаптарына немқұрайды қараудан көрінетін кейбір проблемалар бар.

Сонымен бірге, ХҚЕС-ті мемлекеттік немесе орыс тілдерінде уақтылы жарияламау бөлігінде  проблемалар бар, мұның өзі ағылшын  тілін меңгермеген мамандардың  ХҚЕС-тің ескірген редакциясын амалсыздан қолдануға және Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары комитетінің  қоры жаңадан бекіткен стандарттарды  уақтылы пайдалана алмауына әкеп соқтырады. Осы жағдайға, Халықаралық  қаржылық есептілік стандарттары комитеті қорының ережелеріне сәйкес ХҚЕСКҚ басылымдарының ешқандай да бөлігі ХҚЕСКҚ-нің  жазбаша рұқсатынсыз аударылмайтыны, қайта басылмайтыны, көшірмесі алынбайтыны  немесе кез келген нысанда толық  немесе ішінара пайдаланылмайтыны  себепші болып отыр. Министрлік пен  ХҚЕСКҚ Шектелген аумақта шектелген  кезең ішінде авторлық құқықтан бас  тартуды мемлекеттік сатып алу  туралы шарт жасасты. Шарттың негізінде  Қазақстанға ХҚЕС-ті тек қана мемлекеттік  тілде, Республика аумағының шегінде  аударуға, басып шығаруға және таратуға құқық беріледі. Сонымен бірге, бұл  проблема тек Қазақстанда ғана емес, мұндай жағдайлар ТМД-ның бүкіл  кеңістігіндегі барлық мүдделі пайдаланушыларда да бар. Дегенмен, уәкілетті орган  орыс тілінде жоғарыда көрсетілген  ХҚЕС-қа көшу жөніндегі шартқа қосымша  келісім жасасу бойынша жұмыстар жүргізеді.

Сонымен қатар, бухгалтерлік есепке алу мен  қаржылық есеп беруді жүргізу бөлігінде  ақпараттық жүйені автоматтандырудың  көкейкестілігін атап өтпеуге болмайды. Бүгінгі таңда кешендік автоматтандыру жүйесі, яғни ұйым қызметінің түрлі  салалары үшін бірыңғай ақпараттық жүйелері бизнестегі маңызды аспаптардың  біріне айналды. Тәжірибеде көрсеткендей, ақпараттық жүйелер кең қолданылатын ХҚЕС-қа көшкен ұйымдарда оң өзгерістерге қол жеткізу әлдеқайта жеңіл. Сондықтан да ХҚЕС-ты ойдағыдай енгізу бухгалтерлер жұмыстарының жеделдігін арттыруға және уақтылы әрі тиімді шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін бухгалтерлік есепке алуды жан-жақты автоматтандырусыз жүзеге асырылмайды.

5. Бухгалтерлік есепке алу мен  қаржылық есеп беруді реттеу жүйесін дамыту

Бухгалтерлік есепке алуды  және есептілікті реттеу жүйесін  дамыту барлық мүдделі тараптардың  мүддесін ескеретін, шығындардың төмендеуін және реттеудің тиімділігін арттыруды  қамтамасыз ететін модельді құруға бағытталуы тиіс. Осы модельдің негізі –  мемлекеттік билік органдары  мен кәсіби қауымдастықтың (кәсіби қоғамдық бірлестіктер мен басқа  да мүдделі жұртшылық) қызметтерін  саналы түрде үйлестіру. Қазақстанның бухгалтерлік есепке алу саласының негізгі проблемасы – білікті кадрлардың жетіспеушілігі, қалыптасқан салт-дәстүрі, мықты кәсіби қауымдастығы, мамандандырылған білімді жинақтайтын және тарататын қалыптасқан жүйесі, көпшілік мақұлдаған сертификаттары бар дамыған «бухгалтерия институтының» болмауы. Қазақстанда кәсіби қауымдастық аталған проблемалардың кейбіреуін шешу бойынша белгілі бір қадамдар жасауда, бірақ кешенділік, жалпы республикалық ауқым жетіспейді. Бухгалтерлік қауымдастықтың қазіргі селқостығы кезінде батыстағы ұқсас жүйенің өздігінен тез дами қоятындығы екіталай. Содықтан бұл мәселені шешу үшін бүкіл жүйенің өзегі болуға және одан әрі қалыптасқан құрылымы болуға тиіс кәсіби ұйымдардың рөлін күшейтуге назар аудара отырып, заңнамалық алғышарттар жасау, бұл процесті жылжыту қажет. Қазақстандағы бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беруді қайта ұйымдастыру мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылуы тиіс:

Информация о работе Қазақстанда бухгалтерлік есептің заң жүзіндегі реттелуі